Калия хлорид 10мл (40мг/мл)

МНН: Калия хлорид
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Potassium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013358
Информация о регистрации в РК: 03.02.2014 - 03.02.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 68.83 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Калий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 40 мг/мл, 10 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 40 мг калий хлориді,

қосымша заттар: декстроза моногидраты, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі – рН 3,0-4,0 дейін, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазманы алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділерге үстемелер. Электролиттік ерітінділер.

Калий хлориді

АТХ коды B05XA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Калий хлориді толық сіңеді. Калий деңгейі қалыпты пациенттерде енгізілген калийдің шамамен 90%-ы несеппен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Калий негізгі жасушаішілік ион болып табылады. Препарат организмде су-электролиттік тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді, калий тапшылығының орнын толтырады. Көптеген цитоплазмалық ферменттерді белсенді етеді, жасушаішілік осмостық қысымды, ақуыздар синтезін, амин қышқылдарының тасымалдануын, жүйке импульстерінің өтуін реттейді, бұлшықет дистрофиясында, миастенияларда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады. Калий иондары жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, жиырылу белсенділігін төмендетеді, миокардтың өткізгіштігін, автоматизмін және қозғыштығын азайтады.

Азғантай дозаларда К+ коронарлы қантамырларды кеңейтеді, үлкен дозаларда тарылтады. Калий ацетилхолин мөлшерінің жоғарылауына және орталық жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің қозуына мүмкіндік береді. Орташа диуретикалық әсер береді. Калий деңгейінің жоғарылауы жүректе жүрек гликозидтерінің уыттық әсерінің пайда болу қаупін төмендетеді. Бүйрек үсті бездерін стимуляциялайды және олармен эпинефриннің бөлініп шығуын ұлғайтады.

Қолданылуы

- қант диабеті, ұзақ диарея, құсу аясында, кейбір диуретиктерді (тиазидтік, тиазид тәрізді, ілмектік) қолданғанда, глюкокортикостероидтармен, жүрек гликозидтерімен, гипотензиялық препараттармен емдегенде пайда болған гипокалиемияны емдеуге және профилактикасында

- дигиталистік уыттануды емдеуге және профилактикасында

- шығу тегі әртүрлі аритмияларда (электролиттік бұзылулармен және абсолютті немесе салыстырмалы гипокалиемиямен байланысты)

- миокард инфарктісі бар науқастарда аритмияның профилактикасында (жедел кезеңінде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып енгізеді.

1 ампула (10 мл) 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісінде 0,4 г калий хлориді бар. Изотониялық ерітінді алу үшін (алынған ерітіндінің концентрациясы 4 мг/мл), 50 мл 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісін (2,0 г калий хлориді) инъекцияға арналған суда 10 есе (500 мл-ге дейін) сұйылтады және көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді (минутына 20-30 тамшы).

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі немесе 5% декстроза ерітіндісіндегі (калий хлоридінің алынған ерітіндісінің концентрациясы 5 мг/мл) 2,5 г калий хлоридіне дейінгі (40 мг/мл калий хлориді 62,5 мл ерітіндісіне дейін) есеппен дайындауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жүректің айнуы, құсу, диарея, метеоризм, абдоминальді ауырулар, АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы, асқазан-ішектен қан кетулер, перфорация және ішек бітелісі

- парестезиялар, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы

- артериялық қысымның төмендеуі, аритмиялар, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің толық АV блокада пайда болғанға дейін баяулауы, жүректің тоқтап қалуы (артық дозаланғанда)

- гиперкалиемия, аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының жедел және созылмалы жеткіліксіздігі

- толық атриовентрикулярлы блокада

- бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі

- калий жинақтаушы диуретиктермен қатарластыра емдеу

- гиперкалиемия

- метаболизмдік бұзылулар (ацидоз, гипонатриемиясы бар гиповолемия)

- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы аурулары

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтері ерітінділерімен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеседі (олардың жағымдылығын жақсартады). Аритмияға қарсы дәрілік заттардың теріс дромо- және батмотроптық әсерін күшейтеді.

Поляризациялаушы қоспалар құрамында (декстрозамен және инсулинмен біріктіріп) ол миокард инфарктісінде, эктопиялық аритмияларда және жүрек гликозидтері артық дозаланғанда жүрек ырғағының қалыпты болуына мүмкіндік береді.

Бета-адреноблокаторлар, циклоспорин, гепарин, калий жинақтаушы диуретиктер, калий препараттары, АӨФ тежегіштері, қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттырады. Хинидиннің әсерін, дизопирамидтің жағымсыз әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

І-ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылғанда сақтықпен қолдану керек.

Емделу кезеңінде қан сарысуындағы калий иондарының мөлшерін, ЭКГ-ні бақылау қажет, гипокалиемияны емдеген кезде қышқыл-негізді жағдайды бақылау керек.

Гипокалиемияның өліммен аяқталуға әкеп соғатынын ескерген жөн, ол тез пайда болуы және симптомсыз өтуі мүмкін.

Калий хлоридін балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация

Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз болуына байланысты, жүкті әйелдерге тағайындалмайды.

Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықтимал жағымсыз әсерлерді ескеріп, көлік құралдарын басқарғанда және қимыл-қозғалыстың дәл үйлесімін қажет ететін жұмыстарды жасағанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкалиемия (қан сарысуында калий иондары концентрацияларының 5,5-тен 6,5 мэкв/л-ге дейін жоғарылауы), ол мыналар түрінде білінеді: бұлшықеттік гипотонус, аяқ-қолдардың парестезиялары, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы. Электрокардиограмманың ерте өзгерулері – V2-V4 кеуде жалғамдарында айқынырақ, төбесі үшкірленген және негізі тар биік Т тісшесі болады. Орташа гиперкалиемияда (қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясы 6,5-8,0 мэкв/л) электрокардиографиялық белгілері мыналар болып табылады: Р тісшесі амплитудасының азаюы, РQ аралығының ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі, R тісшесі амплитудасының төмендеуі, қарыншалық экстрасистолия.

Гиперкалиемияның өте ауыр симптомдары – бұлшықеттің салдануы және жүректің тоқтап қалуы (электрокардиограммада өзгерулер – баяу немесе жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ, қарыншалар фибрилляциясы, асистолия) қан сарысуындағы калий иондарының 9-14 мэкв/л концентрацияларында пайда болады.

Емі: ішке немесе к/і – натрий хлоридінің ерітіндісі; к/і – 300-500 мл декстроза ерітіндісі 1000 мл-дегі 10-20 ӘБ инсулинмен бірге; қажет болғанда – гемодиализ және перитонеальді диализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыны ампулаларда 10 мл-ден.

Картон қорапта 10 ампуладан. Әрбір қорапқа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық, ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынады.

Сындыратын сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампуланы қаптағанда ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер к-сі, 275

тел. (383) 363-32-44,

факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ-сы, Абай д-лы, Радостовец к-мен қиыл., 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, кеңсе №1102

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

680680691477976817_ru.doc 58.5 кб
043206871477977972_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники