Калия йодид 100

МНН: Калия йодид
Производитель: Глобал Фарм ТОО СП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011055
Информация о регистрации в РК: 09.10.2013 - 09.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Калий йодиді 100

Калий йодиді 200

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мкг таблеткалар

200 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 0.1308 мг калий йодиді (0.100 мг йодқа баламалы)

немесе 0.2616 мг (0.200 мг йодқа баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний немесе кальций стеараты

Сипаттамасы

Ақ дерліктен сәл сарғыш-сұр түске дейінгі, дөңгелек, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде «G» өрнегі бар (100 және 200 мкг доза үшін) және екінші бетінде сызығы бар (200 мкг доза үшін) таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Йод препараттары.

АТХ коды Н03СА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін калий йодиді аш ішектен толық дерлік сіңеді. Биожетімділігі 100 % дерлікті құрайды. Сіңгеннен кейін 2 сағат бойына ол жасуша аралық кеңістікте таралады; қалқанша безде, бүйректе, асқазанда, сүт және сілекей бездерінде жинақталады.

Стандартты дозада қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы концентрациясы 10-15 нг/мл құрайды. Емшек сүтіндегі, сілекейдегі және асқазан шырынындағы йод құрамы қан плазмасындағы концентрациясынан 30 есе көп. Организмдегі барлық йодтың ¾ (10-20 мг) қалқанша безде болады.

Йод бүйрекпен шығарылады, одан әлдеқайда аз дәрежеде өкпемен және нәжіспен шығарылады. Шығарылатын йодтың мөлшері тепе теңдік күйге жеткенде йодтың тамақпен тәуліктік түсіміне пропорционалды болады.

Фармакодинамикасы

Калий йодиді – қалқанша без ауруларын емдеуге арналған органикалық емес йод препараты. Йодидтардың қалқанша бездің фолликулалары эпителиі жасушасына түскен кезде йодид – пероксидаза ферменті әсерімен тирозиннің ароматтық циклімен орын басу реакциясына түсетін, оның нәтижесінде тиронин: 3,5-йод туындысы (тироксин гормоны – Т4) және 3 – йод туындысы (трийодтиронин гормоны – Т3) түзілетін элементарлық йод түзілуімен йодид тотығуы жүреді. Тирониндер қалқанша безі фолликуласы коллоидында жинақталатын тиреоглобулин ақуызымен кешен түзеді, және осы күйде бірнеше күн немесе апта бойы сақталады. Йод тапшылығында бұл үдеріс бұзылады.

Йод гормондары организмде зат алмасуының дұрыстығын қамтамасыз ететін, мидың, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметін реттейтін; жыныстық және сүт бездерін, баланың бойы мен дамуын реттейтін қалқанша бездің қалыпты қызметіне ықпал етеді.

Калий йодиді, йод көзі бола отырып, оның ағзадағы тапшылығының орнын толтырады, йод тапшылығы аурулары дамуына кедергі келтіреді, тамақта йод жетіспеушілігінен болатын зоб дамуын тойтарады; жаңа туған нәрестелердегі, балалардағы, жасөспірім және жасырақ жастағы ересек емделушілердегі қалқанша без мөлшерін қалыпқа келтіреді, ТТГ деңгейіне, Т3/Т4 арақатынасына әсер етеді.

Қолданылуы

- йод тапшылығы бар аймақтардағы, оның ішінде балаларда, жасөспірімдерде, жүкті және бала емізетін әйелдердегі йод тапшылығы ауруларының (эндемиялық зоб және басқалары) алдын алуда

- қалқанша без резекциясынан кейінгі зоб қайталануының алдын алуда, сондай-ақ зобты қалқанша без гормондары препараттарымен кешенді емдеуді аяқтағаннан кейін

- балалардағы, жасөспірімдердегі және ересектердегі диффузиялық уытты емес және эутиреоидты зобты емдеуде (оның ішінде жаңа туғандарды).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препараттың тәуліктік дозасын тамақтан кейін, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен іше отырып, бір рет қабылдау керек.

Балаларға препаратты тамақпен (мысалы, көжемен) немесе сусынмен араластыра беру ұсынылады. Таблеткаларды ұнтап, 1 шай қасық сумен араластыра, аз мөлшердегі сумен ішу керек.

Зоб дамуының алдын алу үшін

Жаңа туған нәрестелер: күніне 50 мкг йодтан (Калий йодиді 100-дің 1/2 таблеткасы).

12 жасқа дейінгі балалар: күніне 50-100 мкг йодтан (Калий йодиді 100-дің 1/2 - 1 таблеткасы).

Жасөспірімдер және ересектерге: күніне 100-200 мкг йодтан (Калий йодиді 100 –дің 1-2 таблеткасы немесе Калий йодиді 200-дің 1/2 -1 таблеткасы).

Жүктілікте және бала емізуде: күніне 200 мкг йодтан (Калий йодиді 200-дің 1 таблеткасы немесе Калий йодиді 100-дің 2 таблеткасы).

Зобтың хирургиялық жолмен алынғаннан кейінгі немесе қалқанша без гормондары препараттарымен емдеу курсы аяқталған соң қайталануының алдын алу: 100 -200 мкг йодты күн сайын (Калий йодиді 100-дің 1-2 таблеткаларын немесе Калий йодиді 200-дің 1/2-1 таблеткаларын).

Эутиреоидты зобты емдеу

Емшектегі балалар: тәулігіне 100 мкг йод (Калий йодиді 100-дің 1 таблеткасын).

Балаларда 2 - 6 жастан бастап: күніне 100-200 мкг йод (Калий йодиді 100-дің 1-2 таблеткасын).

6 жастан үлкен балалар – тәулігіне 200 мкг йод (Калий йодиді 200-дің 1таблеткасын немесе Калий йодиді 100-дің 2 таблеткасын).

Ересектер: тәулігіне 200 мкг йод (Калий йодиді 200-дің 1таблеткасын).

Калий йодидін профилактикалық қабылдау көбіне өмір бойына жүргізіледі.

Егер жаңа туған нәрестелерде эндемиялық зоб болуы себепті Калий йодидімен 2-4 апта емдеуден кейін қалқанша без мөлшерінің азаюы анықталмаса, онда аурудың себебі йод тапшылығы емес деп болжауға болады. Балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді емдеу курсы 6-12 ай немесе одан көбірек.

Емдеу ұзақтығын эндокринолог анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- йодпен индукцияланған гипертиреоз (әсіресе түйінді зобы немесе уытты аденомасы бар егде емделушілерде)

- ауыздағы немесе тамақты күйдіру, ауыздың темір татуы, сілекейдің көп бөлінуі, тістің және қызыл иектің ауыруы, сілекей бездерінің ісінуі

- конъюнктиваның қызаруы, қабақ ісінуі

- ангиоэдема, теріде және шырышты қабықтағы геморрагиялар, аллергиялық ринит, сілекей бездерінің ісінуі, есекжем

- акне, эксфолиативті дерматит, Квинке ісінуі

- қызба, артралгия

- эозинофилия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа өте жоғары сезімталдық

- қалқанша бездің айқын және жасырын (тәулігіне 150 мкг асатын дозалар үшін) гиперфункциясы, қалқанша бездің уытты аденомасы, қалқанша бездің түйінді зобы және басқа да қатерсіз ісіктері (операция алдындағы йодпен емдеуді қоспағанда тәулігіне 300 мкг асатын дозалар үшін)

- герпетиформалы Дюринг дерматиті

- өкпе туберкулезі

- нефрит

- геморрагиялық диатез

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипертиреозды тиреостатикалық дәрілермен емдеуге реакцияны йод тапшылығы жоғарылатады, ал йодтың тым артық болуы төмендетеді; осыған байланысты гипертиреозды емдер алдында немесе емдеу уақытында мүмкін болғанша йодты кез келген түрде қабылдаудан аулақ болу керек. Тиреостатикалық дәрілер, өз тарапынан, йодтың қалқанша безде органикалық қосылыстарға өтуін тежейді, осылайша зоб пайда болуын туындатуы мүмкін.

Йодтың қалқанша безбен жұтылуы қалқанша безге енгізілуі йодид енгізу (мысалы, сонымен бірге қалқанша безде йодтың қайта айналымын тежейтін перхлорат) сияқты «қармау» механизмімен жүретін заттармен, сондай-ақ өздігінен тасымалданбайтын, 5 мг/дл асатын концентрациядағы тиоцианат сияқты субстанциялармен бәсекелес бәсеңдетіледі.

Қалқанша бездің йодты жұтуы және оның сондағы алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормонмен (ТТГ) стимуляцияланады.

Қалқанша без гормондарының инкрециясын бәсеңсітетін, йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зобтың және гипотиреоздың туындауына ықпал етуі мүмкін.

Калий йодидінің жоғары дозаларын калий сақтаушы диуретиктермен үйлестіре біріктіргенде гиперкалиемияға алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Калий йодидін тағайындаумен бірге бір мезгілде қабылданатын азық-түлік өнімдерінде және тағамдық қоспалардағы йод мөлшерін ескеру керек. Ем басталғанға дейін қалқанша бездің қатерлі зақымдануы бар-жоғын анықтау керек. Бүйрек қызметі бұзылуы (қандағы калий деңгейіне ауық-ауық бақылау керек), фурункулез, безеу бөртпесі, пиодермиясы, есекжемі бар емделушілерде сақтықпен қолданады. Жүктілік және лактация

Препарат плацента арқылы жақсы өтетіндіктен ұрықта гипотиреоз және зоб дамуын туындатуы, сондай-ақ емшек сүтімен бірге бөлінуі мүмкін, сондықтан калий йодидін жүктілік және лактация кезеңінде тек қатаң түрде көрсетулер бойынша және ұсынылған дозаларда қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Калий йодиді психомоторлық реакциялардың жылдамдығына әсер етпейді, сондықтан препаратты көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару жағдайында да тағайындай береді.

Артық дозалануы

Симптомдары: рефлекторлық құсу, іштің ауыруы, диарея (кейде қан араласқан), шырышты қабықтың қоңырға боялуы. Дегидратация және шок болуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңештің стенозы анықталады.

Созылмалы артық дозалану "йодизм" деп аталатын феноменге алып келеді: ауыздың темір татуы, шырышты қабықтың ісінуі және қабынуы (ринит, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит), безеу бөртпесі, дерматит, сілекей бездерінің ісінуі, геморрагиялар, дене температурасының жоғарылауы, тітіркенгіштік.

Емі: жедел уыттануда – крахмал ерітіндісімен, ақуыз немесе 5%-дық тиосульфат ерітіндісімен асқазан шаю. Су – электролиттік бұзылуларды симптоматикалық емдеу, шокпен емдеу.

Созылмалы уыттануда – йодты тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған. 50 – 500 пәшкеден картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Глобал Фарм БК» ЖШС, Қазақстан

Алматы қ-сы, Жандосов көшесі 184 «г», тел.: 309-74-07, факс: 232 44 81.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Глобал Фарм БК» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Глобал Фарм БК» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ-сы, Жандосов көшесі,184 «г». Телефон +7(727) 309-74-07, факс +7 (727) 2324481, электронды поштасы : globalzavod@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

694898231477976852_ru.doc 62.5 кб
776406341477978009_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники