Интеллан (капсулы)

Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001171
Информация о регистрации в РК: 14.02.2022 - 14.02.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Интеллан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамындабелсенді заттар:120.0 мг Азиялық центелл шөбінің қою сығындысы 110.0 мг Дәрілік эмблика жемісінің қою сығындысы 50.0 мг Гинкго билоба жапырағының қою сығындысы 50.0 мг Біз тәрізді амомум жемісінің қою сығындысы 50.0 мг Егістік күнзе жемісінің қою сығындысы20.0 мг Херпестис монниер шөбінің қою сығындысы қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза.капсула қабығының құрамы: азорубин (Сarm) E122, сары бояғыш D&C, көк бояғыш 1FD&C E 133, титанның қостотығы Е 171, желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі № 0 сұр түсті қатты желатинді капсулалар, корпусында және қақпағында «INTELLAN» басылған жазуы бар. Капсуланың ішінде - қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды N07Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, компоненттерінің барлығы бірге маркердің немесе биозерттеудің көмегімен зерттелуі мүмкін емес, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін болмайды. Фармакокинетиканы зерттеу тек жекелеген биобелсенді компоненттерге ғана жүргізілген.

Фармакодинамикасы

Интеллан – әсері оның құрамына кіретін биобелсенді алкалоидтарға, флавоноидтарға, сапониндерге, гликозидтарға, аминоқышқылдарға, витаминдерге және қажетті микроэлементтерге бай өсімдіктермен шартталған кешенді өсімдік тектес препарат. Препарат еске сақтауды, ақыл-ой қызметін жақсартады, нейротрансмиттерлік орталықты белсенділендіреді, мазасыздықты және депрессияны басады.

Гинкго билоба құрамында флавоноидты гликозидтер және терпенлактондар бар. Ми қан айналымын және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін (антигипоксиялық қасиет) жақсартады. Тамыр кеңейтуші әсерге ие, ми тіндерінде микроайналымды жақсарта отырып, тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Ми тіндері мен шеткергі тіндердің ісінуіне қарсы әсер етеді. Нейромедиаторлардың (норадреналин, дофамин, ацетилхолин) босап шығуына және олардың жарғақшалық рецепторлармен байланысу қабілетіне әсер етеді. Жасушалық жарғақша липидтерінің асқын тотығумен тотығуына кедергі келтіреді және бос радикалдардың (антиоксидантты әсері) әсерін бейтараптандырады.

Азиялық центелл құрамында тритерпенді сапониндер, биофлавоноидтар бар. Ми қан айналымын жақсартады, миды оттегімен қамтамасыз етеді, сонысымен ақыл-ой қабілетін жоғарылатады, ойлау үдерісін жеделдетеді, есте сақтауды жақсартады, бас ауруын басады, сондай-ақ сөйлеу қызметін жақсартады. Ой еңбегінен, сондай-ақ дене еңбегінен шаршауды басады, мазасыздықты жойып, ширығу мен ұйқысыздықты болдырмауға көмектеседі.

Дәрілік эмблика құрамында көп мөлшерде С витамині, В1, В2 витаминдері, никотин қышқылы, микроэлементтер, кальций, фосфор, темір, пектин болады. Ми қан тамырларын кеңейте отырып, мидағы қан айналысын стимуляциялайды. Пектин көмегімен қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Құрамында биологиялық белсенді, табиғи, жеңіл сіңетін С витаминінің жоғары болуы антиоксидантты әсерін, стресске төзімділігін тудырады. Эритропоэзді, ақуыздардың биосинтезін стимуляциялайды, тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині және коллагеннің дұрыс репродукциялануына ықпал етеді. Ас қорыту үдерісін жақсартады, тәбетті арттырады.

Біз тәрізді амомум құрамында эфир майы (а-терпинеол, мирцин, лимонин, сабинин, b-фелладрин, борнеол) бар. Организм қатты ширыққанда, шаршағанда және астенияда төзімділігін арттыратын адаптогендік қасиетке ие. Организмнің жалпы тонусын жоғарылатуға ықпал етеді. Тәбет жоғарылатады, ас қорыту үдерісін жақсартады.

Егістік күнзе құрамында эфир майы, борнеол, тимол, камфен, бетапинен, цитронеллол, нерол бар. Ас қорытуды көтермелеуші әсер етеді. Тыныштандыратын, спазмолитикалық, жел айдайтын, өт айдайтын әсерге ие.

Херпестис монниер құрамында алкалоидтар (брахмин, херпестин), гликозидтер, сапониндер, аминоқышқылдары (аспаргинді, глютаминді, серин, терионин, аланин, глицин, лейцин) бар. Зейін шоғырландыру және есте сақтау механизмдерін стимуляциялаушы әсер етеді.

Интеллан – өсімдік текті нейростимулятор, есте сақтаудың жақсаруына, ой еңбегі және зейін шоғырландыру қабілеті жоғарылауына ықпал етеді.

Препарат ми қан айналымын жақсартады және ми белсенділігін және есте сақтау қызметін күшейте отырып, ми тіндерінің зат алмасуын стимуляциялайды.

Жұмсақ нейростимуляциялайтын әсері мазасыздануды азайтады және жай өрбитін депрессиялық жай-күйлерді емдеуге көмектеседі.

Қолданылуы

  • ми қан айналымының бұзылуларында

  • зейін қоюдың және (немесе) жадының бұзылуында

  • интеллектуалдық қабілеттің төмендеуінде

  • астениялық (психогендік немесе невроздық) жай-күйлерде

  • шамадан тыс ширығу және шаршағыштықта

  • нейросенсорлық бұзылуларда (бас айналу, құлақ ішінің шуылдауы)

  • жай өрбитін депрессиялық жай-күйлерде және үрейленудің артуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: күніне 2 рет 1 капсуладан, тамақтан кейін

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

  • препаратты түнге қарай қабылдаған жағдайда ұйқының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

-18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең (18 жасқа дейін препаратты шәрбат түрінде қабылдау ұсынылады)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Жүкті және бала емізуші әйелдерге қолдануға болмайды, өйткені препараттың осы кезеңде қолданылуы жөніндегі клиникалық деректері жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың бұл дәрілік түрін балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 капсуладан бұралып жабылатын пластмасса қалпақшасы бар пластмасса құтыларда. Құтыларға капсуламен бірге ылғал тартушы қапшық салынады және бос кеңістігі гигроскопиялық медициналық мақтамен толтырылады. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өндіріс аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт Лтд, Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ. Чаплин / Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

 

Прикрепленные файлы

944957591477977122_ru.doc 52 кб
905029491477978294_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники