Ихтиол (200 мг/г)

МНН: Ихтаммол
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012723
Информация о регистрации в РК: 04.04.2019 - 04.04.2019
Номер регистрации в РБ: 20/06/323
Информация о регистрации в РБ: 28.06.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ихтиол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Cыртқа қолдануға арналған жақпамай, 200 мг|г

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді зат - 5.0 г ихтиол,

қосымша заттар: – «Твёрдый-2» эмульгаторы, жұмсақ, сары парафин.

Сипаттамасы

Ихтиол иісі бар күңгірт-қоңыр түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандыратын препараттар.

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Қабынуға қарсы дәрі, микробқа қарсы (Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes қатысты бактерицидті), кератопластикалық әсер етеді. Ихтиол грамтеріс микроорганизмдерге әсер етпейді.

Фурункулдардың пісіп жетілуін жеделдетеді. Теріге тікелей әсер еткенде олардың сезімталдығының төмендеуімен ауысатын, сезімтал жүйке ұштарының аздап тітіркенуін туындатады, ол тіндердің трофикасын өзгертетін рефлекстердің пайда болуына әкеледі. Ақуыз молекулаларының денатурациясын туындатады. Жүйелі сіңуі төмен.

Қолданылуы

  • тері жұқпаларында

  • күюлерде,

  • тілме қабынуларында

  • экземада

  • пиодермияда (оның ішінде фурункулез)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайды зақымданған жерге жұқа қабатпен, ысқыламай жағады. Жақпамайды жаққаннан кейін өңделген жерді дәке таңғышпен жабады. Таңғыштарды күнделікті ауыстырады. Препаратты қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Жақпамайдың көзге және шырышты қабаттарға тиіп кетуінен сақ болу керек. Препаратпен емдеу курсының ұзақтығын және дозасын әрбір емделушіге жекелей емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Препарат әдетте жақсы көтерімді, кейбір жағдайларда аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері бөртпесі, қышыма және есекжем дамуы мүмкін. Терінің аллергиялық реакциялары негізінен препаратпен емдеудің басында немесе жақпамайды ұзақ қолданғанда дамиды. Айқын тері реакциялары дамығанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттармен бірге терінің бір бөлігінде қолдануға болмайды. Құрамында йод тұздары, алколоидтар және ауыр металл тұздары бар жергілікті қолдануға арналған дәрілік заттармен препаратты терінің бір бөлігінде бір мезгілде қолданғанда, әсері болжамдалмаған жаңа қосылыстар түзілуі мүмкін.

Фотоқорғаныстық дәрілердің (фенилсалицилаттың, ПАБК және диоксометилтетрагидропиримидиннің) әсерін күшейтеді. Фармацевтикалық мырыш тотығымен үйлеспейді (тұнба түзеді), сондықтан құрамында мырыш тотығы бар кремдермен және жақпамайлармен бірге қолданбау керек.

Диметилсульфоксид, этил спирті мен глицерин ихтиол жақпамайымен бір мезгілде жағылғанда ихтиолдың жүйелі сіңуін күшейтеді және оның жаққан аймақтағы жұмсақ тіндерге терең енуін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Ихтиол жақпамайы тек сыртқа қолдануға арналған. Препаратты ашық жараларға қолдануға болмайды. Препараттың ауыздың шырышты қабығына, көзге түсуіне жол бермеу керек.

Педиатрияда қолдану - бұл топтағы емделушілерге қолдану деректері шектеулі болғандықтан, ихтиол жақпамайын 6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды, ихтиолдың (ауыз арқылы) ішке түсу қаупі айтарлықтай жоғары.

Жүктілік пен лактация

Ихтиолдың жақпамайын жүктілік пен лактация кезеңінде тек ана үшін күтілетін пайда мен бала/ұрық үшін ықтимал қауіпті мұқият бағалаудан кейін қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратты дұрыс қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі төмен.

Жақпамайды кездейсоқ жұтып қойғанда асқазанды шаю және энтеросорбенттерді қабылдау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 25 г-нан. Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулығымен бірге хром картоннан жасалған пәшкеге салады. Пәшкелерді топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

20 ºС-ден аспайтын температурада cақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы market@borimed.com

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

746220711477976836_ru.doc 51 кб
448903351477977989_kz.doc 54.5 кб
20_06_323_p.pdf 0.14 кб
20_06_323_s.pdf 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ