Йокс (спрей, 30 мл)

МНН: Аллантоин, Повидон - йод
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011240
Информация о регистрации в РК: 08.12.2017 - 08.12.2022
Номер регистрации в РБ: 5943/02/07/12/16/18
Информация о регистрации в РБ: 30.05.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Йокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Спрей

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA

Қолданылуы

Қабыну және инфекциялық аурулар кезінде ауыз қуысы мен жұтқыншақты дезинфекциялау үшін

  • баспа, фарингиттер, тонзилофарингиттер, тонзиллиттер, глоссит, афтозды стоматит

  • тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына операциядан кейінгі кезеңде және хирургиялық араласуға пациенттерді даярлауда

  • химиотерапия кезінде туындаған ауыз қуысы инфекцияларын емдеу үшін

  • стрептококкты баспада антибиотиктермен емдеу кезінде қосымша ем ретінде

  • продрома кезеңінде тұмауратқан жай-күйде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • қалқанша без гиперфункциясы

  • жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі

  • жүктілік және емшек емізу кезеңі

  • 8 жасқа дейінгі балалар

  • радиоактивті йодпен бір мезгілде қолдану

  • Дюрингтің ұшық тәрізді дерматиті

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бүркілген препаратты ішке тартпау және жұтпау керек!

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты ауыз қуысы мен жұтқыншаққа арналған басқа да антисептикалық құралдармен, бірінші кезекте құрамында сутегі асқын тотығы бар препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Йокс препаратын қолдану гемотест пен гемокультураны анықтау үшін тесттің жалған оң нәтижелеріне әкеледі. Қалқанша безінің функциясын тексеру кезінде ақуызға байланысты йодтың жоғары мәндерін алуға болады.

Арнайы ескертулер

Ларингит кезінде препарат өте қажет жағдайда ғана қолданылады. Бауыр жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек, мұндай науқастарда трансаминаза деңгейі жоғарылауы мүмкін, сондықтан қан плазмасындағы трансаминаза көрсеткіштерін бақылау керек. Препарат кұрамында 18,6% этанол бар.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Ересектер және 8 жастан асқан балалар

Ауыз қуысының оң жағына және сол жағына және жұтқыншаққа бір рет бүрку үшін Йокс спрей препаратын күніне 2-4 рет пайдалану ұсынылады. Препараттың әр аппликациясының аралығы 4 сағаттан кем болмау керек. Қажет болған жағдайда препаратты жиірек қолдануға болады. Бүркілген препаратты ішке тартпау және жұтпау керек!

Енгізу әдісі және жолы

Құтының қорғаныш қалпақшасы шешіп алынсын және құтыға аппликатор орнатылсын.

Аппликатор түтігі ауыз қуысына енгізілсін, деміді ұстап қалып 2 рет басу керек, әр кезде препарат ағынын оң және сол жақ ауыз қуысының тиісті бөлігіне бағыттай отырып. Қолданғаннан кейін аппликаторды жылы сумен жуып шаю керек.

Балалар:

Жергілікті қолдануға арналған Йокс спрейін 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты тәулігіне ең көп дегенде 6 рет қолдануға болады, емдеу курсы 5-7 күн.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: ауыздағы металл дәмі, сілекейдің қатты бөлінуі, көздің ісінуі, көмейдің ісінуі, өкпе ісінуі, тері бөртпесі, асқазан-ішек бұзылыстары. Кейбір жағдайларда тамыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізеді. Арнайы антидоты жоқ.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жағымсыз құбылыстар жүйелік-ағзалық класқа және жиілікке сәйкес бөлінеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жеке хабарламаларды қоса.

Иммунды жүйе тарапынан: 

Өте сирек: анафилаксиялық шок

АІЖ тарапынан: 

жиі емес: ауыз қуысының құрғауы

Тері және тері асты тіндері тарапынан:

сирек: есекжем

Өте сирек: ангионевроздық ісіну

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар:

жиі емес: қолдану орнында күйдіру (әсіресе балаларда)

Жарақаттар, уланулар және асқынулар:

Йодизм (ауыздағы металл дәмі, сілекейдің қатты бөлінуі, көздің ісінуі, көмейдің ісінуі, өкпе ісінуі, тері бөртпесі, асқазан-ішек бұзылыстары).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажетз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 0,085 г повидон йод,

0,001 г аллантоин,

қосымша заттар: левоментол, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, 96% этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сумен араласуы шектеусіз, аздап бозаңданатын қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Спрей. Бүріккішті қорғайтын қақпақпен және механикалық бүріккішпен жабдықталған пластмасса құтыда препарат 30 мл-ден. Әр құты аппликатормен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о., Чех Республикасы

Ostravska 29,c.p.305, 747 70 Opava-Komarov, + 420 -553 642 150

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о., Чех Республикасы

Ostravska 29,c.p.305, 747 70 Opava-Komarov, + 420 -553 642 150

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 17/1, Нұрлы-Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251615; е-mail: info.tevakz@tevapharm.com; веб сайт: www.teva.kz.

Прикрепленные файлы

942288831477976906_ru.zip 0 кб
786257441477978062_kz.zip 0 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ