Инфлувир

МНН: Осельтамивир
Производитель: Республиканское производственное унитарное предприятие "АКАДЕМФАРМ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oseltamivir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024041
Информация о регистрации в РК: 05.03.2019 - 05.03.2024
Предельная цена закупа в РК: 4 257.13 KZT
Предельная цена реализации в РК: 5 661.98 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Инфлувир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Осельтамивир

Дәрілік түрі

75 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 75.0 мг осельтамивир (осельтамивир фосфаты түрінде),

қосымша заттар: сусыз лактоза, повидон, тальк, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, картоп крахмалы;

капсуланың құрамы: титан қостотығы (Е 171), кармуазин бояғышы (Е 122), желатин.

Сипаттамасы

Корпусы ақ түсті, нөмірі 0, қатты желатин капсулалар, қақпақшасы – қызыл түсті. Капсуланың ішіндегісі - сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер қоспасы.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нейраминидаза тежегіштері. Осельтамивир.

АТХ коды J05AH02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пероральді қабылдағаннан кейін осельтамивир фосфаты асқазан-ішек жолында оңай сіңіріледі және бауыр эстеразалары әсерімен жоғары дәрежеде белсенді метаболитке айналады. Ішке қабылданған дозаның кемінде 75%-ы белсенді метаболит түрінде, 5%-дан азы бастапқы препарат түрінде жүйелі қан ағымына түседі. Қосалқы дәрі және белсенді метаболит түрінде плазмалық концентрациялары дозаға пропорционалды және ас ішуге байланысты емес.

Таралуы

Адамда белсенді метаболиттің орташа таралу көлемі (Vss) шамамен 23 литрге тең.

Белсенді метаболиттің адамның плазма ақуыздарымен байланысуы елеусіз (шамамен 3%).

Метаболизмі

Осельтамивир фосфаты негізінен бауырда болатын эстеразалар әсерімен жоғары дәрежеде белсенді метаболитке айналады. Осельтамивир фосфаты да, белсенді метаболит те Р450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің тежегіші немесе субстраттары емес.

Шығарылуы

Сіңірілген oсельтамивир негізінен (>90%) белсенді метаболитке айналу арқылы шығарылады. Белсенді метаболит әрі қарай трансформацияға ұшырамайды және несеппен шығарылады. Көптеген пациенттерде белсенді метаболиттің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 6-10 сағатты құрайды. Белсенді метаболит бүйректік сөлініс арқылы толық шығарылады.

Бүйректік клиренсі (18.8 л/сағат) шумақтық сүзіліс (7.5 л/сағат) жылдамдығынан артады, бұл препараттың өзекшелік сөлініс арқылы шығарылатынын да көрсетеді. Ішке қабылданған радиактивтік таңбаланған препараттың 20 %-дан азы нәжіспен шығарылады.

Пациенттердің жеке топтарындағы фармакокинетикасы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Түрлі дәрежедегі бүйрек зақымданулары бар пациенттерге 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 100 мг осельтамивирден тағайындаған кезде «плазмадағы белсенді метаболиттің концентрация – уақыт» (AUC) қисық астындағы ауданы бүйрек функциясының төмендеуіне кері пропорционалды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Іn vitro эксперименттер бауыр патологиясы бар пациенттерде осельтамивир фосфаты AUC шамасы айтарлықтай жоғарыламағанын, ал белсенді метаболит AUC төмендемегенін көрсетті.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (65 жас және одан асқан) препараттың жартылай шығарылу кезеңі ересек жастағы жастау пациенттердегі осындайдан айтарлықтай ерекшеленбейді. Препараттың AUC және көтерімділігі бойынша деректерді ескере отырып, егде жастағы науқастарда бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 60 мл/мин) болмаса, тұмауды емдеу және профилактикасында дозаны түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Осельтамивир фосфаты белсенді метаболиттің (осельтамивир карбоксилатының) ізашар дәрісі болып табылады. Белсенді метаболит вирустың нейраминидазасының – вирионның беткейінде болатын гликопротеиндік ферменттердің іріктелген тежегіші болып табылады. Вирустық фермент нейраминидазаның белсенділігі түзілген вирустық бөлшектердің инфекцияланған жасушалардан босап шығуы және вирустың организмде әрі қарай таралуы үшін маңызды.

Осельтамивир карбоксилаты А және В тұмауы вирустарының нейраминидазаларын in vitro тежейді. Осельтамивир фосфаты тұмау вирусының өсуін тежейді және оның in vitro репликациясын басады. Осельтамивирді ішу арқылы қабылдау адамның күніне екі рет 75 мг қабылдағанымен бірдей дозаларда тұмау модельдеріне жануарларда сынақ жүргізгенде А және В тұмауы репликациясын және патогенділігін in vivo тежейді. Осельтамивирдің А және В тұмауына қатысты вирусқа қарсы белсенділігі дені сау еріктілерде провокациялық сынамалармен эксперименттік зерттеулерде расталды.

Осельтамивирдің нейраминидаза ферментіне қатысты тежегіш концентрация медианасының мәні (IC50) клиникалық оқшауланған А тұмауы үшін 0.1 нМ-ден 1.3 нМ дейін ауытқыды, В тұмауы үшін 2.6 нМ болды. Зерттеудің жарияланған нәтижелерінде В тұмауы үшін – IC50 8.5 нМ дейін жоғарырақ мәндері туралы хабарланды.

Қолданылуы

Тұрғындар арасында тұмау вирусының жаппай таралуы кезінде әдеттегі тұмау симптомдары бар ересектерде тұмауды емдеу.

Тұрғындар арасында тұмау вирусының жаппай таралуы кезінде клиникалық диагностикаланған тұмаумен жанасудан кейін ересектердегі тұмау профилактикасы.

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды ішке қабылдайды.

Ересектердегі тұмауды емдеу

Ұсынылатын доза – 75 мг осельтамивир тәулігіне 2 рет 5 күн бойы. Емді мүмкіндігінше ертерек, бірақ тұмау симптомдары дамыған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс. Симптомдары алғаш көрініс берген сәттен бастап 2 күн ішінде ем басталған жағдайлардағы тиімділігі анықталған. Бұл нұсқау табиғи жолмен туындаған тұмаудың, негізінен А тұмауының клиникалық зерттеулеріне негізделген.

Ересектердегі тұмау профилактикасы

Тұмаумен ауырған науқаспен тығыз байланыстан кейін профилактика үшін ұсынылған доза – 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 75 мг осельтамивир. Препаратты қабылдауды мүмкіндігінше ертерек, бірақ науқаспен жанасудан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастау қажет. Препаратты тұмау профилактикасы үшін тиісінше пайдалануды популяцияны қорғау қажеттіліктері мен жағдайларына сәйкес әр нақты жағдайда анықтау керек. Ерекше жағдайларда (мысалы, айналымдағы вирус штаммы мен вакцина арасында сәйкессіздік болғанда, сондай-ақ пандемия кезеңінде) маусымдық профилактика мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Қоғамдағы эпидемия кезіндегі профилактика

Эпидемия өршіп тұрғанда тұмау профилактикасы үшін тәулігіне 1 рет 75 мг осельтамивирді қолдану ұсынылған, қолдану ұзақтығы – 6 аптаға дейін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тұмауды емдегенде және профилактикасында дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Креатинин клиренсі 60 мл/мин асатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 10 мл/мин аз болғанда осельтамивирді қолдануға болмайды. Креатинин клиренсі 60 мл/мин аз болғанда дәрілік заттың бұл дәрілік түрін қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді қоспағанда, дозаны түзету қажет емес.

Иммун тапшылығы бар пациенттер

Иммун тапшылығы бар пациенттер үшін маусымдық профилактиканы 12 аптаға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі: өте жиі (1/10), жиі (1/100, бірақ <1/10), жиі емес (1/1000, бірақ <1/100), сирек (1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Ересектерде тұмауды емдеудің және профилактикасын зерттеулерде ұсынылатын дозаларды (75 мг күніне екі рет 5 күн бойы және 75 мг күніне бір рет 6 аптаға дейін) қабылдаған кезде ең жиі кездескен жағымсыз реакциялар, профилактикасын зерттеудегі дозалау ұзақтығының үлкен екеніне қарамастан, пайда болу жиілігі жағынан ұқсас болды.

Ересектерде тұмауды емдеу және профилактикасы үшін осельтамивирді зерттеуде немесе постмаркетингтік бақылау кезінде кездескен жағымсыз әсерлер:

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі – бронхит, қарапайым герпес, назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, синусит.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: сирек – тромбоцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: жиі емес – аса жоғары сезімталдық реакциялары; сирек – анафилаксиялық реакциялар, анафилактоидты реакциялар.

Психиканың бұзылулары: сирек – қозу, әдеттен тыс мінез-құлық, үрейлену, сананың көмескіленуі, мания, сандырақтау, елестеулер, қорқыныштар, дене мүшесін зақымдаушылық.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: өте жиі – бас ауыруы; жиі – ұйқысыздық; жиі емес – сананың шатасуы, құрысулар.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар: сирек – көрудің бұзылуы.

Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі емес – жүрек аритмиясы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: жиі – жөтел, тамақтың ауыруы, ринорея.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: өте жиі – жүрек айну; жиі – құсу, іштің ауыруы (құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруын қоса), диспепсия; сирек – асқазан-ішектен қан кету, геморрагиялық ринит.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес – бауыр энзимдері белсенділігінің ұлғаюы; сирек – фульминантты гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, гепатит.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: жиі емес – экзема, дерматит, бөртпе, есекжем; сирек – ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, синдром Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз.

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар: жиі – ауыру, бас айналуы (вестибулярлықты қоса), шаршау, гипертермия, аяқ-қолдың ауыруы.

Жекелеген жағымсыз реакциялар туралы қосымша ақпарат

Тұмауды емдеудің зерттеулерінде ересектерде жүрек айну және құсу, профилактикасын зерттеуде – жүрек айну сияқты жағымсыз әсерлер жиі сипатталды. Осы жағымсыз әсерлердің көпшілігі туралы бірінші немесе екінші емдеу күні бір рет хабарланды, және олар 1-2 күннің ішінде өздігінен басылды. Көптеген жағдайларда бұл жағымсыз әсерлер емдеуді тоқтатуға әкеліп соққан жоқ.

Сатылуы басталған сәттен бастап осельтамивирдің мынадай күрделі жағымсыз реакциялары туралы сирек хабарланды: анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар, бауыр аурулары (фульминантты гепатит, бауыр функциясының бұзылуы және сарғаю), ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз, асқазан-ішектен қан кету және нейропсихиатриялық бұзылыстар.

Психиканың бұзылулары және жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Тұмау әртүрлі неврологиялық және мінез-құлықтық симптомдармен астасуы мүмкін, олар елестеулер, делирийлер және әдеттен тыс мінез-құлық сияқты, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын оқиғаларды қамтуы мүмкін. Бұл бұзылыстар энцефалиттің немесе энцефалопатияның аясында, сондай-ақ айқын ауыр аурудың болмаған кезінде де пайда болуы мүмкін.

Тұмаумен ауырған, осельтамивирді қабылдаған пациенттерде постмаркетингтік кезеңде құрысулар және делирийлер (сананың көмескіленуі, сананың шатасуы, әдеттен тыс мінез-құлық, мания, елестеулер, қозу, үрейлену, қорқынышты түстер көру сияқты симптомдарды қоса) туралы хабарланды, олар өте сирек жағдайларда дене мүшесін зақымдаушылыққа немесе өлімге әкеліп соқты. Бұл бұзылыстардың пайда болуындағы осельтамивирдің рөлі белгісіз. Осындай нейропсихиатриялық біліністер туралы осельтамивирді қабылдамаған, тұмаумен ауырған науқастарда да хабарланды.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Тұмау тәрізді аурулары бар пациенттерде бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар, оның ішінде гепатит және бауыр энзимдері белсенділігінің артуы, фульминантты гепатитті/өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қамтиды.

Нұсқаулықта көрсетілген кез келген жағымсыз әсерлер өршігенде немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа да жағымсыз әсерлер пайда болғанда бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- осельтамивирге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (тұрақты гемодиализ, созылмалы перитонеальді диализ, креатинин клиренсі ≤10 мл/мин)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (капсула қабығының құрамында балаларға қолдануға тыйым салынған бояғыш бар).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Плазма ақуыздарымен төмен байланысуы және CYP450 мен глюкуронидаза жүйесіне байланысты емес метаболизмі сияқты осельтамивирдің фармакокинетикалық қасиеттері осы механизмдер арқылы клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер ықтималдығы аздығын болжайды.

Пробенецид: бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде осельтамивир мен пробенецидті бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету қажет емес. Бүйректік тубулярлық аниондық сөліністің күшті тежегіші пробенецидті бір мезгілде қолдану осельтамивирдің белсенді метаболиті концентрациясының шамамен екі есе жоғарылауына әкеледі.

Амоксициллин: осельтамивир бір жолмен шығарылатын амоксициллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейді және осы шығарылу жолы үшін осельтамивирдің әлсіз бәсекелестігі болжанады.

Бүйректік элиминация: бүйректік тубулярлық сөлініс үшін бәсекелестікті жұмылдыратын клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер осы заттардың көпшілігінің белгілі қауіпсіздік бейіні, белсенді метаболиттің элиминациясы ерекшеліктері (гломерулярлық сүзіліс және тубулярлық аниондық сөлініс) себебімен және олардың экскреция механизмдеріне байланысты ықтималдығы аз. Емдік аралығы аз, сол бір жолмен шығарылатын дәрілік препараттарды (мысалы, хлорпропамид, метотрексат, фенилбутазон) қолданатын пациенттерге осельтамивирді тағайындағанда сақ болу керек.

Қосымша ақпарат: осельтамивирді парацетамолмен, ацетилсалицил қышқылымен, циметидинмен немесе антацидтермен (магний және алюминий гидроксидімен, сондай-ақ кальций карбонатымен), ремантадинмен немесе варфаринмен (варфаринге тұрақты, тұмаумен ауырмайтын пациенттерде) қолданғанда осельтамивирмен немесе оның негізгі метаболиті арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Емдеуші дәрігер пациент қабылдайтын барлық дәрілер туралы хабардар болуы тиіс. Инфлувир препаратын қолдану кезінде қандай да бір дәрілік затты қабылдауды бастар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми нұсқаулар негізінде анықталуы тиіс. Емдеу және профилактика үшін осельтамивирді пайдалануға қатысты шешімдер айналымдағы тұмау вирустары туралы деректерді, жылдың әр мезгілі үшін дәрілік сезімталдық модельдері туралы қолжетімді ақпаратты және түрлі географиялық аймақтарда және пациенттердің популяциясында аурудың әсерін ескере отырып қабылдануы тиіс.

Осельтамивир тек тұмау вирустарынан туындаған ауруларда ғана тиімді. Тұмау вирусынан ерекшеленетін агенттер туғызған ауруларға қатысты осельтамивирдің тиімділігіне дәлелдер жоқ.

Инфлувир тұмауға қарсы вакцинаны алмастыра алмайды. Препаратты қолдану тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинация үшін адамдарды анықтауға әсер етпеуі тиіс. Тұмаудан қорғану тек Инфлувирді қабылдаған кезде жалғасады. Инфлувирді популяцияда тұмаудың айналымда болу фактісін растайтын сенімді эпидемиологиялық деректер барысында ғана тұмауды емдеу және профилактикасы үшін қолдану керек. Тұмаудың айналымдағы штаммдарының осельтамивирге сезімталдығы өте құбылмалы. Демек, рецептуралық препараттарды тағайындайтын медицина қызметкерлері Инфлувирді пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде қазіргі уақытта айналымдағы вирустардың осельтамивирге сезімталдық сипаты туралы неғұрлым тың ақпараттарды ескерулері тиіс.

Қатар жүретін ауыр жай-күйлер

Аурухана жату қаупі міндетті болып саналатын жеткілікті дәрежедегі кез келген ауыр немесе тұрақсыз медициналық жай-күйлердегі пациенттерде осельтамивирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.

Иммун тапшылығы бар пациенттер

Иммун тапшылығы бар пациенттерде тұмауды емдеу және профилактикасы үшін осельтамивирдің тиімділігі нақты анықталмаған.

Жүрек/респираторлық аурулар

Созылмалы жүрек ауруларынан және/немесе тыныс алу жолдары ауруларынан зардап шегетін пациенттерде осельтамивирдің тиімділігі анықталмаған. Мұндай пациенттерде дәрі мен плацебо қабылдаған топтар арасындағы асқынулардың туындау жиілігінде айырмашылықтар байқалмаған.

Нейропсихиатриялық бұзылулар

Осельтамивирді қабылдау кезінде тұмаумен ауырған пациенттерде нейропсихиатриялық жағдайлар байқалды. Тұмаумен ауырған, бірақ осельтамивир қабылдамаған пациенттерде осыған ұсқас бұзылулар байқалды. Пациенттердің мінез-құлық өзгерістерін мұқият бақылап, әр пациент үшін емді жалғастырудың пайдасы мен қаупін мұқият бағалау қажет.

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік

Жүкті әйелдерде осельтамивирді пайдаланып бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, постмаркетингтік есеп берулерден және ретроспективті бақылаушылық зерттеулерден алынған шектеулі деректер ғана бар. Жүкті әйелдер осельтамивирді қауіпсіздік туралы қолда бар деректерді, тұмау вирусының айналымдағы штаммының патогенділігін және жүкті әйелдің жай-күйін ескеріп қолдануына болады.

Лактация кезеңі

Аналары осельтамивирді қабылдаған емшек еметін балалар туралы, және осельтамивирдің емшек сүтімен бөлінетіні туралы шектеулі деректер осельтамивир және оның белсенді метаболиті емшек сүтінен нәресте үшін емдік дозаға жетпейтін өте төмен дозаларда табылғанын көрсетті. Осы ақпаратты, тұмау вирусының айналымдағы штаммының патогенділігін және ананың жай-күйін ескере отырып, егер бала емізетін ана үшін әлеуетті пайдасы болса ғана осельтамивирді қолдануды қарастыруға болады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмаған, алайда бұл қабілеттердің бұзылуы тұмау вирусының орталық жүйке жүйесіне әсерінен туындауы мүмкін.

Артық дозалануы

Осельтамивирдің артық дозалануы туралы хабарламалар клиникалық зерттеулерден және постмаркетингтік мониторинг деректерінен алынған. Артық дозалануы туралы хабарламалардың көптеген жағдайларында жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ.

Артық дозалануына байланысты хабарланған жағымсыз құбылыстар табиғаты мен жиілігі бойынша осельтамивирді емдік дозада қолданғанда байқалған құбылыстарға ұқсас болды және «Жағымсыз әсерлері» бөлімінде сипатталған.

Арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Бір пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«АКАДЕМФАРМ» Республикалық өндірістік біртұтас кәсіпорны, Беларусь Республикасы, Минск қ-сы, 220141, академик В.Ф. Купревич к-сі, 5-үй, 3-корп.,тел./факс: +375 17 268 63 64

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Sabipharm» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Sabipharm» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19, 202-кеңсе, тел.: 8 (727)3110591, A.Karkitbaeva@v-trade.kz

9

Прикрепленные файлы

Инфлувир_ИМП_рус.doc 0.09 кб
Инфлувир_ИМП_каз.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту