Калия оротат

МНН: Оротовая кислота
Производитель: Лубныфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие анаболические стероидные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010124
Информация о регистрации в РК: 15.05.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Калий оротаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оротат қышқылы

Дәрілік түрі

0.5 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 0.5 г калий оротаты,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, желатин, стеарин қышқылы.

Сипаттамасы

Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, беті тегіс, сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған анаболикалық стероидты препараттар. Басқа да анаболикалық стероидты препараттар. АТX коды А14В

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ас қорыту жолында толық сіңбейді, қабылданған дозаның сіңуі 10%-дан аспайды. Бауырда оротидин-5-фосфатқа айналады және несеппен бірге әртүрлі метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Стероидты емес анаболикалық дәрі. Алмасу үдерістеріне жалпы стимуляциялайтын әсер береді. Ақуыз синтезіне қатысатын нуклеин қышқылдарының синтезінің стимуляторы болып табылады, тіндерде репаративті және регенеративті үдерістерді күшейтеді. Оротат қышқылы бауырда, әсіресе кейбір аурулардағы ұзақ гипоксия жағдайында, мысалы, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, альбуминдердің түзілуін күшейтеді. Препарат жүрек гликозидтерінің жағымдылығын жақсартады, диурездің артуына мүмкіндік береді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жедел және созылмалы уыттанулардан болған бауыр ауруларында

- үдемелі бұлшықет дистрофиясында

- миокард инфарктісінде

- балалардағы алиментарлы және алиментарлы-жұқпалы дистрофияда

- анемияларда және анаболикалық үдерістерді, соның ішінде елеулі дене жүктемелерінде стимуляциялауды қажет ететін басқа да жағдайларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 4 сағаттан соң қабылдайды. Ересектер үшін доза тәулігіне 0,5-тен 1,5 г-ға дейін (тәулігіне 2–3 рет 0,25 г - 0,5 г-нан). Емдеу курсы орта есеппен 20-30 күнге созылады. Ересектер үшін ең жоғарғы доза – 3 г.

Балаларға алиментарлы және алиментарлы-жұқпалы гипотрофияда, анемияларда, реконвалесценция кезінде препаратты тәулігіне дене салмағының 1 кг-на шаққанда 10-20 мг тағайындайды (2 - 3 қабылдауға). Емдеу курсы – 3-5 апта.

Қажет болған кезде бір ай үзілістен кейін емдеу курсын қайталайды.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық тері реакциялары

- диспепсия

- гиперкалиемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асциті бар бауыр циррозы

- гиперкалиемия

Сақтықпен

- бүйрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Калий жинақтаушы диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен (каптоприл, лизиноприл және басқалар) өзара әрекеттескенде гиперкалиемия пайда болуы мүмкін.

Калий оротатының тиімділігі фолий қышқылымен, цианкобаламинмен және магний препараттарымен бір мезгілде қолданғанда жоғарылайды.

Калий оротаты жүрек гликозидтерінің уыттылығын біршама төмендетеді. Тұтқыр және бүркеуіш дәрілер асқазан-ішек жолында калий оротатының сіңуін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қандағы калий деңгейін бақылай отырып тағайындайды.

Калий оротатты калийдің орнын алмастыратын препарат ретінде қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Қажетті клиникалық деректердің жоқ болуына байланысты препаратты жүктілік және лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдануға болмайды. Препарат пайда/қауіп арақатынасын емдеуші дәрігер мұқият бағалағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лубныфарм» ААҚ.

37500, Украина, Лубны қ-сы, Полтава облысы, Петровский к-сі, 16.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лубныфарм» ААҚ, Украина.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фарм-Евро ЖШС

050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Факс: +7(272) 71-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

651474001477976839_ru.doc 44.5 кб
591258401477977997_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники