Индовазин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Индовазин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель
Құрамы
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 30 мг индометацин
20 мг троксерутин
қосымша заттар: карбомер, макрогол 400, натрий бензоаты, изопропанол, диметилсульфоксид, динатрий эдетаты, Fresco BM&GD R.08.0932.1 хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сары түстен сәл бозаңданатын сарғыш-қоңыр түске дейінгі гель
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар.Троксерутин басқа препараттармен біріктірілімде.
АТХ коды С05СА54
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Пайдаланылатын гель негізі индометацин және троксерутин дәрілік заттарының толық еруін және олардың ең жоғарғы деңгейде босап шығуын қамтамасыз етеді.
Құрамына индометацин мен троксерутин кіретін гельді дәрілік түр терінің беткейінен жақсы сіңірілуді қамтамасыз етеді, терінің астында жатқан тіндерде және синовиальді сұйықтықта қажетті концентрациялар құра отырып, әртүрлі деңгейде емдік әсерді қамтамасыз етеді.
Таралуы
Tроксерутин құрамында тригидроксиэтилрутозид (troxerutin) басым болып келетін рутин биофлавонидтерінің гидроксиэтилді туындылар қоспасы (O-(-hydroxyethyl) rutosides) болып табылады.
Индометациннің 90% астамы плазма ақуыздарымен байланысады және белсенді емес қосылыстарға дейін О-деметилдену және N-деацeтилдену арқылы бауырда қарқынды биотрансформацияға ұшырайды.
Шығарылуы
Индометацин несеппен (60%), өтпен және нәжіспен (30%) шығарылады. Емшек сүтіне өтеді.
Резорбцияланған три-, ди- және моногидроксиэтилрутозидтердің үлкен бөлігі өтпен және айтарлықтай аздаған бөлігі – бүйрек арқылы шығарылады.
Тетрагидроксиэтилрутозид көбіне несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Индовазин® гелі құрамына индометацин мен троксерутин кіретін біріктірілген дәрілік зат болып келеді.
Индометацин айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және ісінуге қарсы әсерге ие. Бұл ауыруды жоюға, ісінуді азайтуға әкеліп, зақымдалған буындар мен тіндердің қалпына келу уақытын қысқартады. Негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназаның қайтымды блокадасы арқылы простагландиндердің синтезін басумен байланысты. Индометацинге қарағанда, салицилаттар және фенилбутазон аз дәрежеде қабынуға қарсы әрекет етеді.
Tроксерутин (тригидроксиэтилрутинозид) биофлавоноид болып табылады. Ол ангиопротекторлық дәрілерге жатады. Қылтамырлар өткізгіштігін азайтып, көктамырдың тонусын арттыратын әсер береді. Ол гистамин, брадикинин және ацетилхолиннің көктамырды кеңейтуші әсерін бөгейді. Қылтамырлар сынғыштығын азайтады және кейбір антиагрегантты әсерге ие болады. Ісінуді азайтады, көктамыр жеткіліксіздігіне байланысты патологиялық өзгерістерде трофиканы жақсартады.
Индовазин® гелін теріге жаққанда, қабыну реакциясын және ісінуді басады, ауыру сезімін азайтады. Көктамырдың тонусын арттыратын, қылтамырға пропротекторлық және гемостатикалық әсер береді.
Қолданылуы
- созылмалы көктамырлық жеткіліксіздікте, ауырумен және ісінумен қатар жүретін көктамырлардың варикозды кеңеюінде
- беткейлік тромбофлебитте, флебитте, флебиттен кейінгі жағдайда
- геморроидальді ауруды кешенді емдеуде
- тендовагинитте, бурситте, фиброзитте, периартритте
- хирургиялық араласулардан кейінгі ісінулерде, контузияларда, шығып кеткенде, созылуларда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат сыртқа қолдануға арналған.
Зақымданған жерге гельдің 4-5 см күніне 2-3 рет жұқа қабат етіп жеңіл ысқылай отырып жағу керек. Бір реттік дозасы 4-5 см, жалпы тәуліктік мөлшері 15 см-ден аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспау керек.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті реакциялар
Сирек
- аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, қызару, қышыну, тері бөртпесі, жаққан жерде жылу мен ашытуды сезіну)
Жүйелі реакциялар
Өте сирек (дененің ауқымды жеріне ұзақ уақыт бойы қолданған кезде)
-
жүрек айнуы, құсу, асқазандағы ауыру
-
бауыр энзимі деңгейінің жоғарылауы
-
анафилаксия, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық
- ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге) аса жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балалар
- шығу тегі түсініксіз қан ұюының бұзылуы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Индовазин® гелін кортикостероидты препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені олардың ульцерогенді әсері күшеюі мүмкін.
Препаратты басқа ҚҚСД, антибиотиктер, антикоагулянттар, гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде сақтықпен қабылдау керек.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты бронх демікпесі, аллергиялық риниті немесе басқа да атопиялары бар науқастарға қолданғанда, сақ болған жөн.
Зақымдалмаған теріге ғана жағады. Гельдің шырышты қабыққа, ашық жара беткейлеріне немесе көзге түсуін болдырмау керек.
Бауырдың және бүйректің ауыр сипатты ауруы және ойық жара ауруы бар науқастарға препаратты ұзақ уақыт, әсіресе терінің үлкен аумағында қолдануды шектеу керек.
10 күннен аса емдеу курсын алғанда, лейкоциттік және тромбоциттік формулаға зертханалық бақылау жүргізу керек.
Қосымша заттары жөнінде ақпарат
Индовазин® гелінің құрамында теріге және шырышты қабыққа тітіркендіргіш әсер беретін қосымша заттар ретінде натрий бензоаты және диметилсульфоксид бар.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты жергілікті қолданғанда, артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер жоқ.
Ұзақ (10 күннен аса) емдегенде бастың қатты ауыруы пайда болуы мүмкін.
Кездейсоқ қабылдап қойған жағдайда, ауыз ішін ашыту сезімі, сілекейдің көп бөлінуі, жүрек айнуы, құсудың пайда болуы мүмкін. Емі: ауыз қуысы мен асқазанды шаю, қажет болған жағдайда – симптоматикалық емдеу.
Көзге, шырышты қабыққа немесе ашық жара беткейлеріне түскен жағдайда, жергілікті тітіркену – көзден жас ағуы, қызаруы, ашытуы, ауыруы байқалады.
Емі: зақымдалған жерді шағымдану жойылғанша немесе азайғанша дистиляцияланған судың немесе физиологиялық ерітіндінің көп мөлшерімен шаю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Жарғақшалы алюминий сықпада препарат 45 г-ден.
1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Балканфарма-Троян АД, Болгария 5600, Троян қ., “Крайречна” к-сі, № 1, Болгария
Тіркеу куәлігінің иесі
Балканфарма-Троян АД, Болгария, 5600, Троян қ., “Крайречна” к-сі, № 1, Болгария
Тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі,
Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-а кеңсесі.
Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;
Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com