Итами (140 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Итами
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі
140 мг медициналық бұласыр
Құрамы
Бір бұласырдың құрамында
белсенді зат - 140.0 мг натрий диклофенагы (диклофенакқа баламалы),
қосымша заттар: негізгі метакрилат бутилаты (Е 100), акрилді винилацетаты (Duro-Tak 87-2852), PEG 12 стеараты (Cithrol 6MS), сорбитан олеаты (Sзфт 80 V), полиэстер (тоқылмаған). |
Сипаттамасы
Өлшемі 140 см² ± 5 % силиконды бұласыр, үсті қағаз лентамен (қорғаныш лентасы) жабылып, ақ түсті масса жағылған.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
АТЖ коды M02AA15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Итами бұласырын бір мәрте қолданғаннан кейін диклофенактың тері арқылы сіңуі 4,98 ± 2,51 нг /м тең шыңдық (қиын?) концентрациямен айқындалатын плазмалық деңгейлерді көрсетеді. 4 сағатқа жуық кідіріспен (4,41 ± 1,71 сағ) Tmax - 11,73 ± 2,57 сағат.
Фармакодинамикасы
Диклофенак қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) жатады: оның қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін белгілі әсері бар, сондай-ақ біріктірілген ауырғанды басатын және қабынуға қарсы тиімді әсері клиникалық жағдайлардың симптоматикалық емінде де көрсетіледі.
Диклофенактың әсері ішінара простагландиндер синтезін тежеу есебінен және ішінара лизосомальді ферменттерді тежеу есебінен байқалады. Дәрілік бұласыр белсенді ингредиенттің зақымданған аймақта сіңуін жеңілдету үшін әзірленген, диклофенактың фармакологиялық әсер ету сипаттамасы, яғни қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, ауырғанды басатын әсерінің жылдам білінуін туындатады.
Қолданылуы
- ревматикалық немесе жарақаттан болған буын, бұлшықет, сіңір және байламдардың ауыртатын және қабыну үрдістерін жергілікті емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Күніне 2 рет, таңертең және кешке бір бұласырдан қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы 7-10 күннен аспайды.
Жағымсыз әсерлері
- терінің аллергиялық реакциялары, қызаруы, қышыма, тітіркенуі, ашытуын сезіну және жанаспалы дерматит
- фотосенсибилизация
- құрамында диклофенагы бар басқа дәрілермен қосып пайдаланғанда фотосенсибилизация, везикулалар түзетін тері бөртпелері, экземалар, эритемалар және де, сирек жағдайларда ауыр тері реакцияларына (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) әкелуі мүмкін.
- диклофенактың резорбцияланатын әсері салдарынан асқазан-ішек жолы тарапынан (ұзақ қолданғанда және/немесе терінің ауқымды беткейіне жаққан кезде)
жүйелік жағымсыз әсерлерінің даму қаупі жоғарылайды (абдоминальді ауырулар, іштегі жағымсыз сезінулер, іштің кебуі, іш қату, диарея)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне (соның ішінде басқа ҚҚСП-ға), сондай-ақ изопропил спиртіне асқын сезімталдықта
- ашық жараға
- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- жүктілікте және лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Плазма ақуыздарымен тектестігі жоғары басқа препараттармен қолдану диклофенактың сіңуін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Итамиді жараға және терінің ашық зақымдарына жағуға болмайды. Препараттың көзге және шырышты қабыққа тиіп кетуінен сақтану керек. Итами ҚҚСП-ға немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерге асқын сезімталдық реакциясы бар, мысалы, демікпе ұстамасы, тері бөртулері, жедел аллергиялық риниті және анафилактоидтық реакцияларымен емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс. Созылмалы обструктивті бронх ауруы бар бронх демікпесімен, аллергиялық ринит немесе мұрын шырышты қабығының қабынуымен (мұрын полиптері) науқастарда ҚҚПС емдеу кезінде басқа емделушілерге қарағанда демікпе ұстамасы, тері немесе шырышты қабықтың (ісіну) жергілікті қабынуы, немесе уртикария жиі болады. Итами медициналық бұласырын ұзақ қолдану сенсибилизацияға ұшыратуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет. Елеулі нәтижелері болмай, қысқа уақыт емделгеннен кейін дәрігерге көрініңіз. Жүктілік және лактация кезеңі
Итамиді пайдалану бедеулікпен немесе фертильдігі жағынан зерттеуден өтіп жатқан әйелдерде тоқтатылуы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару қабілеттілігіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: терінің аллергиялық реакциялары, қызару, қышу, ашытуды сезіну, тітіркену, жанаспалы дерматит, экземалар, іштің абдоминальді ауыруы, ішектің кебуі, іш қату, диарея.
Емдеу – симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы 5 және 10 бұластырдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°C -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Италиана Лаборатори Боути Эс.Пи.Эй
Эс.Эс.Эн. 11 Падана Супериорe км.160-20129 Кассина Де'Пекчи (MI), Италия
Тіркеу куәлігінің иесі
Фидиа Фармацеутиси Эс.Пи.Эй
35031, Абано Терме, Виа Понте делла Фаббрика, 3/А, Италия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Raifarm» (Райфарм) ЖШС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Астана қ., Сарыарқа к-сі 15/1, 802 кеңсе.
Телефон нөмірі: 8-(717-2) 67-82-36.
Факс нөмірі: 8-(717-2) 67-82-35
Электронды поштасы: katya.tulebaeva@raifarm.com