Йодомарин® 100

МНН: Калия йодид
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008273
Информация о регистрации в РК: 17.01.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10113/13/18
Информация о регистрации в РБ: 10.10.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 6.06 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Йодомарин 100

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 0,131 мг калий йодиді (0,100 мг йодқа баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе крем реңді-ақ түсті, жайпақ беткейімен, бір жағында ойығы мен сызығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Йод препараттары.

АТХ коды Н03СА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Йод әдетте организмге асқазан-ішек жолы арқылы келіп түседі, бірақ тері арқылы да және дене қуыстарынан да түсуі мүмкін. Бұны йодты қателесіп дәрілей енгізген кезде ерекше ескеру қажет. Ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Организмнің бүкіл сұйық ортасына және тіндеріне кең таралады.

Органикалық йод аш ішекте 100 дерлік, ал тері арқылы – аздаған және бақыланбайтын мөлшерде сіңеді. Дені сау адамдарда таралу көлемі – орташа алғанда 23 литрге жуық (дене салмағының 38).

Қан сарысуындағы органикалық йод мөлшерінің көрсеткіштері әдетте 0,1 және 0,5 мкг/дл. аралығында болады. Организмде йодид қалқанша безде және сілекей бездері, емшек бездері және асқазан сияқты басқа тіндерге жиналады.

Сілекейде, асқазан сөлінде және сүтте йодидтің концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан 30 есе жоғары. Йодтың, көбінесе мкг/г креатининмен көрсетілетін, несеппен бірге шығарылуы йодпен қамтамасыз етудің критерийі болады, өйткені тепе-тең жағдайда ол йодтың аспен бірге тәуліктік түсуіне қатысты болады.

Фармакодинамикасы

Адам организміне экзогенді түрде енгізілген йодтың әсері тәулікте қабылданатын йод мөлшеріне, құрамында йоды бар препараттың түріне, сондай-ақ қалқанша бездің жағдайына (сау ағза, жасырын және манифестік ауру) байланысты болады.

Қалқанша без гормондарының – тироксиннің және трийодтирониннің синтезіне қатысатын элемент ретінде йод астың елеулі компоненті болып табылады. Оған, яғни эндемиялық зобтың дамуының алдын алу үшін организмге күн сайын түсуге тиісті йодтың мөлшеріне қажеттілік – тәулігіне шамамен 100-150 мкг құрайды.

ДДСҰ ұсынған организмге күнделікті түсуі керек, йодтың мөлшері 150 - 300 мкг құрайды.

Электрохимиялық жолмен йодтың жұтылуынан кейін (йодинация) қалқанша бездің фолликулаларының эпителиальді жасушаларында элементарлы йод бөлінетін йодид-пероксидаза ферментімен катализденетін, косубстрат болып табылатын, сутегінің асқын тотығының (Н2О2) тотығуы жүреді. Бұл кезде глюкопротеиннің тирозинді тобының (тиреоглобулин) бөлігі 3 қалыпта және, ішінара, 5 хошиісті сақинада (йодизация) йодталады.

Тирозиннің иодталған тобы тиронин каркасын түзіп, қышқылды конденсация нәтижесінде қосылады. Негізгі өнімі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осылайша түзілген "тиронин – тиреоглобулин" кешені оның фолликуласының коллоидына қалқанша без гормонының депо-формасы түрінде бөлінеді.

Йодтың физиологиялық мөлшері (300 мкг-ге дейін) йод тапшылығы салдарынан дамитын зобтың пайда болуына жол бермейді, жаңа туған нәрестелерде, балаларда және жасөспірімдерде қалқанша без өлшемі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ бұзылған биохимиялық параметрлердің бірқатарына (Т3/Т4 коэффициенті, ТТГ деңгейі) әсер етеді.

Йодтың фармакологиялық белсенді дозалары (тәулігіне 1 мг-ден аса) келесі әсерлерді туындатуы мүмкін:

- Вольф-Чайков әсері: артық йод оның интратиреоидальді органификациясының тежелуіне әкеледі. Йодтың шамадан тыс болуы сақталған жағдайда тежелуі йодтың сіңірілуінің төмендеуіне ауысады. Егер Вольф-Чайков әсері патологиялық жағдайларда сақталса, бұл гипотиреоз бен зобтың түзілуіне әкеледі.

- Йодтың интратиреоидальді алмасуының және коллоид протеолизінің қысқаруы және осыған байланысты гормондардың бөлініп шығуының төмендеуі. Осы әсер гипертиреозда айқын білінеді және әсіресе иммунды тиреопатияларда – қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуімен, ағзалардың өлшемінің азаюымен, содай-ақ оның тығыздануымен жүреді.

Қолданылуы

  • йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуда және йод тапшылығынан туындаған зобтың резекциясынан кейін)

  • балаларда, оның ішінде емшектегі, жасөспірімдерде және жас кезінде ересектерде йод тапшылығынан болатын диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Препаратты, тамақтанудан кейін, сұйықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды. Балаларға, оның ішінде жаңа туғандарға препаратты сүттің немесе судың аздаған мөлшерінде алдын ала ұнтақтап және еріту ұсынылады. Таблеткалар тең бөліктерге бөлінеді.

Зобтың дамуының алдын алу үшін:

Жаңа туғандар: тәулігіне ½ таблетка Йодомарин® 100 (ол 50 мкг йодқа сәйкес)

2 – 12 жастағы балалар: тәулігіне ½ - 1 таблетка Йодомарин® 100 (ол 50 – 100 мкг йодқа сәйкес)

12 жастан асқан балалар мен ересектер: тәулігіне 1-2 таблетка Йодомарин® 100 (ол 100 - 200 мкг йодқа сәйкес)

Жүкті және бала емізетін әйелдер: тәулігіне 1-2 таблетка Йодомарин® 100 (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес).

Эутиреоидты зобқа байланысты жасалған операциядан кейін аурудың қайталануының алдын алу үшін немесе оны медикаментозды емдеу: тәулігіне бір рет 1-2 таблетка Йодомарин® 100 (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес).

Эутиреоидті зобты емдеу

Жаңа туғандар: тәулігіне 1 таблетка Йодомарин® 100 (ол 100 мкг йодқа сәйкес).

Балалар: тәулігіне 1-2 таблетка Йодомарин® 100 мкг (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес)

Жасөспірімдер мен ересектер: тәулігіне 2 таблетка Йодомарин® 100 (ол 200 мкг йодқа сәйкес)

Йодомарин 100 препаратын алдын алу мақсатында қабылдау әдетте бірнеше жыл бойы, жиі – бүкіл өмір бойы жүргізіледі.

Жаңа туған нәрестелерде зобты емдеу үшін көптеген жағдайларда 2-4 апта жеткілікті; балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде әдетте 6-12 ай немесе одан көбірек уақыт қажет.

Препаратты қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер, қандағы йодтың деңгейін бақылай отырып анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- қалқанша безде үлкен автономды бөліктер болған жағдайда және 150 мкг йодтан асатын тәуліктік дозаларда, гипертиреоз манифестті түрге айналуы мүмкін

- препаратты тәулігіне 300-1000 мкг йодтан жоғары дозада қолданған кезде гипертиреоз дамуы мүмкін (әсіресе ұзақ уақыт бойы зобтан зардап шегіп жүрген егде емделушілерде, түйіндік немесе диффузды уытты зоб болғанда).

- жоғары сезімталдық реакциялары, мысалы йод-индукцияланған риниттер, тері реакциялары (буллезді және туберозды йододермалар, эксфолиативті дерматит, тері мен тіндердің ісінуі (ангионевротикалық ісіну)), қызба, безеулі бөртпе, сілекей бездерінің ісінуі

- аутоиммунды ауруларға бейім емделушілерде, қан сарысуында тиреопироксидазаға антиденелердің (АТ-ТПО) пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер ететін затына немесе басқа да компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

- манифестті гипертиреоз

- тәулігіне 150 мкг йодтан асатын дозада латентті гипертиреоидизм

- қалқанша бездің уытты аденомасы, түйінді зоб (тәулігіне 300-ден 1000 мкг/тәулікке дейін дозаларда қолданғанда), операция алдындағы Йодотерапияны қоспағанда, қалқанша бездің Пламмер бойынша блокадасы мақсатында))

- қалқанша бездің қатерсіз ісігінде

- герпетиформалы (кәрілік) Дюринг дерматитінде

- туа біткен фруктозаны көтере алмаушылықпен,

Lарр-лактаза ферментінің жетіспеушілігімен , глюкоза-галактоза

мальабсорбциясымен тұлғаларда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипертиреозды тиреостатикалық дәрілермен емдеуге реакцияны йод тапшылығы жоғарылатады, ал йодтың артық болуы төмендетеді; осыған байланысты, гипертиреозды емдер алдында немесе емдеу кезінде, мүмкіндігінше, йодты кез келген түрде қабылдауға болмайды. Тиреостатикалық дәрілер, өз тарапынан, йодтың қалқанша безде органикалық қосылысқа айналуын тежейді, сөйтіп, зобтың түзілуін тудыруы мүмкін.

Йодтың қалқанша безге сіңуі, қалқанша безге енуі йодидтің енуі «қармау» механизмі бойынша жүретін заттармен (мысалы, перхлорат, ол бұдан басқа, қалқанша бездегі йодтың рециркуляциясын тежейді), сондай-ақ өздігінен тасымалданбайтын, мысалы 5 мг/дл асатын концентрацияда тиоцианат сияқты субстанциялармен төмендейді.

Йодтың қалқанша безге сіңуі және оның алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормондармен (ТТГ) ынталанады.

Қалқанша без гормондарының ішке шығарылуын бәсеңдететін йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зобтың және гипотиреоздың пайда болуына ықпал етуі ықтимал.

Калий йодидінің өте жоғары дозаларын калий жинаушы диуретиктермен біріктіру гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Йодомарин®  препаратының құрамында лактоза бар. Туа біткен галактозаны көтере алмаушылықпен, организмде лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромымен зардап шегетін емделушілерге Йодомаринді®  қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде йодқа қажеттілік артады, сондықтан йодтың организмге мол (тәулігіне 200 мкг) түсуі аса маңызды болып табылады. Йодтың диаплацентарлық өтуіне және ұрықтың оның фармакологиялық белсенді дозасына сезімталдығына байланысты, йодты дозаның миллиграмды диапазонында тағайындау ұсынылмайды. Бұл лактация кезеңіне де таралады, өйткені йодидтың қан сарысуындағыға қарағанда сүттегі концентрациясы 30 есе жоғары. Радиацияның жоғары деңгейіне байланысты апаттан кейінгі жоғарыдозалы йодтық алдын алудың оған қатысы жоқ.

Дәрілік заттың көлікті немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Йодомарин препаратының көше қозғалысына, машинамен немесе әлеуетті қауіпті механизмдермен жұмыс жасауға қатысу қабілетін шектеуі туралы нұсқаулар жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағамда құрамында крахмал бар компоненттер болғанда құсық массасы көк түске боялады), іш тұсының ауыруы, диарея (кейде қан аралас). Сусыздану және шок дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңештің тарылуы орын алады.

Йодтың көп мөлшерін (30-ден 250 мл йод тұндырмасына дейін) қабылдағаннан кейін ғана өлім жағдайлары байқалған. Созылмалы артық дозалану сирек жағдайларда «йодизм» деп аталатын феноменге әкеледі: ауызда металл тату, шырышты қабаттың ісінуі мен қабынуы (тұмау, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Туберкулез секілді жасырын қабынулар йодид әсерімен белсенділенуі мүмкін. Ісінулер, эритема, безеу және буллезді бөртпелер, геморрагиялар, қызба және жүйке қозуы дамуы мүмкін.

Емі:

а) Жедел уыттануда емдеу

асқазанды крахмал, ақуыз ерітінділерімен немесе йодтың барлық іздерін шығарғанға дейін 5  натрий тиосульфат ерітіндісімен шаю керек. Сулы және электролиттік бұзылуларды белгісіне қарай емдеу, шокқа қарсы ем.

б) Созылмалы уыттануда емдеу

Йод қабылдауды тоқтату.

в) Гипотиреоидизм, йодпен индукцияланған

Йодты тоқтату, қалқанша без гормондарының көмегімен зат алмасуды қалпына келтіру.

г) Гипертиреоидизм, йодпен индукцияланған

Бұл артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз басқа елдерде физиологиялық болып табылатын йод мөлшерімен туындауы мүмкін.

Ағымының түріне сәйкес емдеу: жеңіл түрлері емді қажет етпейді, ауыр түрінде тиреостатикалық ем жүргізуді қажет етеді (олардың тиімділігі әрқашан кешеуілдеп білінеді).

Ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз) қарқынды емдеу, плазмаферез немесе тиреоидэктомия қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 таблеткадан күңгірт шыныдан жасалған құтыларға салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 200 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиниккер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиниккер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Қаптаушы ұйым

Менарини-Фон Хейден ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Телефон нөмірі: +7 727 2446183, 2446184, 2446183

Факс нөмірі: +7 727 2446180

электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

500346861477976805_ru.doc 68.5 кб
767705771477977959_kz.doc 83 кб
10113_13_18_p.pdf 0.34 кб
10113_13_18_s.pdf 0.45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ