Интерферон человеческий лейкоцитарный
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Лейкоцитарлы адам интерфероны
Халықаралық патенттелмеген атауы
Интерферон альфа
Дәрілік түрі
Мұрын ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1000 ХБ
Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат- вирусқа қарсы белсенділігі кем дегенде 1000 ХБ болатын
-типті лейкоцитарлы адам интерфероны
Сипаттамасы
Ақ немесе ақшыл сарыдан қызғылт түске дейiн кеуектi аморфты масса немесе ұнтақ. Гигроскопиялы.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Табиғи интерферон альфа.
АТХ коды L03AB01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық зерттеулер жүргiзiлмеген.
Фармакодинамикасы
Лейкоцитарлы адам интерфероны (Интерферон альфа), интраназальді енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, интерферонның вирус-индукторының әсерiне жауап ретінде донорлық қанның лейкоциттерімен синтезделген ақуыздардың тобын білдіреді.
Интерферон альфа макрофагтардың фагоцитарлы белсендiлiгiн, сондай-ақ Т-жасушаларының және «табиғи киллерлердiң» цитоуытты белсендiлiгін ынталандыратын қабiлетке ие болады, жасушаларда вирустық жұқпаларға төзімдiлiк жағдайын индукциялап және вирустарды бейтараптандыруға немесе олардан жұқпа жұқтырған жасушаларды жоюға бағытталған, иммундiк жүйенің жауап реакциясын модульдей, вирусқа қарсы әсер етедi.
Препаратта адамның иммунитет тапшылығы вирустарына (АИВ-1, АИВ-2), С гепатитінiң вирусына антиденелер және В гепатиті вирусының беткейлік антигенi (НВsAg) болмайды.
Қолданылуы
- тұмауды және басқа жедел респираторлық вирустық жұқпаларды алдын алу және емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Алдын алу мақсатында
Препаратты енгiзуді тікелей жұқтыру қатері кезінде бастап, жұқтыру қаупі сақталғанға дейiн жалғастыру керек.
Препаратты ересектерге және туғаннан бастап балаларға сулы ерiтiндiнi мұрнына бүрку немесе тамызу жолымен бiрдей дозада енгiзедi. Препаратымен ампуланы тiкелей пайдаланар алдында ашады. Стерильді дистильденген немесе суытылған қайнаған суды ампуланың 2 мл-ге сәйкес келетін сызығына дейiн енгiзедi, iшiндегiсі толық ерігенге дейiн абайлап сiлкиді. Ерiтiлген препарат - мөлдiр немесе сәл жылтыраған, түссiз немесе ақшыл сарыдан қызғылт түске дейiн болатын сұйықтық. Ерiтiлген препаратты бір тәулiк бойы 2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтауға болады.
Бүркуді қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес кез келген жүйенiң бүріккіштерімен жүргізуге болады. Әрбір мұрын жолына аралығы кемінде 6 сағаттан тәулiгіне екi рет ерiтiндiні 0,25 мл-ден енгiзу керек.
Тамызу кезінде препаратты әрбір мұрын жолына аралығы кемінде 6 сағаттан тәулiгіне 2 рет 5 тамшыдан енгiзедi.
Емдеу мақсатында
Препаратты алғашқы клиникалық симптомдар пайда болған кезде аурудың ерте кезеңiнде қолдану ұсынылады. Препараттың тиiмдiлiгi оны қолдануды ертерек бастағанымен жоғары.
Препаратты ересектерге және туғаннан бастап балаларға бiрдей дозада мұрынға бүрку немесе тамызу жолымен қолданады.
Бүрку немесе тамызу кезінде препаратты 2 мл суда ерітіп, әрбір мұрын жолына 2-3 күн бойы тәулiгіне кемінде 5 рет 1-2 сағат сайын 0,25 мл (5 тамшыдан) енгiзедi.
Жағымсыз әсері
Препаратты қолдану кезінде жағымсыз әсерлері тiркелмеген.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- интерферон препараттарына жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жергiлiктi қолданылатын басқа вирусқа қарсы препараттармен және конгестанттармен бiр мезгiлде пайдалануға рұқсат етiледi.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты инъекция жолымен енгiзуге мүлдем тыйым салынады! Аллергиялық ауруларымен тұлғаларға сақтықпен қолдану керек.
Шұғыл типті аллергиялық реакциялар кезінде симптоматикалық ем жүргізу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Неонатальді кезеңдегі (туғаннан бастап) балаларға препаратты бүрку немесе тамызу жолымен қолданады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілерге қолдану тәжірибесі бойынша деректер болмай тұр, сондықтан препаратты анасы үшін пайда мен ұрық үшiн қауіп арақатынасын ескеріп, дәрігердің қатал тағайындауы бойынша қолданады.
Лактация кезеңінде - шектелмеген.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ампулада 1000 ХБ-тен. 10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, ампулалық скарификаторымен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған. Кертігі, сақинасы немесе сындыруға арналған нүктесі бар ампулаларды қаптау кезінде, ампулалық скарификатор салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 С-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС министрлігі ,
Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қ-сы 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй,
тел. (495) 710-37-87, факс (495) 783-88-04, e-mail: secretariat@microgen.ru.
Өндірістің мекенжайы: Ресей Федерациясы, 634040, Томск облысы,
Томск қ-сы, Ивановск к-сі, 8 үй, тел. (3822) 63-37-34.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС министрлігі, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел. /факс (727) 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.