Йодинол

МНН: Йод, Калия йодид
Производитель: Татхимфармпрепараты ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018028
Информация о регистрации в РК: 28.04.2022 - 28.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Йодинол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары. Йод.

АТХ коды D08AG03

Қолданылуы

- созылмалы тонзиллит;

- созылмалы іріңді отит;

- созылмалы атрофиялық ринит;

- созылмалы периодонтит;

- іріңді жаралар;

- трофикалық және варикоздық тері ойықжаралары;

- I-II дәрежедегі термиялық және химиялық күйіктер.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа және препараттың басқа құрамдасстарына жоғары сезімталдық;

- қалқанша без функциясының бұзылуы (гипертиреоз);

- қалқанша без аденомасы;

- радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану;

- Дюрингтік герпес формалы дерматит;

- дабыл жарғағының тесілуі;

- жүктілік, лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық тұрғыдан эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, ақ шөгінді сынаппен үйлеспейді (жарылғыш қоспа түзіледі).

Сілтілік немесе қышқыл орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділігін бәсеңдетеді.

Арнайы ескертулер

Қалқанша без функциясы бұзылған кезде препаратты қолдану тек дәрігердің қатаң қадағалауымен ғана болуы мүмкін.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зақымданған теріге ұдайы қолданған кезде сақ болу қажет.

Препаратты окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды.

Үлкен ашық жараларға пайдалануға болмайды.

Жәндіктер, үй және жабайы жануарлар тістегенде пайдалануға болмайды.

Препаратты көзге тигізіп алмаңыз. Егер бұл орын алса, көзді мол сумен немесе 1% натрий тиосульфатының ерітіндісімен шаю керек.

Ұзақ қолдану үшін пайдалануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

  • Препаратты жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдануға болмайды.

  • Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

  • Препарат көлік құралдарын басқару және аса көңіл қоюды немесе психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

  • Қолдану жөніндегі нұсқаулар

  • Жергілікті (жуу, шаю, тамызу, бадамша безді майлау); сыртқа (дәке сүрткілерді салу).

  • Созылмалы тонзилитте бадамша бездің қуыстарын және бадамша бездің айналасындағы кеңістіктерді жуады. 2-3 күн аралығымен 4-5 шаю жүргізіледі. Бір реттік доза – 50 мл. Жұтуға болмайды!

    Созылмалы іріңді отит кезінде: күнделікті 5-8 тамшы Йодинол препаратын енгізу. Емдеу курсы – 2-4 апта.

    Созылмалы атрофиялық ринитті емдеу кезінде қыртыстарды алдын ала жұмсартып, алып тастағаннан кейін мұрын мен жұтқыншақтың қуысы аптасына 2-3 рет 2-3 ай бойы суарылады.

    Созылмалы периодонтит кезінде ауыз қуысын тамақтан кейін 15 мл-ден күніне 3 рет шайыңыз.

    Трофикалық және варикозды ойық жаралар жағдайында Йодинол препаратына малынған (теріні алдын ала жылы сумен сабындап жуады, ал ойық жараның айналасына мырыш жақпа майын жағады) ойық жараның бетіне дәке сүрткілер (3 қабат) жабады. Таңуды тәулігіне 1-2 рет жасайды, таңу кезінде ойық жараның бетіндегі дәкені шешпейді, қайтадан препарат сіңдіреді. 4-7 күннен кейін жалпы немесе жергілікті бұлау тағайындалады, содан соң қайтадан көрсетілген емді жалғастырады.

    Іріңді жараларда және инфекция жұқтырылған күйіктерде препарат сіңірілген босаң таңғыш дәке таңылады.

    I-II дәрежеде жаңадан болған термиялық және химиялық күйіктерде осылайша Йодинол препараты сіңірілген дәке таңғышпен жабады, таңғыштың ішкі қабатын қажетіне қарай препаратпен ылғалдайды.

    7 күн ішінде оң нәтиже болмаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

    Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

  • Симптомдары (жергілікті және сыртқа қолдану кезінде): «йодизм» құбылыстары - тері бөртпесі, ринит, жас ағу, гиперсаливация, ринорея, бронхорея, шырышты қабықтың ісінуі.

  • Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

  • Симптомдары (кездейсоқ ішке қабылдағанда): ауыз қуысының металл татуы, гиперсаливация, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі, көмейдің ісінуі, тыныс алудың қиындауы (өкпе ісінуі), қатты терлеу, тахикардия, асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айнуы, құсу, диарея).

  • Емі: асқазанды алдымен натрий тиосульфатының 1% ерітіндісімен, содан кейін сумен шаю; симптоматикалық терапия.

  • Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

    Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек. Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес ғана қолданыңыз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

    Аллергиялық реакциялар (терінің қышуы). Ұзақ уақыт қолданғанда – тері бөртпесі, ринит, жас ағу, гипераливация, ринорея, бронхорея, шырышты қабықтың ісінуі түріндегі "йодизм" құбылыстары.

    Жараланған беткейдің және шырышты қабықтың үлкен аумағына жиі қолданған кезде йодтың жүйелі сіңуі мүмкін, ол қалқанша бездің функциялық белсенділігі тестінде көрініс беруі ықтимал.

    Препаратқа жоғары сезімталдық реакциясы, аллергиялық реакциялар (гиперемия, ашыту, қышыту, ісіну, ауыру) байқалуы мүмкін, ол препаратты тоқтатуды талап етуі мүмкін.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    100 мл препарат құрамында:

    белсенді заттар - йод 100 мг, калий йодиді 300 мг.

    қосымша заттар: поливинил спирті, тазартылған су.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Қара көк түсті, өзіне тән иісі бар, шайқағанда көбіктенетін сұйықтық. Құтының толтырылмаған бөлігінде көбіктің түзілу ізі болуы мүмкін.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    100 мл-ден тығыздығы төмен полиэтилен тығындармен және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойны бар қызғылт сары шыны құтыларға немесе тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бақылау сақинасымен жүретін бұрандалы мойны бар қоңыр шыны құтыларда.

    Құтыны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

    Сақтау мерзімі

    1 жыл 6 ай.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада.

    Мұздатып қатыруға болмайды!

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз.

    Өндіруші туралы мәлімет

    "Татхимфармпрепараты" АҚ, Ресей

    420091, Татарстан Республикасы, Қазан қаласы, Беломорская көшесі, 260 үй

    Тел.: 8 800 201 98 88, тел./факс: +7 (843) 571-85-58

    Е-mail: marketing@tatpharm.ru

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    "Татхимфармпрепараты" АҚ, Ресей

    420091, Татарстан Республикасы, Қазан қаласы, Беломорская көшесі, 260 үй

    Тел.: 8 800 201 98 88, тел./факс: +7 (843) 571-85-58

    Е-mail: marketing@tatpharm.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    Козлов Игорь Алексеевич

    Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 136 үй, 27 пәтер

    Тел.: +7(777) 211-72-97

    Е-mail: doctorkvi@gmail.com

    Прикрепленные файлы

    Инструкция(3)+.docx 0.03 кб
    Йодинол_ИМП_кз_2_замеч.docx 0.03 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники