Йодбаланс® (100 мкг) (Potassium iodide)

МНН: Калия йодид
Производитель: Мерк КГаА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты йода
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019766
Информация о регистрации в РК: 26.03.2013 - 26.03.2018
Номер регистрации в РБ: 1117/95/2000/04/05/10/16
Информация о регистрации в РБ: 04.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Йодбаланс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мкг және 200 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 130,8 мкг (бұл 100 мкг йодқа сәйкес келеді) немесе 261,6 мкг (бұл 200 мкг йодқа сәйкес келеді) калий йодиді,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, шеттері қиғашталған және екі жағында сызығы бар, бір жағында «ЕМ 33» жазуы бар ақ дерлік түстен сарғыш-сұр түске дейінгі таблеткалар. Таблетканың диаметрі 7.0–7.2 мм, қалыңдығы – 1.8–2.1 мм (100 мкг доза).

Дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, шеттері қиғашталған, үстіңгі бөлігінде «ЕМ 70» жазуы бар және төменгі бөлігінде декоративтік сызығы бар, ақ дерлік түстен сарғыш-сұр түске дейінгі таблеткалар. Таблетканың диаметрі 7.0–7.2 мм, қалыңдығы – 1.8–2.1 мм (200 мкг доза).

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Йод препараттары.

АТХ коды Н03СА

Фармакокинетикасы

Органикалық емес йод ас ішекте 100% дерлік сіңеді, ал тері арқылы – болар-болмас және бақыланбайды. Дені сау адамдарда таралу көлемі орташа алғанда 23 литрге жуықты құрайды (дене салмағының 38%-ы). Қан сарысуындағы органикалық емес йод құрамының көрсеткіштері әдетте 0,1 және 0,5 мкг/дл аралығында болады. Организмде йодид қалқанша безде және сілекей бездері, емшек бездері және асқазан сияқты басқа тіндерде жинақталады. Сілекейде, асқазан сөлі мен сүттегі йодид концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан 30 есе жоғары. Йодтың көбінесе мкг/г креатининде көрсетілетін несеппен шығарылуы йодпен қамтамасыз етілу критерийі қызметін атқарады, өйткені тепе-теңдік жағдайында ол йодтың тамақпен тәуліктік түсуімен өзара байланысты.

Фармакодинамикасы

Экзогенді енгізілген йодтың адам организміне әсер ету әрекеттері йодтың тәулігіне қабылданған мөлшеріне, йод бар препараттың түріне, сондай-ақ қалқанша бездің жағдайына байланысты.

Йод жеткіліксіздігі қалқанша без қызметінің бұзылуына және адам организмі дамуының барлық сатыларындағы ауыр салдарларға алып келеді, эндемиялық зобқа алып келеді, ауыр жағдайларда туа біткен кретинизмге алып келеді.

Йод электрохимиялық жолмен жұтылғаннан кейін (йодинация) қалқанша без фолликулаларының эпителиальді жасушаларында косубстрат болып табылатын, йодид-пероксидаза ферментімен катализденетін, элементарлық йод бөлініп шығатын сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) тотығу жүреді. Сонымен қатар глюкопротеиннің тирозиндік топтарының бір бөлігі (тиреоглобулин) 3 қалыпта және ішінара 5 хош иісті сақина (йодизация) қалпында йодталады.

Тотығу конденсациясының нәтижесінде тирозиннің йодталған топтары тиронин каркасын түзе отырып байланысады. Негізгі өнімдері тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осындай жолмен түзілген "тиронин – тиреоглобулин" кешені қалқанша без гормоны фолликулының коллоидындағы депо түрінде бөлініп шығады.

Йодтың физиологиялық мөлшерлері (300 мкг дейінгі) йод тапшылығы салдарынан дамитын зоб түзілуінің алдын алады, жаңа туған сәбилерде, балалар мен жасөспірімдерде қалқанша без өлшемдерінің қалыпты болуына ықпал етеді, сондай-ақ бұзылған биохимиялық параметрлердің бірқатарына әсер етеді (Т3/Т4 коэффициенті, ТТГ деңгейі (тиреотропты гормон).

Қолданылуы

  • йод тапшылығы ауруларының (зоб түзілуі) алдын алуда, соның ішінде жүкті әйелдер мен бала емізу кезеңінде

  • хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін, сонымен қатар қалқанша без гормондары препараттарымен кешенді емдеу аяқталғаннан кейін зобтың қайталануының алдын алуда

  • жаңа туған сәбилердегі, балалардағы, жасөспірімдер мен ересектердегі йод тапшылығы туғызған диффуздық эутиреоидтық зобты емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Зоб дамуының алдын алу үшін:

Жаңа туған сәбилер: күніне 50 мкг йод. Таблетканы үгіп, 1 шай қасық суға араластырып, азғантай сұйықтық мөлшерімен ішкізу керек.

Балалар: күніне 50-100 мкг йод.

Жасөспірімдер мен ересектер: күніне 100-200 мкг йод.

Жүктілік пен бала емізу кезінде: күніне 100 - 200 мкг йод.

Хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін немесе қалқанша без гормондары препараттарымен емдеу курсы аяқталғаннан кейін зобтың қайталануының алдын алу: күн сайын 100 -200 мкг йод.

Эутиреоидты зобты емдеу:

Жаңа туған сәбилер: күніне 100 мкг йод. Таблетканы үгіп, 1 шай қасық суға араластырып, азғантай сұйықтық мөлшерімен ішкізу керек.

Балалар: күніне 100-200 мкг йод.

Жасөспірімдер: күніне 200 мкг йод.

Препараттың тәуліктік дозасын тамақтан кейін, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, бір қабылдаумен қолдану керек.

Йодбалансты® профилактикалық қабылдау көбіне өмір бойына жүргізіледі.

Егер жаңа туған сәбилерде эндемиялық зобқа байланысты Йодбаланспен® емдеудің 2-4 аптасынан кейін, қалқанша без өлшемінің кішіреюі білінбесе, онда йод тапшылығы аурудың себебі болып табылмайды деп болжауға болады; балаларда, жасөспірімдер мен, ересектерде әдетте 6-12 ай немесе одан да көп қажет болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығын эндокринолог анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • қалқанша без қызмет атқару аймақтары өлшемінің ұлғаюы кезінде, йодтың 150 микрограмнан асатын жоғары дозаларын қолданған жағдайда, гипертиреоз көрініс беруі мүмкін

  • аутоиммундық ауруларға бейім емделушілерде тиреопироксидазаға антиденелердің (ТПО-АД) дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • манифестік гипертиреоз

  • препарат компоненттеріне, соның ішінде йодқа аса жоғары сезімталдық

  • йодтың тәулігіне 150 микрограмнан асатын дозаларын қолданғандағы субклиникалық (симптомсыз) гипертиреоз

  • қалқанша бездің уытты аденомасы, сондай-ақ, қалқанша бездің ошақтық және диффуздық автономдық бұзылыстары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йод препараттарын бір мезгілде қабылдағанда, антитиреоидты дәрілік заттармен емдеудің тиімділігі төмендейді.

Перхлорат пен калий тиоцианатын бірге қолданғанда, йодты қалқанша бездің жұтуы бәсеңдейді. Йодты қалқанша бездің жұтуын және оның метаболизмін тиреотропты гормон (ТТГ) көтермелейді. Йодбалансты® жоғары дозаларда калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қабылдау гиперкалиемияның дамуына алып келуі мүмкін. Йодбалансты® жоғары дозаларда литий препараттарымен бір мезгілде қабылдау зоб пен гипотиреоздың дамуына ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында емделушіде гипертиреоздың немесе түйінді уытты зобтың бар-жоқтығын, сондай-ақ сыртартқысында бұл аурулардың болғанын анықтап алу қажет.

Емдеуді бастар алдында диффуздық немесе қалқанша бездің шектелген автономдық бұзылыстарының бар-жоқтығын спецификалық диагностикалау әдістері арқылы анықтап алу қажет, йодтың тәуліктік 150 микрограмм немесе жоғарырақ дозалары пайдаланылған мұндай ем гипертиреозға алып келуі мүмкін.

Қалқанша бездің йодпен қанығуы емдік немесе диагностикалық мақсаттарда пайдаланылған радиобелсенді йодтың жинақталуына кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты препаратты радиобелсенді йодты қолданар алдында қабылдау ұсынылмайды.

Галактозаны көтере алмаушылық, лактоза жетіспеушілігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясына байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілерге тағайындау ұсынылмайды.

Препаратпен емдеу аясында бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гиперкалиемия дамуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңдерінде йод қажеттілігі артады, сондықтан әсіресе, Йодбалансты® йодтың организмге қалыпты түсуін қамтамасыз ету үшін (йод түсуі тәулігіне 200 мкг кем болмауы тиіс) жеткілікті дозаларда қолдану маңызды.

Препарат плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Препарат емшек сүтімен бөлініп шығады. Препаратпен бір мезгілде қолданылатын тағам өнімдері мен тағамдық қоспалардағы йод құрамын ескеру қажет. Егер бала емізетін әйел Йодбалансты® қабылдайтын болса, препаратты емшек еметін сәбилерге қосымша тағайындау қажет емес.

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде тек ұсынылған дозаларында қолдануға болады.

Емдеу жүргізген кезде тамақпен түсетін йод мөлшерін ескеру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: йодпен жедел уыттануда рефлекторлық құсу, іштің ауыруы, диарея (кейде қанмен) байқалады. Дегидратация және шок басталуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңештің стенозы туындауы мүмкін.

Созылмалы артық дозалануы «йодизм» феноменіне: ауыздың металл татуына, шырышты қабықтардың ісінуі мен қабынуына (ринит, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит), безеу бөртпесі, дерматит, сілекей бездерінің ісінуі, температураның жоғарылауы, тітіркенгіштік, ангионевротикалық ісіну, сілекей безі ағынының ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Жедел артық дозалануын емдеу: асқазанды шаю, су және электролиттік теңгерім бұзылыстарын симптоматикалық емдеу, шокты емдеу.

Калий йодиді тудырған созылмалы артық дозалану жағдайында, Йодбаланс препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек. Йод туғызған гипотиреозда, Йодбаланс қолдануды тоқтату және қалқанша без гормондарымен емдеуді бастау керек. Йод туғызған гипертиреозда, антитиреоидтық дәрілермен емдеу көрсетілген.

Өте сирек жағдайларда, қарқынды емдеу, плазмаферез немесе тиреоидэктомия қажет болуы мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Мерк КГаА, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Мерк Сероно ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Никомед Остевропа Маркетинг Сервис ГмбХ»

Алматы қ-сы, Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы Akzhanar.Nurgozhina@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

550586431477976902_ru.doc 69 кб
424503611477978072_kz.doc 82.5 кб
1117_95_2000_04_05_10_16_i.pdf 0.72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ