Интеллан (сироп)

Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001170
Информация о регистрации в РК: 14.02.2022 - 14.02.2032

Инструкция

Саудалық атауы

ИНТЕЛЛАН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: азиялық центелл шөбінің қою сығындысы – 100,0 мг дәрілік эмблика жемісінің қою сығындысы – 40,0 мг гинкго қос жарнақты жапырағының қою сығындысы – 50,0 мг біз тәрізді амомум жемісінің қою сығындысы – 30,0мг егістік күнзе жемісінің қою сығындысы – 30,0 мг херпестис монниер шөбінің қою сығындысы – 10,0 мгқосымша заттар: қант, сусыз лимон қышқылы, глицерин, метилпарабен, пропилпарабен, пропиленгликоль, тәтті апельсин эссенциясы, «Тутти-фрутти» хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қышқылтым-тәтті және ашқылтым дәмімен, өзіне тән иісі бар, күңгірт-қоңыр түсті шәрбат тәріздес сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды N07Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы: Препараттың әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, компоненттерінің барлығы бірдей маркердің немесе биозерттеудің көмегімен зерттелуі мүмкін емес, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін болмайды. Фармакокинетиканы зерттеу тек жекелеген биобелсенді компоненттерге ғана жүргізілген.

Фармакодинамикасы

ИНТЕЛЛАН – ми белсенділігін көтермелегіштерінің ішіндегі таңдаулы препарат.

Құрамында фармакологиялық тұрғыдан белсенді өсімдіктер бар, олар қоздырғыш жүйке-трансмиссиондық заттар ретінде әсер етеді. Гинкго билоба – құрамында флавонольдық гликозидтер және терпенлактондар бар. Ми қан айналымын және мидың оттегімен және глюкозамен қамтамасыз етілуін жақсартады. Қан тамырын кеңейтетін әсері бар, тромбоциттердің бірігуіне кедергі жасайды. Метаболикалық үрдістерді қалыпқа келтіреді, тіндерге антигипоксиялық әсер етеді. Липидтердің асқын тотығуына және жасушалық мембраналардың бос радикалдарының түзілуіне бөгет болады. Ми тіндерінде және шеткергі тіндерде ісінуге қарсы айқын әсер етеді. Азиялық центелла – құрамында тритерпенді гликозидтер, бакозидтер, флавоноидтар бар. Көктамыр жеткіліксіздігінде қылтамыр өткізгіштігін жақсартады. Херпестис монниер – құрамында алкалоидтар (брахмин, херпестин), гликозидтер, сапониндер, амин қышқылдары (аспаргинді, глютаминді, серин, терионин, аланин, глицин, лейцин) бар. Көтермелегіш, құрысуға қарсы әсер етеді. Егістік күнзе құрамында эфир майы, борнеол, тимол, камфен, бетапинен, цитронеллол, нерол бар. Дәмді және иісті түзететін дәрі ретінде қолданылады. Біз тәрізді Амомум - құрамында эфир майлары (а-терпинеол, мирцин, лимонин, сабинин, b-фелладрин, борнеол) бар. Ынталандырғыш әсер етеді. Дәрілік эмблика – құрамында көп мөлшерде С витамині, В1, В2 витаминдері, микроэлементтер, кальций, фосфор, темір, пектин бар. Қанда пектиннің көмегімен холестерин деңгейін төмендетеді. Құрамындағы биологиялық тұрғыдан белсенді, табиғи, жеңіл қорытылатын

С витамині антиоксиданттық әсерді қамтамасыз етеді. Эритропоэзді, ақуыздар биосинтезін ынталандырады, тегі мезенхималық – сүйек дентині мен коллаген тіндерінің дұрыс қайта өсіп шығуына ықпал етеді.

ИНТЕЛЛАН трансмиссияның нейрогуморальдық модификаторы ретінде әсер етеді және ми қыртысындағы заттардың алмасуына көтермелегіш әсері бар, ми белсенділігін және жадының дамуын жақсартады. ИНТЕЛЛАН ми қан айналымын жақсартады, жүйке жасушаларының қоректенуін қамтамасыз етуді, метаболизм өнімдерінің жойылуын жақсартады. Жұмсақ нейрокөтермелегіш әсері мазасыздықты төмендетеді және жеделге жуық депрессиялық жағдайды емдеуге жәрдемдеседі.

Қолданылуы

  • ми қан айналымының бұзылуларында

  • зейін қоюдың және (немесе) жадының бұзылуында

  • интеллектуалды қабілетінің төмендеуінде

  • астениялық (психогендік немесе невротикалық) жағдайларда

  • шамадан тыс зорығу және шаршағыштықта

  • нейросенсорлық бұзылуларда (бас айналу, құлақ ішінің шуылдауы)

  • балалардың дене және психикалық дамуының кідіруінде

  • жеделге жуық депрессиялық жағдайларда және үрейленудің артуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер – 2 шай қасық, тәулігіне 2 рет.

6-дан 15 жасқа дейінгі балалар –1 шай қасық тәулігіне 2 рет.

Препаратты тамақтанудан кейін қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

  • препаратты түнге қабылдаған жағдайда ұйқының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықта

  • қант диабетінде

  • экссудативті диатезде

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктілік, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Шәрбатта сахароза бар, сондықтан қант диабетімен, экссудативті диатезбен ауыратын, сондай-ақ гипокалориялық емдәмдегі емделушілерде ескерілуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдаған кезде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат қорғағыш сақинамен жабдықталған қалпақшасы бар шыны құтыларға 90 мл құйылған. 1 құты өлшеуіш стақанымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд

Коранги өндіріс аймағы, 30/28

Карачи қ., Пәкістан,

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт Лтд, Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы өкілдігі:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ-сы, Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-41-47, 234-48-53, 234-44-88

 

 

 

Прикрепленные файлы

685047261477977113_ru.doc 49.5 кб
636527571477978280_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники