Инсти без сахара

Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013797
Информация о регистрации в РК: 23.08.2019 - 23.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Қантсыз Инсти

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер

Құрамы

1 пакет ішінде

белсенді заттар:

Ақ тал қабығының қою сығындысы 275.0 мг;

Жалаң мия тамырының қою сығындысы 205.0 мг;

Тамырлы Адхатода жапырақтарының қою сығындысы 115.0 мг;

Қытай шайы жапырақтарының қою сығындысы 50.0 мг;

Жұпар шегіргүл жапырақтарының қою сығындысы 40.0 мг;

Дәрілік шүйгіншөп тамырының қою сығындысы 40.0 мг;

Кәдімгі Аскөк жемістерінің қою сығындысы 30.0 мг;

Шар тәрізді эвкалипт жапырақтарының қою сығындысы 15.0 мг;

қосымша заттар: ментол, аспартам, жүгері крахмалы, лактоза.

Сипаттамасы

Жаншығанда шығатын ментол иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар.

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қантсыз Инсти препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес: барлық компоненттер бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен бақыланбайды. Осы себептерге байланысты препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Қантсыз Инсти – қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді фитопрепарат.

Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері бар. Ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсер етеді.

Тамырлы Адхатода құрамында вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін көтермелейді, бұл тыныс алу мускулатурасына «тыныс алу/тыныс шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.

Жұпар шегіргүл құрамында виолин, фриделин, эфир майы бар. Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер етеді.

Жалаң мия құрамында глицирризин, флавоноид, аспарагин гликозидтері бар. Қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті сияқты жалпы иммунитетті де көтермелей отырып, иммунитет көтермелейтін әсерді қамтамасыз етеді.

Қытай шайы құрамында танин, кофеин, теофиллин бар. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.

Кәдімгі Аскөк құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың секреторлы функциясын күшейтеді және муколитиктік әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.

Шар тәрізді эвкалипт құрамында эфир майлары (цинеол, пинен, миртенол, пинокарвон, эйдесмол), иіткіш заттар бар. Антисептикалық әсерге ие, әсіресе стрептококктарға, стафилококктарға қатысты, қабынуға қарсы әсер туындатады. Регенерация үдерістерін көтермелейді, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.

Дәрілік шүйгіншөп құрамында эфир майлары (изовалериан қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгіншөп, хатинин), сапониндер, кетондар бар. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті органдардың түйілуін азайтады.

Инсти емделушілердің жағдайын жақсартады, жоғары температураны және жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді. Дағдылану мен ұйқышылдықты туындатпайды. Ыстық суда жылдам ериді.

Қолданылуы

Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды, ЖРВЖ белгісіне қарай емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Күніне 2-3 рет 1 пакеттен.

Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

  • қанның ұйығыштығы көрсеткіштерінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

  • аспириндік демікпе

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • туа біткен лактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Бір мезгілде қабылдағанда ацетилсалицил қышқылы мен қан ұюына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен ауыратын науқастарға және гипокалориялық емдәмде жүрген емделушілерге қолдануға болады! Препарат құрамында лактоза бар.

Препарат құрамында аспартам бар, сондықтан оны фенилкетонуриясы бар науқастарға қолдану ұсынылмайды.

Егер респираторлық аурулар ауыр тыныс алумен, қызбамен, іріңді немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қантсыз Инсти препаратымен артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5.6 г түйіршіктен үш қабатты алюминий фольгадан жасалған пакеттерге салады.

5 пакеттен медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

30/28 Коранги өндірістік аймағы,

Карачи, Пәкістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд., Пәкістан

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ-сы, Чаплин/Халиуллин к-сі, 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Прикрепленные файлы

223274621477976721_ru.doc 48.5 кб
944553321477977872_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники