Индовенол

МНН: Индометацин, Рутозид
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Троксерутин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011541
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Индовенол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель 40 г

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: венорутинол (гидроксиэтилорныналмастырған рутин біріктірілімі мен құрғақ зат қосындысы құрамының 100%-на шаққанда) 20 мг, индометацин (100% құрғақ затқа шаққанда) 30 мг,

қосымша заттар: карбомер, пропиленгликоль, диметилсульфоксид,

этанол 96 %, полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).

Сипаттамасы

Біртекті консистенциялы, спецификалық иісі бар, сары түсті гель.

Фармакотерапиялық тобы

Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Троксерутин басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды С05С А54

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сипатталмаған

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық қасиеттері құрамына кіретін құрамдастарына қарай – венорутинолмен және индометацинмен анықталады. Венорутинол жасуша жарғақшасы бұзылуының, жасуша аралық саңылаудың ашылуының және көктамырлар өткізгіштігінің артуының алдын алады. Тамырлар эндотелийін гидроксильді радикалдардың тотығу әсерінен қорғайды.

Цитопротекторлық әсері нейтрофилдердің активациясын және адгезиясын бәсеңсітуімен, тромбоциттердің агрегациясы төмендеуімен, эритроциттердің деформацияға төзімділігі артуымен, қабыну медиаторларының бөлінуі бәсеңсітілуімен білінеді. Көктамыр-артериялық рефлюксті күшейтеді, көктамырлық толығу уақытын арттырады, терінің сыртқы қабатына келетін қан ағынын азайтады. Микроциркуляцияны және микротамырлық перфузияны жақсартады, қылтамырлардың өткізгіштігін және сынғыштығын азайтады. Аяқтың созылмалы көктамыр жеткіліксіздігіне немесе жарақаттық зақымдануларына байланысты ісіну мен басқа да құбылыстарды азайтады. Тіндердің грануляция және эпителизациясын стиумляциялайды.

Индометацин циклооксигеназа белсенділігін бәсеңсіту, эндоасқынтотықтар, брадикинин, простагландиндер және бос радикалдар түзілуін төмендету есебінен қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсер етеді. Ауыру импульстарының Голль және Бурдах сезімтал шоғырларымен жүруіне кедергі келтіріп, ОЖЖ ауырудың таламустық орталығының қозу шегін арттырады. Венорутинолды индометацинмен біріктірілімде пайдалану ауыруды басатын және қабынуға қарсы, сондай-ақ қылтамырлардағы протекторлық әсерін күшейтеді. Индовенол ангиопротекторлық әсер етеді, тамырлық-тіндік өткізгіштікті азайтады, микроциркуляцияның және тіндер трофикасының қалыпқа келуіне ықпал етеді, көктамырлардағы және көктамыр маңы тіндерінің іркілісті құбылыстарын азайтады, ісінуге, қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсер береді, тромбоциттердің агрегациялық белсенділігін бәсеңсітеді.

Қолданылуы

  • аяқ көктамырларының жедел немесе созылмалы көктамыр жеткіліксіздігіне байланысты ісіну-ауыру синдромы және трофикалық бұзылулар құбылысы

  • бурситтер

  • тендовагиниттер

  • синовиттер

  • миозиттер және жұмсақ тіндердің жарақаттары (соғылулар, созылулар).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Препаратты зақымданған бөлікке біркелкі жұқа қабатпен 0,3 - 0,5 г (гельдің 1 – 2 см бағанын) тәулігіне 2-3 рет теріні жеңіл уқалаумен жағады. Емдеу курсын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- қышыну және тері гиперемиясы, бөртпе, тері құрғақтығы, аппликация орнының күйдіруі

- жүйелік жағымсыз әсерлер (жүрек айнуы, құсу, қыжыл, анорексия, бас ауыруы және бас айналуы, дәм сезудің бұзылуы, көру арқылы қабылдаудың айқын болмауы, протеинурия, интерстициальді нефрит), ангионевротикалық ісіну

- псориаздың өршуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан-ішек жолдарының өршу фазасындағы эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерден туындаған сыртартқысындағы аллергиялық реакциялар

- бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылуы

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- артериялық гипертензия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балалар

- проктит

- жуырдағы геммороидалдық қан кетулер

- этиологиясы түсініксіз қан ұюы бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Терінің үлкен бөлігіне жаққанда немесе препараттың дозасы ұсынылғаннан артып кеткенде резорбтивті әсерінің есебінен антикоагулянттардың, глюкокортикоидтар және литий препараттарының әсерін қуаттандыруы, сондай-ақ β-адреноблокаторлар, каптоприлдің, тиазидті несеп айдайтын дәрілердің, фуросемидтің әсерін әлсіретуі мүмкін. Салицилаттармен бір мезгілде қолданғанда емдік тиімділігі төмендейді, ал асқазанның шырышты қабығына ульцерогендік әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Гельді терінің тек зақымданбаған бөлігіне ғана жағу керек, көзге немесе шырышты қабыққа тигізуден аулақ болу керек.

Зақымданған беткейдің мөлшерін ескере отырып, сыртартқысында бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының аурулары, бронх демікпесі, эпилепсиясы, паркинсонизм, психикалық аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Емнің тиімділігін арттыру мақсатында окклюзиялық таңғыш пайдаланылуы мүмкін.

Емдеу уақытында бауыр, бүйрек қызметін жүйелі түрде бақылау керек, шеткергі қан көрінісін ұдайы бақылау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы сипатталмаған. Индовенолды жергілікті пайдалануды және оны қолдану ережелерін сақтауды ескергенде препаратпен улану ықтималдығы аз. Алайда гельді үлкен бөлікке жаққанда немесе дозасы ұсынылғаннан артып кеткен жағдайда индометацин препаратына тән жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, есте сақтаудың бұзылуы, бағдар жоғалту, ауыр жағдайларда – аяқ-қолдың ұюы, парестезиялар және құрысулар.

Емі: асқазан шаю (гельді ішке қабылдаған жағдайда), туындаған бұзылуларды жоюға бағытталған демеуші және симптоматикалық ем. Спецификалық у қайтарғысы жоқ. Қарқынды диурез және гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішкі беті лакпен жабылған бушоны бар алюминий сықпаларда 40 г.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Борщагов химико-фармацевтикалық зауыты" ғылыми-өндірістік орталығы"

Жариялы акционерлік қоғамы,

Украина, 03134, Киев қ., Мир к-сі, 17.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Борщагов химико-фармацевтикалық зауыты" ғылыми-өндірістік орталығы" Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 136 Г, 6 пәтер

факс: +7(272) 20-78-05, 55-18-53; E-mail: vadimt58@list.ru

 

 

Прикрепленные файлы

535093021477976722_ru.doc 74.5 кб
924234351477977876_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники