Кальция глюконат (0.5 г, Фармстандарт-Лексредства ОАО)

МНН: Кальция глюконат
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium gluconate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004455
Информация о регистрации в РК: 11.01.2013 - 11.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глюконаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 0,5 г

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - кальций глюконатының моногидраты 500 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар. Таблеткаларың беткейінде мәрмәрлікке жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары

АТХ коды А12АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді енгізілген препараттың 1/5-1/3 бөлігіне жуығы аш ішекте сіңеді. Бұл үдеріс D дәруменінің ықпалына, ішектің ішіндегілердің қышқылдылығына, емдәмнің ерекшелігіне және кальций иондарын байланыстыруға қабілетті факторлардың болуына тәуелді. Кальцийдің сіңуі оның ағза мен тағамдағы тапшылығы кезінде артады. Кальцийдің 20 %-ы бүйрекпен шығарылады, қалған 80 %-ы ішектің құрамындағылармен шығып кетеді (кальций ішектің терминальді бөлігінің қабырғасы арқылы белсенді бөлініп шығады).

Фармакодинамикасы

Кальций иондары сүйек тіндерінің қалыптасуына, қанның ұю үдерісіне қатысады, тұрақты жүрек қызметін ұстап тұру, жүйке импульстері үдерістерін жүзеге асыру үшін қажет. Қан плазмасы мен тіндердегі кальций иондары құрамының азаюы түрлі патологиялық үдерістердің дамуына алып келуі мүмкін. Гипокальциемия қаңқа және тегіс бұлшықеттер қызметінің, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуына, қанның ұю жүйесінің бұзылуына, остеопороздың дамуына алып келеді.

Қолданылуы

- гипопаратиреозда (латентті тетания, остеопороз), D витамині алмасуының бұзылулары: рахит (спазмофилия, остеомаляция), созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен науқастардағы гиперфосфатемияда

- кальцийдің жоғары қажеттілігінде (жүктілік, бала емізу кезеңі, ағзаның қарқынды өсу кезеңі), тағамда кальций құрамының жеткіліксіз болуында, оның алмасуының бұзылуында (ме­нопаузадан кейінгі кезеңде)

- шығу тегі әр түрлі кальцийдің ағзадан шығарылуы күшейгенде (ұзақ төсек тарту режимі, созылмалы диарея, диуретиктерді, эпилепсияға қарсы дәрілер мен глюкокортикостероидтарды ұзақ қабылдау аясындағы салдарлы гипокальциемияда)

- магний тұздарымен, қымыздық және фторлы қышқылдармен және олардың еріген тұздарымен улануда (кальций глюконатымен өзара әрекеттесуінде ерімеген және уытты емес кальций оксалаты мен кальций фториді түзіледі)

- пароксизмалық миоплегияның гиперкалиемиялық түрі

Қолдану тәсілі және дозалары

Қабылдауды бастар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Ішке тамақтанар алдында немесе тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат өткен соң сүтпен ішу керек.

Препаратты әр көрсетіліміндегі дозалау режимі мен қабылдау ұзақтығы емделушінің жай-күйіне тәуелді және төменде келтірілген емдеу сызбаларына сәйкес дәрігер анықтайды. Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға - 1,0- 3,0 г (2-6 таблетка) тәулігіне 2-3 рет; 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға - 1,0 г (2 таблетка) тәулігіне 2-3 рет; 5 жастан 7 жасқа дейінгілерге - 1,0‑1,5 г (2-3 таб­летка) тәулігіне 2-3 рет; 7 жастан 10 жасқа дейінгілерге - тәулігіне 2-3 рет 1,5-2,0 г (3-4 таблетка); 10 жастан 14 жасқа дейінгілерге - 2,0-3,0 г (4-6 таблетка) тәулігіне 2-3 рет.

Препаратты қабылдау курсы емделушінің жағдайына байланысты және дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- іш қатулар

- асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі

- гиперкальциемия

- аллергиялық реакциялар

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Сирек – гиперкалиемия,

- аритмия,

- сананың шатасуы,

- үрей сезімі

- ентігу немесе тыныс алудың қиындауы

- аяқтағы ауырлық немесе әлсіздік сезімі

Егер нұсқаулықта аталған жағымсыз әсерлердің кез-келгені ушыға бастаса немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез-келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аса жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия (кальций иондарының концентрациясы 12 мг % = 6 мЭкв/л аспауы тиіс)

- айқын гиперкальциурия

- нефроуролитиаз (кальцийлік)

- саркоидоз

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау (арит­миялардың даму қаупі)

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен

- дегидратация, электролиттік бұзылулар

- диарея, сыртартқыдағы кальцийлік нефролитиаз

- мальабсорбция синдромы, жайылған атеросклероз

- орташа созылмалы бүйрек және/немесе жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

- гиперкоагуляция, қарыншалардың фибрилляциясы

Аталған ауралардың біреуі болған жағдайда препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесу қажет

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кальций глюконаты карбонаттармен, салицилаттармен, сульфаттармен фармацевтикалық жағынан үйлесімсіз, өйткені ерімеген және еруі қиын кальций тұздарын түзе отырып, оларды шөктіреді.

Кальций глюконатын тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қабылдау гиперкальциемияның күшеюіне алып келеді.

Кальций глюконатын қабылдау гиперкальциемия кезіндегі кальцитониннің әсерін төмендетеді, сондай-ақ фенитоиннің биожетімділігін азайтады.

Ерімеген кешендердің түзілуі салдарынан мия тамыры препараттарымен және тетрациклиндер қатарының антибиотиктерімен үйлесімсіз (бактерияға қарсы әсерін төмендетеді).

Дигоксиннің, тетрациклиндердің, темір препараттарының, клиндамицин фосфатының, гидрокортизон сукцинатының, ішке қабылдауға арналған салицилаттардың сіңірілуін баяулатады (кальций глюконаты мен аталған препараттарды қабылдаулардың аралығы кемінде 2 сағатты құрауы тиіс). Кальций глюконатын хинидинмен бір мезгілде қолданғанда қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидиннің уыттылығы артуы мүмкін. Бірге қолданылғанда D витаминінің, оссиен гидроксиаппатиттік кешенді, анаболикалық стероидтар мен эстрогендердің резорбцияға қарсы әсерін күшейтеді. К витаминінің гемостатикалық әсерін күшейтеді. Бірге қолданылғанда бисфосфонаттар мен фторидтердің уыттылығын төмендетеді. Магний препараттарымен фармацевтикалық үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Препарат автокөлік жүргізу немесе түрлі механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ, жоғары зейін шоғырландыру мен психикалық қимыл-қозғалыс реакцияларының шапшаңдығын талап ететін басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылдануға әсер етпейді. Бүйректе тас түзілуіне бейім емделушілерге тұтынылатын сұйықтық көлемін арттыру ұсынылады.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде дәрігердің ұсынымымен қолдануға болады. Жүктілік кезіндегі кальцийдің тәуліктік дозасы 1500 мг аспауы тиіс. Лактация кезінде қолданылуы қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: қан сарысуындағы кальций деңгейінің жоғарылауы. Кальций препараттарымен созылмалы артық дозалану кезінде жалпы және бұлшықет әлсіздігі, депрес­сия, психикалық бұзылулар, тәбеттің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, іш қатулар, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы дамуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, тәулігіне 5‑10 ХБ/кг кальцитонинді 500 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде 6 сағат бойы парентеральді енгізу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан қағаз және картон негіздегі біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

Пішінді ұяшықсыз қаптамаларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен (аңдатпа-қосымша беттермен) бірге топтық ыдысқа салады.

Қолданылуы жөөніндегі нұсқаулықтардың (аңдатпа-қосымша бет) саны қаптамалардың санына сәйкес келуі тиіс.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген күніне дейін пайдалану керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ-сы, 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Е-mail: www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ-сы, 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Е-mail: www.pharmstd.ru

 

Прикрепленные файлы

376956391477976912_ru.doc 57 кб
156030701477978067_kz.doc 72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники