Инсти Макс

МНН: Адхатоды сосудистой листьев экстракт густой, Валерианы лекарственной корней экстракт густой, Винограда культурного плодов экстракт густой, Гулявник ирио семян экстракт густой, Ивы белой коры экстракта густого, Солодки голой корней экстракт густой, Тысячелистника обыкновенного надземных частей экстракт густой, Фенхеля обыкновенного плодов экстракт густой, Фиалки душистой надземных частей экстракт густой, Филлантус эмблика плодов экстракт густой, Чая китайского листьев экстракт густой
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025711
Информация о регистрации в РК: 08.04.2022 - 08.04.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Инсти Макс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Түйіршіктер

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Барлық басқа емдік препараттар. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AХ

Қолданылуы

Жөтелмен, суықпен, тұмаумен, мұрынның бітелуімен және қызбамен бірге жүретін жалпы дімкәстікпен байланысты жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- аспирин демікпесі

- қант диабеті

- 3 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ақпарат жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Бір мезгілде қабылдағанда қан ұюына қарсы дәрілер мен ацетилсалицил қышқылының әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Препарат құрамында сахароза бар, оны қант диабеті, экссудативті диатезі бар науқастар, сондай-ақ калориясы төмен диетада ескеру керек.

Егер респираторлық ауру тыныс алудың қиындауымен, қызбамен, іріңді немесе қан аралас  қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек.

Педиатрияда қолдану

Балалар үшін Балаларға арналған Инсти препаратын қолдану ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі.

Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеу деректері жоқ.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдер мен машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер мен 18 жастан асқан балалар

1 пакеттен күніне 2-3 рет.

3 жастан бастап балалар 1 сашеден күніне 1 рет

Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек. Тамақтан кейін қабылдаған жөн. Қажет болса, ересек адамның дозасын күніне 4 ретке дейін арттыруға болады.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 7-8 күн

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Ақпарат жоқ.

ДЗ стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қолданылуы тиіс шаралар

Өте сирек

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

6T6TUUhttp://www.ndda.kzUU6T

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 пакеттің ішінде

белсенді заттар:

Ақ тал қабығы қою экстрактісі

Филлантус эмблика жемісінің қою экстрактісі

150.00 мг

80.00 мг

Тамырлы адхатода жапырақтарының қою экстрактісі

60.00 мг

Дәрілік сарбасқурай дәнінің қою экстрактісі

Жұпар шегіргүл жерүсті бөлігінің қою экстрактісі

33.00 мг

20.00 мг

Жалаң мия тамырлары қою экстрактісі

80.00 мг

Қытай шайы жапырақтарының қою экстрактісі

20.00 мг

Кәдімгі арамсарбас жемісінің қою экстрактісі

15.00 мг

Кәдімгі мыңжапырақтың жерүсті бөлігінің қою экстрактісі

20.00 мг

Дәрілік шүйгіншөп тамырлары қою экстрактісі

Жүзім жемістері өсіндісінің қою экстрактісі

100.00 мг

50.00 мг

қосымша заттар: кристалды ментол, натрий бензоаты, қант ұнтағы, қарақат хош иістендіргіші, калий сорбаты, эвкалипт майы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жаншығанда шығатын жүзім иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5.6 г түйіршіктер пакетте (саше).

5 және 10 пакеттен (саше) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

30/28 Коранги өндіріс аймағы,

Карачи, Пәкістан

Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6

Факс: (90-11) 35044263

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд., Пәкістан

30/28 Коранги өндіріс аймағы,

Карачи, Пәкістан

Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6

Факс: (90-11) 35044263

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 15 үй, 4В корпус, 1604 кеңсе

Телефон: 311-10-80

Е-mail:info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

ИМП_рус.docx 0.03 кб
135860_Инсти_Макс_ЛВ_каз_УП_спец.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники