Исентресс (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Исентресс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ралтегравир
Дәрілік түрі
25 мг және 100 мг шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 27.16 мг немесе 108.6 мг ралтегравирдің калий тұзы
(25.0 мг немесе 100.0 мг ралтегравирдің бос фенолына баламалы)
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, Opadry® 4S-1 19025-A (Clear) үлбірлі қабығы, этилцеллюлоза, сукралоза, натрий сахарині, натрий цитрат дигидраты, маннитол, темірдің сары тотығы, темірдің қызыл тотығы (100 мг үшін), моноаммоний глицирризинаты, WONF Durarome® 01392 TD0991 табиғи банан хош иістендіргіші, 501331 ТР0551 табиғи және жасанды апельсин хош иістендіргіші, 501482 ТР0424 табиғи және жасанды бүркемелеуші хош иістендіргіш, кросповидон, магний стеараты, натрий стеарилфумараты.
Сипаттамасы
Таблетканың бір жағында компания логотипінің «Merck» және екінші жағында «473» деген бедері бар, шеттері қиғашталған, тегіс беткейлі ашық-сары дөңгелек таблеткалар (25 мг доза);
Таблетканың бір жағында сындыруға арналған сызығы, сызықтың бір жағында компания логотипінің «Merck»