ИРОНТУ (Иринотекан)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ИРОНТУ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Иринотекан
Дәрілік түрі, дозалануы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 40 мг/2 мл және 100 мг/5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар.
Антинеопластикалық препараттар. Өсімдік тектес алкалоидтары және басқа да табиғи препараттар. Топоизомераза1 тежегіштері (ТОР1). Иринотекан.
АТХ коды: L01CE02
Қолданылуы
ИРОНТУ жуан және тік ішек обырына шалдыққан пациенттерде қолдануға арналған:
- ауруды кеш сатысында емдеу үшін бұрын химиотерапия алмаған пациенттерде 5-фторурацилмен және фолиний қышқылымен біріктірілімде,
- құрамында 5-фторурацилмен емдеу схемаларына реакциясы жоқ пациенттерде монотерапия ретінде.
Цетуксимабпен біріктірілімдегі ИРОНТУ алдында метастаздық аурудың емін алмаған немесе иринотеканды қамтитын цитоуытты емнің тиімсіздігінен кейін, эпидермальді өсу факторының рецепторын (EGFR) экспрессиялайтын, жабайы типті метастаздық колоректальді обырға шалдыққан пациенттерді емдеуге арналған.
ИРОНТУ 5-фторурацилмен, фолиний қышқылымен және бевацизумабпен біріктірілімде жуан ішектің немесе тік ішектің метастаздық карциномасына шалдыққан пациенттерге бірінші желілі ем ретінде көрсетілген.
ИРОНТУ капецитабинмен және бевацизумабпен бірге немесе онсыз метастаздық колоректальді карциномасына шалдыққан пациенттерге бірінші желілі ем ретінде көрсетіледі.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
ИРОНТУ қолдану қарсы көрсетілімді:
Ішектің созылмалы қабыну ауруы және/немесе ішектің бітелуі кезінде
Иринотекан гидрохлориді тригидратына немесе ИРОНТУ компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық реакциясы болған адамдарға
Жүктілік және лактация кезінде
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе жоғары пациенттерге
Сүйек кемігінің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге
ECOG бойынша функционалды статусы 2-ден жоғары пациенттерге
Бір мезгілде hypericum calycinum [кәдімгі шайқурай] қабылдайтын пациенттерге
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Цетуксимабтың немесе бевацизумабтың немесе капецитабиннің қарсы көрсетілімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін осы препараттардың қысқаша сипаттамаларын қараңыз.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
ИРОНТУ цитоуытты химиотерапия жүргізуге мамандандырылған бөлімшелерде және ісікке қарсы химиотерапияға маманданған дәрігердің бақылауымен ғана енгізу керек.
Жағымсыз әсерлердің сипаты мен жиілігін ескере отырып, келесі жағдайларда ИРОНТУ тағайындау туралы шешім қабылдау үшін күтілетін пайда мен ықтимал емдік қауіптерді мұқият салыстыру керек:
Қауіп факторы бар пациенттерге, әсіресе ДДҰ бойынша функционалдық статусы =2 пациенттерге.
Сирек жағдайларда жағымсыз құбылыстарды басқаруға қатысты ұсынымдарды сақтауы екіталай пациенттерге (кешіктірілген диарея басталған кезде сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдаумен біріктіріп дереу және ұзақ емдеу қажеттілігі). Мұндай пациенттер үшін ауруханада қатаң бақылау ұсынылады.
ИРОНТУ монотерапия ретінде қолданылған кезде, ол әдетте 3 аптада бір рет қабылдау схемасын қолдана отырып тағайындалады. Алайда, әсіресе ауыр нейтропения қаупі бар немесе мұқият бақылауды қажет ететін пациенттер үшін апта сайынғы қабылдау схемасын қарастыруға болады.
ИРОНТУ қолданбас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз, егер:
- сізде билирубин деңгейінің жоғарылауын және сарғаюды (тері мен склераның сарғаюы) тудыруы мүмкін тұқым қуалайтын ауру - Гилберт синдромы болса
Кешіктірілген диарея
Пациенттерді ИРОНТУ қабылдағаннан кейін 24 сағаттан артық немесе келесі циклге дейін кез келген уақытта туындауы мүмкін кейінге қалдырылған диарея қаупі туралы ескерту керек. Монотерапия кезінде бірінші сұйық нәжістің орташа басталу уақыты – ИРОНТУ инфузиясынан кейін 5 күн. Пациенттер диареяның басталғаны туралы өз дәрігеріне дереу хабарлауы тиіс және тиісті емдеуді дереу бастау керек.
Диарея қаупі жоғары пациенттер - бұл бұрын құрсақ қуысы/жамбас ағзаларының радиотерапиясынан өткен пациенттер, бастапқы гиперлейкоцитозы бар пациенттер және функционалды статусы ≥2 пациенттер және әйелдер. Егер диареяны тиісті түрде емдемесе, әсіресе қатар жүретін нейтропениясы бар пациенттерде өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Алғашқы сұйық нәжіс пайда болғаннан кейін пациент электролиттері бар сусындардың көп мөлшерін ішуді бастауы керек және дереу тиісті диареяға қарсы емдеуді бастау керек. Бұл емді ИРОНТУ препараты енгізілген орталық тағайындауы тиіс. Пациент ауруханадан шыққаннан кейін ол диарея пайда болғаннан кейін оны емдей алатындай тағайындалған дәрілік заттарды сатып алуы керек. Сонымен қатар, пациент дәрігерге немесе ИРОНТУ препаратын енгізетін бөлімге диареяның пайда болуы туралы хабарлауы керек.
Кешіктірілген диареяны диареяға қарсы ұсынылған емдеу лоперамидтің жоғары дозаларынан тұрады (бірінші қабылдау үшін 4 мг, содан кейін әрбір 2 сағат сайын 2 мг). Бұл емді соңғы сұйық нәжістен кейін 12 сағат бойы жалғастыру керек және өзгертуге болмайды. Ешбір жағдайда ішектің салданған бітелісінің қаупіне лоперамидпен емдеуді осы дозаларда қатарынан 48 сағаттан артық жалғастыруға болмайды және ол 12 сағаттан қысқа болмауы керек.
Егер диарея кезінде ауыр нейтропения байқалса (нейтрофилдер саны <500 жасуша/мм3), кең ауқымды профилактикалық антибиотикті диареяға қарсы емге қосымша тағайындау керек.
Антибиотикпен емдеуден басқа, келесі жағдайларда диареяны бақылау үшін ауруханаға жатқызу ұсынылады:
Жоғары температурамен қатар жүретін диарея,
Ауыр диарея (вена ішіне сұйықтықты толықтыруды талап ететін),
Лоперамидтің жоғары дозаларымен емдеудің басталуына қарамастан, 48 сағаттан астам сақталатын диарея.
Кешіктірілген диареямен байланысты құсу.
Егер пациентте алдыңғы циклдарда кешіктірілген диарея болса да, лоперамидті профилактикалық түрде тағайындауға болмайды.
Ауыр диареямен ауырған пациенттер үшін келесі циклдар үшін дозаны төмендету ұсынылады.
Гематология
Нейтропения жиілігі радиотерапиядан өтпегендерге қарағанда бұрын жамбас/құрсақ қуысының радиотерапиясынан өткен пациенттерде айтарлықтай жоғары болғаны байқалған. Сарысудағы жалпы билирубиннің бастапқы деңгейі 1,0 мг/дл немесе одан жоғары пациенттерде билирубин деңгейі 1,0 мг/дл-ден төмен емделушілерге қарағанда нейтропенияның даму ықтималдығы едәуір жоғары болды.
ИРОНТУ препаратымен емдеу кезінде апта сайын жалпы қан талдауына мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттерге нейтропения қаупі және жоғары температураның маңыздылығы туралы ескерту керек. Фебрильді нейтропенияны (температура >38°C және нейтрофилдер саны ≤1000 жасуша/мм3) ауруханада вена ішіне енгізілетін кең ауқымды антибиотиктермен дереу емдеу керек.
Ауыр гематологиялық әсерлерге ұшыраған пациенттер үшін келесі циклдар үшін дозаны төмендету ұсынылады.
Ауыр диареямен ауыратын пациенттерде гематологиялық уыттылық пен инфекцияның жоғары қаупі бар. Ауыр диареямен ауыратын пациенттер жалпы қан талдауын жүргізуі керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр сынамаларын бастапқы деңгейде және әрбір цикл алдында орындау керек.
Иринотекан шығарылуының төмендеуіне, яғни осы популяциядағы гематоуыттылық қаупінің жоғарылауына байланысты билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5-3 есе асатын ауқымдағы пациенттер үшін апта сайынғы жалпы қан талдауының мониторингін жүргізу керек. Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен асатын пациенттер үшін Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімді қараңыз.
Жүрек айну және құсу
Құсуға қарсы дәрілермен профилактиканы ИРОНТУ препаратымен емдеудің әр циклі алдында жүргізу ұсынылады. Жүрек айнуы мен құсу туралы жиі хабарланады. Кешіктірілген диареямен байланысты құсатын пациенттерді емдеу үшін мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жатқызу керек.
Жедел холинергиялық синдром
Егер жедел холинергиялық синдром пайда болса (ерте диареямен және терлеу, іштің түйілуі, қарашықтың тарылуы және сілекей ағу сияқты басқа да симптомдармен анықталатын), атропинге клиникалық қарсы көрсетілімдерді қоспағанда, атропин сульфатын (тері астына 0,25 мг) енгізу керек.
Иринотекан инфузиясы кезінде немесе одан кейін көп ұзамай байқалуы мүмкін осы симптомдар иринотеканның бастапқы қосылысының антихолинэстеразалық белсенділігімен байланысты деп есептеледі және иринотекан дозасының ұлғаюымен олардың кездесу жиілігі жоғары деп болжанады.
Демікпесі бар пациенттерде сақ болу керек. Жедел және ауыр холинергиялық синдром тарихы бар пациенттерге атропинді сульфатпен профилактикалық емдеу ұсынылады, содан кейін ИРОНТУ енгізіледі.
Тыныс алу жүйесінің тарапынан бұзылулар
Өкпедегі инфильтраттар түрінде көрінетін өкпенің интерстициальді ауруы ИРОНТУ емдеу кезінде сирек кездеседі. Өкпенің интерстициальді ауруы өлімге әкелуі мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруының дамуына байланысты қауіп факторларына пневмоуытты препараттарды қолдану, радиотерапия және колония стимуляциялайтын факторлар жатады. Қауіп факторлары бар пациенттерді ИРОНТУ препаратымен емдеуге дейін және емдеу кезінде тыныс алу реакцияларының белгілерін мұқият бақылау қажет.
Қан кету
Иринотекан везикант емес (терідегі ойық жараны емдеуге арналған дәрі) болса да, экстравазациядан аулақ болу керек, ал инфузия орнын қабыну белгілеріне бақылау керек. Қан құйылу жағдайында енгізу орнын шаю және мұз басу ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Организмнің биологиялық функцияларының, атап айтқанда, егде жастағы пациенттерде бауыр функциясының төмендеу жиілігінің артуына байланысты осы популяцияда ИРОНТУ дозасын таңдау кезінде сақ болу керек.
Ішектің созылмалы қабыну ауруы және/немесе ішектің бітелуі
Пациенттерге ішектің бітелісі қалпына келгенше ИРОНТУ тағайындауға болмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Сарысулық креатинин мен ҚМА (қандағы мочевина азоты) жоғарылауы байқалды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары болды. Бұл құбылыстар көбінесе жүрек айнуы, құсу немесе диареямен байланысты инфекцияның асқынуына немесе сусызданумен байланысты болды. Сондай-ақ, ісік лизисінің синдромына байланысты бүйрек функциясының сирек кездесетін жағдайлары туралы хабарланды.
Радиотерапия
Бұрын кіші жамбас/құрсақ қуысы органдарын сәулемен емделген пациенттер иринотекан қабылдағаннан кейін миелосупрессияның жоғары қаупіне ұшырайды. Дәрігерлер алдыңғы ауқымды сәулемен ем алған пациенттерді емдеуде сақ болу керек (мысалы > 25% сәулемен ем алған сүйек кемігін және иринотеканмен емдеуді бастағанға дейін 6 апта ішінде). Бұл популяция үшін дозаны түзету қолданылуы мүмкін.
Жүректің тарапынан бұзылулар
Миокард ишемиясы құбылыстары иринотеканмен емдеуден кейін, негізінен негізгі кардиологиялық ауруы бар, кардиологиялық аурулардың басқа да белгілі қауіп факторлары бар немесе алдыңғы цитоуытты химиотерапиясы бар пациенттерде байқалды.
Сондықтан белгілі қауіп факторлары бар пациенттерді мұқият бақылап, барлық өзгеретін қауіп факторларын (мысалы, шылым шегу, гипертензия және гиперлипидемия) азайту үшін шаралар қабылдау керек.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Иринотекан негізгі неоплазмадан басқа көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде тромбоэмболиялық асқынулармен (өкпе эмболиясы, веноздық тромбоз және артериялық тромбоэмболия) сирек байланысты болды.
UGT1A1 белсенділігі төмен пациенттер
Гилберт синдромы бар пациенттер сияқты UGT1A1 метаболизмі төмен пациенттер (мысалы, UGT1A1*28 немесе *6 нұсқалары бойынша гомозиготалы) иринотеканмен емдеуден кейін ауыр нейтропения мен диарея қаупі жоғары. Бұл қауіп иринотекан дозасының жоғарылауымен жоғарылайды.
Бастапқы дозаның дәл төмендеуі анықталмаса да, UGT1A1 метаболизмі төмен пациенттер үшін, әсіресе >180 мг/м2 дозасын енгізетін пациенттер үшін немесе әлсіреген пациенттер үшін төмендетілген бастапқы дозаны қолдануды қарастыру керек. Пациенттердің осы популяциясында дозалау жөніндегі ұсынымдар үшін қолданылатын клиникалық нұсқаулықтарды ескерген жөн. Кейінгі дозалар емделушінің емге жеке төзімділігіне байланысты ұлғайтылуы мүмкін. UGT1A1 генотиптеу ауыр нейтропения және диарея қаупі жоғары пациенттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, алайда емдеуге дейін генотиптеудің клиникалық пайдалылығы түсініксіз, өйткені UGT1A1 полиморфизмі иринотеканмен емдеу кезінде байқалатын барлық уыттылықты ескермейді.
Басқа
Иринотеканды күшті тежегішпен (мысалы, кетоконазолмен) немесе индуктормен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, апалутамидпен) бір мезгілде қабылдау CYP3A4 иринотеканның метаболизмін өзгерте алады, оны осы комбинациядан аулақ болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігінің, гипотензияның немесе қан айналымы жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары диареямен және/немесе құсумен немесе сепсиспен байланысты сусыздану эпизодтары байқалған пациенттерде байқалды.
Бала туу жасындағы әйелдерде/ерлерде контрацепция:
Гендік уыттылыққа байланысты ұрпақ өрбіту әлеуеті сақталған пациенттерге емдеу кезінде және иринотеканның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 6 ай ішінде тиімділігі жоғары контрацепция құралдарын пайдалану керек.
Ықтимал гендік уыттылығына байланысты пациенттер мен олардың ұрпақ өрбіту әлеуеті сақталған серіктестеріне емдеу кезінде және иринотеканның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 3 ай ішінде контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалану ұсынылады.
Бала емізу
Емшектегі балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігіне байланысты емді ИРОНТУ уақытында тоқтату керек.
Препарат құрамындағы қосымша заттар бойынша ақпарат
Натрий
Бұл өнімде рН-ны реттеуге арналған NaOH бар. Мұны бақыланатын натрий диетасын ұстанып жүрген пациенттер үшін ескеру қажет.
Сорбитол (Е 420)
Препарат тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қатар қолдануға болмайды:
Шайқурай: қан плазмасындағы иринотеканның белсенді метаболиті, SN-38 деңгейінің төмендеуі. Иринотекан 350 мг/м2 шайқураймен (Hypericum perforatum) 900 мг бірге енгізілген кезде қан плазмасында иринотеканның белсенді метаболитінің SN-38 42%-дық төмендеуі байқалды. Осыған байланысты шайқурайды иринотеканмен бірге қабылдауға болмайды.
Тірі аттенуирленген вакциналар (мысалы, сары қызбаға қарсы вакцина): вакциналарға жайылған реакция қаупі, мүмкін өлімге әкелуі мүмкін. Иринотеканмен емдеу кезінде және химиотерапияны тоқтатқаннан кейін 6 ай ішінде бір мезгілде қолдануға болмайды. Өлтірілген немесе белсенділігі жойылған вакциналар енгізілуі мүмкін; алайда мұндай вакциналарға жауап азайтылуы мүмкін.
Бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды:
Иринотеканды күшті P450 3A4 (CYP3A4) цитохромының тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану иринотеканның метаболизмін өзгертуі мүмкін және оны болдырмау керек:
CYP3A4 және/немесе UGT1A1 қатты индукциялайтын дәрілік заттар (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин немесе апалутамид): иринотекан, глюкуронид SN-38 және SN-38 әсерінің төмендеу қаупі және фармакодинамикалық әсерлердің төмендеуі.
Фенитоинмен қосымша түрде: фенитоиннің цитоуытты дәрілік заттармен ас қорыту сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде құрысулардың өршу қаупі.
CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, протеаза тежегіштері, кларитромицин, эритромицин, телитромицин): кетоконазолды бірлесіп енгізу иринотеканды жеке қабылдаумен салыстырғанда, AUC қисығы астындағы ауданның азаюына және SN-38 фармакокинетикалық қисығы астындағы аудынның арттыруына әкелетіні атап өтілген.
UGT1A1 тежегіштері (мысалы, атазанавир, кетоконазол, регорафениб): иринотеканның белсенді метаболиті SN-38 жүйелік әсерінің арту қаупі. Егер біріктірілім шарасыз болса, дәрігерлер мұны ескеруі керек.
Басқа CYP3A4 тежегіштері (мысалы, кризотиниб, иделалисиб): иринотеканның кризотиниб немесе иделалисиб метаболизмінің төмендеуіне байланысты иринотеканның уыттылығының ұлғаю қаупі.
Абайлап пайдаланған кезде:
К дәруменінің антагонистері: ісік ауруларында қан кету және тромбоздық асқынулардың жоғары қаупі. Егер К дәруменінің антагонистері көрсетілсе, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мониторингінің жоғарылау жиілігі талап етіледі.
Иммуносупрессанттар (мысалы, циклоспорин, такролимус): лимфопролиферация қаупі бар шамадан тыс иммуносупрессия.
Жүйке-бұлшықет блокаторлары: иринотеканның жүйке-бұлшықет блокаторларымен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. ИРОНТУ антихолинэстеразалық белсенділікке ие болғандықтан, антихолинэстеразалық белсенділігі бар дәрілік заттар суксаметонийдің жүйке-бұлшықет бөгеу әсерін ұзартуы мүмкін, ал деполяризацияланбайтын дәрілік заттардың жүйке-бұлшықет блокадасы антагонистік болуы мүмкін.
Басқа біріктірілімдер
5-фторурацил/фолиний қышқылы: 5-фторурацил/фолиний қышқылын біріктірілген режимде бірге енгізу иринотекан фармакокинетикасын өзгертпейді.
Бевацизумаб: дәрілік өзара әрекеттесуді арнайы зерттеу нәтижелері бевацизумабтың иринотекан фармакокинетикасына және оның SN-38 белсенді метаболитіне елеулі әсерінің жоқтығын көрсетті. Алайда, бұл олардың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты уыттылықтың жоғарылауын жоққа шығармайды.
Цетуксимаб: иринотеканның қауіпсіздік бейініне цетуксимаб немесе керісінше әсер ететіндігі туралы ешқандай дәлел жоқ.
Ісікке қарсы агенттер (флуцитозинді қоса 5-фторурацил ізашар дәрі ретінде): иринотеканның миелосупрессия сияқты жанама әсерлерін жағымсыз әсерлердің бейіні ұқсас басқа ісікке қарсы агенттер күшейтуі мүмкін.
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Тек ересектер үшін.
ИРОНТУ шеткері немесе орталық венаға енгізу керек.
Ұсынылған дозалар
Монотерапия кезінде (алдыңғы емнен өткен пациенттер үшін):
ИРОНТУ ұсынылған дозасы 350 мг/м2 құрайды, 30-90 минуттық кезең ішінде үш аптада бір рет вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі.
Біріктірілген ем кезінде (алдыңғы емнен өтпеген пациенттер үшін):
5-фторурацилмен (5-ФУ) және фолиний қышқылымен (ФК) біріктірілімдегі ИРОНТУ тиімділігі мен қауіпсіздігі келесі үш емдеу схемасында зерттелді:
ИРОНТУ + 5-ФУ/ФК, аптасына бір рет схемасы бойынша
ИРОНТУ ұсынылған дозасы 180 мг/м2 құрайды, 2 аптада бір рет 30-90 минуттық кезең ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі, содан кейін фолиний қышқылы мен 5-фторурацил инфузиясы жасалады. Құрамында иринотекан болған алдыңғы режимнің соңғы циклдарындағыдай иринотеканның бірдей дозасы жиі қолданылады. Иринотеканды цетуксимаб инфузиясы аяқталғаннан кейін 1 сағаттан ерте енгізуге болмайды.
Дозаны реттеу
ИРОНТУ NCI-CTC критерийлеріне сәйкес барлық жағымсыз әсерлерді 0 және 1-ге дейін қалпына келтіргеннен кейін (Американдық ұлттық онкологиялық зерттеулер институтының уыттылықтың жалпы критерийлерінің бағалау шкаласы) және емдеуге байланысты диарея толығымен жойылған кезде енгізілуі керек.
Инфузияны кейіннен енгізу кезінде ИРОНТУ және 5-ФУ дозасын, бұл қолданылатын кезде, алдыңғы инфузия кезінде байқалған жағымсыз әсерлердің ең нашар дәрежесіне сәйкес қысқарту керек. Емдеуге байланысты жағымсыз әсерлерден толық қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін емдеуді 1-2 аптаға кейінге қалдыру керек. Мынадай жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда ИРОНТУ және/немесе 5-ФУ дозасын қолдануға болатын кезде 15-20%-ға қысқарту керек:
Гематологиялық уыттылық (4-дәрежелі нейтропения, қызбалық нейтропения (3-4-дәрежелі нейтропения және 2-4-дәрежелі қызба), тромбоцитопения, лейкопения (4-дәрежелі).
Гематологиялық емес уыттылық (3-4 дәреже)
Иринотеканмен біріктіріп қабылдаған кезде цетуксимаб дозасын өзгерту жөніндегі ұсынымдар осы дәрілік затқа арналған препарат туралы ақпаратқа сәйкес орындалуы тиіс.
Капецитабинмен бірге 65 жастағы және одан асқан пациенттер үшін капецитабиннің қысқаша сипаттамасына сәйкес капецитабиннің бастапқы дозасын күніне екі рет 800 мг/м2 дейін төмендету ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Аурудың объективті өршуі немесе қолайсыз уыттылық пайда болған жағдайларды қоспағанда, ИРОНТУ препаратымен емдеуді жалғастыру керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Монотерапия кезінде: қандағы билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ULN) 3 есеге дейін және функционалдық статусы ≤2 болатын пациенттерде ИРОНТУ бастапқы дозасы айқындалуы тиіс. Гипербилирубинемияға шалдыққан және протромбин уақыты 50 % - дан жоғары осы пациенттерде ИРОНТУ препаратының шығарылуы төмендеді, сондықтан гематоуыттылық қаупі артты. Осылайша, пациенттердің осы популяциясында апта сайын жалпы қан талдауына мониторинг жүргізу керек.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ULN) 1,5 есеге дейін жоғары пациенттерде ИРОНТУ ұсынылған дозасы 350 мг/м2 құрайды.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ULN) 1,5-тен 3 есе жоғары ауқымдағы пациенттерде ИРОНТУ ұсынылған дозасы 200 мг/м2 құрайды.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ULN) 3 есе асатын пациенттерді ИРОНТУ препаратымен емдеуге болмайды.
ИРОНТУ біріктірілген ем қабылдаған бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ИРОНТУ қолдану ұсынылмайды, себебі бұл популяцияда зерттеулер.
Егде жастағы пациенттер
Егде пациенттерде арнайы фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, организмнің биологиялық функцияларының жиі төмендеуіне байланысты осы популяциядағы дозаны мұқият таңдау керек. Препаратты осы популяцияда қолдану анағұрлым қарқынды зерттеуді талап етеді.
Балалар
ИРОНТУ балалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Қолдану тәсілі
Вена ішіне.
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Иринотеканның 750 мг/м2 дейінгі бір реттік дозалары обыр ауруы бар пациенттерге енгізілді. Бұл пациенттердегі жағымсыз әсерлер ұсынылған дозалар мен схемалар үшін хабарланғанға ұқсас болды. Өлімге әкелуі мүмкін ұсынылған емдік дозаның шамамен екі есесіне дейінгі дозаларда артық дозалану туралы хабарламалар болды.
Симптомдары: ең маңызды жағымсыз реакциялар ауыр нейтропения және ауыр диарея болды.
Емі: диареяға байланысты сусыздануды болдырмау және кез-келген инфекциялық асқынуларды емдеу үшін демеуші емді барынша тағайындау керек. Иринотеканның артық дозалануына белгілі антидот жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерінің кеңесін алу үшін жүгінген жөн
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
ИРОНТУ енгізумен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал деп саналатын келесі жағымсыз реакциялар ұсынылған 350 мг/м 2 доза кезінде, монотерапияда, ұсынылған 180 мг/м 2 доза кезінде, біріктірілген ем кезінде (5-ФУ/ФК) тіркелген және постмаркетингтік бақылау кезінде тіркелген. Жиіліктер: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес) ретінде анықталады. Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар ауырлықтың кему тәртібімен ұсынылған.
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Жиі: инфекция
Белгісіз: жалғанжарғақшалы колит, оның біреуі бактериологиялық (Clostridium difficile), сепсис, зеңдік инфекция*, вирустық инфекциялар**
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі: нейтропения, анемия.
Жиі: тромбоцитопения, фебрильді нейтропения
Белгісіз: тромбозға қарсы антиденелермен тромбоцитопения
Иммундық жүйенің тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакция
Зат алмасу мен тамақтанудың бұзылуы
Өте жиі: тәбеттің төмендеуі
Белгісіз: дегидратация (диарея мен құсу салдарынан), гиповолемия
Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар
Өте жиі: холинергиялық синдром
Белгісіз: сөйлеудің бұзылуы (өтпелі; холинергиялық синдроммен байланысты), парестезия, бұлшықеттің еріксіз жиырылуы
Жүректің тарапынан бұзылулар
Белгісіз: гипертензия (инфузия кезінде немесе одан кейін), жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі***
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Белгісіз: гипотензия***
Респираторлық, торакальді және көкірекорта бұзылулары
Белгісіз: өкпенің инфильтрациясымен көріністелетін өкпенің интерстициальді ауруы (иринотеканмен емдеу кезінде сирек кездеседі), ентігу, хиккап
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі: диарея, құсу, жүрек айну, іштің ауыруы
Жиі: обстипация (іш қату)
Белгісіз: ішек бітелісі, илеус (алдыңғы колитсіз ішек бітелісі), мегаколон, асқазан-ішектен қан кету, колит, тифлит, ишемиялық колит, ойық жаралы колит, ұйқы безі ферменттері белсенділігінің симптоматикалық немесе симптомсыз жоғарылауы, ішектің тесілуі
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Белгісіз: стеатогепатит, бауыр стеатозы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі: алопеция (қайтымды)
Белгісіз: тері реакциясы
Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тінінің тарапынан бұзылу
Белгісіз: құрысулар
Бүйрек және несеп шығару жолдарының тарапынан бұзылуы
Белгісіз: бүйрек функциясының бұзылуы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі (әдетте, ауыр асқазан-ішек уыттылығы нәтижесінде жұқтырған және/немесе көлемі таусылған пациенттерде***), бүйрек жеткіліксіздігі***
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар
Өте жиі: шырышты қабықтың қабынуы, қызба, астения
Белгісіз: енгізу орнындағы реакциялар
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі: креатинин, трансаминазалар (АЛТ және АСТ), билирубин, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз: амилаза, липаза, гипокалиемия, гипонатриемия (негізінен диареямен және құсумен байланысты)
* Пневмоцистік пневмония, бронхопульмональді аспергиллез, жүйелік кандидоз.
** Белдемелі теміреткі, тұмау, В гепатитінің реактивациясы, цитомегаловирустық колит.
*** Диареямен және/немесе құсумен немесе сепсиспен байланысты сусыздану эпизодтары бар пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің, артериялық гипотензияның немесе жүрек қанайналымы жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат –иринотекан гидрохлориді тригидраты, 20 мг
қосымша заттар: сүт қышқылы, сорбитол (Е 420), натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы 37 %, инъекцияға арналған су**
** Ерітіндінің тығыздығы = 1.0 г/мл 25 °C кезінде
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір ерітінді бозғылт сары түсті, іс жүзінде бөлшектерден бос.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл (40 мг/2 мл үшін) немесе 5 (100 мг/5 мл үшін) қызыл түсті (40 мг/2 мл үшін) немесе қызғылт сары түсті (100 мг/5 мл үшін) «flip-off» типті алюминий қалпақшалары бар бромбутилді резеңке тығындармен тығындалған янтарь шыныдан жасалған (I типті) құтыларға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Құтыны алғаш ашқаннан кейін препаратты дереу пайдалану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Onko Ilac Sanayi ve Ticaret A.S.
Gebze Osb2 Mahallesi, 1700. Sokak, No: 1703, Çayırova, Kocaeli, Turkey (Түркия)
Тел.: (0216) 544 90 00
Факс: (0216) 545 59 99
e-mail: info@onkokocsel.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ, Түркия
Түркия, 06520, Анкара қ., Чанкая, Мұстафа Кемаль ш.а., 2119 к-сі, №3, 2-3 пәтер
Тел.: + 90 312 219 6219
Факс: + 90 312 219 6219
E-mail: c.ulku@genilac.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстан Республикасындағы «Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет» АҚ өкілдігі
Қазақстан, Алматы қ. 050042, Жандосов к-сі 98, Навои Тауэрс БО, 401 кеңсе
тел.: 8 (727) 3911097, 8 (727) 2434777
тел./факс: 8 (727) 3911097 (ішкі 101)
e-mail: infokz@genilac.com