Йодомарин® 200

МНН: Калия йодид
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010499
Информация о регистрации в РК: 25.10.2017 - 25.10.2022
Номер регистрации в РБ: 947/95/98/2000/03/05/10/15/20
Информация о регистрации в РБ: 22.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 4.59 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Йодомарин® 200

Халықаралық патенттелмеген атауы

Калий йодиді

Дәрілік түрі

200 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,262 мг калий йодиді (0,200 мг йодқа баламалы) бар,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий карбоксиметилкрахмалы, А типі, сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

 

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, жалпақ беткейлі, бір жақ бетінде бөлетін сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Йод препараттары.

АТХ коды Н03СА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әдетте йод организмге асқазан-ішек жолы арқылы түседі, бірақ тері арқылы да және дене қуысынан да түседі. Бұны йодты дәрі-дәрмекпен бірге қате енгізген кезде ерекше ескеру қажет. Ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Организмнің барлық тіндеріне және сұйық ортасына кеңінен таралады.

Бейорганикалық йод аш ішекте 100% дерлік, ал тері арқылы – мардымсыз және бақыланбайтындай сіңеді. Дені сау адамдарда таралу көлемі орта есеппен 23 литрге жуық (дене салмағының 38%-ын) құрайды. Қан сарысуындағы бейорганикалық йод мөлшерінің көрсеткіштері 0,1 және 0,5 мкг/ұз. аралығында болады. Организмде йодид қалқанша безге және сілекей бездері, кеуде бездері және асқазан сияқты басқа да тіндерге жиналады. Сілекейде, асқазан сөлінде және сүтте йодид концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан 30 есе жоғары болады. Йодтың несеппен бірге, көбіне мкг/г креатининмен көрсетілетін, шығарылуы йодпен қамтамасыз етудің критерийі болып табылады, өйткені теңдестірілген жағдайда ол йодтың аспен бірге тәуліктік түсуіне сәйкес болады.

Фармакодинамикасы

Адам организміне экзогенді түрде енгізілген йодтың әсері йодтың тәулікте қабылданатын дозасына, құрамында йоды бар препараттың түріне, сондай-ақ қалқанша без жағдайына да (сау ағза, жасырын немесе манифестті ауруына) байланысты болады.

Қалқанша без гормондары – тироксин және трийодтиронин синтезіне қатысатын элемент ретінде – йод астың маңызды компоненті болып табылады. Оған, яғни эндемиялық зобтың дамуына жол бермеу үшін организмге күн сайын түсуге тиісті йод мөлшеріне қажеттілік әдеттегідей тәулігіне 100 - 150 мкг құрайды.

Организмге күн сайын түсуге тиіс йодтың ДДСҰ ұсынған мөлшері 150 - 300 мкг құрайды.

Йод электрохимиялық (йодинация) жолымен сіңгеннен кейін қалқанша без фолликулаларының эпителиальды жасушаларында, элементарлы йод бөлініп шығатын йод-пероксидаза ферментімен катализденетін, косубстрат болып табылатын сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) тотығады. Мұндайда глюкопротеиннің тирозинді тобының бір бөлігі (тиреоглобулин) 3 және, ішінара 5 хош иісті сақина күйінде йодталады (йодизация).

Тотығу кондесациясы нәтижесінде тирозиннің йодталған тобы қосылып, тиронин каркасын түзеді. Негізгі өнімі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осылайша түзілген "тиронин – тиреоглобулин" кешені қалқанша без гормонының қор-түрі ретінде оны фолликуласы коллоидына бөлініп шығады.

Йодтың физиологиялық мөлшері (300 мкг-ға дейін) йодтың тапшы болуы салдарынан дамитын зобтың пайда болуына жол бермейді, жаңа туған нәрестелерде, балаларда және жасөспірімдерде қалқанша без мөлшерінің қалыпты болуына мүмкіндік береді, сондай-ақ бірқатар бұзылған биохимиялық параметрлерге (Т3/Т4 коэффициентіне, ТТГ деңгейіне) әсер етеді.

Қолданылуы

- йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобтың резекциясынан кейін)

- емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Йод тапшылығымен аурулардың алдын алуға (организмге алиментарлы йод тәулігіне 150-300 мкг-нан кем емес жеткіліксіз мөлшерде түскен жағдайларда):

Емшектегі балаларға, 2 – 12 жастағы балаларға – тәулігіне ½ таблетка Йодомарин® 200 - ден (ол 100 мкг-ға дейінгі йодқа сәйкес келеді).

12 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне ½ таблеткадан 1 таблеткаға дейін Йодомарин® 200 (ол 100 - 200 мкг йодқа сәйкес келеді)

Жүкті және бала емізетін әйелдерге: тәулігіне 1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 200 мкг йодқа сәйкес келеді).

Эутиреоидты зобқа операция жасағаннан немесе оны дәрі-дәрмекпен емдегенннен кейін қайталануының алдын алуға: ½-1 таблетка Йодомарин® 200, тәулігіне бір рет (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).

Эутиреоидты зобты емдеу:

Жаңа туғандар, балалар және жасөспірімдерге – тәулігіне ½-1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).

Ересектерге жас кезінде – тәулігіне 1 ½ - 2 ½ таблетка Йодомарин® 200 (ол 300-500 мкг йодқа сәйкес келеді).

Йодомарин® 200 алдын алу үшін әдетте бірнеше жыл бойы, көбінесе – бүкіл өмір бойы қабылдауға тиіс.

Жаңа туғандарда зобты көптеген жағдайда 2-4 апта емдеу жеткілікті; балалар, жасөсіпрімдер мен ересектерге әдетте 6-12 ай немесе одан да көбірек уақыт қажет етіледі.

Препаратты қолдану уақытын емдеуші дәрігер қандағы йод деңгейін бақылай отырып, анықтайды.

Препаратты тамақтан кейін сұйықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды. Балаларға, оның ішінде жаңа туған балаларға препаратты алдын ала ұнтақтап және сүттің немесе судың аздаған мөлшерінде араластырып беру керек.

Жағымсыз әсерлері

- Өте сирек

Қалқанша безде өте ірі автономды аумақтар бар болғанда және 150 мкг-нан астам йодты құрайтын тәуліктік дозаларда гипертиреоз манифестті түрге ауысуы мүмкін

- тәулігіне 300-1000 мкг йодтан асатын дозадағы препаратты қолданған кезде гипертиреоз дамуы мүмкін (әсіресе ұзақ уақыт зобпен зардап шегіп келе жатқан егде жастағы емделушілерде, түйіндік немесе диффузды уытты зобта).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттерінің біріне жоғарғы сезімталдық

- манифестті гипертиреоз

- тәулігіне 150 мкг йодтан асатын дозадағы латентті гипертиреоидизм

- қалқанша бездің уытты аденомасында, түйінді зоб (тәулігіне 300-1000 мкг дозада қолданған кезде), қалқанша бездің Пламмер бойынша блокадасы мақсатында операциядан бұрын йодпен емдеуді қоспағанда)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипертиреозды тиреостатикалық дәрілермен емдеуге реакцияны йод тапшылығы арттырады, ал йодтың шамадан артық болуы төмендетеді; осыған байланысты гипертиреозды емдер алдында немесе емдеу кезінде, мүмкіндігінше, йодтың кез келген қабылдауынан аулақ болу керек. Тиреостатикалық дәрілер, өз тарапынан, йодтың қалқанша бездегі органикалық қосылысқа айналуын тежейді, сөйтіп, зобтың пайда болуын туындатуы мүмкін.

Йодтың қалқанша безге сіңуі қалқанша безге енуі йодидтің енуі сияқты «ұстап қалу» механизмі бойынша жүретін (мысалы, перхлорат, ол бұдан басқа қалқанша безде йодтың кері айналымын тежейді), сондай-ақ өздігінен тасымалданбайтын, 5 мг/ұз.-тан асатын концентрациялардағы тиоцианат сияқты субстанциялармен де жүретін заттармен бәсекелес басылады.

Йодтың қалқанша безге сіңуі және оның ондағы алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормонмен (ТТГ) жақсарады.

Қалқанша без гормондарының инкрециясын басатын йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зобтың және гипотиреоздың пайда болуына түрткі болады.

Калий йодидінің өте жоғары дозаларының калий жинақтаушы диуретиктермен біріктірілімі гипергликемияға әкеп соғуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Йодомарин® 200 препаратында лактоза бар. Галактозаны іштен туа көтере алмаушылықпен, организмінде лактаза тапшылығымен немесе глюкоза мен галактоза малабсорбциясы синдромымен емделушілер Йодомарин ® 200 препаратын қабылдамағандары жөн.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде йодқа қажеттілік өседі, сондықтан йодтың организмге жеткілікті мөлшерде түсуі (тәулігіне 200 мкг) маңызды болып табылады. Йодтың диаплацентарлы ауысуына және оның фармакологиялық тұрғыдан белсенді дозаларына ұрықтың сезімтал болуына байланысты йодты миллиграмдық дозалар диапазонында тағайындамау керек. Бұл қағида лактация кезеңіне де қатысты, өйткені йодидтің сүттегі концентрациясы қан сарысуындағыға қарағанда 30 есе жоғары болады. Бұған ядролық техника саласында апаттан кейін жүргізілетін жоғары дозалы йодпен алдын алу емін қосуға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Йодомарин® 200 препаратының көше қозғалысына қатысу, машинамен қызмет көрсету немесе қамсыздандырусыз жұмыс жасау қабілетін шектеуі жөнінде нұсқаулар жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: Шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағамда құрамында крахмалы бар компоненттер болса, құсық көк түске боялады), іштің ауыруы және диарея (мүмкін қан аралас). Сусыздану және шок болуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңештің тарылуы орын алады. Өлім-жітіммен аяқталу йодтың үлкен мөлшерін (30-дан 250 мл-ге дейінгі йод тұндырмасы) қабылдағаннан кейін ғана байқалды. Ұзақ уақыт артық дозалануы сирек жағдайларда йодизм деп аталатын мынадай феноменнің пайда болуына әкеп соқтырады: ауыздан металл дәмі татуы, шырышты қабықтардың ісінуі және қабынуы (мұрынның бітелуі, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Туберкулез сияқты жасырын қабынулар йодтың әсерінен белсенді бола түсуі мүмкін. Ісіну, эритема, безеу және буллезді бөртпелер, геморрагиялар, қызбалар және жүйке қозушылығы орын алуы мүмкін.

Емдеу:

а) Жедел уыттанған кездегі емі

Асқазанды крахмал, ақуыз ерітінділерімен немесе 5 % натрий тиосульфаты ерітіндісімен йодтың барлық қалдығы жойылғанша шаю. Су және электролитті тепе-теңдіктің бұзылуына симптоматикалық ем жүргізу, шокқа қарсы ем жасау

б) Созылмалы уыттану кезіндегі емі

Йод қабылдауды тоқтату

в) Йодпен индукцияланған гипотиреоз

Йод қабылдауды тоқтату, қалқанша без гормондарының жәрдемімен зат алмасуын қалыпқа келтіру.

г) Йодпен индукцияланған гипертиреоидизм

Бұл нақты артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз басқа елдерде физиологиялық болып табылатын йод мөлшерінен де туындауы мүмкін.

Ауру барысының түріне қарай емдеу керек: жеңіл түрлерінде, белгілі жағдайларда емдеуді қажет етпейді, айқын түрлерінде тиреостатикалық ем қажет етіледі (оның тиімділігі, рас, әрдайым кешігіп білінеді). Ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз) қарқынды ем, плазмаферез немесе тиреоидэктомия қажет.

Щығарылу түрі және қаптамасы

25 таблеткадан мөлдір емес, қатты поливинилхлоридті (ПВХ) үлбірден (250 мкм) және қатты алюминий фольгадан (20мкм) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп), Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиниккер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аймағындағы тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына байланысты шағымдарды қабылдайтын мекеменің мекенжайы:

ҚР-дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Телефон нөмірі:+7 727 2446183, 2446184, 2446183

Факс нөмірі: +7 727 2446180

Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

 

Прикрепленные файлы

079286081477977036_ru.doc 60.5 кб
397808571477978217_kz.doc 78.5 кб
947_95_98_2000_03_05_10_15_20_p.pdf 0.35 кб
947_95_98_2000_03_05_10_15_20_s.pdf 0.47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ