Интафлю (Флуконазол)

МНН: Флуконазол
Производитель: Линкольн Фармасьютикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025999
Информация о регистрации в РК: 26.09.2022 - 26.09.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Интафлю

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 150 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02AC01

Қолданылуы

Интафлю ересектерде келесі ауруларды емдеуге көрсетілген:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазиялық кандидоз

- шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабықтар кандидозы

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысы гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда

- жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса)

- кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмаса)

- дерматомикоздар, оның ішінде табан дерматофитиялары, бүкіл дене дерматофитиялары, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілмегенде); тырнақ дерматофитиялары (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу мүмкін болмағанда)

Интафлю ересектерде келесі аурулар профилактикасы үшін көрсетілген:

- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары

- қайталану қаупі жоғары АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоздың және өңеш кандидозының қайталанулары

- қынаптық кандидоздың қайталанулар жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп көрініс)

- ұзаққа созылатын нейтропения бар пациенттердегі (химиялық емнен өтетін гемобластоздар бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан өтетін пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы

Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелерді алудан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек. Зеңге қарсы дәрілерді тиісті пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтар ескерілу керек.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, құрылымы флуконазолға ұқсас азол заттарына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тәулігіне 400 мг және одан көп дозада флуконазолды көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин амиодарон және эритромицин сияқты QT аралығын ұзартатын және Р - 450 CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

150 мг капсула құрамында баяу типті аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін понсо 4R (Е124) бар.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді

Цизаприд: бір мезгілде флуконазол мен цизаприд қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, оның ішінде көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия жағдайлары тіркелді. Флуконазолды күніне бір рет және 20 мг цизапридті күніне төрт рет бір мезгілде қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейлерінің едәуір жоғарылауына және QT аралығының ұзаруына алып келеді. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Терфенадин: QTс аралығының ұзару себебінен зеңге қарсы азол препараттарын терфенадинмен бірге қабылдаған пациенттерде күрделі жүрек аритмиялары дамиды. Флуконазол қолдану кезінде QTс аралығының ұзаруы байқалмайды. Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көп (800 мг) дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмалық деңгейлерінің елеулі жоғарылауына алып келеді. Тәулігіне 400 мг және одан көп (800 мг) дозаларда флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Тәулігіне 400 мг және одан көп (800 мг) дозаларда флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізген жөн.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Астемизолдың плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Пимозид: флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Пимозидтің плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және, сирек жағдайларда көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Хинидин: флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану кезінде QT аралығының ұзару жағдайлары және көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның сирек жағдайлары байқалды. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану ықтималды кардиоуыттылық (QT аралығының ұзаруы, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және, соның салдарынан, жүректен болатын кенет өлім қаупін арттырады. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Амиодарон қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрді. Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді

Галофантрин: Флуконазол CYP3A4 ферментін тежеу әсері салдарынан галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ықтималды кардиоуыттылық (QT аралығының ұзаруы, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және, соның салдарынан, жүректен болатын кенет өлім қаупін арттырады. Аталған біріктірілімді қолданбау керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақ болуды және олардың дозасын түзетуді талап етеді

Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану AUC мәндерінің 25% төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20% ұзаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазол дозасын арттыру керек.

Сүйек кемігін ауыстырып салу кезінде флуконазолды тамақпен, циметидин, антацидтермен немесе организмді одан әрі жаппай сәулелеумен бірге пероральді қабылдау флуконазол сіңірілуінің клиникалық мәнді нашарлауына алып келеді.

Гидрохлортиазид: бір мезгілде диуретиктер қабылдап жүрген пациенттерде флуконазол қабылдау режимін өзгерту қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері

Флуконазол P - 450 цитохромы CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол CYP2C19 изоферментін де тежейді. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін және флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдас бөліктерінің плазмалық концентрациясының жоғарылау қаупі де бар. Сондықтан аталған препараттарды абайлап біріктіру керек, ал пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Флуконазолдың ферменттерді тежеу әсері оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуына орай аталған препаратпен емдеуді тоқтатудан кейін 4-5 күн бойы жалғасады.

Алфентанил: дені сау еріктілерде флуконазол (400 мг) мен венаішілік алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында алфентанил AUC10 мәні, CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан, болжамды түрде, 2 есе артады. Алфентанил дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Флуконазол амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. Қатарлас емдеуді бастар алдында және одан кейін бір апта өткен соң 5 – нортриптилин және (немесе) S – амитриптилин концентрациясын өлшеуге болады. Қажет болса, амитриптилин немесе нортриптилин дозасын түзету керек.

Амфотерицин В: бір мезгілде флуконазол мен амфотерицин B қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans туғызған жүйелі инфекциялар кезіндегі әлсіз аддитивті зеңге қарсы әсер, Cryptococcusneoformans туғызған бассүйекішілік инфекция кезінде ешқандай өзара әрекеттесу болмауы, Aspergillusfumigatus тудырған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану барысында флуконазолды варфаринмен біріктіріп қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүрген қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) тіркелді. Флуконазол және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде протромбин уақыты, CYP2C9 изоферменті арқылы варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан, болжамды түрде, 2 есе ұзарады. Флуконазолмен біріктірілімде кумарин немесе индандион антикоагулянттарын қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытын бақылап отыру керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсер ететін) (мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қабылдаудан кейін флуконазол мидазолам концентрацияларының елеулі жоғарылауына және психомоторлық әсерлерге алып келеді. Бір мезгілде флуконазол мен 7,5 мг мидазоламды пероральді қабылдау мидазолам 3,7 және 2,2 есе AUC мәнінің артуына және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолдану кезінде триазолам әсерінің күшеюі және ұзаруы байқалады. Флуконазол қабылдап жүрген пациенттерді бензодиазепинмен қатарлас емдеу қажет болған жағдайда бензодиазепин дозасын азайтып, пациенттерге тиісті қадағалау жүргізген жөн.

Карбамазепин: Флуконазол карбамазепин метаболизмін тежейді және қан сарысуында соңғысының концентрациясын 30% арттырады. Карбамазепин уыттылығының даму қаупі бар. Концентрациясы немесе әсерінің көрсеткіштеріне қарай карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін едәуір арттыра алады. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: Флуконазол және целекоксибпен қатарлас ем кезінде целекоксиб Cmax және AUC мәндерін 68% және 134% арттырады. Флуконазолмен біріктірілімде целекоксиб дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолдың біріктірілген емі қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді. Біріктірілімді қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейлерінің жоғарылау қаупі білінгенше пайдалануға болады.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен болуы мүмкін өліммен аяқталған бір жағдай тіркелді. Оның үстіне, дені сау еріктілерде Флуконазолдың фентанил элиминациясын едәуір кідіртуі көрсетілді. Фентанил концентрацияларының жоғарылауы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Тыныс алудың болжамды бәсеңдеу қаупі тұрғысынан пациенттерді мұқият қадағалап отыру керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - кофермент A - редуктаза (ГМГ - КоA - редуктаза) тежегіштері: флуконазол аторвастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ - КоA - редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалса, миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас ем қажет болса, пациент миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуы тұрғысынан дәрігерде қадағалануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейін бақылап отыруы тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы байқалса немесе егер миопатия немесе рабдомиолиз дамуы диагностикаланса әлде күмән тудырса, ГМГ - КоA - редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Олапариб. Флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмада олапариб концентрациясын арттырады; Пайдалану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді қолданбауға болмаса, күніне екі рет олапариб 200 мг дозасын шектеу керек.

Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: Флуконазол циклоспорин концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Флуконазол және циклоспоринмен (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде емдегенде циклоспорин AUC мәнінің 1,8 есе артуы байқалды. Препараттардың осы біріктірілімін, циклоспорин дозасын оның концентрациясына қарай төмендете отырып, пайдалануға болады.

Эверолимус: Флуконазол, CYP3A4 ферментінің тежелісі салдарынан, қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: Флуконазол, жорамалды түрде, CYP3A4 және Р-гликопротеин арқылы сиролимус метаболизмінің тежелісі салдарынан, сиролимус плазмалық концентрациясын арттырады. Осы біріктірілімді әсеріне және концентрация көрсеткіштеріне қарай сиролимус дозасын түзетумен пайдалануға болады.

Такролимус: Флуконазол пероральді қолдану кезінде, ішекте CYP3A4 ферментінің тежелісі салдарынан, такролимус метаболизмінің тежелуі себепті такролимус концентрациясынесеге дейін арттыра алады. Такролимус вена ішіне қолданылғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістері байқалмады. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылық дамуына алып келді. Пероральді қолдану кезінде такролимус дозасын оның концентрациясына қарай азайту керек.

Лозартан: Флуконазол лозартанмен емдеу кезінде болатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауап беретін лозартанның оның белсенді метаболитіне (Е-3174) метаболизденуін тежейді. Пациенттер артериялық қысымды тұрақты бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Флуконазол қан сарысуында метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, флурбипрофен Cmax және AUC 23% және 81% артады. Осыған ұқсас үлгіде, флуконазол ибупрофен рацемиялық қоспасымен (400 мг) бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық белсенді изомердің (S - (+) - ибупрофен) Cmax және AUC мәндері 15% және 82% артады.

Флуконазол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСПысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. Жағымсыз әсеріне және ҚҚСП-мен байланысты уыттылығына жиі мониторинг ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: Флуконазол 150 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі әсері білінбеді, сонымен қатар тәуліктік 200 мг дозасында этинилэстрадиол мен левоноргестрел AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) 40% және 24% ұлғайды. Осылайша, флуконазолды жоғарыда көрсетілген дозаларда көп рет қолдану ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттар тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде жарғақша арқылы өткізгіштікті реттегіш (CFTR) генінің стимуляторы - ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтордың әсер ету деңгейін 3  есе, ал гидроксиметил - ивакафтор (M1) әсер ету деңгейін 1,9 есе арттырады. Флуконазол мен эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ивакафтор дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету ұсынылады.

Фенитоин: Флуконазол фенитоиннің бауырдағы метаболизмін тежейді. Флуконазол мен фенитоинді вена ішіне 250 мг дозада бір мезгілде көп рет қолдану фенитоин AUC24 мәндерінің 75% және Cmin 128% артуына алып келеді. Бір мезгілде қолдану кезінде фенитоиннің уыттылық көріністерін болдырмау үшін қан сарысуында фенитоин концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизолон: бауыр трансплантациясынан кейін преднизонмен ем қабылдаған пациентте флуконазолмен үш айлық емді тоқтатудан кейін бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай тіркелді. Флуконазол тоқтатудың CYP3A4 ферменті белсенділігінің артуына алып келетіні, өз кезегінде, оның преднизон метаболизмінің күшеюін тудыратыны жорамалданады. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ уақыт ем алып жүрген пациенттерді флуконазолды тоқтатудан кейін бүйрек үсті бездерінің қыртысы жеткіліксіздігінің дамуы тұрғысынан қадағалау керек.

Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуында рифабутин AUC шамасының 80% дейін артуына алып келеді. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеит дамыған жағдайлар мәлімделді. Рифабутин және флуконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жай-күйін рифабутин уыттылығының көрініс беру симптомдары тұрғысынан мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: Флуконазол, CYP3A4 ферментінің қатысуымен саквинавирдің бауырдағы метаболизмінің тежелуі, сондай-ақ P-гликопротеин тежелісі салдарынан, тиісінше, ферменттер қатысатын саквинавир AUC және Cmax мәндерін 50% және 55% жуық арттырады. Саквинавир/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелмеген және өте айқын болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: Флуконазол пероральді сульфонил мочевина препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: Флуконазол мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген пациенттерді немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары пациенттерді теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер мезгілінде анықтау мақсатында мұқият қадағалау қажет; олар пайда болғанда емді тиісті үлгіде өзгерту керек.

Қабіршөп алкалоиды: Флуконазол қабіршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттыруы және CYP3A4-ті тежеу әсері салдарынан нейроуыттылыққа алып келуі мүмкін.

А дәрумені: транс-ретиной қышқылы (A дәруменінің қышқылды түрі) және флуконазолмен толық біріктірілген емнен өткен пациенттің бір клиникалық жағдайының сипаттамасында флуконазол қабылдауды тоқтатудан кейін басылған идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы тіркелді. Осы біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында пациенттерді қадағалау керек.

Зидовудин: Флуконазол, пероральді қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45% төмендеуіне орай, зидовудин Cmax және AUC мәндерін 84% және 74% арттырады. Флуконазолмен біріктірілген емнен кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128% ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудин қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмады.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазолды (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг, артынан 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) және пероральді Флуконазолды (1-ші күні 400 мг, артынан 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану, тиісінше, вориконазол AUC және концентрациясының, орта есеппен, 57% (90% C1: 20%, 107%) және 79% (90% CI: 40%, 128%) артуына алып келді. Вориконазол мен флуконазолды кез келген дозада бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Вориконазол тікелей флуконазолдан кейін қолданылған жағдайда вориконазол қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг өткізу ұсынылады.

Тофацитиниб: тофацитинибті CYP3A4 орташа тежелісіне де, CYP2C19 тежелуіне де әкелетін препараттармен (мысалы, флуконазол) бір мезгілде тағайындағанда тофацитиниб әсері артады. Тофацитиниб дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Бастың шашты бөлігінің дерматофитиясы

Балаларда бастың шашты бөлігін емдеу кезінде флуконазол қолдану осы препараттың тиімділігі жағынан гризеофульвиннен артық еместігін көрсетті; жалпы емдеу сәттілігі 20% құрады. Осылайша, флуконазолды бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін пайдалануға болмайды.

Криптококкоз

Басқа аумақтар криптококкозын (мысалы, өкпе және тері криптококкозы) емдеу кезіндегі флуконазол тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Паракокцидиоидомикоз, тері-лимфалық споротрихоз және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеудегі флуконазол тиімділігі туралы деректер шектеулі, соның салдарынан, дозалауға қатысты қандай да бір нұсқаулар беру мүмкін емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Флуконазол бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек.

Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

Кетоконазолдың бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін тудыратыны белгілі, ал оны флуконазолды қолдану кезінде, сирек болса да, байқауға болады.

Бауыр функциясының және өт шығару жолдарының бұзылуы

Флуконазол бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Сирек жағдайларда флуконазол қолдану, ең алдымен, күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде ауыр, оның ішінде өліммен аяқталатын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, ем ұзақтығымен, пациенттердің жасымен немесе жынысымен қандай да бір айқын өзара байланыс байқалмады. Флуконазол гепатоуыттылығы, әдетте, қайтымды сипатта болады және емдеуді тоқтатудан кейін басылады.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емдеу кезінде бауырдың аса ауыр зақымдануларының дамуын болдырмау мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерді бауыр үшін ауыр зардаптардың сипаттас симптомдары (астения, анорексия, үнемі жүрек айну, құсу және сарғаю) туралы хабардар етуі тиіс. Флуконазол қабылдауды дереу тоқтатып, ал пациент дәрігерге қаралу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, оның ішінде флуконазолды қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзару жағдайлары орын алды. Тіркеуден кейінгі қадағалау барысында флуконазол қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлар арасында жүректің құрылымдық ауруы, электролиттік бұзылулар және сондай-ақ оқиғаға ықпал етуі мүмкін қатарлас препараттар сияқты қатар жүретін көптеген қауіп факторлары бар ауыр науқас пациенттер туралы хабарламалар болды.

Флуконазол аритмия кезіндегі ықтималды жай-күйлері бар пациенттеге абайлап тағайындалу керек. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромы көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылатын емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Флуконазолмен емдеу кезінде сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс- Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролиз сияқты терінің эксфолиативті реакциялары дамиды. ЖИТС-пен науқас пациенттер көптеген дәрілік препараттарға терінің ауыр реакцияларының дамуына аса бейім. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделуден өтетін пациентте флуконазол әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зеңді инфекциялары бар пациенттерде бөртпе пайда болғанда мұқият қадағалау және буллезді зақымданулар немесе көп пішінді эритема дамыған жағдайда флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелді.

P-450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. Флуконазолды CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін емдік диапазоны тар дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге қадағалау жүргізген жөн.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг-ден аз дозаларда флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізген жөн.

Педиатрияда қолдану

Капсуланың шырышты қабығында балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыштар болуына орай, препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Флуконазолды жүктіліктің бірінші триместрінде қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупінің артуы болады. Аналары кокцидиоидомикоз себебінен флуконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 400-800 мг) үш ай немесе одан көп уақыт бойы ем алған жаңа туған нәрестелерде көптеген туа біткен аномалиялар (оның ішінде брахицефалия, құлақ дисплазиясы, аса аумақты алдыңғы еңбек, ортан жіліктің қисайып кетуі және білек-иық синостозы) тіркелді. Флуконазол қолдану және осы жағдайлар арасындағы өзара байланыс белгісіз.

Флуконазолмен стандартты дозаларда және қысқа мерзімде емдеуді, егер айқын қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Флуконазолмен үлкен дозаларда және/немесе ұзақ уақыт емдеуді, өмірге қауіпті инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емшек сүтіндегі флуконазол концентрациялары оның қан плазмасындағы концентрацияларына ұқсас. Флуконазолды 150 мг немесе одан аз бір рет қабылдаудан кейін бала емізуді жалғастыруға болады.

Флуконазолды көп рет қолданудан немесе көп дозасын қабылдаудан кейін кейін бала емізуге кеңес берілмейді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету зерттеулері жүргізілмеген. Флуконазол қабылдау кезінде пациенттер бас айналу немесе құрысу ұстамаларын сезінуі мүмкін, сондықтан осы симптомдардың кез келгені туындағанда автокөлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден аулақ болу керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Дозаны таңдау зеңді инфекцияның типі мен ауырлығына қарай жүзеге асырылады. Көп реттік дозаларын қолдану қажет болатын инфекция түрлерін емдеуді клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тестілер белсенді зеңді инфекцияның басылғанын айғақтағанша жалғастырған жөн. Жеткіліксіз емдеу курсы белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда, осы нәтижелерді алудан кейін емдеуші дәрігер инфекцияға қарсы емдеуді түзетуі тиіс.

Ересектерде қолдану

Криптококкоз:

  • Криптококкты менингитті емдеу: қанықтыру дозасы 6-дан  8 аптаға дейін тәулігіне бірінші күні 400 мг, келесі доза 200-400 мг құрайды. Өмірге қатерлі инфекцияларды емдеу жағдайларында тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады.

  • Қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына тәулігіне 200 мг.

  • Кокцидиоидомикоз: пациенттің жай-күйіне қарай 11-24 ай бойы немесе одан ұзағырақ 200-400 мг. Кейбір, әсіресе, ми қабықтарының зақымдануымен болатын кейбір инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг дозаны қарастыруға болады.

    Инвазиялық кандидоз: қанықтыру дозасы бірінші күні 800 мг, келесі күнгі доза - тәулігіне 400 мг. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы ұсыным - пациент қанында кандидемияның бар-жоғына алғашқы теріс нәтижені алудан кейін және кандидемия симптомдары толық басылған соң 2 апта.

    Шырышты қабық кандидозын емдеу:

  • Орофарингеальді кандидоз: қанықтыру дозасы 7-21 күн бойы тәулігіне бірінші күні 200-400 мг, келесі доза 100-200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жетуге дейін). Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Өңеш кандидозы: қанықтыру дозасы 14-30 күн бойы тәулігіне бірінші күні 200-400 мг, келесі доза 150 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жетуге дейін). Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Кандидурия: 7-21 күн бойы тәулігіне 200-400 мг. Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг.

  • Созылмалы тері-шырыш кандидозы: 28 күнге дейін жалғасатын тәулігіне 50-100 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функцияның қатарлас бұзылуына және инфекцияға қарай өте ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Қайталану қаупі жоғары АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталануларын болдырмау

  • Орофарингеальді кандидоз: төмендеп кеткен созылмалы иммунитеті бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына тәулігіне 150 мг.

  • Өңеш кандидозы: төмендеп кеткен созылмалы иммунитетпен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойына 150 мг

  • Генитальді кандидоз

  • Жедел қынаптық кандидоз: бір рет 150 мг.

  • Кандидозды баланит: бір рет 150 мг.

  • Қынаптық кандидоз қайталануларын емдеу және профилактикасы (жылына 4 немесе одан көп көрініс): әр үш күн сайын 150 мг - жиынтығы 3 доза (1-ші, 4-ші және 7-ші күні), одан кейін демеуші доза - 6 ай бойы аптасына бір рет 150 мг.

  • Дерматомикоз

  • Табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоздар: 2-4 апта бойы аптасына бір рет 150 мг немесе күніне бір рет 50 мг, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін аптаға дейін созылатын ем қажет болуы мүмкін.

  • Түрлі-түсті теміреткі: 1-3 аптаға созылатын аптасына бір рет 300-400 мг немесе 2-4 апта бойы күніне бір рет 50 мг.

  • Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг. Емдеуді инфекция түскен тырнақ жаңасымен алмасқанша (инфекция түспеген тырнақ өсіп шыққанша) жалғастырған жөн. Қол мен аяқ тырнақтарын қалпына келтіру үшін, әдетте, тиісінше 3-тенайға дейін және 6-дан 12 айға дейін қажет болады. Дегенмен де, өсу жылдамдығы әртүрлі тұлғаларда және жас шамасына қарай едәуір ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ұзаққа созылатын тырнақ инфекциясын емдеу сәтті аяқталған соң тырнақтар деформацияланған күйі қалады.

  • Ұзаққа созылатын нейтропения бар пациенттердегі кандидозды инфекциялар профилактикасы: 200-400 мг. Емдеуді күтілетін нейтропенияның туындауына дейін бірнеше күн бұрын бастау және нейтрофилдер саны мм3 аумағына 1000 жасушадан артық көбейген соң күн бойы жалғастыру керек.

    Егде жастағы пациенттер

    Бүйрек функциясының бұзылу белгілері болмағанда препарат әдеттегі дозада тағайындалады.

    Бүйрек функциясының бұзылуы

    Флуконазол өзгермеген әсер етуші зат түрінде көбінесе несеппен шығарылады. Бір рет қабылдағанда дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге (балалар жасындағы пациенттерді қоса) препаратты көп рет қолдану кезінде 50 мг-ден 400 мг дейінгі бастапқы дозаны (көрсетілімге сай ұсынылатын тәуліктік доза негізінде) енгізген жөн, одан кейін бастапқы жүктеме дозадан кейін қабылданатын тәуліктік доза (көрсетілімге қарай) келесі кестеге сәйкес белгіленеді:

    Креатинин клиренсі (мл/мин)

    Ұсынылатын доза пайызы

    >50

    100%

    ≤50 (диализсіз)

    50%

    Жүйелі диализ

    100% әр диализден кейін

    Жүйелі диализде жүрген пациенттер әр диализден кейін ұсынылатын 100% дозаны қабылдауы тиіс; диализ жасалмайтын күндері пациенттер өздерінің креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозаны алуы тиіс.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде флуконазол қолдану деректері шектеулі, сондықтан осындай пациенттерде аталған препаратты абайлап қолдану керек.

    Енгізу әдісі және жолы

    Флуконазол пероральді қабылданады. Капсулаларды бүтіндей және ас ішуге байланыссыз жұту қажет.

    Дәрігер ең қолайлы дәрілік түрін тағайындауы және жасы, дене салмағы мен дозасына сәйкес дозалауы тиіс. Препарат капсулалар түрінде сәбилер мен кішкентай балаларда қолдануға арналмаған.

    Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

    Әркімге жеке.

    Емдеу ұзақтығы

    Дәрігер тағайындауы бойынша.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Елестеулермен және параноидты мінез-құлықпен қатар жүрген флуконазолмен артық дозалану жағдайлары тіркелген.

    Емдеу - симптоматикалық (оның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю).

    Флуконазол негізінен несеппен шығарылады, сондықтан жеделдетілген диурез препараттың шығарылуын жылдамдата алады.

    Гемодиализдің 3 сағатқа созылатын сеансы плазмадағы флуконазол деңгейін шамамен 50% төмендетеді.

    Дәрілік препарат қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

    Егер сізде препаратты қолдану тәсілі жөнінде қосымша сауалдар туындаса, медициналық қызметкермен хабарласыңыз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

    Жағымсыз құбылыстар жиілігін белгілеу келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін),сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

    Жиі

    - бас ауыру

    - іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея

    - аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

    - бөртпе

    Жиі емес

    - анемия

    - тәбет төмендеуі

    - ұйқышылдық, ұйқысыздық

    - құрысулар, парестезия, бас айналу, дәм сезудің өзгеруі

    - вертиго

    - іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыз кеберсуі

    - холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

    - қышыну, дәрілік бөртпе (тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), есекжем, қатты терлеу

    - миалгия

    - қатты қажу, дімкәстану, астения, қызба

    Сирек

    - агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

    - анафилаксия

    - гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

    - тремор

    - көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы

    - бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

    - уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, бет ісінуі, алопеция (шаштың түсуі)

    Белгісіз:

    - эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) болатын дәрілік реакция.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препарат құрамы

    Бір капсуланың құрамында

    белсенді зат флуконазол - 150 мг

    қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты (150 мг доза үшін);

    желатин капсулаларының құрамы: тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, желатин, титанның қостотығы (Е171), понсо 4R (Е124);

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Ақ түсті корпустан және қызыл түсті қақпақшадан тұратын қатты желатин капсулалар, өлшемі 2. Капсуланың ішіндегісі ақ түсті ұнтақ.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    1 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден (ПВХ/ЛДПЭ/ПВДХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

    1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «Lincoln Pharmaceuticals Ltd», Үндістан

    Trimul Estate, Khatraj, Tal-Kalol,

    Хатрадж, Dist: Gandhinagar,

    Gujarat State

    Phone: + 91 79 30017500

    Telefax: + 91 79 30017600

    E-mail: info@lincolnpharma.com

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «КазЕвроФарм» ЖШС

    050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 48а, 9 кеңсе

    тел./факс: +7 (727) 2615141, 2614466

    электронды пошта: registration1@kazeuropharm.com

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «КазЕвроФарм» ЖШС

    Алматы қ., Құрманғазы к-сі 48 «А», 9 кеңсе, Индекс 050000

    Телефон нөмірі (727) 2729871, 2615141

    Факс нөмірі (727) 2614466

    Электронды пошта: Info@kazeuropharm.com

    Прикрепленные файлы

    Интафлю_ЛВ_21.04_.22_._.doc 0.21 кб
    9_Интафлю_капсулы_ЛВ_итоговая.docx 0.08 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники