Исла-Моос®

Производитель: Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015501
Информация о регистрации в РК: 19.10.2015 - 19.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Исла-Моос®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді зат: исландий мүгінің сулы сығындысы ((0.4 – 0.8) : 1) 80.00 мг, қосымша заттар: гуммиарабик 85%, сығындыдан алынған сахароза, сахароза, карамель Е 150с (қант колері III), сұйық парафин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жайпақ, біркелкі емес дөңгелектелген, линза тәрізді, резеңке тәрізді қоңыр пастилкалар, биіктігі 4,7 мм - 0,7 мм / +1.3 мм, диаметрі 16,0 мм ± 0,5 мм. Құрамында ауа көпіршіктері болуы мүмкін

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды R02A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетика жөніндегі деректер сипатталмаған.

Фармакодинамикасы

Исла-Моос пастилкалары препаратының құрамында ежелгі өркениет кездерінде тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында өзінің жағымды емдік әсерімен танымал болған исландия мүгі дәрілік шөбінен алынған сығынды бар.

Исла-Моос пастилкалары препаратының емдік әсері тыныс алу жолдарының катаральді ауруларында бірінші кезекте ондағы өсімдік сығындысының микробқа қарсы белсенділігіне және иммунитетті стимуляциялайтын әсерге негізделеді, бұл ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденген. Препарат құрамындағы полисахаридтер ауа өткізгіш жолдардың шырышты қабығын бүркемелейді және оларды сыртқы зиянды факторлар мен түрлі тітіркендіргіштерден тиімді қорғайды. Препараттың бүркемелегіш әсері де болғандықтан, оны профилактика мақсатында да, мысалы, тыныс алу жолдарының ерекше сезімталдығында немесе оларға жүктеме жоғары болғанда (соның ішінде спортпен шұғылданғанда) қолдануға болады.

Суық тию қаупі болғанда шырышты қабықты қорғауға қабілетті Исла-Моос пастилкалары препаратын профилактикалық тұрғыда қолдану тыныс алу жолдарының түрлі инфекцияларға шалдыққыштығын төмендете алады.

Қолданылуы

- тамақтың жыбырлауында, қарлығуда

- әншілердегі, лекторлардағы дауыс байламдарына жоғары жүктемеде

- жылыту кезеңіндегі ауаның құрғауында

- мұрынмен тыныс алудың шектелуінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ауызда баяу еруге мүмкіндік бере отырып, сағат сайын 1 пастилкадан қабылдау керек (тәулігіне 12 пастилкадан).

4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: ауызда баяу еруге мүмкіндік бере отырып, әр 2 сағат сайын 1 пастилкадан қабылдау керек (тәулігіне 6 пастилкадан).

Емдеу курсы – 10 күн. Егер препаратты 10 күн қолданғаннан кейін жағдайы жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет.

Исла-Моос пастилкалары дәрілік заты жақсы көтерімді болғандықтан, ұзақ уақыт бойы ешбір қауіптенбей-ақ қолдануға болады. Бұдан бөлек, ауру симптомдарын жойғаннан кейін де тұрақты емдік әсерге қол жеткізу мақсатында Исла-Моосты тағы 2-3 күн қабылдау керек.

Тыныс алу жолдарын қорғау үшін профилактика мақсатында оларға жоғары күш түскенде (тамақтың жыбырлау сезімі немесе жоғары жүктеме, мысалы, сөйлеу, спорт) Исла-Моос препаратын ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, бұл ретте ең жоғары тәуліктік дозадан асырмай, тәулігіне бірнеше рет 1 пастилкадан қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың қандай да бір ингредиентіне аса жоғары сезімталдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір ингредиентіне жоғары сезімталдық

- фруктозаны көтере алмаушылық

- 4 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

1 пастилка 0,035 нан бірлігіне = 0,424 г көмірсуға сәйкес келеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы және ұрық пен балаға төнетін ықтимал қаупінің арақатынасын алдын ала бағалаудан кейін ғана препаратты қолдануға болады.

Исла-Моос пастилкалары препаратының құрамында болатын исландий мүгінен алынған өсімдік сығындысы кейде препараттың түсі мен дәмін өзгертуі мүмкін, бұл емдік әсеріне ықпалын тигізбейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 пастилкадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ.

Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ., Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер.

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

012589911477976377_ru.doc 55.5 кб
786331871477977577_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники