Иринотекан Актавис
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Иринотекан Актавис
Халықаралық патенттелмеген атауы
Иринотекан
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 40мг/2мл, 100мг/5мл концентрат
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді заты - 40 мг немесе 100 мг иринотекан гидрохлоридінің тригидраты бар
қосымша заттар: сорбитол, сүт қышқылы, натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы басқа да препараттар. Иринотекан.
АТХ коды L01XX19
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Иринотеканның және оның белсенді метаболитінің - SN-38 фармакокинетикасы 100 - 750 мг/м2 дозадағы препараттың венаішілік 30 минуттық инфузиясында зерттелді. Фармакокинетикалық параметрлердің үлкен индивидаралық ауытқушылығы, негізінен, SN-38 бойынша байқалады.
Барлық зерттеулер иринотеканның экспозициясы (СРТ-11) және SN-38 енгізілген СРТ-11 дозасына пропорционал түрде ұлғаятынын көрсетті. Бұл препараттардың фармакокинетикасы бұрынғы айналымдар санына және енгізу схемаларына тәуелді емес. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысу иринотекан үшін шамамен 65% және SN-38 үшін 95% құрайды.
Екі метаболизмдік жолдың әрқайсысы дозаның әрі кеткенде 12%-ын құрайды:
- бауыр ферменті карбоксиэстеразамен SN-38 метаболитке дейін гидролиздену. SN-38 көбінесе глюкуронирлеу арқылы, әрі қарай өт экскрециясы және бүйрек экскрециясы (иринотекан дозасының 0,5%-дан кемірек дозасы) арқылы шығарылады. Одан әрі SN-38 глюкуронит ішекте гидролизге ұшырауы ықтимал. SN-38 метаболиті елеулі цитоуыттылық белсенділікке ие.
- АРС (аминопентан қышқылының туындылары) және NРС (бірінші амин туындысы) түзе отырып сыртқы пиперидинді сақинаның ашылуына алып келетін цитохром Р450 3А фермент-тәуелді тотығулар.
Қан плазмасындағы препараттың таралуы екі немесе үш фазада болды. Қан плазмасындағы препараттың орташа жартылай шығарылу кезеңі үш фазалы модельдің алғашқы фазасында 12 минутты, екінші фазада 2.5 сағатты құрады, соңғы фазада жартылай шығарылу кезеңі 14.2 сағатты құрады.
Иринотекан және SN-38 плазмалық ең жоғарғы концентрациясына дене бетіне 350 мг/м2 дозада ұсынылған венаішілік инфузияның соңына қарай жетті. Массалар балансын және 14С деп белгіленген препаратпен метаболизмді зерттеу көрсеткендей, иринотеканның вена ішіне енгізілген дозасының 50% астамы өзгермеген күйде – 33% нәжіспен, негізінен өт арқылы, және 22% несеппен бөлініп шығады. Иринотеканның клиренсі норманың жоғарғы шегінен 1,5-3 мәндеріне артық билирубинемиясы бар пациенттердің шамамен 40%-да азаяды.
Фармакокинетикалық зерттеулер иринотеканнsң фармакокинетикасына фторурацилдің және кальций фолинатының әсер етпейтіндігін дәлелдеді.
Фармакодинамикасы
Иринотекан Актавис – камптотециннің жартылай синтетикалық туындысы, ДНҚ жасушалық ферменті - топоизомераза I-дің спецификалық тежегіші болып табылады. Препарат тіндерде, иринотекан өзінің белсенділігі арқылы артатын SN-38 белсенді метаболитін түзе отырып, карбоксилэстеразамен метаболизденеді. Топоизомераза I-ді тежей отырып, иринотекан және оның SN-38 метаболиті ДНҚ сызықтық зақымдануын тудырады, бұл оның жасушалық айналымдағы S-фазадағы репликациясына кедергі жасайды. In vivo тәжірибелерде көрсетілгендей, иринотекан сондай-ақ көптеген дәрілік резистенттілік Р-гликопротеин экспрессиялайтын ісіктерге (винкристин- және доксорубицин-резистентті Р388 лейкемиялар) қатысты алғанда белсенді.
Обырға қарсы белсенділіктен бөлек, препараттың неғұрлым маңызды фармакологиялық әсері – ацетилхолинэстеразаны тежеу.
Қолданылуы
Жайылған колоректальді обырды емдеуде:
-
-
бұрын химиялық ем алмаған науқастарда 5-фторурацилмен және фолин қышқылымен біріктіріп
-
эпидермальді өсу факторы рецепторын (EGFR) эксперессиялайтын метатастазалық колоректальді обырлы пациенттерді емдеуге цетуксимабпен біріктіріліп, құрамында иринотекан бар химиялық емнен кейін үдеріс үдеген кезде тағайындалады
-
5-фторурацилмен емделгеннен кейін ауруы үдеген науқастарда моноем ретінде.
-
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат тек ересектерге ғана арналған
Инфузияға арналған Иринотекан Актавис ерітіндісі шеткергі немесе орталық венаға енгізіледі.
Иринотекан Актавис монотерапия түрінде де, фторурацилмен және фолин қышқылымен біріктіріліп те қолданылады. Иринотекан Актавис венаішілік инфузия түрінде кем дегенде 30 минут және 90 минуттан аспайтын ұзақтықпен енгізіледі.
Монотерапия режимінде (бұрын ем қабылдаған пациенттерде):
Иринотекан Актавис дене бетінің әр м2 шаққанда 350 мг дозада әр 3 апта сайын қолданылады.
5-фторурацилмен және кальций/натрий фолинатымен кешенді ем режимінде (бұрын ем қабылдамаған пациенттерде):
Иринотекан Актавис препаратының ұсынылатын дозасы – 180 мг/м2 – кем дегенде 30 минут және 90 минуттан аспайтын ұзақтықпен инфузия түрінде әрбір 2 апта сайын вена ішіне енгізіледі, әрі қарай 5-фторурацил және фолин қышқылы инфузиясы жасалады.
Цетуксимабпен біріктіріп:
Иринотекан Актавис цетуксимабпен біріктірген кезде әдетте химиялық емнің осының алдындағы соңғы курстары кезінде қолданылған дозада енгізіледі. Иринотекан Актависті цетуксимабты енгізу аяқталған соң 1 сағат өткеннен кейін ғана енгізуге болады.
Дозаны түзету
Иринотекан Актавис препараты жағымсыз әсерлері Уыттылықтың жалпы критерийлерінің баға беру шкаласы бойынша 0 немесе 1 деңгейіне дейін азайғаннан кейін және емдеумен байланысты диарея жоғалғаннан кейін енгізіледі.
Әрі қарайғы инфузияны бастар алдында емдеу кезінде Иринотекан Актавис препаратының, және қажет болғанда 5-фторурацилдің дозасы, бұрынғы инфузия барысында байқалған айқынырақ түрдегі жағымсыз әсерлерді есепке ала отырып, төмендетілуі тиіс. Препаратты қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлерді жою үшін емдеуді 1-2 апта кейінге қалдыру қажет.
Иринотекан Актавис препаратының, және қажет болғанда 5-фторурацилдің дозасын, келесі жағымсыз әсерлер пайда болған кезде 15-20%-ға төмендету қажет:
-
гематологиялық уыттылық (4 дәрежедегі нейтропения, фебрильді нейтропения (3-4 дәрежедегі нейтропения және ауырлығы 2-4 дәрежедегі қызба),тромбоцитопения және лейкопения (4 ауырлық дәрежесі)),
-
гематологиялық емес уыттылық (3-4 ауырлық дәрежесі).
Емдеу ұзақтығы
Иринотекан Актавис препаратымен емдеуді ауру үдеген кезде немесе жол берілмейтін уыттылық пайда болған кезде тоқтатқан жөн.
Бауыр функциясы бұзылған науқастар
Моноем режимінде: Иринотекан Актавистің бастапқы дозасы жалпы жай-күйінің көрсеткіші ≤ 2 пациенттердің қандағы билирубин деңгейін (норманың жоғарғы шегінен 3 есе жоғары) есепке алып анықталады. Қан сарысуындағы билирубин деңгейі жоғары және протромбин уақыты 50%-дан асатын мұндай пациенттерде иринотекан клиренсі төмендейді және соған сәйкес гематоуыттылық қаупі жоғарылайды. Сондықтан мына пациенттерде апта сайын қанға жалпы талдау жүргізу қажет:
-
билирубин деңгейі қалыптың жоғары шегінен 1,5 есе асатын пациенттер үшін препараттың ұсынылатын дозасы - 350 мг/м2;
-
билирубин деңгейі қалыптың жоғары шегінен 1,5-3 есе асатын пациенттер үшін препараттың ұсынылатын дозасы - 200 мг/м2;
-
билирубин деңгейі 3 еседен астамға жоғарылағанда Иринотекан Актавис препаратын қолдануды тоқтатқан жөн.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар
Иринотекан Актавис препаратын бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қолдануға ұсынылмайды, өйткені науқастардың осы категорияларында препаратты қолдану зерттелген жоқ.
Егде жастағы адамдар
Дозаны мұқият таңдау қажет, өйткені пациенттердің осы категориясында организм функциясының бұзылулары жиі туындайды. Емдеу кезінде егде жастағы пациенттердің тиянақты бақылау қажет.
Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулар
Иринотекан Актавис ерітіндісін үйретілген қызметкер асептикалық жағдайларда әзірлеуі тиіс. Теріге және шырышты қабықтарға жанастырмау үшін сақтық шараларын қабылдау қажет.
Препараттың қажетті мөлшерін 250 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтқан және алынған ерітіндіні контейнерді немесе құтыны айналдыра отырып, араластырған жөн. Ерітіндіні енгізер алдында мөлдірлігін көзбен қарап көру керек. Шөгінді анықталған жағдайда препарат цитоуытты препараттарға арналған стандартты шараларға сәйкес жойылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Иринотеканды қолданумен байланысты болуы мүмкін келесі жағымсыз әсерлері монотерапия режимінде ұсынылған 350 мг/м2 дозаны қабылдаған 765 пациентте және иринотеканды 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен біріктіріп әрбір 2 апта сайын ұсынылған 180 мг/м2 дозада қабылдаған 145 пациентте тіркелді.
Өте жиі (>1/10):
- кейін болатын ауыр диарея
- ауыр жүрек айну және құсу (моноем режимінде енгізген кезде)
- қайтымды кумуляцияланбайтын нейтропения, анемия, тромбоцитопения (біріктірілген режимде енгізген кезде)
- инфекциялар (моноем режимінде енгізген кезде)
- қайтымды алопеция
- қатар жүретін ауыр нейтропениясыз инфекция текті емес қызба (моноем режимінде енгізген кезде)
- бауырда үдемелі метастазалану жоқ кезде трансаминазалар (1 және 2 дәрежеде), сілтілі фосфатаза немесе билирубин деңгейінің транзиторлық жоғарылауы (біріктірілген режимде енгізген кезде)
Жиі (>1/100, <1/10):
- қатты жүрек айну және құсу (біріктірілген режимде енгізген кезде)
- сусыздану (диареяға және/немесе құсуға байланысты)
- іш қату
- фебрильді нейтропения
- инфекциялар (біріктірілген режимде енгізген кезде)
- ауыр нейтропениядан туындаған, өліммен аяқталуы ықтимал инфекциялық асқынулар
- тромбоцитопения (моноем режимінде енгізген кезде)
- қатар жүретін ауыр нейтропениясыз инфекция текті емес қызба (біріктірілген режимде енгізген кезде)
- диареямен, іштің ауыруларымен, конъюнктивитпен, ринитпен, гипотензиямен, тамырлардың кеңеюімен, қатты тер бөлінуімен, қалтыраумен, әлсізденумен, бас айналумен, көрудің бұзылуымен, миозбен, жас ағумен және сілекейдің көп бөлінуімен ұштасатын ауыр транзиторлы холинергиялық синдром
- әлсіздік
- бауырдағы үдемелі метастазаланусыз трансаминазалар, сілтілі фосфатаза немесе билирубин деңгейінің елеусіз транзиторлық жоғарылауы (моноем режимінде енгізген кезде)
- билирубин деңгейінің 3 дәрежелі транзиторлы жоғарылауы (біріктірілген режимде енгізген кезде)
- қандағы креатинин деңгейінің елеусіз транзиторлы жоғарылауы
Жиі емес (>1/1000, <1/100):
- жалғанжарғақшалы колит
- бүйрек жеткіліксіздігі
- диарея және/немесе құсу немесе сепсистің салдарынан сусызданудан туындаған гипотензия және жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі
- ішек бітелісі, іш қату, ішектен қан кету
- жеңіл тері реакциялары
- препаратты енгізу орнындағы реакциялар
- демікпе, өкпе тінінің өкпе инфильтраттары түрінде интерстициальді зақымдануы
- елеусіз аллергиялық реакциялар
Сирек (>1/10000, <1/1000):
- колит, оның ішінде тифлит, ишемиялық және ойық жаралы колит
- ішектің жарылуы
- анорексия, іштің ауырулары, мукозит
- симптомсыз немесе клиникалық көріністері бар панкреатит
- гипокалемия және гипонатриемия
- анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар
- препаратты енгізген кездегі немесе енгізгеннен кейінгі артериялық гипертензия
- бұлшықет жиырылуы немесе түйілулер, парестезиялар
Өте сирек (<1/10000):
- тромбоциттерге антиденелер түзетін шеткері тромбоцитопения
- амилаза және/немесе липаза деңгейінің жоғарылауы
- сөйлеудің транзиторлық бұзылуы
- ісік лизисі синдромы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
-
иринотеканға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
ішектің созылмалы қабыну аурулары және/немесе ішек бітелісі
-
сүйек кемігінің қан түзуінің айқын бәсеңдеуі
-
бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
-
қан сарысуында билирубин деңгейінің жоғарғы қалып шегінен 3 еседен астамға жоғарылауы
-
ДДҰ шкаласы бойынша бағаланған пациенттердің жалпы жағдайы >2
-
шайқурай негізіндегі препараттарды бір мезгілде қолдану
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
-
Цетуксимабтың немесе бевацизумабтың, немесе капецитабиннің қосымша қарсы көрсетілімдері үшін осы препараттардың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтарға жүгінген жөн.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Иринотекан Актавис препаратының антихолинэстеразалық белсенділігі бар болғандықтан, суксаметониймен біріктіріп қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасының ұзақтығы артуы және деполяризацияланбайтын миорелаксанттармен біріктіргенде жүйке-бұлшықет блокадасына қатысты антагонистік өзара әрекеттесуі ықтимал.
CYP3A-индукцияланатын құрысуға қарсы препараттарды (мысалы, карбамазепинді, фенобарбиталды немесе фенитоинды) қатар қолдану иринотеканның, глюкуронидтің SN-38 және SN-38 әсерінің төмендеуіне және фармакодинамикалық әсерлерінің 50%-ға және одан көбірекке азаюына әкеледі. Цитохром Р450 3А ферменттерін стимуляциялауға қосымша, жоғары глюкуронидация және өт бөлінудің күшеюі иринотеканның және оның метаболиттерінің әсерін азайтуда белгілі бір рөл атқаруы мүмкін.
Иринотекан Актавис препаратын кетоконазолмен біріктіріп қолдану аминопентан қышқылы метаболитінің плазмалық концентрациясының 87% дейін азаюына және SN-38 метаболитінің плазмалық концентрациясының 109% дейін артуына әкеп соғуы мүмкін.
Р450 3А4 цитохромы арқылы дәрілік метаболизмді тежейтін (кетоконазол) немесе индукциялайтын (рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал немесе фенитоин) дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда, иринотекан метаболизмі өзгеруі мүмкін, бұған жол бермеген жөн.
Иринотеканды шайқурай (Hypericum perforatum) препараттарымен бір мезгілде қолданғанда иринотеканның белсенді метаболитінің SN-38 плазмалық концентрациялары төмендеуі мүмкін. Сондықтан шайқурай негізді препараттарды Иринотекан Актавис препаратымен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Біріктірілген ем режимінде 5-фторурацилді және фолин қышқылын біріктіріп қолдану иринотеканның фармакокинетикасын өзгертпейді.
Иринотеканды атазанавирмен біріктіріп қолдану SN-38 белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.
Иринотекан Актавис препаратын бір құтыда басқа препараттармен араластырмаған жөн.
Барлық цитоуытты препараттарға тән өзара әрекеттесу:
Антикоагулянттарды - К витаминінің антагонистерін қолданған кезде қанның ұйығыштығын және антикоагулянттар мен ісікке қарсы химиялық ем арасында өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін жиірек бақылау қажет болады.
Сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдануға болмайды: вакцинаға жалпы фатальді реакцияның пайда болу қаупі бар.
Тірі әлсіз вакциналармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды: жүйелік, мүмкін өлімге ұшырататын аурулардың пайда болу қаупі бар. Аурудан иммунитеті нашарлаған пациенттерде қауіп жоғарылайды.
Мүмкіндігінше, белсенділігі жойылған вакциналарды (полиомиелитке қарсы) енгізген жөн.
Фенитоинмен бір мезгілде қолданбау керек: цитоуытты препараттармен асқазан-ішек жолынан фенитоиннің сіңуінің төмендеуі салдарынан құрысудың ұлғаю қаупі немесе фенитоинді қолданған кезде бауырлық метаболизмнің артуы салдарынан уыттылықтың ұлғаю қаупі бар.
Циклоспоринмен, такролимуспен бір мезгілде қолданғанда лимфопролиферацияның даму қаупімен бірге иммунитет едәуір төмендеуі мүмкін.
Иринотеканның қауіпсіздік бейініне цетуксимабтың ықпал етуіне, немесе керісінше, қатысты деректер жоқ.
Дәрілік өзара әрекеттесулеріне жүргізілген арнайы зерттеулер нәтижелері бевацизумабтың иринотекан мен оның SN-38 белсенді метаболитінің фармакокинетикасына ешқандай да елеулі әсері бар екендігін көрсеткен жоқ. Алайда бұл фармакологиялық қасиеттеріне байланысты уыттылығының ұлғаюын алдын ала тоқтата алмады.
Айрықша нұсқаулар
Иринотекан Актавис препаратымен емдеу мамандандырылған химиялық емдеу бөлімдерінде ісіктерге қарсы препараттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Жағымсыз әсерлердің табиғатын және пайда болу жиілігін ескере отырып, Иринотекан Актавис төменде келтірілген жағдайларда препаратты қолданудан күтілетін әсер ықтимал қаупінен басым болған жағдайларда ғана тағайындалады:
-
қауіпті факторы бар пациенттерді, әсіресе ДДҰ шкаласы бойынша жалпы жағдай көрсеткіші = 2 болатын науқастарды емдеуде.
-
сирек жағдайларда, пациенттер жағымсыз әсерлерді болдырмауға қатысты нұсқауларды ұстанбаған кезде (атап айтқанда, сұйықтық ішуді бір мезгілде арттыра отырып, диареяға қарсы дереу және ұзаққа созылатын ем қажет болғанда). Мұндай пациенттерді стационар жағдайында қатаң бақылауға ұсыныс айтылады.
Егер Иринотекан Актавис препараты монотерапия режимінде қолданылса, ол әдетте әрбір үш апта сайын пайдаланылады. Алайда қалтқысыз қадағалауды керек ететін пациенттерге және ауыр нейтропенияның даму қаупі бар науқастарға препарат аптасына бір рет пайдаланылуы мүмкін.
Кейін болатын диарея
Пациенттер Иринотекан Актавис препаратын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан астам уақытта және емнің келесі циклінен бұрын кез келген уақытта кейін болатын диареяның туындау қаупі жөнінде хабардар болуы тиіс. Монотерапияда сұйық нәжістің алғашқы көрінісінің пайда болуының орташа уақыты Иринотекан Актавис препаратын енгізгеннен кейін 5-ші күні болды. Пациент диарея симптомдарының пайда болғаны жөнінде өз дәрігерін хабардар етуі және тиісті емді бірден бастауы тиіс.
Бұрын құрсақ қуысы немесе жамбас аймағына сәуле емін қабылдаған пациенттерде, бұрын гиперлейкоцитоз байқалған науқастарда, сондай-ақ жалпы жағдайының көрсеткіші ДДҰ шкаласы бойынша > 2 болатын пациенттерде және әйелдерде диареяның пайда болу қаупі жоғарылайды. Диареяны талапқа сай емдемегенде, егер диарея нейтропения аясында дамыса, науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдай пайда болуы мүмкін.
Сұйық нәжістің алғашқы көрінісі пайда болған жағдайда құрамында электролиттер бар сусындарды мол етіп тағайындау және диареяға қарсы емді кідіртпей жүргізу қажет. Диареяға қарсы ем Иринотекан Актавис препаратымен ем жүргізілген бөлімде тағайындалады. Стационардан шыққаннан кейін пациенттер диарея пайда болысымен оны бірден емдеуі үшін тағайындалған препараттарды алуы тиіс. Бұдан басқа, олар Иринотекан Актавис препаратымен ем жүргізген өз дәрігеріне немесе бөлімге диареяның пайда болғаны жөнінде мәлімдеп отыруы тиіс.
Диареяға қарсы ұсынылған емге лоперамидті жоғары дозаларда (1-ші қабылдауға 4 мг және содан кейін әрбір 2 сағат сайын 2 мг) қабылдау жатады. Бұл емді сұйық нәжістің соңғы көрінісінен кейін тағы 12 сағат бойы жалғастырады, оны түзетуге болмайды. Лоперамидтің ішектің функциональді бітелісі дамуы мүмкін болғандықтан, мұндай дозаларды 48 сағаттан артық қабылдауға болмайды. Ем кем дегенде 12 сағат жүргізілуі тиіс.
Диарея және айқын нейтропения (лейкоциттер саны — қанның әр мм3 шаққанда <500 жасуша) бір мезгілде пайда болғанда алдын алу мақсатында диареяға қарсы емге қосымша әсер ету ауқымы кең антибиотиктер тағайындалады.
Кейінгі жағдайларда антибиотиктермен емдеуге қосымша ауруханаға жатқызуға ұсыныс жасалады:
- қызбамен қатар жүретін диарея,
- ауыр диарея (венаішілік гидратацияны қажет ететін),
- лоперамидпен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағаттан астамға созылатын диарея.
Лоперамидті, атап айтқанда мұның алдында препаратты енгізу кезінде диарея байқалған науқастарға алдын алу тұрғысынан тағайындамаған жөн.
Диареяның ауыр түрі бар пациенттерде емнің кейінгі циклдерінде дозаны азайтқан жөн.
Гематология
Иринотекан Актавис препаратын қабылдап жүрген науқастарда апта сайын қанға толық клиникалық талдау жасау қажет. Пациенттерге нейтропенияның және қызбаның пайда болу қаупі жөнінде алдын ала ескерту қажет. Фебрильді нейтропения (дене температурасы — >38 °C және нейтрофилдер саны — <1000 жасуша/мм3) пайда болғанда стационар жағдайында әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді енгізуді кідіртпей бастау керек.
Ауыр гематологиялық әсерлердің пайда болу белгілері бар пациенттерде кейінгі енгізулерде дозаны төмендетуге ұсыныс жасалады.
Ауыр диареясы бар пациенттерде инфекция және гематологиялық уыттылық қаупі жоғарылайды. Ауыр диареясы бар пациенттердің қанына толық клиникалық талдау жасау қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Емдеуді бастар алдында және әрбір цикл алдында бауыр функциясына тексеру жүргізу қажет.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5-3 есе артық болатын пациенттерде иринотекан клиренсінің төмендеуі салдарынан пациенттердің осы тобында гематоуыттылықтың пайда болу қаупінің жоғарылауына әкеп соғатын болғандықтан, апта сайын қанға толық клиникалық талдау жасау қажет.
Жүректің айнуы және құсу
Иринотекан Актавис препаратымен емдеудің әрбір циклі алдында құсуға қарсы препараттарды алдын алу тұрғысынан тағайындау керек. Жүректің айнуы және құсу жиі пайда болады. Кейін болған диарея аясында құсу пайда болған пациенттер ауруханаға дереу жатқызылуы тиіс.
Жедел холинергиялық синдром
Жедел холинергиялық синдром туындағанда (ерте диареяның пайда болуы және тершеңдік, іштің түйіліп ауыруы, миоз және сілекей ағудың жоғарылауы сияқты симптомдардың жиынтығы), клиникалық қарсы көрсетілімдер жоқ болған кезде 0,25 мг атропин сульфатын тері астына тағайындайды.
Препаратты бронх демікпесі бар пациенттерде қолданғанда сақ болған жөн. Сыртартқысында жедел холинергиялық синдромы бар, соның ішінде ауыр түрдегі, пациенттерде Иринотекан Актавис препаратын тағайындар алдында алдын алу тұрғысынан атропин сульфатын енгізуге ұсыныс жасалады.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Иринотеканмен емделу барысында өкпе инфильтратымен көрініс беретін өкпенің интерстициальді зақымдануының пайда болуы жиі емес. Өкпенің интерстициальді зақымдануы өлімге әкеп соғуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді зақымдануына әкеп соғатын қауіп факторларына пневмоуытты препараттарды, сәуле емін қолдану және колонияны стимуляциялайтын факторлар жатады. Қауіп факторы бар пациенттер мұқият қадағалауды және иринотеканмен емдеуге дейін және кейін тыныс жүйесі тарапынан бұзылулар симптомдарын мұқият бақылауды керек етеді.
Экстравазация
Иринотекан Актавистің терілік-ірің сорғыш әсері жоқ болса да, препараттың экстравазациясына жол бермеген және инъекция жасалған жерде қабынудың пайда болу белгілерін қадағалаған жөн. Экстравазация пайда болған кезде инъекция жасалған жерді шаю және оған мұз қою қажет.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің осы категорияларында организм функцияларының, әсіресе бауыр функциясының бұзылулары жиі пайда болатындықтан, препарат дозасын мұқият таңдау қажет.
Ішектің созылмалы қабыну аурулары және/немесе ішек бітелісі
Иринотекан Актавис препараты ішек бітелісі жойылғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Қан сарысуындағы креатинин немесе қан мочевинасындағы азот деңгейінің жоғарылауы байқалды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары болды. Мұндай құбылыстар әдетте инфекциялық үдерістің асқынуларына немесе жүрек айну, құсу немесе диарея салдарынан сусыздануға байланысты. Сондай-ақ ісік лизисі синдромы салдарынан бүйрек функциясының бұзылу жағдайлары сирек байқалды.
Сәулемен ем
Бұрын құрсақ қуысы/кіші жамбас ағзаларына сәулемен ем алған пациенттерде иринотеканды енгізгеннен кейін сүйек кемігі функциясының бәсеңдеу қаупі жоғарылайды. Иринотеканмен емдеуді бастағанға дейін 6 апта ішінде сүйек кемігіне бұдан бұрын ауқымды сәулелік ем алған (мысалы, > 25% сәулеленуі бар пациенттер) пациенттерді емдегенде дәрігерлер сақтық танытуы тиіс. Пациенттердің бұл тобына дозаны реттеу қоданылуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Иринотеканмен емдегеннен кейін миокард ишемиясы жағдайлары, негізінен, цитоуыттық химиялық емдеу аясында жүрек аурулары бар пациенттер тіркелді.
Қауіп факторы бар пациенттер тиісінше мұқият бақылауды керек етеді. Сондай-ақ модификацияға келетін барлық қауіпті факторларды (мысалға, темекі тарту, гипертензия және гиперлипидемия) барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдау қажет.
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Көптеген қауіп факторлары бар науқастарға иринотеканды қолданған кезде негізгі жаңа түзілімге қосымша тромбоэмболиялық құбылыстар (өкпе эмболиясы, веналық тромбоз және артериялық тромбоэмболия) сирек байқалады.
Иммунодепрессанттарды қолданумен байланысты жағымсыз әсерлер/инфекцияларға жоғары бейімділік
Иринотеканды қоса, химиялық емдеу препараттарын қолдану салдарынан иммунитеті әлсіреген пациенттерге тірі немесе тірі әлсіз вакциналарды енгізу ауыр жағымсыз әсерлерге немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін. Иринотекан қабылдап жүрген пациенттерге тірі вакциналарды енгізуге болмайды. Өлтірілген немесе белсенділігі жойылған вакциналарды енгізуге болады, алайда мұндай вакцинаға реакция төмендетіледі.
Басқалары
Препараттың дәрілік түрінде қосымша зат ретінде сорбитол бар болғандықтан, Иринотекан Актавис препаратын фруктозаның тұқым қуалаған жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Ұрпақ өрбіте алатын жастағы әйелдер және еркектер Иринотекан Актавис препаратымен емдеу кезінде, емдеуді тоқтатқаннан кейін, ең жоқ дегенде, 3 ай бойы контрацепцияның талапқа сай шараларын қолдануы тиіс.
Иринотекан Актавис препаратымен жұмыс жасағанда, цитоуытты препараттармен жұмыс жасаудың және жоюдың стандартты шараларын сақтаған жөн. Қолғаптарды, бет пердені және көзілдіріктерді пайдалану қажет. Ерітінді теріге тиіп кеткен жағдайда оны сабындап жуған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Пациенттерге емдеу кезінде препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде дамитын бас айналу және көру бұзылыстары пайда болуы мүмкін екендігін алдын ала ескерту қажет. Осы симптомдар пайда болған кезде пациенттерге автомобильді және басқа да механизмдерді басқаруды тоқтата тұруға ұсыныс айтылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: артық дозаланудың ең маңызды көріністері ауыр нейтропения және диарея болып табылады. Ұсынылған емдік дозадан екі есе асатын артық дозалану өлімге ұшыратуы мүмкін.
Емі: Арнайы антидоты жоқ. Артық дозалану жағдайында науқасты ауруханаға жатқызып, диарея нәтижесінде болатын дегидратацияны болдырмау үшін дереу қарқынды демеуші емді қолданған және өмір үшін маңызды ағзалардың функцияларын мұқият қадағалаған жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Резеңке тығынмен тығындалған және қорғайтын пластмасса қақпақшасы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған шыны құтыда 2 мл (40 мг/2 мл доза үшін) немесе 5 мл (100 мг/5мл доза үшін) препараттан.
Құты қорғаныш қабығымен немесе онсыз болуы мүмкін.
Құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Актавис Италия С.п.А. – Нервиано Плант, Италия
Пастера 10, 20014 Нервиано (Милан)
Тіркеу куәлігінің иесі
«Актавис Групп», Исландия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд» өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241 – 1 А.
Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31;
Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайты: www.actavis.com