Кальцемин® Адванс

Производитель: Контракт Фармакал Корпорейшн
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014446
Информация о регистрации в РК: 29.11.2016 - 29.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Кальцемин® Адванс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

D3 витамині (холекальциферолға баламалы) құрғақ D3 витамині түрінде (100 000 ХБ/г) 200ХБ

кальций (кальций карбонаты мен кальций цитраты түрінде) 500 мг

магний (магний тотығының баламасы) 40 мг

мырыш (мырыш тотығының баламасы) 7.50 мг

мыс (мыс тотығының баламасы) 1,00 мг

марганец (марганец сульфатының баламасы) 1.80 мг

бор (бор қышқылды натрийдің баламасы) 0.25 мг

қосымша заттар: мальтодекстрин, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, сояның полисахаридтері, натрий лаурилсульфаты

қабық: гипромеллоза, (Е 171) титанның қостотығы, магний силикаты, триацетин, минералды май, № 40 (Е129) қызыл лакты бояғышы, № 6 (Е110) сары лакты бояғышы, № 1 (Е133) көк лакты бояғышы.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, бір жақ бетінде кертігі бар бөлінген жері ақ түсті, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары.

АТХ коды А12АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций Д-витаминіне тәуелді белсенді тасымалдау механизмінің есебінен аш ішектің проксимальді бөлігінен сіңіріледі.

Холекальциферол өт қышқылдарының қатысуымен, ішектің жіңішке бөлігінен сіңіріледі. Қанда D3-витамині мен оның метаболиттері арнайы тасымалдау глобулині – D3-витаминін байланыстырушы ақуызбен немесе альбуминдермен байланысады. Холекальциферолдың шығарылуы баяу (30 күн ішінде) жүреді, бірақ оның белсенді метаболиттері (кальцидиол, кальцитриол) айтарлықтай тезірек (7-10 күн ішінде) жоғалады. Олар бауырда биотрансформацияға ұшырайды, ал түзілген метаболиттері несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кальций – сүйек тінінің маңызды құрылымдық компоненті. Нейронаралық және жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүрек автоматизмін қамтамасыз етеді, көлденең жолақты және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына, қан ұюына қатысады. Кальций карбонаты элементарлық кальций құрамы жоғарырақ тұз болып табылады. Кальций цитраты асқазан-ішек жолының гипоацидтік жағдайлары, Н2-гистаминдік бөгегіштерді қабылдау аясындағы ахлоргидриясы бар емделушілерде препараттың биожетімділігін ұлғайтады, ұзақ уақыт қабылдағанда несеп шығару жолдарында тас түзілу қаупін төмендетеді, ПТГ тежеуі есебінен жоғары антирезорбтивті әлеуеттілігі бар, холестерин деңгейін төмендетуінің есебінен кардиопротекторлық әсерге ие.

D3 витамині (холекальциферол) аш ішекте кальцийдің сіңуін ұлғайтады, кальций байланыстырушы ақуыздардың синтезін көтермелей отырып, бүйрек өзекшелеріндегі кальцийдің сіңірілуін арттырады. D3 витамині сүйек тінінің ремодельдеу үдерістерін, коллаген синтезін арттыру арқылы белсенділендіреді, бұнда фосфорлы кальций тұздарының жинақталуы жүреді; сүйек түзілуіне және сүйектерде кальций жиналуына қажетті остеокальциннің – сүйек тінінің басты коллагендік емес ақуызының синтезін көтермелейді. Қаңқа сүйектерінің кальцификациясын қамтамасыз ете отырып, қалқанша бездің, қалқанша маңы безінің, жыныс бездерінің функционалдық жағдайына ықпал етеді.

Магний сүйек тінінің метаболизміне, жүйке қозуының берілуіне қатысады, ағзадан ксенобиотиктер мен олардың метаболизмі өнімдерінің шығарылып тасталуына көмектеседі, көмірсу алмасу ферменттерін белсенділендіреді, сүйектердің минералсыздануына кедергі жасайды, қан тамырлары қабырғаларында, жүрек клапандарында, бұлшықеттерде, несеп шығару жолдарында кальцийдің жинақталуын тежейді. Ағзаның антиоксиданттық қорғаныс жүйесіне енеді.

Мырыш гендік экспрессияға, жасушалардың өсуі мен қалпына келуіне жауапты ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын 200-ден астам ферменттің кофакторы болып табылады. Қалқанша бездің парафолликулярлық жасушаларынан кальцитонин сөлінісін реттейді. Мырыш 1-ші типті коллаген остеобласттарының - сүйек матриксінің негізгі элементінің өндірілуіне қатысады, сүйек тінінің ремодельдену үдерісіне, жыныстық қызметке, жеке алғанда, эстрогендердің белсенділігіне әсер етеді.

Мыс дәнекер тіннің аса маңызды ақуыздарының – сүйек және шеміршек тіндерінің матрицасын түзетін коллаген мен эластин құрылымына қатысады, сілтілік фосфатаза белсенділендіргіші болып табылады.

Марганец сүйек пен шеміршек тіндерінің қалыптасуына қажетті гликозаминогликандардың синтезін қалыпқа келтіреді. D3 витаминінің кальцийсақтаушы қызметтерін қайталайды.

Бор паратиреоидты гормон белсенділігін реттейді және сол арқылы – кальций, магний, фосфор мен холекальциферол алмасуына, эстрадиол белсенділігіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі остеопороздың алдын алуда және кешенді емдеуде:

  • әйелдерде менопауза кезеңінде (табиғи және хирургиялық)

  • егде жастағы адамдарда

  • кортикостероидтарды, иммунодепрессанттарды, эпилепсияға қарсы препараттарды, тироксинді, гепаринді ұзақ уақыт қабылдаған тұлғаларда

- тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуде:

  • әр түрлі жерлердегі сынықтарда жарақатты сынулардың жылдамырақ бітіп кетуі үшін

  • остеохондроз бен остеоартроздың және буындар мен омыртқаның басқа дегенеративті-дистрофиялық ауруларының алдын алу және емдеу үшін

- ағзаның кальцийге, D3 витамині мен микроэлементтерге қажеттілігі жоғары болғандағы кальций мен микроэлементтер тапшылығында (қарқынды өсу кезеңін, жоғары дене жүктемесінде)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке.

Ересектерге күніне екі рет тамақтану кезінде 1 таблеткадан. Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 2 таблетка

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 3 таблетка.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсері

Сирек жағдайларда

  • жүрек айнуы, құсу

  • метеоризм

  • гиперкальцемия

  • гиперкальциурия болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

  • несептас ауруы

  • гиперкальциемия мен гиперкальциурия

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

D3 витаминінің белсенділігі барбитураттармен бір мезгілде қолданғанда азаюы мүмкін.

Кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уытты әсерлерін қуаттандыруы мүмкін.

Кальций мен D3 витамині препараттары тетрациклиндердің асқазан-ішек жолынан сіңірілуін ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан тетрациклиндер тобының препараты мен "Кальцемин Адванс" препаратын қабылдаудың аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

Бисфосфонаттар немесе натрий фториді препараттары сіңуінің төмендеуін болдырмау үшін "Кальцемин Адванс" препаратын оларды қабылдағаннан кейін кемінде 2 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңірімділігін азайтады.

Холестирамин препараттарымен немесе минералды немесе өсімдік майы негізіндегі іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде емдеу D3 витаминінің сіңуін төмендетуі мүмкін. Тиазидтік қатардағы диуретиктерімен бір мезгілде қолданғанда, гиперкальциемияның туындау қаупі жоғарылайды, өйткені олар кальцийдің өзекшелік сіңірілуін ұлғайтады. Фуросемид пен басқа ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын ұлғайтады.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың дозасы ұсынылған тәуліктік дозасынан аспауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде тәуліктік дозасы 1500 мг кальций мен 600 ХБ D3 витаминінен аспауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары - сирек жағдайларда жүрек айнуы, құсу, іш қатуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30, 60 және 120 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпақпен бұралатын, алюминий фольгадан жасалған жарғақшамен және полиэтиленмен ламинацияланған қағазбен таңбаланып басылған тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға салынған. Құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

30 º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария.

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын мекенжай:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы.

тeл.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

Прикрепленные файлы

458122481477976695_ru.doc 61 кб
386794621477977858_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники