Интафлю (200 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: Интерфарма
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021188
Информация о регистрации в РК: 19.02.2015 - 19.02.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 358.2 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Интафлю

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

150 мг, 200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 150 мг, 200 мг флуконазол

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты (150 мг доза үшін);

Лактоза моногидраты, кремофор-ЕЛ, натрий лаурилсульфаты, натрий хлориді, кросповидон, сусыз коллоидты кремний (200 мг доза үшін).

желатин капсулалар құрамы: тазартылған су, натрий лаурилсульфаты,

метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, желатин, титанның қостотығы (Е171), Понсо 4R (Е124) (150 мг доза үшін);

Тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, желатин, титанның қостотығы (Е171), күн батар түстес сары FCF (Е110), эритрозин (Е127), Понсо 4R (Е124), көк жылтыр FCF (Е133) (200 мг доза үшін).

Сипаттамасы

Өлшемі 2, қызыл түсті корпустан және ақ түсті қақпақшадан тұратын қатты желатин капсулалар (150 мг доза үшін)

Өлшемі 2, қара түсті корпустан және қызғылт-сары түсті қақпақшадан тұратын қатты желатин капсулалар (200 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар.

Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдаудан кейін флуконазол жақсы сіңеді, жалпы жүйелі биожетімділігі 90 %-дан астам құрайды. Бір мезгілде тамақтану ішке қабылдағанда препараттың сіңуіне ықпал етпейді. Қан плазмасындағы флуконазол концентрациясы қабылдаудан кейін 0,5-1,5 сағаттан соң жоғары шегіне жетеді және қабылданған дозасына пропорционал.

Ем басталған соң 4-5 күнге қарай тепе-тең концентрациясының 90 % тең деңгейіне жетеді (тәулігіне бір рет препаратты көп рет қабылдағанда).

Әдеттегі тәуліктік дозасынан артық болатын жүктеме дозасын 2 қабылдауда 1-ші күні қабылдау 2-ші күнге қарай 90 % концентрациясына жетуге мүмкіндік береді.

Таралуы

Болжамды таралу көлемі организмдегі жалпы су мөлшеріне жақындайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен (11-12 %). Флуконазолдың организмнің барлық сұйықтықтарында таралу дәрежесі жоғары. Сілекей мен қақырықтағы флуконазол деңгейлері оның қан плазмасындағы концентрацияларына ұқсас. Зеңді менингиті бар пациенттерде жұлын-ми сұйықтығындағы флуконазол деңгейлері оның қан плазмасындағы деңгейлерінің 80 % жуығын құрайды.

Мүйізгек қабат, эпидермис, дерма және тер сұйықтығында сарысудағысынан асып кететін жоғары концентрацияларға жетеді. Тәулігіне 1 рет 50 мг дозада флуконазол қабылдағанда 12 күннен соң оның концентрациясы мүйізгек қабатта 73 мкг/г, ал емдеуді тоқтатудан кейін 7 күн өткенде тек 5,8 мкг/г құрайды. Аптасына 1 рет 150 мг дозада қабылдағанда 7-ші күні 23,4 мкг/г, ал екінші дозаны қабылдаудан кейін 7 күн өткенде 7,1 мкг/г құрайды.

Аптасына 1 рет 150 мг дозада 4 ай қолданудан кейін флуконазол концентрациясы сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады; ем аяқталған соң 6 ай өткенде флуконазол тырнақтардан анықталды.

Метаболизмі

Флуконазол екіншілік метаболиттерге дейін ғана метаболизденеді. Радиобелсенді дозадан небәрі 11 % өзгеріссіз күйде несеппен бірге шығарылды. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерін селективті тежейді. Флуконазол CYP2C19 изоферментін де тежейді.

Шығарылуы

Флуконазол, негізінен, бүйрекпен шығарылады; қабылданған дозаның 80 % шамасы өзгеріссіз күйде несептен табылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал. Айналымдағы метаболиттері табылмаған. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, 30 сағатқа жуық. Бұл қынаптық кандидоз кезінде бір рет және басқа көрсетілімдерде тәулігіне 1 рет немесе аптасына 1 рет флуконазол қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегі фармакокинетикасы

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (ШСЖ < 20 мл/мин) пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 30 сағаттан 98 сағатқа дейін ұзарған. Осыған орай препарат дозасын азайту қажет. Флуконазол гемодиализ үдерісінде және аз дәрежеде перитонеальді диализ көмегімен шығарылады. Үш сағаттық гемодиализ сеансынан соң флуконазолдың 50 % жуығы шығарылады.

Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы

Флуконазолдың 50 мг бір реттік дозасын ішу арқылы қабылдаған 65 жастағы және одан асқан пациенттердің қатысуымен фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Осы пациенттердің кейбірі бір мезгілде диуретиктер қабылдаған. Препарат дозасын қабылдаудан кейін 1,3 сағаттан соң Cmax мәні 1,54 мкг/мл құрады. AUC орташа мәні 76,4 ± 20,3 мкгсағ./мл, ал терминалдық жартылай шығарылу кезеңінің орташа ұзақтығы 46,2 сағат құрайды. Аталған фармакокинетика параметрлері ер жынысты жас дені сау еріктілерге тән ұқсас мәндерден жоғары. Диуретиктерді қатарлас қабылдау AUC және Cmax мәндерінің өзгерісіне елеулі ықпал етпеген. Бұдан бөлек, егде жастағы тұлғаларда креатинин клиренсі (74 мл/мин), несептегі өзгермеген дәрілік препарат пайызы (0-24 сағат, 22 %) және флуконазолдың бүйректік клиренсі (0,124 мл/мин/кг) жасырақ еріктілердегі ұқсас көрсеткіштерден жалпы төмен болды. Осылайша, егде жастағы пациенттерде флуконазол фармакокинетикасының өзгеруіне аталған топқа тән бүйрек функциясы сипаттамаларының төмендеуі себеп болады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Интафлю – зеңге қарсы триазолды дәрі. Оның негізгі әсер ету механизмі зеңдердегі эргостерол биосинтезінің шешуші сатысы болатын 14-альфа-ланостерол деметилдену реакциясының зеңдік P-450 цитохромы арқылы тежелуімен жүзеге асады.

14-альфа-метилстерол жиналуы зеңдердің жасушалық жарғақша құрамына кіретін эргостеролдың кейінгі жоғалуымен өзара байланысты; бұл үдеріс флуконазолдың зеңге қарсы әсерінің негізінде жатады.

Интафлюдің P-450 цитохромына тәуелді зеңді ферменттерге қатысты спецификалығы жоғары. Интафлюдің, сүт қоректілердің P-450 цитохром тектестігінің әртүрлі ферменттеріне қатыстылығына қарағанда, зеңдердің P-450 цитохром тектестігінің ферменттеріне қатысты едәуір селективтілігі анықталған.

Интафлю клиникалық тәжірибеде ең көп таралған Candida зеңі түрлеріне қатысты (C. albicans, C. parapsilosis, C. Tropicalis қоса) зеңге қарсы in vitro белсенділік танытады. C. glabrata кең диапазонда сезімталдық танытады, C. krusei флуконазол әсеріне төзімді.

Интафлю сонымен бірге Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii қатысты, сондай-ақ Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis эндемиялық өңезді зеңдерге қарсы in vitro белсенділік танытады.

Интафлюдің 28 тәулікке дейінгі тәулігіне 150 мг емі ерлер плазмасындағы тестостерон концентрациясына немесе бала туу жасындағы әйелдердегі стероидтар концентрациясына ықпал етпеген. Интафлю тәулігіне 200-400 мг дозада ер жынысты дені сау еріктілерде эндогенді стероидтар деңгейіне және тәулігіне АКТГ көтермеленген реакциясына клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді. Антипиринмен өзара әрекеттесу зерттеулері 150 мг дозада бір рет те, көп рет те Интафлю қабылдаудың оның метаболизміне ықпал етпейтінін көрсетті.

Төзімділігінің даму механизмі

Candida текті зеңдерде азолдар тобындағы антимикотиктер әсеріне қарсы бірқатар қорғаныс механизмдері табылды. Бір немесе бірнеше осындай төзімділік механизмдерін өндірген штаммдар үшін флуконазолдың ең төмен тежегіш концентрациясы (ЕТК) жоғары, бұл in vivo зерттеулерінде және клиникалық зерттеулерде препарат тиімділігіне теріс әсер етеді.

Өз табиғаты жағынан көбіне флуконазолға сезімтал болмайтын C. аlbicans-тан тыс Candida тектес зеңдер (мысалы, Candida krusei) туғызған асқын инфекцияның даму жағдайлары тіркелген. Ондай жағдайларда зеңге қарсы баламалы ем қолдану талап етіледі.

Қолданылуы

Интафлю ересектердегі келесі ауруларды емдеуге көрсетілімді:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазиялық кандидоз

- шырышты қабықтар кандидозы, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты) ауыз қуысы гигиенасының сақталуы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда

- жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз (жергілікті ем қолданылмайтын)

- кандидозды баланит (жергілікті ем қолданылмайтын)

- дерматомикоздар, соның ішінде табандар дерматофитиялары, дене дерматофитиялары, шап дерматофитиялары, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелі ем көрсетілетін); тырнақтар дерматофитиялары (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын)

Интафлю ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілімді:

- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы

- қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоздың және өңеш кандидозының қайталанулары

- қынаптық кандидоздың қайталану (жылына 4 немесе одан көп көрініс) жиілігін азайту үшін

- нейтропениясы ұзаққа созылатын пациенттерде (химиялық емнен өтетін гемобластоздары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалатын пациенттер) кандидоз инфекцияларының профилактикасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Интафлю iшу арқылы қабылданады. Капсулаларды ас ішуге байланыссыз және бүтіндей жұту қажет.

Доза зеңді инфекцияның типі мен ауырлығына қарай таңдалады. Инфекциялардың көп реттік дозалар қолдануды талап ететін түрлерін емдеуді клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тестілер белсенді зеңдік инфекцияның басылуын айғақтайтын сәтке дейін жалғастырған жөн. Жеткіліксіз емдеу курсы белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Емді өсірінділік және басқа да зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанша бастауға болады, алайда осы нәтижелер алынған соң емдеуші дәрігер инфекцияға қарсы емді түзетуі тиіс.

Ересектерде қолдану

Криптококкоз:

  • Криптококкты менингитті емдеу: қанықтыру дозасы бірінші күні 400 мг, кейінгі дозасы 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне 200-400 мг құрайды. Өмірге қатерлі инфекцияларды емдеу жағдайларында тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады.

  • Қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталануын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңінің ішінде тәулігіне 200 мг.

    Кокцидиоидомикоз: пациент жағдайына қарай 11-24 ай немесе одан да ұзақ уақыт бойы 200-400 мг. Кейбір, әсіресе, ми қабықтарын зақымдайтын инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг дозаны қарастыруға болады.

    Инвазиялық кандидоз: қанықтыру дозасы бірінші күні 800 мг, кейінгі дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы ұсыным – пациент қанында кандидемияның болуына бірінші теріс нәтижені алудан кейін және кандидемия симптомдары толық басылған соң 2 апта.

    Шырышты қабық кандидозын емдеу:

  • Орофарингеальді кандидоз: қанықтыру дозасы бірінші күні 200-400 мг, кейінгі дозасы 7-21 күн бойы тәулігіне 100-200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жеткенше) құрайды. Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде едәуір ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Өңеш кандидозы: қанықтыру дозасы бірінші күні 200-400 мг, кейінгі дозасы 14-30 күн бойы тәулігіне  150-200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенше) құрайды. Иммундық жүйе функциясы ауыр бұзылған пациенттерде едәуір ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Кандидурия: 7-21 күн бойы тәулігіне 200-400 мг. Иммундық жүйе функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде едәуір ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

  • Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 150 мг.

  • Созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы: 28 күнге дейін созылатын тәулігіне 150-200 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функцияның қатарлас бұзылуына және инфекцияға қарай едәуір ұзақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.

    Қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталануларын болдырмау

  • Орофарингеальді кандидоз: созылмалы төмен иммунитеті бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңінің ішінде тәулігіне 150-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

  • Өңеш кандидозы: созылмалы төмен иммунитеті бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңінің ішінде тәулігіне 150-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

    Генитальді кандидоз

  • Жедел қынаптық кандидоз: бір рет 150 мг.

  • Кандидозды баланит: бір рет 150 мг.

  • Қынаптық кандидоз қайталануларын (жылына 4 немесе одан көп көрініс) емдеу және профилактикасы: әр үш күн сайын 150 мг – жиынтығы 3 доза (1-ші, 4-ші және 7-ші күні), артынан демеуші доза 6 ай бойы аптасына бір рет 150 мг.

    Дерматомикоз

  • Табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоздар: аптасына бір рет 150 мг немесе 2-4 аптада күніне бір рет 50 мг, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін 6 аптаға дейін созылатын ем қажет болуы мүмкін.

  • Түрлі-түсті теміреткі: 1-3 аптаға созылатын аптасына бір рет 300-400 мг немесе 2-4 апта күніне бір рет 150 мг.

  • Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг. Емдеуді жұқпа жұқтырған тырнақ ауысқанша (жұқпа жұқтырмаған тырнақ өскенше) жалғастырған жөн. Қол және аяқ тырнақтарын қалыпқа келтіру үшін әдетте, тиісінше, 3-тен 6 айға дейін және 6-дан 12 айға дейін қажет болады. Дегенмен де, өсу жылдамдығы әртүрлі тұлғаларда және жасына қарай едәуір ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ұзақ уақыттық созылмалы инфекцияны емдеу сәтті аяқталған соң тырнақтар майысқан күйде қалады.

    Нейтропениясы ұзаққа созылатын пациенттердегі кандидозды инфекциялар профилактикасы: 200-400 мг. Емдеуді күтілетін нейтропения туындауына дейін бірнеше күн бұрын бастап, нейтрофилдер саны мм3 көлеміне 1000 жасушадан асқан соң 7 күн бойы жалғастырған жөн.

    Егде жастағы пациенттер

    Бүйрек функциясының бұзылу белгілері болмағанда препарат әдеттегі дозада тағайындалады.

    Бүйрек функциясының бұзылуы

    Бір реттік қабылдау кезінде дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (балалар жасындағы пациенттерді қоса) препаратты көп рет қолдану кезінде бастапқыда 150 мг-ден 400 мг дейінгі екпінді дозасын (көрсетілімге сай ұсынылатын тәуліктік доза негізінде) енгізу керек, одан кейін тәуліктік дозасы (көрсетілімге қарай) келесі кестеге сай белгіленеді:

    Креатинин клиренсі (мл/мин)

    Ұсынылатын доза пайызы

    > 50

    100 %

    ≤ 50 (диализсіз)

    50 %

    Жүйелі диализ

    100 % әр диализден соң

    Жүйелі диализде жүрген пациенттер әр диализден соң ұсынылатын 100 % дозаны алуы тиіс; диализ жоқ күндері пациенттер өздерінің креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозаны алуы тиіс.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Интафлю қолдану жөнінде деректер шектеулі, сондықтан ондай пациенттерде аталған препаратты абайлап қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Барлық жағымсыз әсерлері пайда болу жиілігіне сәйкес тізбеленген:

жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек ( ≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін).

Жиі

- бас ауыру

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея

- қандағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы

- бөртпе

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, парестезия, бас айналу, дәм сезудің өзгеруі

- вертиго

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, дәрілік бөртпе (орныққан дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), есекжем, тердің көп бөлінуі

- миалгия

- қатты қажу, дімкәстану, астения, қызба

Сирек

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция (шаштың түсуі)

Болжанатын жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі жағымсыз әсерлер туралы мәліметтерді хабарлаудың препаратты қолданудың пайда және қауіп арақатынасына мониторинг өткізу үшін маңызы зор. Барлық медициналық қызметкерлер және пациенттер осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық соңында көрсетілген мекенжай мен телефондар бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, құрылымы жағынан флуконазолға ұқсас азолды заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- Интафлюді тәулігіне 400 мг және одан көп дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және Р-450 CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- Интафлю капсуласында лактоза бар болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылық кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді

Цизаприд: Интафлю мен цизапридті бір мезгілде алған пациенттерде жүрек тарапынан болатын жағымсыз құбылыс жағдайлары, соның ішінде көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия жағдайлары тіркелген. Күніне бір рет 200 мг Интафлю мен күніне төрт рет 20 мг цизаприд қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейлерінің елеулі жоғарылауына және QT аралығының ұзаруына алып келеді. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Терфенадин: терфенадинмен бірге зеңге қарсы азол препараттарын алған пациенттерде QT аралығының ұзару себебінен дамыған күрделі жүрек аритмиясының туындауы себепті өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілді. Зерттеу деректері бойынша тәулігіне 200 мг дозада флуконазол қолдану кезінде QT аралығының ұзаруы байқалмаған. Тәулігіне 400 мг және 800 мг флуконазол қабылданған басқа зерттеу тәулігіне 400 мг дозаларда флуконазол қабылдаудың плазмалық терфенадин деңгейлерінің елеулі жоғарылауына әкелетінін көрсетті. Интафлюді 400 мг және одан көп дозаларда және терфенадинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Интафлюді 400 мг және одан көп дозаларда және терфенадинді бір мезгілде дәрігердің мұқият қадағалауымен қолдану керек.

Астемизол: Интафлю мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Астемизолдың жоғары плазмалық концентрациялары QT аралығының ұзаруына, сирек жағдайларда, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Пимозид: Интафлю мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелісіне әкелуі мүмкін. Пимозидтің жоғары плазмалық концентрациялары QT аралығының ұзаруына, сирек жағдайларда, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Хинидин: Интафлю мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмі тежелісіне әкелуі мүмкін. Хинидин қолданылғанда QT аралығының ұзару жағдайлары және көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардияның сирек жағдайлары байқалды. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Эритромицин: Интафлю мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттанудың (QT аралығының ұзаруы, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және, соның салдарынан, жүректен болатын кенет өлімнің ықтималды қаупін арттырады. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмі тежелісіне әкелуі мүмкін. Амиодарон қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрген. Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: Интафлю CYP3A4 ферментінің тежегіш әсері салдарынан плазмалық галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттанудың (QT аралығының ұзаруы, көп пішінді қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және, соның салдарынан, жүректен болатын кенет өлімнің ықтималды қаупін арттырады. Ондай біріктірілімнен аулақ болу керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтануды және олардың дозаларын түзетуді талап етеді

Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: Интафлю мен рифампицинді бір мезгілде қолдану AUC мәндерінің 25 % төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20 % қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдайтын пациенттерге флуконазол дозасын арттыру керек.

Өзара әрекеттесу зерттеулері флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен немесе кейіннен сүйек кемігін ауыстырып салғанда организмнің түгел сәулеге шалдығуымен ішу арқылы қабылдаудың флуконазол сіңірілуін клиникалық мәнді нашарлатпауын көрсетті.

Гидрохлоротиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеуі флуконазол алған дені сау еріктілерде гидрохлоротиазидтің бірнеше дозаларын бір мезгілде қолданудың қан плазмасында флуконазол концентрациясын 40 % арттыруын көрсетті. Осылай ықпал еткенде бір мезгілде диуретиктер алатын пациенттерде флуконазол қабылдау режимін өзгерту қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері

Интафлю P-450 цитохромы CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Интафлю CYP2C19 изоферментін де тежейді. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін және Интафлюмен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдас бөліктерінің плазмалық концентрациясының жоғарылау қаупі де бар. Сондықтан аталған препараттарды абайлап біріктіру керек, ал пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Интафлюдің ферменттерді тежеу әсері осы препаратпен емдеуді тоқтатудан кейін 4-5 күн бойы оның ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне орай жалғасады.

Алфентанил: Дені сау еріктілерде Интафлю (400 мг) мен көктамырішілік алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында алфентанил AUC10 мәні 2 есе артады, бұл CYP3A4 ферментінің тежелісінен болуы мүмкін. Алфентанил дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Интафлю амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және (немесе) S-амитриптилин концентрациясын қатарлас емдеуді бастар алдында және одан кейін бір апта өткенде өлшеуге болады. Қажет болса, амитриптилин немесе нортриптилин дозаларын түзету керек.

Амфотерицин В: Интафлю мен B амфотерицинін бір мезгілде қолдану мынадай нәтижелер көрсетеді: C. аlbicans туғызған жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивті әсер, Cryptococcus neoformans туғызған бассүйекішілік инфекция кезінде ешқандай өзара әрекеттесу болмауы, Aspergillus fumigatus туғызған жүйелі инфекция кезіндегі екі препарат антагонизмі.

Антикоагулянттар: Интафлюді варфаринмен біріктіріп қабылдайтын пациенттерде тіркеуден кейін қолдану барысында протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін қан кету (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) тіркелген. Интафлю және варфаринмен қатарлас емделу кезінде протромбин уақыты 2 есе ұзарады, бұл варфарин метаболизмінің CYP2C9 изоферменті арқылы тежелу салдарынан болуы мүмкін. Кумарин немесе индандион антикоагулянттарын Интафлюмен біріктіріп қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын бақылап отыру керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (әсер етуі қысқа) (мидазолам, триазолам): мидазоламды iшу арқылы қабылдаудан кейін Интафлю мидазолам концентрациясының елеулі жоғарылауына және психомоторлық әсерлерге алып келеді. Бір мезгілде ішу арқылы Интафлю 200 мг және мидазолам 7,5 мг қабылдау 3,7 және 2,2 есе мидазолам AUC мәнінің артуына және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді. Күнделікті 200 мг Интафлюді 0,25 мг триазоламмен біріктіріп ішу арқылы қабылдау 4,4 және 2,3 есе мидазолам AUC мәнінің артуына және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді. Интафлю мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшеюі мен ұзаруы байқалады. Интафлю қабылдайтын пациенттерді бензодиазепинмен қатарлас емдеу қажет болған жағдайда бензодиазепин дозасын азайтып, пациенттерді тиісінше қадағалап отыру керек.

Карбамазепин: Интафлю карбамазепин метаболизмін тежейді және қан сарысуында соңғысының концентрациясын 30 % арттырады. Карбамазепинмен уыттанудың даму қаупі бар. Концентрация немесе әсер көрсеткіштеріне қарай карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Интафлю кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: Интафлю (тәулігіне 200 мг) мен целекоксибтің (200 мг) қатарлас емінде целекоксиб Cmax және AUC 68 % және 134 % ұлғаяды. Интафлюмен біріктірілген целекоксиб дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен Интафлю біріктірілген ем қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді. Біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің ұлғаю қаупі білінгенше пайдалануға болады.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін өліммен аяқталған бір жағдай тіркелді. Оның үстіне, дені сау еріктілерде Интафлюдің фентанил элиминациясын елеулі кідіртуі көрсетілген. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Тыныстың тарылуы болуы мүмкін қауіп тұрғысынан пациенттерді мұқият қадағалап отыру керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - кофермент A - редуктаза (ГМГ- КоA - редуктаза) тежегіштері: Интафлю аторвастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалғанда миопатия мен қаңқа бұлшықеттері жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас ем қажет болғанда, пациент миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының білінуі тұрғысынан дәрігерде қадағалануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінінің елеулі жоғарылауы байқалса немесе миопатия мен рабдомиолиз дамуы диагностикаланса немесе күдік тудырса, ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: Интафлю циклоспорин концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Интафлю (тәулігіне 200 мг дозада) және циклоспоринмен (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде емдегенде циклоспорин AUC мәнінің 1,8 есе артуы байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін циклоспорин дозасын оның концентрациясына қарай төмендетіп пайдалануға болады.

Эверолимус: Интафлю CYP3A4 ферментінің тежелісі салдарынан қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: Интафлю, жорамалды түрде, CYP3A4 және Р-гликопротеин арқылы сиролимус метаболизмін тежеу жолымен плазмалық сиролимус концентрациясын арттырады. Бұл біріктірілімді, концентрация әсері мен көрсеткіштеріне қарай сиролимус дозасын түзеткенде пайдалануға болады.

Такролимус: Интафлю ішу арқылы 5 есеге дейін қолданылғанда CYP3A4 ферментінің ішектегі тежелісі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелуі себепті қан сарысуында такролимус концентрациясын арттыруы мүмкін. Такролимус көктамыр ішіне қолданылғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістері байқалмаған. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келді. Ішу арқылы қолданғанда такролимус дозасын оның концентрациясына қарай азайту керек.

Лозартан: Интафлю лозартанмен емдеу кезінде жүретін ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің басым бөлігіне жауап беретін өзінің белсенді метаболитіне (Е - 3174) лозартанның метаболизденуін тежейді. Пациенттер артериялық қысымын тұрақты бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Интафлю қан сарысуында метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Интафлюмен бір мезгілде тағайындалғанда, флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, флурбипрофен Cmax және AUC 23 % және 81 % ұлғаяды. Осыған ұқсас сипатта, Интафлю ибупрофеннің (400 мг) рацемиялық қоспасымен бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық белсенді изомер (S - (+) - ибупрофен) Cmax және AUC 15 % және 82 % артады.

Интафлю CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығына жиі мониторинг өткізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Ішуге арналған контрацептивтер: Тәуліктік 200 мг дозасында этинилэстрадиол және левоноргестрел AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) 40 % және 24 % ұлғайған уақытта Интафлю 150 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі ықпалы болмаған. Осылайша, жоғарыда көрсетілген дозаларында Интафлюді көп рет қолдану ішуге арналған біріктірілген ұрықтануға қарсы препараттардың тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде жарғақша аралық өткізгіштікті реттегіш (CFTR) генінің стимуляторы – ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтор әсерінің деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтор (M1) әсерінің деңгейін 1,9 есе арттырады. Флуконазол мен эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ивакафтор дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін азайту ұсынылады.

Фенитоин: Интафлю бауырдағы фенитоин метаболизмін тежейді. Бір мезгілде 200 мг дозадағы Интафлю мен 250 мг дозадағы фенитоинді көктамыр ішіне көп рет қолдану фенитоин мәндерінің AUC24 75 % және Cmin 128 % артуына алып келді. Фенитоинмен уыттану көріністерін болдырмау үшін қан сарысуында фенитоин концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: преднизонмен ем алған бауыр трансплантациясынан кейінгі пациентте флуконазолмен үш айлық емді тоқтатудан кейін бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған бір жағдай тіркелген. Интафлюді тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігін жоғарылатып, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туындатады деп жорамалданады. Интафлю және преднизонмен ұзақ уақыт ем алатын пациенттерді Интафлюді тоқтатудан кейін бүйрек үсті бездерінің қыртысы жеткіліксіздігінің дамуы тұрғысынан қадағалау керек.

Рифабутин: Интафлюмен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутин AUC шамасын 80 % дейін арттырады. Интафлю және рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеиттің даму жағдайлары хабарланған. Интафлю мен рифабутинді бір мезгілде алатын пациенттердің жағдайын рифабутинмен уыттану көрінісінің симптомдары тұрғысынан мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: Интафлю CYP3A4 ферменті қатысатын саквинавирдің бауырдағы метаболизм тежелісі, сондай-ақ P-гликопротеин тежелуі салдарынан ферменттердің қатысуымен саквинавир AUC және Cmax мәндерін шамамен 50 % және 55 % арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеген және айқын білінуі мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: Интафлю сульфонилмочевинаның ішуге арналған препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: 14 күн ішінде 200 мг Интафлю қабылдау теофиллин клиренсі орташа жылдамдығын 18 % төмендетеді. Интафлю мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдайтын пациенттерді немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары пациенттерді теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер мезгілінде анықтау мақсатында мұқият қадағалау қажет; олар білінгенде емді тиісті үлгіде өзгерту керек.

Қабіршөп алкалоиды: Интафлю қабіршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттырып, CYP3A4 тежеу әсеріне орай, нейроуыттылыққа әкелуі мүмкін.

А дәрумені: Интафлю мен транс-ретиной қышқылының (A дәруменінің қышқылды түрі) біріктірілген емінен толық өткен пациенттің бір клиникалық жағдай сипаттамасында ОЖЖ тарапынан Интафлю қабылдауды тоқтатудан кейін басылған идиопатиялық көктамырішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлер дамуы тіркелген. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ пациенттерді ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында қадағалау керек.

Зидовудин: Интафлю ішу арқылы қабылдау кезінде зидовудин клиренсінің шамамен 45 % төмендеуі салдарынан зидовудин Cmax және AUC 84 % және 74 % арттырады. Интафлюмен біріктірілген емнен кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128 % ұзарады. Осы біріктірілімді алатын пациенттер зидовудин қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: зерттеу деректері бойынша флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): ішуге арналған вориконазол (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг, артынан 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) және ішуге арналған Интафлюді (1-ші күні 400 мг, артынан 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану, вориконазол концентрациясы мен AUC мәндерін, тиісінше, орта есеппен, 57 % (90 % C1: 20 %, 107 %) және 79 % (90 % CI: 40 %, 128 %) арттырды. Интафлю мен вориконазолды кез келген дозада бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Интафлюден кейін тікелей вориконазол қолданған жағдайда вориконазол қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг өткізу ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Бастың шашты бөлігі дерматофитиясы

Балаларда бастың шашты бөлігін емдеуде Интафлю қолдану зерттелмеген. Препараттың тиімділігі жағынан гризеофульвиннен артық еместігі көрсетілген; емдеудің жалпы сәттілігі 20 % құрады. Осылайша, бастың шашты бөлік дерматофитиясын емдеуге Интафлю пайдалануға болмайды.

Криптококкоз

Басқа аумақтар криптококкозын (мысалы, өкпенің және терінің криптококкозы) емдеуде Интафлю тиімділігін дәлелдейтін деректер жоқ, сондықтан препаратты дозалау туралы нұсқау беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Паракокцидиоидомикоз, тері-лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде Интафлю тиімділігін дәлелдейтін деректер жоқ, осыған орай, дозалануына қатысты қандай да бір нұсқаулар беру мүмкін емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Интафлю бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде абайлап қолданылу керек.

Бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігі

Кетоконазолдың бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігін туындататыны белгілі, ал оны сирек болса да флуконазол қолдану кезінде байқауға болады.

Бауыр функциясының және өт шығару жолдарының бұзылуы

Интафлю бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Сирек жағдайларда флуконазол қолдану, ең алдымен, қатарлас күрделі аурулары бар пациенттерде ауыр, соның ішінде өліммен аяқталатын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттану жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен және жасымен қандай да бір айқын өзара байланысы байқалмаған. Флуконазол гепатоуыттылығы, әдетте, қайтымды сипатта болады және емдеуді тоқтатудан кейін басылады.

Флуконазолмен емделу кезінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштер ауытқулары бар пациенттер одан да ауыр бауыр зақымдануларының дамуынан сақтану мақсатында мұқият бақылауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерді бауыр үшін ауыр зардаптардың сипаттас симптомдарынан (астения, анорексия, тұрақты жүрек айну, құсу және сарғаю) хабарландыруы тиіс. Флуконазол қабылдауды дереу тоқтатып, ал пациент дәрігерге қаралу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдар, соның ішінде флуконазол қолданылғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзару жағдайлары орын алды. Тіркеуден кейінгі бақылау барысында Интафлю қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың арасында жүректің құрылымдық ауруы, электролиттік бұзылулар және оқиғаға ықпал етуі де мүмкін қатарлас препараттар сияқты көптеген қатар жүретін қауіп факторлары бар ауыр науқас пациенттер туралы хабарламалар болды.

Интафлю аритмия кезіндегі осындай ықтималды жай-күйлері бар пациенттерге абайлап тағайындалу керек. QT аралығын ұзартатыны және P-450 CYP3A4 цитохромы көмегімен метаболизденетіні белгілі болған басқа да дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылатын емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан бір мезгілде флуконазол мен галофантрин қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Флуконазолмен емдеу кезіндегі сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. ЖИТС-пен науқас пациенттер көптеген дәрілік препараттарға деген ауыр тері реакцияларының дамуына көбірек бейім. Егер беткейлік зеңді инфекциядан емдеуден өткен пациентте флуконазол әсеріне жатқызуға болатын бөртпе білінсе, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зеңді инфекцияларға шалдыққан пациенттерде бөртпе болғанда оларға мұқият қадағалау жүргізіп, буллезді зақымданулар немесе көп пішінді эритема дамыған жағдайда флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелген.

Р-450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін емдік диапазоны тар дәрілік препараттармен бір мезгілде Интафлю қабылдайтын пациенттерді қадағалап отыру керек.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг дозадан аз флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен қолдану керек.

Қосымша заттар

Интафлю капсуласының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік

Үшінші триместрде флуконазолдың стандартты дозаларын (тәулігіне < 200 мг) бір рет немесе көп рет алатын жүкті әйелдерде алынған деректер препараттың шаранаға жағымсыз әсерінің жоқ екенін көрсетті.

Аналары кокцидиоидомикоз себепті флуконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 400-800 мг) үш ай бойы немесе одан да ұзақ ем алған жаңа туған нәрестелерде көптеген туа біткен аномалиялар (соның ішінде брахицефалия, құлақтар дисплазиясы, алып маңдай еңбегі, ортан жіліктің қисаюы және иық-шынтақ синостозы) тіркелген. Флуконазол қолдану мен осы жағдайлар арасындағы өзара байланыс белгісіз.

Жүктілік кезінде, егер айқын қажеттілік болмаса, Интафлюді стандартты дозаларда және қысқа мерзімді емдеуді қолдануға болмайды.

Жүктілік кезінде, өмірге қауіпті инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, Интафлюді үлкен дозаларда және (немесе) ұзаққа созылатын емді қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Емшек сүтіндегі Интафлю концентрациялары оның қан плазмасындағы концентрациясынан төмен. Бала емізуді флуконазолдың 200 мг немесе одан аз стандартты дозасын бір рет қабылдаудан кейін жалғастыруға болады.

Бірақ көп рет қолданудан немесе флуконазолдың үлкен дозасын қабылдаудан кейін бала емізуді жалғастыруға кеңес берілмейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Интафлюдің көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілмеген. Интафлю қабылдау кезінде пациенттерде бас айналу немесе құрысу ұстамалары болуы мүмкін, сондықтан осы симптомдардың кез келгені туындағанда автокөлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Елестеулермен және параноидты мінез-құлықпен қатар жүретін Интафлю препаратымен артық дозалану жағдайлары тіркелген.

Емі – симптоматикалық (соның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю).

Интафлю, негізінен, несеппен шығарылады, сондықтан жеделдетілген диурез препараттың шығарылуын жеделдете алады.

Гемодиализдің 3 сағатқа созылатын сеансы плазмадағы Интафлю деңгейін шамамен 50 % төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден (ПВХ/ЛДПЭ/ПВДХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 капсуладан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Интерфарма

Тіркеу куәлігінің иесі

Прикрепленные файлы

907864181477976519_ru.doc 181 кб
191996311477977678_kz.doc 238.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники