Ирифрин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ирифрин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фенилэфрин
Дәрілік түрі
2,5 % көз тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 25 мг фенилэфрин гидрохлориді,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гипромеллоза, натрий метабисульфиті, лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Симпатомиметиктер (глаукомаға қарсы препараттарды қоспағанда).
АТХ коды S01FB01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Инстилляциядан кейін фенилэфрин қарашық дилататоры және конъюнктива артериолаларының тегіс бұлшықеттерін жиырады, сөйтіп, қарашықты кеңейтеді. Қарашықтың өлшемі 4-6 сағат ішінде бастапқы қалпына оралады. Фенилэфрин цилиарлы бұлшықетке аздап әсер ететін болғандықтан, мидриаз циклоплегиясыз пайда болады.
Фенилэфрин көз тіндеріне оңай өтеді, қарашықтың кеңеюі бір рет тамызғаннан кейін 10-60 минут ішінде басталады. Мидриаз 4-6 сағат бойы сақталады.
Қарашық дилататорының фенилэфриннің әсер етуімен елеулі жиырылуы салдарынан инстилляциядан кейін 30-45 минуттан соң көздің алдыңғы камерасының дымқылында нұрлы қабықтың пигментті жапырақшасынан пигмент бөлшектері табылуы мүмкін. Камера сұйықтығындағы жүзгінді алдыңғы увеит білінісімен немесе қанның пішіндік элементтерінің алдыңғы камера сұйықтығындағы түсуімен дифференциялау қажет.
Фармакодинамикасы
Офтальмологияда Ирифрин жергілікті қолданғанда қарашық кеңеюін туындатады, көзішілік сұйықтықтың ағысын жақсартады және конъюнктива тамырларын тарылтады. Цилиарлы дененің дезаккомодациялық бұлшықеттерінің 2,5% Ирифринмен көтермеленуі конвергенцияны төмендетеді, көзге түсетін ішкі қиғаш бұлшықеттер қысымының азаюына мүмкіндік береді, және де осының нәтижесі ретінде көз алмасының созылуын тоқтатады. Бұдан басқа, Ирифрин цилиарлы дене қантамырларының констрикциясын тудырып, осылайша көзішілік сұйықтықтың өндірілуін азайтады, ол офтальмотонустың төмендеуіне әкеп соқтырады және гипертензияның даму қаупін барынша азайтады.
Ирифрин – симпатомиметик. Постсинапстық альфа-адренорецепторға ынталандырғыш әсері бар, жүректің бета-адренорецепторларына өте әлсіз әсер етеді. Препараттың норэпинефриннің (норадреналиннің) әсеріне ұқсас вазоконстрикторлық әсері бар, мұндайда онда жүрекке хронотропты және инотропты әсері тіпті болмайды. Фенилэфриннің вазопрессорлы әсері, норадреналинге қарағанда, әлсіздеу, бірақ ұзағырақ болып келеді.
Альфа-адренергиялық белсенділігі бар және әдеттегідей дозаларды қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне елеулі көтермелейтін әсер етпейді.
Қолданылуы
- аккомодация түйілуін қайтаруға және алыстан нашар көрудің өршуін емдеуге (кешенді ем құрамында) ересектерде және 8 жастан бастап балаларда
- иридоциклитте (артқы синехияның пайда болуының алдын алу және нұрлы қабықтың экссудациясын азайту)
- офтальмоскопияда және басқа да диагностикалық емшараларда (көздің артқы қиығының жағдайын бақылау үшін қарашықты диагностикалық кеңейту)
- алдыңғы камера бұрышы тар профильді және жабықбұрышты глаукомаға күдігі бар емделушілерде провакациялық тестісін жүргізуде
- көз алмасының инъекциясы типін анықтау мақсатында жасалатын дифференциалдық диагностикада
- көз түбіне лазерлік араласым жасауға және витрео-ретиналды хирургияда (қарашықты кеңейту үшін)
- «қызыл көз синдромында»
Қолдану тәсілі және дозалары
Офтальмоскопия жүргізгенде 2,5 % Ирифрин ерітіндісінің бір реттік инстилляциясы қолданылады.
Әдетте мидриазға жету үшін 2,5 % Ирифриннің 1 тамшысын конъюнктивальді қалтаға енгізу жеткілікті.
Ең жоғары мидриазға 15-30 минуттан кейін қол жеткізіледі және 1-3 сағат бойы сақталады.
Ұзақ уақыт бойы мидриазды демеу қажет болған жағдайда Ирифрин инстилляциясы 1 сағаттан кейін қайталануы мүмкін.
Увеиттерде пайда болған артқы синехияның дамуын және үзілуін болдырмау үшін; көздің алдыңғы камерасының экссудациясын төмендету үшін Ирифриннің 2,5 % ерітіндісі қолданылады. Препараттың 1 тамшысын ауру көздердің (көздің) конъюнктивальді қалтасына тәулігіне 2-3 рет тамызады.
Аккомодация түйілуін қайтару үшін және көзге өте көп жүктеме түскен кезде алыстан нашар көрудің үдеуін емдеу үшін кешенді ем құрамында ересектер мен 8 жастан асқан балаларға: 4 апта бойы күнделікті түнге қарай әрбір көзге 1 тамшыдан тамызу керек.
Жағымсыз әсерлер
- күйдіру сезімі, көрудің бұлдырауы, тітіркенуі, жайсыздық сезімі, көзден жас ағу, көзішілік қысымның артуы
- қолданғаннан кейін келесі күні реактивті миоз. Препараттың қайталанатын инстилляциясы бұл уақытта, бұрынғыға қарағанда, аз білінетін мидриаз беруі мүмкін. Бұл әсер егде жастағы емделушілерде жиі білінеді.
- жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия, жүрек аритмиясы, артериялық гипертензия, қарыншалық аритмия, рефлекторлы брадикардия, коронарлық артериялар окклюзиясы, өкпе артериялары эмболиясы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- тар бұрышты немесе жабықбұрышты глаукома
- артериялық гипертония, ЖИА, қолқа аневризмасымен, I –III дәрежелі атриовентрикулярлық блокадамен, аритмиямен үйлесімде, тахикардия
- сыртартқыдағы I типті қант диабеті
- моноаминоксидаза тежегіштерін, үшциклді антидепрессанттарды, гипотензиялық препараттарды үнемі қабылдау
- көз алмасының тұтастығы бұзылған науқастарда, сондай-ақ көз жасының түзілуі бұзылған кезде препаратты хирургиялық операция кезінде қарашықты қосымша кеңейту үшін пайдалану
- гипертиреоз
- бауыр порфириясы
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығы
- 8 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ирифриннің мидриатикалық әсері оны, атропинді жергілікті қолданумен біріктіріп пайдаланғанда күшейеді.
Ирифриннің 2,5 % ерітіндісін моноаминоксидаза тежегіштерімен, сондай-ақ осы препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 21 күн бойы да сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс, өйткені мұндай жағдайда жүйелік адренергиялық әсерлер дамуы мүмкін.
Адренергиялық агенттердің вазопрессорлық әсері үшциклді антидепрессанттармен, пропранололмен, резерпинмен, гуанетидинмен, метилдопамен және м-холиноблокаторлармен біріктіріп қолданған кезде де көтермеленуі мүмкін.
Ирифрин ингаляциялық наркозда жүрек-қантамыр қызметінің бәсеңдеуін көтермелеуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Көз жасы өзекшелері арқылы жүйелік қан ағысына сіңуін азайту үшін көз жасы қабы аймағын (көздің ішкі бұрышы аймағын) саусақпен жайлап қысқан жөн.
Жүктілік және лактация
Ирифриннің жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға әсері жеткіліксіз зерттелгендіктен, препаратты науқастардың осы категорияларына ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелген жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: қарыншалық экстрасистолия және қарыншалық тахикардияның қысқа пароксизмдері, баста және аяқ-қолдағы ауырлық сезімі, артериялық қысымның елеулі артуы
Емі: фенилэфриннің жүйелік әсері пайда болған кезде жағымсыз әсерлерді альфа-адренобөгегіш дәрілерді, мысалы фентоламинді 5-тен 10 мг дейін көктамыр ішіне пайдалану арқылы басуға болады. Қажет болған кезде инъекцияны қайталауға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2,5 % көз тамшы дәрісі
5 мл препарат пластик тамшылатқыш-құтыда.
Бұралып жабылатын қалпақшасы, ішінде құтыны ашуға арналған құралдары бар 1 тамшылатқыш-құтыдан және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд. , 212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан
Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, р-н Солан, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай Батыр к.,132,
309 кеңсе. Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99, Email: sentiss_kz@land.ru