Кальций-Д3 Никомед (таблетки жевательные со вкусом мяты)

МНН: Кальция карбонат, Колекальциферол
Производитель: Такеда Никомед АС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012310
Информация о регистрации в РК: 28.12.2016 - 28.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций – Д3 Никомед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жалбыз дәмі бар шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 1250 мг кальций карбонаты (500 мг элементарлы кальцийге баламалы), 2,0 мг холекальциферол концентраты түріндегі 5,5 мкг холекальциферол (Д3 витаминінің 200 ХБ) .

қосымша заттар: сорбитол, жалбыз хош иістендіргішінің түйіршіктері

(құрамында изомальт, жалбыз дәмі бар дәмдеуіш зат, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), повидон, магний стеараты, аспартам.

Сипаттамасы

Қабықсыз, ақ түсті, жалбыз иісі бар, екі беті дөңес, дөңгелек таблеткалар. Кішігірім теңбілдері бар және шеттері тегіс болмауы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар, басқа дәрілермен біріктірілімдегі кальций препараттары.

АТХ коды А12АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций иондалған түрде аш ішектің дистальді бөлігінде белсенді Д витаминіне тәуелді тасымалдау механизмі арқылы сіңіріледі. Холекальциферол аш ішекте сіңіріледі, лимфа жүйесіне кіріп, бауыр мен жалпы қан ағымына түседі. Қанда альфа 2- глобулиндермен және ішінара – альбуминдермен байланысады, бауырға, сүйек тініне, қаңқа бұлшықетіне, бүйрекке, бүйрек үсті безіне, миокардқа, май тініне тасымалданады. Тіндердегі ең жоғарғы концентрациясы енгізгеннен кейін 4 – 5 сағаттан соң қалыптасады, сосын ұзақ уақыт тұрақты деңгейде сақтала отырып, біраз азаяды. Бауырда қор ретінде жиналады. Бауыр мен бүйректегі биоөзгерісінің нәтижесінде белсенді метаболиттер түзіледі. Полярлық метаболиттер түрінде көбінесе жасуша, микросома, митохондрий мен ядро жарғақшаларында орналасады. Холекальциферол мен оның алмасу өнімдерінің көп бөлігі ішекке өтпен бөлінеді, олар онда энтерогепатикалық циркуляция жүйесін құра отырып, қайта сіңірілуі немесе нәжіспен шығарылуы мүмкін. Жартылай шығарылу кезеңі бірнеше күнді құрайды.

Фармакодинамикасы

Организмде кальций мен фосфордың алмасуын реттейтін біріктірілген препарат. Резорбцияны (сіңуін) төмендетеді және организмдегі кальций мен Д витамині жеткіліксіздігін толықтыру  арқылы сүйек қаңқасы мен тіс тығыздығын арттырады.

Кальций жүйке өткізгіштігін, бұлшықет жиырылуын реттеуге қатысады және қан ұю жүйесінің компоненті болып табылады.

Д3 витамині ішекте кальцийдің сіңуін арттарады.

Кальций мен Д3 витаминін пайдалану сүйектің жоғары резорбциясының стимуляторы (сүйектен кальцийдің шайылып кетуі) болып табылатын паратиреоидты гормон (ПТГ) өндірілуінің ұлғаюына кедергі келтіреді.

Қолданылуы

  • остеопороздың (менопаузалық, сенильді, стероидты, идиопатиялық және т.б.) және оның асқынуының (сүйек сынуының) алдын алу мен кешенді емінде

  • кальций және/немесе Д витамині тапшылығының алдын алу және емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – күніне 2 рет 1 таблеткадан. Алдын алу мақсатында Кальций–Д3 Никомедті жылына 1- 2 рет 3 ай бойы, емдік мақсатта кем дегенде 6 ай қабылдайды.

3 – 5 жастағы балаларға күніне 1 таблетка, 6 – 11 жастағыларға күніне 1-2 таблеткадан.

Таблетканы көбінесе ас ішкен кезде шайнауға немесе тұтас жұтуға болады.

Жағымсыз әсерлері

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

- іш қатуы, метеоризм, жүрек айнуы, іштің ауруы, диарея, диспепсия

- қышыну, бөртпе, есекжем

- сүтті-сілтілік синдром

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия немесе гиперкальциурия (қандағы немесе несептегі кальций концентрациясының жоғары болуы)

- Д витамині гипервитаминозы

- несеп тас ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиазидтер қатарының диуретиктерін бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның туындау қаупі жоғарылайды, өйткені олар кальцийдің өзекшелік реабсорбциясын арттырады. Фуросемид пен басқа ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын арттырады.

Кальций мен Д витамині препараттары тетрациклиндердің асқазан-ішек жолынан сіңірілуін азайтуы мүмкін, сондықтан тетрациклиндер қатарының препараты мен Кальций– Д3 Никомедті қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Хинолондық антибиотиктердің сіңірілуі Кальций–Д3 Никомедпен бір мезгілде қабылдағанда бұзылуы мүмкін. Хинолондық антибиотиктерді Кальция–Д3 Никомедті қабылдағанға дейін екі сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін алты сағаттан соң қабылдау керек.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде емдегенде ЭКГ және клиникалық жағдайларды бақылау қажет, өйткені кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уытты әсерлерін көтермелеуі мүмкін.

Егер бисфосфонаттар кальций препараттарымен бір мезгілде пайдаланылса, онда бисфосфонаттарды кемінде Кальций-Д3 Никомедті пайдаланғанға дейін бір сағат бұрын тағайындау керек, өйткені асқазан-ішек жолында сіңірілуі төмендеуі мүмкін.

Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңімділігін азайтады, сондықтан глюкокортикостероидтармен емдеу Кальций–Д3 Никомедтің дозасын арттыруды қажет етуі мүмкін.

Левотироксиннің тиімділігі Кальция–Д3 Никомедті бір мезгілде қабылдағанда левотироксин сіңірілуінің азаюынан төмендеуі мүмкін. Кальция–Д3 Никомед пен левотироксинді қабылдау кемінде төрт сағатпен бөлінуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Гиперкальциемия немесе бүйрек функциясының бұзылуы белгілері жағдайында, дозасы азайтылып немесе емдеу уақытша тоқтатылуы тиіс. Жүрек гликозидтерін және/немесе диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде, қан сарысуындағы кальций мен креатинин концентрациясын бақылау қажет.

Д витаминін бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде сақтықпен пайдалану керек, оларда кальций мен фосфор деңгейін мониторингілеу жүргізілуі тиіс. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде, Д витамині (холекальциферол түрінде) қалыпты метаболизденбейді және Д витаминінің басқа түрлері пайдаланылуы тиіс.

Кальций-Д3 Никомедті саркоидозға шалдыққан емделушілерге, Д витаминінің оның белсенді түріне жоғары метаболиздену қаупіне байланысты, сақтықпен тағайындау керек. Бұл емделушілерде қан сарысуы мен несептегі кальций құрамына мониторинг жүргізілуі тиіс.

Кальций-Д3 Никомедті остеопорозы бар иммобилизацияланған емделушілерде, гиперкальциемияның даму қаупіне байланысты, сақтықпен пайдалану керек.

Артық дозалануын болдырмау үшін, Д витаминінің басқа көздерден қосымша түсімін ескеру қажет.

Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық аурулары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы

Кальций–Д3 Никомедтің 3 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы жөніндегі деректер жоқ.

Жүктілік және лактация

Кальций–Д3 Никомед жүктілік және бала емізу кезеңінде кальций немесе Д витамині тапшылығы жағдайында қолданылуы мүмкін. Бұл ретте тәуліктік дозасы кальцийдің 1500 мг және Д3 витаминінің 600 ХБ аспауы тиіс.

Д витамині мен оның метаболиттері емшек сүтіне өтуі мүмкін. Кальций және Д витаминімен артық дозалану жүктілік кезеңінде ұрықтың дамуына жағымсыз салдарын туындатуы мүмкін. Сондықтан кальций мен Д витаминінің ана мен баладағы басқа көздерден келіп түсуін ескеру және медициналық бақылау жүргізу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкальциемия, гипервитаминоз, анорексия, шөлдеу, полиурия, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, іштің ауыруы, шаршағыштық, сүйектердің ауыруы, нефрокальциноз, бұлшықет әлсіздігі, көңіл-күй бұзылыстары, ауыр жағдайларда - жүрек аритмиясы.

Емі: препаратты тоқтату, организмге көп мөлшерде сұйықтық енгізу, ілмектік диуретиктерді (мысалы, фуросемидті), глюкокортикостероидтарды, кальцитонинді, бисфосфонаттарды қолдану. Сарысу электролиттерінің деңгейін, бүйрек функциясы мен диурезді бақылау қажет.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 немесе 100 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, бұрандалы қақпағы бар құтыға салынған. 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Тығыз жабылған құтыда 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Такеда Никомед АС, Аскер, Норвегия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Такеда Никомед АС, Аскер, Норвегия

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Такеда Никомед АС, Аскер, Норвегия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

Прикрепленные файлы

484790291477976863_ru.doc 66.5 кб
557032291477978027_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники