Калия хлорид (5 мл, 10 мл; 40 мг/мл)

МНН: Калия хлорид
Производитель: Дальхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Potassium chloride
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022900
Информация о регистрации в РК: 04.07.2022 - 04.07.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 68.83 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Калий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 40 мг/мл

Құрамы

белсенді зат: калий хлориді – 40 мг

қосымша заттар: 1М хлорсутек қышқылы – рН 3,0-4,0 дейін;

инъекцияға арналған су – 1 мл дейін.

Теориялық осмолярлығы: 1074 мОсм/л

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қоспа. Электролитті ерітінділер. Калий хлориді.

АТХ коды В05ХА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: дәрілік препарат вена ішіне енгізілетіндіктен оның биожетімділігі 100 % құрайды.

Таралуы: калий және хлор иондары организм иондарының жалпы пулына қосылады.

Калий концентрациясы және қан плазмасының қышқылды-негізгі жай-күйі өзара байланысты. Алкалоз гипокалиемиямен, ал ацидоз – гиперкалиемиямен жиі қатар жүреді.

Калий концентрациясы қан плазмасында ацидоз кезінде қалып шегінде калий тапшылығын көрсетеді.

Калийдің жасушаішілік концентрациясы 140–150 ммоль/л жуықты құрайды. Калий концентрациясы қан плазмасында қалып шегінде 3,5-тен 5 ммоль/л дейінді құрайды.

Шығарылуы: Калий негізінен бүйрекпен (90 % жуық), 10 % жуығы организмнен асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады. Калий тапшылығы жағдайында да тәулігіне 10–50 ммоль калий бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Калий жасушаішілік кеңістіктің маңызды катионы болып табылады, организмдегі калийдің жалпы құрамының 98 % жуығы жасушаішілік сұйықтықта болады.

Калий жасушаның электрохимиялық үдерістеріне, сондай-ақ көмірсу және ақуыз алмасуына қатысады. Гликоген мен ақуыздар синтезі кезінде калийді жасушалар қолданады, ал осы субстраттардың ыдырауы үдерісінде калий босап шығады (0,4 - 1 ммоль калий/г жуық гликоген және 2-3 ммоль калий/г шығарылатын азот).

Емдік әсері

Вена ішіне енгізуге арналған калий хлориді ерітінділерінің, пероральді қабылдау (немесе энтеральді енгізу) мүмкін болмаған немесе жеткіліксіз болғанда, емдік әсері калий тапшылығын болдырмай немесе емдеу болып табылады.

Калийдің тәуліктік қажеттілігі дене салмағына 1-1,5 ммоль/кг жуықты құрайды. Калий тапшылығы бүйрекпен шығарылуының артуынан, асқазан-ішек жолы арқылы жоғалтудың ұлғаюымен, мысалы, құсқанда, диареяда немесе жыланкөздер арқылы, жасушаішілік тұтынудың, мысалы, ацидозды емдегенде немесе декстроза және инсулин енгізгенде, сондай-ақ калийдің жеткіліксіздігі кезінде туындауы мүмкін.

Гипокалиемия бұлшықет әлсіздігімен, асқазан-ішек жолы тегіс бұлшықеттерінің атониясымен (іш қатудан ішектің бітелуіне дейін), ЭКГ өзгерістері мен жүрек аритмиясымен, бүйректің несепті концентрациялау қабілеттілігін жоғалтуымен қатар жүреді.

Қолданылуы

Шығу тегі әртүрлі гипокалиемияда, оның ішінде гипокалиемияға байланысты аритмияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты изотониялық ерітінді алғанға дейін концентратты сұйылтқан соң ғана вена ішіне тамшылатып енгізеді (калий хлориді концентрациясы 4 мг/мл немесе 0,4 % құрайды) және вена ішіне тамшылатып енгізеді (минутына 20-30 тамшы жылдамдықпен). Бір инфузияда бір мезгілде 100 мл дайындалған ерітіндіден асырмай енгізеді. Қажет болғанда құю қайталануы мүмкін, бірақ жалпы тәуліктік доза 4 мг/мл (0,4 %) калий хлориді концентрациясымен 300-500 мл дайындалған ерітіндіден аспауы тиіс.

Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні 2,5 г калий хлоридіне дейінгі есеппен 500 мл изотониялық 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % декстроза (глюкоза) ерітіндісінде дайындауға болады.

Миокард инфарктісі кезіндегі эктопиялық аритмия профилактикасы және емдеу үшін - поляризациялаушы қоспа қолданылады: 2-2,5 г калий хлориді ерітіндісі 500 мл 5-10 % декстроза (глюкоза), оған әсері қысқа инсулинді 3-4 г құрғақ декстрозаға (глюкоза) 1 ӘБ есебінен қосады.

Дозалар

Калий тапшылығын емдеуге арналған доза қан плазмасында нақты электролиттер концентрациясы мен қышқылды-негізгі жай-күйге сәйкес таңдалуы тиіс.

1 ммоль калий (К+) 75 мг калий хлоридіне (КСl) сәйкес келеді.

Ересектер және егде жастағы пациенттер:

Орташа, симптомсыз калий тапшылығын емдеуге арналған және демеуші ем кезіндегі доза:

Орташа калий тапшылығын түзетуге қажетті және демеуші ем кезіндегі калий мөлшерін мынадай формула бойынша есептеуге болады:

талап етілетін мөлшері ммоль К+=(ДС* [кг] х 0,2)** х 2 х (мақсатты концентрация К+ қан плазмасында***- қан плазмасындағы К+ концентрациясы [ммоль/л])

мұнда:

*ДС = дене салмағы;

** мәні сұйықтықтың жасушадан тыс көлемін білдіреді;

*** мақсатты концентрация К+ қан плазмасында 4,5 ммоль калий тең болуы тиіс.

Ең жоғары тәуліктік доза (мысалы, ауыр симптоматикалық гипокалиемия немесе елеулі жоғалту жағдайында):

Дене салмағына 2-3 ммоль калий/кг дейін.

Енгізудің ең жоғары жылдамдығы:

Ересектерде сағатына 20 ммоль калийге дейін (0,3 ммоль калий/кг дене салмағы/сағатқа сәйкес). Егер қан плазмасындағы калий концентрациясы 2 ммоль калий аз болса, инфузия жылдамдығы 40 ммоль калий/сағ жетуі мүмкін.

Қант диабеті бар пациенттер:

Қышқылды-негізгі жағдайының өзгеруі қан плазмасында калий концентрациясына әсер етеді. Калий қажеттілігі кетоацидозды толықтыру кезінде қант диабеті бар пациенттерде, сондай-ақ декстроза/әсері қысқа инсулин енгізген кезде ұлғаяды.

Жағымсыз әсерлері

Қолайсыз жағымсыз реакциялар гиперкалиемия симптомдары түрінде және абсолютті немесе салыстырмалы артық дозалану және/немесе инфузияның тым жоғары жылдамдығы жағдайында ғана дамуы мүмкін. Қолайсыз жағымсыз реакциялардың даму жиілігі дозаға байланысты.

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар: аллергиялық реакциялар.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: ацидоз, гиперхлоремия, гиперкалиемия.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: қажу, бұлшықеттің әлсіздігі, сананың шатасуы, аяқ-қолдағы ауырлық, бұлшықеттің құрысуы, парестезия, өрлемелі салдану.

Жүрек тарапынан бұзылулар: брадикардия, AV блокада, қарыншалар фибрилляциясы, жүректің тоқтап қалуы.

Инфузияның тым жоғары жылдамдығы жүрек аритмиясын туындатуы мүмкін.

Қантамырлар тарапынан бұзылулар: артериялық қысымның төмендеуі, қан айналуды орталықтандыру.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жүрек айнуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- кез келген этиологиядағы гиперкалиемия немесе гиперхлоремия, толық атриовентрикулярлық немесе қарыншаішілік блокада

- олигуриямен немесе азотемиямен бүйрек жеткіліксіздігі

- қарыншалар фибрилляциясы

- Аддисон ауруы

- адреногенитальді синдроммен астасқан гиперадренализм

- тіндердің қарқынды ыдырауы (оның ішінде ауыр күйіктерде)

- жедел дегидратация

- жылудан болатын құрысулар

- калий енгізуге жоғары сезімталдығы бар жай-күйлер (оның ішінде тұқым қуалайтын эпизодты адинамия немесе туа біткен парамиотония)

- калий тұздары немесе калий жинақтаушы диуретиктермен қатар жүретін ем

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Сақтықпен

- I-II дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі;

- орақ тәрізді жасушалық анемия

- калий экскрециясы бұзылуымен қатар жүретін аурулар мен жай-күйлер, оның ішінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

- жүрек гликозидтерін, альдостерон антагонистерін, АӨФ тежегіштерін, такролимус, циклоспорин, әсері ұзақ гепарин, суксаметоний немесе потенциалды нефроуытты дәрілік препараттар (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, шеткері әсері бар анальгетиктер) қабылдайтын пациенттерде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Калий жинақтаушы диуретиктермен (оның ішінде триамтерен, спиронолактон, амилорид) бір мезгілде енгізу калий иондарының бүйрек экскрециясын төмендету есебінен ауыр гиперкалиемияға әкеледі.

АӨФ тежегіштері - гиперкалиемия дамудың қаупі, өйткені АӨФ тежегіштері организмде калий іркілуіне әкелетін альдостерон секрециясын төмендетеді.

Бета-адреноблокаторлар калийдің жүктеме дозасы вена ішіне шұғыл енгізілген пациенттерде қан сарысуында калийдің ең жоғары концентрациясын, сонымен қатар оның бастапқы деңгейге оралуына қажетті уақытын арттырған.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар - бүйректе простагландиндер синтезі тежелуінен кейін екінші қайталанған гиперальдостеронизм салдарынан гиперкалиемияның даму қаупі.

Гепарин альдостерон синтезін төмендетеді, бұл әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі болғанда немесе организмнен калийдің шығарылуын нашарлататын басқа да жағдайларда гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін.

Бір мезгілде жүрек гликозидтерін қолданатын ауыр және толық жүрек блокадасы бар пациенттерге калий препараттарын енгізу ұсынылмайды. Гипокалиемияны түзету үшін калий препараттарын қолданған жағдайда, мұндай пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Инсулинмен, натрий гидрокарбонатымен бір мезгілде қолдану қан сарысуында калий мөлшерін төмендетеді.

Құрамында калий, немесе гиперкалиемия дамуына бейімді мынадай дәрілік заттар калий препараттары: алискирен, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, циклоспорин, такролимуспен бір мезгілде қолданғанда калий жинақталуына әкелуі мүмкін.

Вена ішіне енгізуге арналған мынадай ерітінділермен фармацевтикалық үйлесімсіз: Рингер ерітіндісі инъекцияға арналған глюкозамен (декстрозамен) біріктірілімде, Рингер лактат ерітіндісі инъекцияға арналған глюкозамен (декстрозамен) біріктірілімде, инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісінде 5 % глюкоза (декстроза) ерітіндісі, глюкоза (декстроза) ерітіндісі натрий хлоридімен біріктірілімде, 5 % глюкоза (декстроза) ерітіндісі 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде, 2,5 %, 5 %, 10 %, 20 % глюкоза (декстроза) ерітінділері инъекцияға арналған суда, инъекцияға арналған Рингер ерітіндісі, инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісі, 0,45 %, 0,9 %, 3 % натрий хлориді ерітінділері.

Құрамында мыналар бар ерітінділермен фармацевтикалық үйлесімсіз: амикацин сульфаты, амфотерицин В, натрий амоксициллині, бензилпенициллин, диазепам, добутамин гидрохлориді, эрготамин тартраты, цисплантин және маннитолмен этопозид, метилпреднизолон натрий сукцинаты, натрий фенитоин, прометазин гидрохлориді, натрий нитропруссид, стрептомицин сульфаты, маннитол, құрамында соя майы мен лецитин бар стерильді май эмульсиясымен (аталған тізім осымен шектелмейді).

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезеңінде қан сарысуында калий концентрациясына қан сарысуында мониторинг жүргізу және дозаны дер кезінде түзету қажет. Сонымен қоса (әсіресе жүрек, бүйрек аурулары кезінде немесе ацидоз болғанда), қышқыл-сілтілік теңгерімін бақылау, сарысу электролиттерін, пациенттің ЭКГ және клиникалық жағдайын бақылап отыру ұсынылады.

Гиперкалиемия жылдам және симптомсыз дамиды және жүрекішілік өткізу блокадасы мен өлімге әкеп соғуы мүмкін. Гиперкалиемияның ерте байқалған белгілері - гипотонус және аяқ-қолдың парестезиясы.

Гипокалиемияны емдеу ауыр гиперкалиемияны болдырмау үшін калий тұздары мен калий жинақтаушы диуретиктерді бір мезгілде енгізумен жүргізілмеуі тиіс.

Блокада дәрежесін арттыруы мүмкін болғандықтан, калий препараттарымен емдеу жүрек блокадасымен қатар жүретін ауруларда жүргізілуі тиіс.

Емдеудің бастапқы сатысында глюкозамен бір мезгілде енгізуден аулақ болған жөн, өйткені бұл калий концентрациясының одан әрі төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

Препаратты тек қана вена ішіне енгізуді қамтамасыз ету қажет, өйткені вена маңына енгізу тіндер некрозын туындатуы мүмкін.

Калий хлоридін диаметрі шағын венаға енгізгенде енгізген орынның ауыруы қатар жүруі мүмкін.

Ерітіндіні мөлдір және құтысы зақымданбаған болса ғана пайдалану керек. Препаратты инфузияға арналған үйлесімді ерітіндіге сұйылтып қана қолдану керек. Препаратты тікелей құтыны ашқаннан кейін сұйылту керек. Препаратты сұйылтқанда асептика ережелерін қатаң сақтау талап етіледі.

Микробиологиялық қауіпсіздік тұрғысынан сұйылтылған препарат тез арада пайдаланылуы тиіс.

Ерітіндіні мөлдір және ампула зақымданбаған болса ғана пайдалану керек. Препаратты тікелей ампуланы ашқаннан кейін сұйылту керек. Препаратты сұйылтқанда асептика ережелерін қатаң сақтау талап етіледі.

Ампула тек бір реттік қолдануға ғана арналған. Бақыланатын және асептикалық жағдайларда дайындалған сұйылтулар ғана кірмейді.

Ерітінді дайындалғаннан кейін енгізуге дейінгі мерзімі мен оны сақтау шарттары пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады және 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспауы тиіс. Препараттың пайдаланылмаған бөлігі жойылуы керек.

Препаратпен емдеу кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін ықтималдығы зор қызмет түрлерін (көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс, диспетчердің және оператордың жұмысы) орындағанда сақ болу керек.

Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек. Препарат оны қолдануға айқын көрсетілімдерде, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға төнетін ықтимал қаупінен асып түскенде ғана қолданылуы тиіс (мүмкіндігінше ішке қабылдауға арналған калий препараттарын тағайындайды). Калий емшек сүтімен шығарылады. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болған жөн (мүмкіндігінше ішке қабылдауға арналған калий препараттарын тағайындайды).

Артық дозалануы

Симптомдары: сыртқа шығарылу механизмінің бұзылуы немесе калийді вена ішіне тым жылдам енгізу фатальді гиперкалиемияға (қан сарысуында калий иондары мөлшерінің 5,5 мэкв/л жоғары болуы) әкелуі мүмкін, ол былайша білінуі мүмкін: бұлшықеттік гипотонус, аяқ-қолдың парестезиясы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы.

Электрокардиограмманың ерте өзгеруі - V2-V4 кеуде тармақтарында анағұрлым айқын ұшы сүйірленген және негізі тар жоғары Т тісше қан сарысуында калий иондарының концентрациясы 5,5-6,5 мэкв/л дейін жоғарылағанда байқалады. Орташа гиперкалиемия кезінде (қан сарысуында калий иондарының мөлшері 6,5-8,0 мэкв/л) электрокардиографиялық белгілері мынадай болады: Р тісшесі амплитудасының азаюы, QT аралығының ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі, R тісше амплитудасының төмендеуі, қарыншалық экстрасистолия.

Гиперкалиемияның барынша ауыр симптомдары – бұлшықеттер салдануы және жүректің тоқтап қалуы (электрокардиограммадағы өзгеру баяу немесе жылдам идиовентрикулярлық ырғақ, қарыншалар фибрилляциясы, асистолия) қан сарысуында калий иондарының мөлшері 9-14 мэкв/л болғанда дамиды.

Емі: Калий хлориді инфузиясын тоқтату. Ішке немесе вена ішіне - натрий хлориді ерітіндісі; вена ішіне 300-500 мл 5 % декстроза ерітіндісі (әсері қысқа 10-20 ӘБ инсулин 1 л-ге); натрий гидрокарбонатын вена ішіне енгізудің көмегімен ацидозды түзету (бар болғанда), қажет болғанда - гемодиализ және перитонеальді диализ.

Аритмия немесе 6,5 ммоль/л жоғары калий сарысулық концентрациясы 10-20 мл 10 % кальций глюконаты ерітіндісін 1-5 минут бойы вена ішіне енгізудің көмегімен дереу емдеуді талап етеді. Жүрек гликозидтерімен емделіп жүрген пациенттерде гиперкалиемияны емдегенде, қан сарысуында калий концентрациясының жылдам төмендеуі дигиталисті уыттануға әкелуі мүмкін. Артық дозалануды емдегенде үздіксіз ЭКГ-мониторинг жүргізу, қан плазмасында мочевина, электролиттер және креатининді мезгіл-мезгіл анықтау, калий концентрациясын бақылау (қажет болғанда әрбір 2-3 сағ сайын), симптомсыз пациенттерді 6 сағат бойы бақылау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 40 мг/мл

5 мл немесе 10 мл бейтарап шыны ампулаларда.

10 ампуладан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және ампуланы ашуға арналған пышағымен немесе ампулалық скарификатормен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сындыру кертігі, сақинасы немесе нүктесі бар ампулаларды пайдаланған кезде ампуланы ашуға арналған пышақты немесе ампулалық скарификаторды салмауға болады.

Сақтау шарттары

2-ден 30оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкентская к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.

Тіркеу куәлігінің иесі

"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкентская к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050054 Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 162 А,

тел. 8 (727) 225 00 37

Прикрепленные файлы

336613971498795320_ru.doc 79 кб
845568501498795869_kz.doc 87 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники