Кальция глюконат (500 мг, Химфарм АО)

МНН: Кальция глюконат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium gluconate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010265
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1.18 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глюконаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500.0 мг кальций глюконаты,

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Таблетканың бір жақ бетінде сызығы және ойығы бар, басқа жақ бетінде ойығы және фирманың крест түріндегі логотипі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Кальций глюконаты.

АТХ коды A12AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін кальцийдің бос иондарын түзе отырып, диссоциацияланады, олар жіңішке ішекте D витаминінің қатысуымен сіңеді.

Кальций иондарының қалыпты деңгейі 2,21-2,76 ммоль/л құрайды, олардың ішінде кальцийдің 50%-ға жуығы – бұл бос, иондалған немесе биологиялық тұрғыдан белсенді кальций, ал қалған бөлігі не қан ақуыздарымен (45%-ға жуығы), не органикалық қышқылдардың – лимон және сүт қышқылдарының аниондарымен (5%) байланысқан. Плацента және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді, емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Кальцийдің организмде 20%-ы бүйректік экскреция арқылы бөлініп шығады, 80%-ы ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы Кальций глюконаты кальцийдің абсолютті немесе салыстырмалы тапшылығының орнын толтырады. Кальций – сүйек тінінің түзілуіне, қанның ұю үдерісіне (ұю жүйесінің IV факторы) қатысатын макроэлемент, жүректің тұрақты қызметін демеу үшін, жүйке импульстарын тасымалдау үшін қажет. Бұлшықет дистрофиясында, миастениясында бұлшықеттің жиырылуын жақсартады, қантамырлардың өткізгіштігін азайтады. Кальций сүйек тіндерінде және тіс эмальдарында фторидтердің шамадан тыс қармалуын тежейді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- қалқанша маңы безінің гипофункциясында

- гипокальциемияда

- остеопорозда (емдеуге және алдын алуға)

- Д витамині алмасуының бұзылуы

- тағамда Са2+ құрамының жеткіліксіздігі, оның алмасуының бұзылуы

- Са2+ мол мөлшерде шығарылуы (созылмалы диарея, диуретиктерді ұзақ уақыт бойы қабылдау аясында екіншілік гипокальциемия)

- СБЖ бар науқастарда гиперфосфатемия

- магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен және оның еритін тұздарымен уланғанда (у қайтарғы ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке, тамақтанар алдында қабылдайды.

Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: күніне 2-3 рет 1-3 г-нан (2-6 таблетка).

6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға: күніне 2-3 рет 1,5-2 г-нан (3-4 таблеткадан).

Емдеу курсы – 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- іш қатулар

- асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі

Сирек

  • гиперкальциемия, аритмия, сананың шатасуы, үрейлену сезімі, ентігу немесе тыныстың қиындауы, аяқтарда ауырлық немесе әлсіздік сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гиперкальциемия

- гиперкальциурия

- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

- тромбоздарға бейімділік

- атеросклероз

- нефрауролитиаз

- саркоидоз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау (аритмияның пайда болу қаупі)

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Холестираминнің ықпал етуімен кальцийдің асқазан-ішек жолынан сіңуі төмендейді. Хинидинмен бір мезгілде қолданған кезде қарыншаішілік өткізгіштік бәсеңдеуі және хинидиннің уыттылығы жоғарылауы мүмкін. Кальций глюконатын және тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда соңғысының әсері олардың сіңуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болғанда дәрігердің бақылауы қажет.

Айрықша нұсқаулар

Несепте тастың түзілуіне бейім емделушілерге ішілетін судың көлемін ұлғайту ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Жүктілікте кальций глюконатын сақтықпен, тек күтілетін емдік әсері ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданады. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емдеу: асқазанды натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісімен шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар картон қорапқа салынған.

Топтық қаптамаға медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

376711261477976933_ru.doc 56 кб
555584141477978094_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники