Календулы настойка

МНН: Календулы цветки
Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№025801
Информация о регистрации в РК: 13.05.2022 - 13.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Қырмызыгүл тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Тұндырма

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар.

АТХ коды D08AX

Қолданылуы

Ауыз қуысының аурулары кезінде стоматологиялық тәжірибеде қолданылады (балалардағы ауыз уылуы, гингивит, пиорея, парадонтоздың дистрофиялық - қабыну түрі).

Календула тұндырмасымен шаю тонзиллитті емдеуде, антибиотиктермен бірге ангинаны емдеуде қолданылады.

Гинекологиялық тәжірибеде календула тұндырмасын жатыр мойнының эрозиясында және трихомонадты кольпиттерді емдеу үшін қолданылады.

Ішке, гастроэнтерологиялық тәжірибеде қабынуға қарсы, спазмолитикалық және өт айдайтын дәрі ретінде қолданылады. Жүрек қағуымен бірге жүретін жүрек-қантамыр ауруларында оң әсер етеді.

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар (ішке қабылдағанда)

- жүктілік және лактация кезеңі

- жедел гастрит, өршу кезеңіндегі ойық жара ауруы

- калькулезді холецистит

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бауыр аурулары, алкоголизм, ми аурулары кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы және өт айдайтын дәрілердің (атап айтқанда, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан тұндырманы ішке ұзақ уақыт бойы пайдалану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданбаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қырмызыгүл тұндырмасы көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ешқандай әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Сыртқа: күніне 3-4 рет шаю және сулау, 2-3 рет бүрку үшін 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады.

Ішке: 10-20 тамшыдан тамақтану арасында күніне 2-3 рет қабылдау.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа, ішке

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: дәрілік затты тоқтату, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер Сізде препаратты қабылдау туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Белгісіз

- аллергиялық реакциялар (оның ішінде терінің қышынуы)

Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, қыжыл, іштегі ауыру

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат: 100 г - қырмызыгүл гүлдері

қосымша заттар: 70% этанол 1 л-ге дейін

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән иісі, ащы дәмі бар мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған немесе алюминий қалпақшалармен, бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойны бар қызғылт сары шыныдан жасалған құтыларда немесе бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыларда 50 мл-ден.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К

Тел: 8 (727) 383-95-08

Факс: 8 (727) 383-95-08

Электронды поштасы: daulet-farm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К

Тел: 8 (727) 383-95-08

Факс: 8 (727) 383-95-08

Электронды поштасы: daulet-farm@mail.ru

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К

Тел: 8 (727) 383-95-08

Факс: 8 (727) 383-95-08

Электронды поштасы: daulet-farm@mail.ru

Прикрепленные файлы

ЛВ_Календула_рус_26.12_.21_.docx 0.04 кб
Календула(kk)_ЛВ_26.12_.21_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники