Инсвада (1 мг)

МНН: Репаглинид
Производитель: Ривофарм СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Repaglinide
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023223
Информация о регистрации в РК: 08.09.2017 - 08.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Инсвада

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 1мг.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: репаглинид 1 мг.

қосымша заттар: калий полакрилині, меглумин, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, повидон, глицерин, полоксамер, сусыз кальций гидрофосфаты, магний стеараты, темірдің (ІІІ) сары тотығы 172).

Сипаттамасы

Ашық-сарыдан сары түске дейінгі, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Қантты төмендету үшін пероральді түрде қабылданатын препараттар. Қантты төмендететін басқа да препараттар. Репаглинид. АТХ коды A10BX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Репаглинид асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді, бұл қан плазмасында препарат концентрациясының тез жоғарылауына әкеледі. Қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң препарат қан плазмасында ең жоғары концентрациясына (Cmax) жетеді және 0,5; 1 және 2 мг дозаларда қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 9,8; 18,3 және 26 нг/мл құрайды; тамақпен бірге қабылдағанда Cmax 20%-ға азаюы мүмкін. Cmax мәнен жеткеннен кейін плазмадағы репаглинидтің мөлшері тез төмендейді, және препарат организмнен 4-6 сағат ішінде толық шығарылады. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды.

Таралуы

Репаглинидтің фармакокинетикасы орташа абсолюттік биожетімділігімен (63%, өзгеру коэффициенті 11%), тарау көлемінің төмендігімен (30 л, бұл жасушаішілік сұйықтықтың таралуына сәйкес келеді) және қан плазмасынан тезірек элиминациялануымен сиптаталады. Репаглинид адам организмінде плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежеде (98%-дан астам) болуымен сипатталады.

Метаболизмі

Репаглинид бауырда CYP2C8 және CYP3A4 әсер етуімен толық метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді.

Шығарылуы

Репаглинид және оның метаболиттері көбіне өтпен бірге шығарылады. Препараттың 2%-дан азы нәжісте өзгермеген күйінде табылады. Енгізілген дозаның аздаған бөлігі (шамамен 8%) несептен, көбіне метаболиттер түрінде табылады.

Фармакодинамикасы

Инсвада – қысқа әсерлі, жаңа буынды пероральді гипогликемиялық препарат. Қандағы глюкоза деңгейін тез төмендетіп, ұйқы безі инсулинінің секрециясын стимуляциялайды, әрі препараттың әсері ұйқы безінің аралшаларында сақталып, функциясын атқарып тұрған β-жасушалардың санына байланысты.

Репаглинид ұйқы безінің аралшық аппаратының функциональді тұрғыдан белсенді β-жасушалардың жарғақшаларындағы АТФ-тәуелді калий өзектерін бөгейді, олардың деполяризациясын және кальций өзекшелерінің ашылуын туындатып, инсулиннің инкрециясын индукциялайды. Қолданудан кейін 30 минут ішінде инсулинотроптық жауап дамиды және тамақ ішу кезеңінде қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуімен қатар жүреді (тамақ ішу арасында инсулиннің концентрациясы жоғарыламайды).

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде, диетаның, дене салмағын және дене жүктемесін азайту жәрдемімен қандағы глюкоза деңгейін қанағаттанарлықтай бақылауға қол жеткізу мүмкін болмағанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Инсваданы негізгі тамақты ішу алдында ішке қабылдайды. Препаратты негізгі тамақты ішуден 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Препаратты 0-ден 30 минутқа дейінгі аралықта қабылдауға жол беріледі. Доза қандағы глюкоза концентрациясына байланысты әрбір пациент үшін жекелей таңдап алынады. Қандағы глюкоза концентрациясын пациенттің өзі жүзеге асыратын бақылаумен қатар, қандағы глюкоза деңгейін дәрігер де мезгіл-мезгіл анықтауы қажет, бұл осы пациент үшін тиімді ең төмен дозаны белгілеуге мүмкіндік береді.

Ұсынылатын бастапқы бір реттік доза - 0,5 мг. Егер пациент басқа пероральді гипогликемиялық дәріні қабылдаса және гликирленген гемоглобин деңгейі 8% немесе одан жоғарыны құраса, онда Инсвада препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы 1-2 мг құрауы тиіс. Дозаны түзету аптасына бір рет немесе екі аптада бір рет жүргізіледі. Стандартты бір реттік доза тамақ ішу алдында тәулігіне 2, 3 немесе 4 рет 0,5-4 мг құрайды. Негізгі тамақты қабылдау алдында ұсынылатын ең жоғары бір реттік доза 4 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 16 мг-ден аспауы тиіс.

Гипергликемияны бақылаудың тиімділігі метформинмен, тиазолидиндиондармен немесе репаглинидмен монотерапияда жеткіліксіз болса, бұл препараттарды біріктіріп қабылдауға болады. Репаглинидтің бастапқы дозасы Инсвада препаратымен монотерапия кезіндегідей мөлшерде қалуы тиіс. Әрбір препараттың дозасын, қандағы глюкоза деңгейіндегі өзгерулерге негіздей отырып, таңдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиірек кездесетін жағымсыз әсер гипогликемия болып табылады. Мұндай реакциялардың жиілігі қант диабетін емдеудің кез келген түрін қолданған кездегідей, тамақтану дағдылары, препарат дозасы, дене жүктемесі және күйзеліс сияқты жекелей факторларға байланысты.

Репаглинидті және басқа да пероральді гипогликемиялық дәрілерді қолданған кезде байқалған жағымсыз әсерлер берілген. Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі былайша жіктелген: жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан:

өте сирек

- аллергиялық реакциялар; иммунологиялық реакцияларға васкулиттер сияқты жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары білінуі мүмкін; белгісіз – аса жоғары сезімталдық (қышыну, бөртпе, есекжем сияқты).

Эндокриндік жүйе тарапынан:

жиі

- гипогликемия;

жиілігі анықталмаған

- гипогликемиялық кома, естен айыратын гипогликемия. Басқа гипогликемиялық дәрілерді қолданған кездегі сияқты, репаглинидті қолданған кезде гипогликемия дамуы мүмкін. Гипогликемия келесі симптомдармен көрініс беруі мүмкін: үрейлену сезімі, бас айналу, қатты терлеу, тремор, ашығу сезімі, зейін қою бұзылуы. Бұл реакциялар көп жағдайларда ауыр емес және оларды көмірсулар қабылдау арқылы жоюға болады. Ауыр реакцияларда (естен айыратын гипогликемия, гипогликемиялық кома) медициналық жәрдемді, атап айтқанда, декстрозаны (глюкозаны) вена ішіне енгізуді қажет етуі мүмкін. Алайда мұндай реакциялар өте сирек кездеседі, қолда бар деректер арқылы олардың жиіліктерін анықтау мүмкін емес. Гипогликемияның даму қаупі репаглинидтің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулерінде артуы мүмкін.

Көру мүшесі тарапынан:

өте сирек

- көру бұзылыстары. Қандағы глюкоза концентрацияларының өзгерулері, әсіресе гипогликемиялық препараттармен емдеудің бастапқы кезеңінде, көру бұзылыстарына әкеп соғуы мүмкін. Алайда әдетте бұл өзгерулер өткінші сипатқа ие болады.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

сирек

- жүрек-қантамыр аурулары. Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі 2 типті қант диабетінде жоғарылайды. Бір эпидемиологиялық зерттеудің деректерін негізге алсақ, репаглинид қабылдаған пациенттерде (1,85%), сульфонилмочевина туындыларын қабылдаған пациенттермен (1%), бірақ метформин немесе акарбоза қабылдаған пациенттермен салыстырғанда емес, жедел коронарлы синдромның даму қаупі жоғары болады деп болжам жасалады.

Ас қорыту жүйесі тарапынан:

жиі

- іштің ауыруы, диарея;

өте сирек

- құсу, іш қату;

жиілігі анықталмаған

- жүректің айнуы.

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылуларға (іштің ауыруына, диареяға, жүректің айнуына, құсуға және іш қатуға) шағымдар клиникалық зерттеулер барысында байқалды. Алайда осы симптомдардың жиілігі мен ауырлығы инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын басқа пероральді препараттарды қолданған кездегі осындайлардан айырмашылықтары болған жоқ.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан:

өте сирек

- бауыр функциясының бұзылулары (бауырдың ауыр бұзылулары жөнінде мәлімделді, алайда репаглинидпен себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ), бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (репаглинидпен емдеу аясында бауыр ферменттері белсенділігі жоғарылаған жеке жағдайлар байқалды. Көптеген жағдайларда бұл жоғарылаулар мардымсыз және өткінші сипатта болды, тек пациенттердің аздаған бөлігі ғана емдеуді бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауына байланысты тоқтатты).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- репаглинидке немесе препараттың қандай да болсын басқа компонентіне жоғары сезімталдық;

- 1 типті қант диабеті;

- коматозды жағдай дамитын немесе дамымайтын диабеттік кетоацидоз

- гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- инфекциялық аурулар

- үлкен хирургиялық араласымдар және инсулинмен ем жүргізуді қажет ететін басқа да жағдайлар

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Репаглинидтің глюкоза метаболизміне ықпалын тигізетін препараттармен ықтимал өзара әрекеттесуіне көңіл бөлу қажет.

Келесі дәрілік заттар: гемфиброзил, триметоприм, рифампицин, кларитромицин, кетоконазол, итраконазол, циклоспорин, басқа да гипогликемиялық препараттар, МАО тежегіштері, селективті емес β-адреноблокаторлар, АӨФ тежегіштері, салицилаттар, ҚҚСП, октреотид, этанол, анаболиялық стероидтар репаглинидтің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және/немесе ұзартуы мүмкін.

Гемфиброзилді (тәулігіне 2 рет 600 мг-ден) - CYP2C8 және ОАТР1В1 изоферменті тежегіштерін, және репаглинидті (бір рет 0,25 мг дозада) бір мезгілде қолдану репаглинидтің AUC мәнінің 8,1 есеге, Сmах мәнінің 2,4 есеге артуына, сондай-ақ жартылай шығарылу кезеңінің 1,3-тен 3,7 сағатқа дейін ұзаруына әкелді, бұл репаглинидтің гипогликемиялық әсерінің күшеюіне және ұзаруына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, гемфиброзилді және репаглинидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Кетоконазолды (тәулігіне 200 мг-ден) репаглинидпен (бір рет 4 мг дозада) бір мезгілде тағайындағанда репаглинидтің орташа жүйелік әсерінің (AUC және Сmах) 1,2 есеге артқаны тіркелді, мұндайда қандағы глюкоза концентрациясы 8%-дан азға өзгерді.

Итраконазолмен (CYP3A4 изоферментінің тежегішімен) 100 мг дозада өзара әрекеттесуі сондай-ақ дені сау еріктілерде де зерттелді, және AUC мәнінің 1,4 есеге артқаны көрініс берді. Мұндайда дені сау еріктілерде глюкозаның концентрациясына біршама елеулі ықпалы байқалған жоқ.

Дені сау еріктілерде әсер ету механизмі салдарынан CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіші болып табылатын 250 мг кларитромицинді бірге қолданған зерттеулерде репаглинидтің жүйелік әсерінің аздап артқаны байқалды, мұндайда сарысудағы инсулиннің AUC орташа мәні 1,5 есеге, ал Сmах 1,6 есеге артты. Осы өзара әрекеттесудің дәл механизмі анық емес.

Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулерде циклоспорин (100 мг), CYP3A4 изоферментінің тежегіші және ОАТР1В1 күшті тежегіші репаглинидтің Сmах (0,25 мг) 1,8 есеге және AUC мәнін 2,5 есеге арттырды.

β-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Циметидинді, нифедипинді, эстрогендерді немесе симвастатинді репаглинидпен бір мезгілде қолдану репаглинидтің фармакокинетикалық параметрлеріне маңызды әсерін тигізген жоқ.

Дені сау еріктілерге қолданғанда репаглинид дигоксиннің, теофиллиннің немесе варфариннің фармакокинетикалық қасиеттеріне тұрақты жағдайда клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді. Сондықтан репаглинидпен бірге қолданғанда осы компоненттердің дозаларын түзетудің қажеттілігі жоқ.

Келесі заттар: пероральді контрацептивтер, рифампицин, барбитураттар, карбамазепин, тиазид туындылары, ГКС, даназол, қалқанша без гормондары және симпатомиметиктер репаглинидтің гипогликемиялық әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Пероральді контрацептивтерді (этинилэстрадиол/левоноргестрел) бірге қолдану, репаглинид ең жоғары концентрациясына ерте жетсе де, репаглинидтің жалпы биожетімділігінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеруіне әкелмейді. Репаглинид левоноргестрелдің биожетімділігіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді, алайда оның этинилэстрадиолдың биожетімділігіне ықпалын жоққа шығару мүмкін емес. Осымен байланысты, бұрыннан репаглинидті қабылдап жүрген пациенттер осы препараттарды қолдану немесе тоқтату кезеңінде гликемиялық бақылаудың бұзылуларын дер кезінде анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.

Рифампицин – СУРЗА4 және СУР2С8 күшті индукторы, репаглинид метаболизмінің индукторы және тежегіші ретінде әсер етеді. 7 күннің ішінде рифампицинді 600 мг дозада қабылдауға 7-ші күні репаглинидті (тәулігіне 1 рет 4 мг) қосу AUC мәндерінің 50%-ға төмендеуіне әкелді. Егер репаглинидті рифампициннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң қабылдаса, AUC мәні 80%-ға азаяды. Рифампицинді және репаглинидті бір мезгілде қолданғанда репаглинид дозасын түзету қажет болуы мүмкін, ол қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау нәтижелеріне негізделуі тиіс. Бақылау рифампицинмен емдеудің бас кезінде (жедел тежелу), дозаны енгізуден кейін (аралас ықпал – тежелу және индукция), содан кейін рифампицинді тоқтатқанда (тек индукция), және, ақырында, рифампициннің индукциялайтын әсері енді көрініс бермейтін кезде, рифампицин қабылдауды тоқтатқаннан кейін шамамен бір аптадан соң жүргізілуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Инсвада инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын препарат болып табылатындықтан, ол гипогликемияны туындатуы мүмкін. Гипогликемияның даму қаупін жоғарылататын болғандықтан, Инсвада препаратын инсулинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Қандай да болсын гипогликемиялық препараттың жәрдемімен қант диабетін тұрақтандыруға қол жеткізген пациенттерде күйзеліс факторлары (қызба, жарақат, инфекция немесе хирургиялық араласым) гликемияны бақылаудың нашарлауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда репаглинидті тоқтатып, инсулинмен емдеуге ауысу қажет болуы мүмкін.

Пероральді гипогликемиялық препараттардың гипогликемиялық әсері көптеген пациенттерде уақыты келгенде бәсеңдейді. Бұл қант диабеті ағымы ауырлығының өршуімен де, сонымен қатар препаратқа жауаптың бәсеңдеуімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы феномен "салдарлық резистенттілік" ретінде белгілі, және мұны препарат алғаш тағайындалғанның өзінде нақты пациентте тиімсіз болған "алғашқы резистенттіліктен" айыра білген жөн. Пациенттегі жағдайға "салдарлық резистенттілік" ретінде баға берер алдында дозаға түзету жүргізген, сондай-ақ пациенттің диетаға және дене жүктемесіне қатысты нұсқауларды орындауының нақтылығын тексерген жөн.

Жүдеген пациенттерде, сондай-ақ толыққанды тамақ ішпеген пациенттерде гипогликемиялық реакцияларға жол бермеу үшін бастапқы және демеуші дозаларды таңдағанда сақтық қажет.

Репаглинидтің әдеттегі дозаларын тағайындау бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, плазмада репаглинидтің және оның метаболиттерінің жоғары концентрацияларына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, репаглинидті бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге тағайындамаған жөн, ал бауырдың басқа да бұзылулары бар пациенттерге репаглинидті сақтықпен тағайындау керек. Емдеудің жауабына толық шамада баға беру үшін дозаларды түзету арасындағы аралықтарды ұзартқан жөн.

Репаглинид концентрациясы мен креатинин клиренсі арасында әлсіз байланыс байқалса да, бүйрегі ауыр зақымданған пациенттерде препараттың жалпы клиренсі төмендейді. Қант диабеті бар және бүйрегі зақымданған пациенттерде инсулинге сезімталдық жоғарылағандықтан, мұндай пациенттерде дозаны таңдауды сақтықпен жүргізген жөн.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттердің зейінді жұмылдыруға және реакция жылдамдығына қабілеттілігі гипогликемия және гипергликемия кезінде бұзылуы мүмкін. Пациенттерге көлік құралдарын басқарғанда және механизмдермен жұмыс жасағанда гипогликемияның және гипергликемияның дамуына жол бермеу үшін шаралар қолдануға кеңес беру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, қатты терлеу, тремор, бас ауыру.

Емі: қандағы глюкоза концентрациясын жоғарлату жөнінде тиісті шаралар қабылдаған жөн (ішке декстрозаны немесе құрамы көмір суға бай өнімдерді қабылдау керек). Ауыр гипогликемияда (есінен айырылу, кома) – декстрозаны вена ішіне енгізу. Ауыр гипогликемия дамыған жағдайда пациентті шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ламинацияланған полиамидті/алюминий/ поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 15 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2, 4 немесе 6 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ривофарм С.А.», Швейцария

Тіркеу куәлігін ұстаушы

Инсуфар Лабораторис Лтд, Ұлыбритания

Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б тел: 8+7 727 251 99 35, +7 727 251 99 45 факс: 8+7 727 252 90 90+7 701 786 33 98  (24 сағат бойы қолжетімді)pvpharma@worldmedicine.kz.

Прикрепленные файлы

Инсвада_1_мг_каз.doc 0.09 кб
Инсвада_1_мг_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту