Индометацин (100 мг) (Indometacin)

МНН: Индометацин
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Indometacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018583
Информация о регистрации в РК: 06.06.2017 - 06.06.2022
Номер регистрации в РБ: 7683/06/11/11/16/20
Информация о регистрации в РБ: 04.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Индометацин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Индометацин

Дәрілік түрі

Ректальді 50 мг және 100 мг суппозиторийлер.

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында:

белсенді зат - 50 мг немесе 100 мг индометацин,

қосымша заттар: цетил спирті, суппозиторийге арналған негіз:

жартылай синтетикалық глицеридтер (Hard fat).

Сипаттамасы

Сарғыш реңді ақ түсті, конусты цилиндр пішінді суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа, кеуекті өзектер және шұңқыр тәрізді ойығы бар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Сірке қышқылының туындылары.

АТЖ коды M01AB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Индометацинді ректальді түрде қолданған кездегі биожетімділігі 80-90% құрайды. Ең жоғары концентрацияға (С max) 1 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 90% құрайды. Гематоэнцефалдық және плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Синовиальді сұйықтыққа және емшек сүтіне енеді. Жартылай шығарылу кезеңі 4-9 сағатты құрайды. Бауырда метаболизденеді. Ішек-бауырлық қайта айналымға ұшырайды. Бүйректер арқылы препараттың 70%-ы метаболиттер түрінде және өзгермеген күйінде (30%) және асқазан-ішек жолы арқылы 30%-ы метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Индометацин қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсіретін әсер береді. Әсер ету механизмі циклооксигеназа изоферменттерін (ЦОГ1 және ЦОГ2) таңдамай тежеумен байланысты, бұл простагландиндердің арахидон қышқылынан синтезделуінің басылуына әкеп соғады. Қабынуға қарсы әсері қабынудың экссудативтік, сондай-ақ пролиферативтік кезеңіне ықпал етумен жүзеге асады. Тромбоциттердің бірігуін басады.

Ревматизм аурулары кезінде қабынуға қарсы және ауырсынуды сездірмейтін қасиеттері тыныштық және қимылдаған кездегі ауыру, таңертеңгі сіресушілік, буындардың ісінуі сияқты симптомдарды бәсеңдетеді немесе жояды және қызмет ету қабілетін жақсартады. Ревматизмдік емес сипаттағы ауыру синдромының, соның ішінде операциядан және жарақаттан кейін пайда болатын қабыну үдерістерінің бәсеңдеуіне немесе жоғалуына мүмкіндік береді, жараның орнының қабынып ісінуін азайтады. Алғашқы альгодисменореяда препарат ауыруды азайтады. Қабынуға қарсы әсері емнің алғашқы аптасының соңында басталады.

Қолданылуы

- тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларында (ревматикалық артрит, ревматоидты артрит, псориатикалық артрит, подагралық артрит, жасөспірімдік артрит, анкилоздаушы спондилит, остеоартроз, остеохондроз және т.б.)

- люмбаго, ишиас, невралгия, миалгиялар кезіндегі ауыру синдромында

- жұмсақ тіндер зақымданғанда, тендинитте, бурситте

- жарақаттан кейін және операциядан кейін қабыну қатар жүретін ауыру синдромында

- айқын ауыру синдромы бар ЛОР ағзаларының жұқпалы-қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында): фарингитте, тонзиллитте, отитте

- гинекологиялық ауруларда: альгодисменореяда, аднекситте

- бас (соның ішінде етеккір синдромында) және тіс ауырғанда

- қызба синдромында (соның ішінде лимфогранулематозда, лимфомаларда, ісіктердің метастаздарында) - аспирин мен парацетамол тиімсіз болған жағдайда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тік ішекке.

50 мг суппозиторийлер: ересектерге - 1 суппозиторийден тәулігіне 1-3 рет; жасөспірімдерге (14 жастан асқан) бір суппозиторийден тәулігіне 1 рет.

100 мг суппозиторийлер: ересектерге - 1 суппозиторийден тәулігіне 1-2 рет.

Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг құрайды.

Емдеу курсының ұзақтығы әр адамға жекелей белгіленеді.

Жағымсыз әсерлері

- үлкен дозаларда қолданған кезде жүректің айнуы, құсу, қыжыл, тәбеттің жоғалуы, абдоминальді ауырулар, іш қату немесе диарея, стоматит, бауыр қызметінің бұзылуы ("бауыр" трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия), асқазан-ішек жолының (АІЖ) эрозиялық-ойық жаралы зақымында, АІЖ қан кету және тесілуі

- бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, қозу, үрейлену, тітіркенгіштік, талу, қажу, ұйқышылдық, депрессия, шеткергі нейропатия, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттің еріксіз тартылуы, психикалық бұзылулар (деперсонализация, психотикалық көріністер), парестезиялар, дизартрия, паркинсонизм

- дәмнің бұзылуы, естудің нашарлауы, құлақ ішінің шуылдауы, диплопия, көрудің жіті болмауы, мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы, конъюнктивит, орбитальді және периорбитальді ауырулар

- жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, аритмия, тахиаритмия, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, кеуде тұсының ауыруы

- бүйрек қызметінің бұзылуы, протеинурия, гематурия, интерстициальді нефрит, нефротикалық синдром, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

- қан кету (асқазан-ішектік, қызылиектен, жатырдан, геморройда) петехиялар, экхимоздар, пурпура

- тері бөртпесі, терінің қышуы, есекжем, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, ангионевротикалық ісіну, диспноэ, бронхтың түйілуі, өкпенің ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, түйінді эритема, анафилактикалық шок

- апластикалық анемия, аутоиммунды гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, ДТҰ (диссеминацияланған тамырішілік ұю) синдром, гипергликемия, глюкозурия, гиперкалиемия

- асептикалық менингит (аутоиммунды аурулары бар емделушілерде жиі)

- терлеудің күшеюі

- ісінулер, судың және электролиттердің іркілуі

- тік ішектің шырышты қабығының ашуы, қышуы, тітіркенуі, сыртқы өтіс аймағынан қан кету, созылмалы геморройдың, колиттің асқынуы

- сүт безінің ұлғаюы және кернеуі, гинекомастия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- индометацинге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге сезімталдық жоғарылап, есекжем, ринит, коньюктивит, бронх демікпесінің ұстамасы (соның ішінде «аспиринді бронх демікпесі») түрінде білінеді

- жүректің іштен туа болған кемістігінде (қолқа коарктациясы, өкпе бағанасының атрезиясы, Фалло тетрадасы)

- ауыр артериялық гипертензияда

- жүрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде, жүректің ІІІ функционалдық класына жататын ишемиялық ауруында

- ісінулерде

- лейкопенияда және анемияда

- есту нашарлағанда, вестибулярлы аппараттың патологиясында

- түрлі түсті көру бұзылғанда, көру жүйкесінің ауруларында

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болғанда

- проктитте, геморройдың өршіген сатысында, тік ішектен қан кеткенде

- асқазанның және он екі елі ішектің эрозиялы-ойық жара зақымының асқыну сатысында

- ойық жаралы колитте, Крон ауруында

- қан кеткенде (асқазан-ішектің, цереброваскулярлы немесе басқа да белсенді қан кетулерде)

- бауыр мен бүйректің ауыр ауруларында

- панкреатитте

- эпилепсияда

- депрессияда және басқа да психикалық бұзылуларда

- паркинсонизмде

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- балаларға және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- хирургиялық араласудан кейінгі жағдайларда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Минералокортикоидтық, глюкокортикоидтық препараттардың, эстрогендердің және қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттардың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Әсері тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, тромболитиктердің әсерін күшейтеді және қан кету қаупін арттырады.

Плазмада дигоксиннің, метотрексаттың және литий препараттарының концентрациясын арттырады, бұл олардың уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Парацетамолмен, циклоспоринмен және алтын препараттарымен біріктіріп қолдану нефроуытты әсерлердің даму қаупін арттырады.

Этанолмен, колхицинмен, глюкокортикоидтармен және кортикотропинмен бірге тағайындаған кезде қан кету қатарласа жүретін гастроинтестинальді асқынулардың қаупі артады.

Инсулиннің және ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттардың гипогликемиялық әсерін күшейтеді.

Калий жинақтаушы, тиазидтік және ілмекті диуретиктердің әсерін төмендетеді; калий жинақтаушы диуретиктерді қолдану аясында гиперкалиемиялар қаупі артады.

Урикозуриялық, гипотензиялық препараттардың (соның ішінде бета-адренобөгегіштердің) тиімділігін төмендетеді.

Миелоуытты дәрілік заттар препараттың гематоуыттылығының білінуін күшейтеді.

Зидовудиннің уытты әсерін потенциялайды.

Цефамандолмен, цефоперазонмен, вальпрой қышқылымен бірге қолдану – гипопротромбинемияның даму және қан кету қаупін арттырады.

Пенициллиндердің шығарылуын төмендетеді.

Литий препараттарының бүйректік клиренсін төмендетеді және нитроглицериннің қантамырды кеңейткіш әсерін тежейді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жүректің ишемиялық ауруларында, цереброваскулярлы ауруларда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, дислипидемияларда, гиперлипидемияларда, қант диабетінде, шеткергі артериялар ауруларында, артериялық гипертензияларда, темекі шеккенде, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде (КК 30-60 мл/мин), портальді гипертензиясы бар бауыр циррозында, гипербилирубинемияларда, сыртартқыда асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жара аурулары болғанда, H. Pylori жұқпасы бар болғанда, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда, аллергиялық ринитте, мұрынның шырышты қабығының полипінде, бронх демікпесінде, алкогольді жиі қолданғанда, ауыр соматикалық ауруларда; антикоагулянттармен (соның ішінде варфарин), антиагреганттармен (соның ішінде ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел), ішу арқылы қабылданатын глюкокортикостероидтармен (соның ішінде преднизолон), серотонинді кері ұстап қалатын селективті тежегіштерімен (соның ішінде циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин) қатарластыра қабылдағанда; егде жастағы емделушілерге абайлап тағайындайды.

Ұзақ емделу кезінде бауырдың және бүйректің қызмет жағдайын және шеткергі қан көрінісін бақылап отыру қажет.

17-кетостероидтарды анықтау қажет болған кезде зерттеуден 48 сағат бұрын препаратты тоқтатқан жөн.

Асқазан-ішек жолы тарапынан болған жағымсыз құбылыстардың даму қаупін төмендету үшін тиімді өте төмен дозаны мүмкіндігінше қысқа курспен қолданған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезінде автокөлікті және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті механизмдерді басқаруды тоқтата тұрған жөн.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, бастың қатты ауыруы, бас айналуы, жадының нашарлауы және бағыттан адасу. Өте ауыр жағдайларда парестезиялар, аяқ-қолдардың ұюы, конвульсиялар байқалады.

Емдеу: белгісіне қарай. Гемодиализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Құрамында 100 мг индометацин бар ректальді суппозиторийлер

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 3 суппозиторийден.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсұаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Құрамында 50 мг индометацин бар ректальді суппозиторийлер: Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 суппозиторийден.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсұаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

Құрамында 100 мг индометацин бар ректальді суппозиторийлер

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ,

Кринилор к-сі, 5, Порумбень с., Криулень ауд.,

Молдова Республикасы, MD-4829

тел.: (+373-22)-28-18-45, тел/факс: (+373-22)-28-18-46,

www.farmaprim.md

Құрамында 50 мг индометацин бар ректальді суппозиторийлер:

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

MD-2028, Молдова Республикасы,

Кишинэу қ-сы, Г. Тудор к-сі, 3

тел/факс: (+37322) 20-86-72

www.farmaprim.md

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Фармаприм» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86, кеңсе 528, тел. 8-727-2796518, farmaprim.kz@farmaprim.md

 

 

Прикрепленные файлы

303771061477977173_ru.doc 64.5 кб
876211531477978340_kz.doc 78.5 кб
7683_06_11_11_16_20_p.pdf 0.7 кб
7683_06_11_11_16_20_s.pdf 0.66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ