Инстенон® форте

МНН: Гексобендин, Этамиван, Этофиллин
Производитель: Глобофарм Фармацойтише Продуктьонс - унд Хандельсгезелльшафт мбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Пурины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005641
Информация о регистрации в РК: 09.02.2012 - 09.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Инстенон® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 60 мг гексобендин дигидрохлориді, 60 мг этофиллин,

100 мг этамиван

қосымша заттар: магний стеараты, тальк, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал,

қабықтың құрамы: сахароза, титанның қостотығы, сансет сары – С түрлі-түсті лагы, монтанат гликоль балауызы, повидон К 30, макрогол 6000, гуммиарабик, тальк.

Сипаттамасы

Жылтыр, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ядросы ақ түсті, қызыл - сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Шеткергі вазодилататорлар. Пуриндер

АТХ коды C04AD

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инстенон® форте препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан оған кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Инстенон® форте – қан ағысы бұзылған жағдайда ми жұмысын жақсартуға арналған біріктірілген препарат болып табылады. Препараттың белсенді компоненттері жүйке жүйесінің ишемиялық және гипоксиялық зақымдану патогенезінің әртүрлі желісіне бірігіп, бір сәтте және бір бағытта әсер етеді.

Этофиллин миокардтың метаболизмін белсенді етіп, жүректің минуттық көлемін арттырады, ол ишемияның шеткі аймақтары қан тамырларындағы перфузиялық қысымның артуына ықпалын тигізеді. Бұл ретте жүйелік артериялық қысым өзгермейді. Жүйке жүйесіне қоздырғыш әсері қыртысасты түзілімдерінің, ортаңғы мидың және бағаналық орталықтар мен ядроларының (вегетативті реттелудің тыныстық, қантамырды қозғалтқыш орталығы, сондай-ақ бассүйек-ми жүйкелері, әсіресе кезеген жүйкесі ядролары) ынталануы арқылы білінеді.

Этамиван ми бағанасы ретикулярлы формациясының бейімделу мүмкіндігіне айқын жағымды әсер етіп, қыртыс және қыртысасты-бағаналы құрылымдары нейрондық кешенінің қызмет жағдайын қалыпты етеді.

Гексобендин анаэробты гликолиз бен пентоздық циклдердің белсенділенуі есебінен глюкоза және оттегінің утилизациясын арттырады. Осындай белсенділену мүмкіндігі ишемия және гипоксия жағдайларында, аэробты тотығып фосфорлану циклі бұзылған кезде ғана жүзеге асады. Анаэробты тотығудың ынталануы медиаторлардың, нейротрансмиттерлердің синтезі мен алмасуы және синаптикалық берілудің қалпына келуі үшін энергетикалық субстрат береді, оның басылуы нейрон мембраналарының құрылысының бұзылуымен қатар, гипоксияда және ми ишемиясында сананың және неврологиялық бұзылулардың жетекші патогенетикалық механизмі болып табылады. Гексобендин, сонымен қатар церебральді және кардиальді қан ағысы аутореттелуінің физиологиялық механизмін тұрақтандырады, ол лактаттың және пируваттың (анаэробты гликолиз өнімдерінің) интракраниальді артериолалар мен қылтамырлардың рецепторлы аппаратына әсер етуімен байланысты.

Инстенон® фортені ишемиялық инсульт, жабық бассүйек-ми жарақаты жағдайында қолданған кезде емделуші санасының қалпына келгені, неврологиялық бұзылулардың кері дамығаны, вегетативті жүйенің белсенділенуі білінеді.

Қолданылуы

- цереброваскулярлық жеткіліксіздікте

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жағдайдың ауырлық сипатына қарай Инстенон® фортені 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет тағайындайды (ең көбі 5 таблетка). Емдеу ұзақтығы кем дегенде 6 апта болуы тиіс. Таблетканы шайнамай, тамақтан кейін, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен қабылдайды.

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы

Дозаны түзету қажет етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

- ауырлық дәрежесі әртүрлі аллергиялық реакциялар

- бас ауыруы, бас айналуы

- ұйқысыздық

- жүрек айнуы

- гипотония / гипертония

- ысыну, құлақтың шуылдауы, жүрек жиырылуы жиілігінің артуы / азаюы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

- құрысу синдромында, жедел қозғыштық жағдайы

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

- эпилепсия

- миға қан құйылу

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Инстенон® форте мен ацетилсалицил қышқылын біріктіріп қолданған кезде оның антиагрегантты әсері күшеюі мүмкін.

Инстенон® форте мен кофеинді жоғары дозада бір мезгілде қолданған кезде Инстенон® фортенің емдік әсері төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Таяуда жедел инсульт алған және айқын ұйқы артериясы стенозы бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылықпен, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза - галактозаның жеткілікті сіңбеуі синдромымен зардап шегуші емделушілер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Негізгі ауру мен ықтимал жағымсыз әсерлерін ескере отырып, Инстенон® форте таблеткаларын пайдалану кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Сиптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилидендихлоридті жабынымен поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ˚С-ден 25 ˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Глобофарм Фармацойтише Продуктьонс-унд Хандельсгезелльшафт мбХ,

Вена, Австрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Такеда Австрия ГмбХ, Австрия

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

Такеда Австрия ГмбХ, Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» компаниясының өкілдігі (Австрия)

Алматы қ., Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштаcы DSO-KZ@takeda.com

Прикрепленные файлы

162885211477977142_ru.doc 54 кб
178064761477978309_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники