Кальций-Д3-МИК

МНН: Карбонат кальция+холекальциферол
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004535
Информация о регистрации в РК: 27.10.2017 - 27.10.2022
Номер регистрации в РБ: 22/07/1218
Информация о регистрации в РБ: 05.03.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций-Д3-МИК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: холекальциферол түрінде холекальциферол типі 100 CWS 66.7 ХБ (0.001667 мг),

кальций карбонаты түрінде 166.7 мг кальций,

қосымша зат – картоп крахмалы

желатинді капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы Е-171, глицерин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, «күн батар түстес» сары Е-110, желатин

Сипаттамасы

Шеті жартылай сфералы цилиндр пішінді, ақ түсті корпусы және қызыл сары қақпақшасы бар № 0 қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегі – ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары

АТХ коды А12АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций 12 елі ішекте, аш және тоқ ішекте сіңеді. Бұл үдеріс екі механизмнің қатысуымен жүреді: белсенді сіңу және пассивті диффузия, мұның қатысуымен аспен бірге түсетін элементтің 10%-дан азы сіңеді. Белсенді түрде сіңуін негізгі реттеуші Д витаминінің метаболиті – ішек энтероциттерінде кальцийді байланыстыратын ақуыздың биосинтезін ынталандырушы кальцитриол болып табылады. Сіңгеннен кейін жүйелік айналымға түскен кальций ағзалар мен жүйелерге таралады және бәрінен бұрын сүйекке өтеді.

Физиологиялық жағдайларда кальцийдің организмнен шығарылуы (нәжіспен бірге бөлініп шығатын, ішекте сіңбей қалған бөлігінен басқасы) тәулігіне шамамен 250 – 300 мг құрайды, оларға бүйректерде қайта сіңуге ұшырамайтын және несепке түсетін 140 – 180 мг, сондай-ақ ішекте өтпен және панкреатиттік секретпен шығарылатын 80 – 100 мг жатады.

Д3 витамині аш ішекте сіңеді. Әдетте витаминнің қабылданған дозасының 50-70%-ы сіңеді. Ең жоғары концентрацияға 8-18 сағаттан соң жетеді. Д3 витаминінің 70%-ға жуығы қан ағымынан бауыр арқылы сіңеді, онда ол метаболизденеді. Пайда болған метаболит (25-гидроксихолекальциферол) бүйректерге тасымалданады, онда биологиялық тұрғыдан белсенді қосылыстар түзіледі, олардың ішінде 1,25-дигидроксихолекальциферол (1,25 (ОН)2 D3) және 24,25-дигидроксихолекальциферол (24,25 (ОН)2D3) өте жоғары физиологиялық маңызға ие.

Дигидроксихолекальциферолдардың түзілуі бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде, ақуыз синтезінің тежегіштерін (актиномицин, глюкокортикоидтар) тағайындаған кезде, фенобарбитал мен дифенинді ұзақ уақыт қолданған кезде бұзылады.

Д3 витаминінің жиналып қалатын қасиеттері бар. Ол бауырда паренхималық емес жасушаларда жиналады, осы жерден гепатоциттерге тасымалданады, онда ол метаболизденеді.

Д3 витаминінің үлкен дозаларын қолданудың қажеті жоқ, өйткені мұндай жағдайларда Д3 витаминінің биологиялық тұрғыдан белсенді қосылыстарының түзілуін тежейді. Осы кезде организмде өзгеріске ұшырамаған Д3 витаминінің пайыздық мөлшері артады, ол тотығуға ұшырайды және осылайша Д-гипервитаминозының пайда болу қаупі артады.

Фармакодинамикасы

Кальций – организмде электролиттік тепе-теңдікті демеу үшін және реттеуші механизмдердің талапқа сай қызмет етуі үшін қажетті, тіршілік үшін маңызды минералды элемент. Кальций карбонаты сүйек тінінің қалыптасуына қатысады, тістердің минерализациялануы, жүйке өткізгіштігінің, бұлшықеттің жиырылуының реттелуі, жүрек қызметінің тұрақтылығын демеу үшін қажет және қанның ұю жүйесінің компоненті болып табылады. Кальций (иондалған түрде және кешен түрінде) жасушалардың бөлінуінде және дифференциялануында, жүйке импульстарын өткізу мен тегіс және көлденең жолақты бұлшықеттердің (тропинмен бірге) жиырылу-босаңсу циклінде, селективті кальций өзекшелерінің қатысуымен трансмембраналық иондық реакцияларда, нейроселективтік ағзалардың қызметінде, бірқатар гормондардың, ферменттердің және басқа да ақуыздардың, сондай-ақ ақуыздық емес, биологиялық тұрғыдан белсенді заттардың түзілуі мен әсерлерінде негізгі рөл атқарады.

Кальцийдің соншама әртүрлі үдерістерге қатысуы оның әртүрлі типтегі биологиялық сигналдарды тасымалдап және жүзеге асыратын екіншілік мессенджер (тасымалдаушы) ретінде әлбебап қызметімен түсіндіріледі.

Д3 витамині кальций мен фосфордың ішекте сіңуін, кальций мен фосфордың бүйректерде қайта сіңуін, кальцийдің мембрана мен жасуша арқылы тасымалдануын, иммундық жүйенің дамуын, жасушалардың пролиферациясы мен дифференциациясын, липидтердің және бірқатар гормондардың синтезін, жүрек-қантамыр жүйесінің және асқазан-ішек жолының қызметтік белсенділігін стимуляциялайды, қанда паратиреоидты гормон деңгейін төмендетеді. Ол қалқанша маңайы безінің қалыпты қызмет артқаруы үшін қажет, АТФ синтезіне қатысады.

Д3 витамині және оның белсенді метаболиттерінің сүйек тіндеріне әсер етуі көп жоспарлы: кальцийдің ішекте сіңуін арттырып, кальциймен байланысатын ақуыздардың синтезін ынталандырады; бүйрек өзекшелерінде кальцийдің қайта сіңуін арттырады; сүйектің ремодуляция үдерісін І коллаген синтезін арттыру арқылы және остеобласттар синтезін белсенді ету арқылы матрица ақуызын белсенді етеді; остеокласттардың белсенділігіне әсер ете отырып, сүйектің сапасын жақсартады; паратиреоидтық гормонның секрециясын екі механизм бойынша реттейді: қалқанша маңайы безі жасушаларының пролиферациясын тікелей басу және қандағы қальций деңгейін арттыру арқылы; жасушалардың – сүйек және шеміршек тіндерінің ізашарларының дифференциациялануын стимуляциялайды; кальций өзекшелерінің және А протеинкиназа белсенділігін реттеу арқылы жүйке-бұлшықет өткізгіштігіне жағымды ықпал етеді.

Құрамында кальций мен Д3 витамині бар біріктірілген препаратты қолдану өзін ақтады, өйткені Д3 витамині ішекте кальцийдің сіңімділігін арттырады және кальций мен Д3 витаминін бірге қолдану сүйектің жоғары резорбциясының (кальцийдің сүйектен шайылуы) стимуляторы болып табылатын паратиреоидтық гормонды (ТПГ) өндірудің артуына кедергі жасайды.

Осылайша, Кальций-Д3-МИК кальцийдің және фосфаттардың алмасуын реттейді, сүйек тінінің резорбциясын төмендетеді және тығыздығын арттырады, организмде кальций мен Д3 витаминінің жеткіліксіздігінің орнын толтырады, кальцийдің ішекте сіңуін және бүйректе фосфаттардың кері сіңуін күшейтеді, сүйектің минералдануына мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- толыққанды тамақтанбауға байланысты болатын кальций мен Д3 витаминінің тапшылық жағдайында, организмге аспен бірге кальций мен Д3 витамині жеткіліксіз мөлшерде түскен кезде

- остеопороздың (менопаузалық, сенильді, стероидты, идиопатиялық және басқа) және оның асқынуларының (сүйектердің сынуының) алдын алу үшін

- остеопороздың кез келген арнайы еміне қосымша ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

6 ай бойы 2-3 капсуладан күніне 2 рет негізінен тамақтану кезінде таңертең және кешке. Ересектер үшін кальцийдің ең жоғары тәуліктік дозасы 1000 мг, Д3 витамині 400 ХБ құрайды, бұл жасқа байланысты тәуліктік нормаға қайшы емес.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышу, есекжем

- тәбеттің нашарлауы, іш тұсының ауыруы, жүректің айнуы, метеоризм, іш қату немесе диарея

Сирек

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- асқын сезімталдық

- гиперкальциемия (соның ішінде алғашқы немесе салдарлық гиперпаратиреоз нәтижесі ретінде)

- гиперкальциурия

- Д3 гипервитаминозы

- декальцинирлеуші ісіктер, мысалы, миелома, сүйек метастаздары, саркоидоз

- несеп-тас ауруы

- төсек тартып жатудан болған остеопороз

- атеросклероз

- туберкулездің белсенді түрі, саркоидоз

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- бауыр мен бүйректің жедел және созылмалы аурулары

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Д3 витаминінің белсенділігі оны фенитоинмен немесе барбитураттармен бір мезгілде қолданған кезде төмендеуі мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде емдеген кезде ЭКГ-ні және клиникалық жағдайды бақылау қажет, өйткені кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уыттық әсерлерін потенциялауы мүмкін.

Кальций тетрациклинді қатардың препараттарының, құрамында фторы бар препараттардың және темір препараттарының сіңуін күшейтуі мүмкін, сондықтан Кальций-Д3-МИК капсулаларын осы көрсетілген препараттардан 3 сағат бұрын немесе солардан кейін қабылдаған жөн.

Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңуін төмендетеді.

Колестирамин және іш жүргізгіш дәрілер минералдық немесе өсімдік майы негізінде Д3 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Тиазидтік қатардағы диуретиктерді бір мезгілде қолданған кезде гиперкальциемияның пайда болу қаупі артады, өйткені олар кальцийдің өзекшелік кері сіңуін арттырады. Фуросемид және басқа да ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрек арқылы шығарылуын арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бүйрек қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарға абайлап қолданған жөн (кальцийдің несеппен бірге бөлініп шығуына және плазмадағы кальций деңгейіне мезгіл-мезгіл бақылау жасау қажет). Бұдан басқа, сыртартқысында бүйрек тастары бар емделушілерде, гиперкальциурияның бар-жоқтығын анықтау мақсатында, кальцийдің несеппен бірге бөлініп шығуын қадағалау қажет.

Бір мезгілде жүрек гликозидтерін және/немесе диуретиктерді қабылдап жүрген емделушілерде қан сарысуындағы кальция концентрациясы мен креатининді қадағалау қажет. Тәулігіне 7,5 ммольден асатын (тәулігіне 300 мг) кальциурия пайда болған жағдайда дозаны азайту және препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Артық дозалануды болдырмау үшін Д3 витаминінің басқа көздерден қосымша түсуін ескеру қажет. Құрамында кальций және Д3 витамині бар витаминдер кешенімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Егде жастағы адамдарда кальцийге қажеттілік тәулігіне 1500 мг-ды, Д3 витаминіне қажеттілік тәулігіне 500-1000 ХБ құрайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: анорексия, шөлдеу, полиурия, жүректің айнуы, құсу, бас айналу, әлсіздік, бас ауыру, гиперкальциурия, гиперкальциемия, тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы.

Емдеу: препаратты дереу тоқтатқан жөн. Организмге сұйықтықтың көп мөлшерін енгізу, ілмектік диуретиктерді (мысалы, фуросемидті), глюкокортикостероидтарды, кальцитонинді, бисфосфонаттарды, кальций шектелетін диетаны қолдану қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 6 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 15оС-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ-сы, а/я 112, Инженерная к-сі, үй 26

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР «Рахметова» ЖК

тел.: +7 777324-23-37

e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

161552871477977070_ru.doc 62.5 кб
820100741477978248_kz.doc 73 кб
19_08_1218_p.pdf 0.36 кб
19_08_1218_s.pdf 0.62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ