Ингалипт (спрей для местного применения, 20 мл)

МНН: Мяты перечной масло, Сульфаниламид, Сульфатиазол, Тимол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Фирма ВИПС-МЕД ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019582
Информация о регистрации в РК: 11.01.2013 - 11.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Ингалипт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей 20 мл

Құрамы

Бір құтының (20 мл) ішінде

белсенді заттар: 0,5 г натрий сульфаниламиді (еритін стрептоц), 0,477 г натрий сульфатиазолы, 0,01 г тимол, 0,01 г эвкалипт майы, 0,01 г бұрыш жалбызы майы,

қосымша заттар: 85% глицерин, 95% этанол, сахароза, полисорбат 80 (твин-80), тазартылған су.

Сипаттамасы

Бағыттағыш түтігімен және шашыратқыш қондырғысымен, қысатын микроспрейі бар дозатормен тығындалған құтыдағы тимол мен ментолдың өзіне тән иісімен, ашық-сарыдан күңгірт- сары түске дейінгі сұйықтық. Препарат шашыратқыш қондырғысына басқан кезде құтыдан шыға берісте ауа ортасында дисперсияланатын сұйықтың тамшыларын түзеді.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат негізінен қабыну ошағында емдік концентрация түзеді. Ішінара натрий сульфаниламиді және натрий сульфатиазолы сіңеді. Екі препарат та қан ақуыздарымен кері сіңеді: натрий сульфаниламиді12-14%-ға, натрий сульфатиазолы 55%-ға. Биотрансформация үдерісінде препараттың ацетилденген түрін түзеді, осы қалыпта бүйректермен шығарылады. Натрий сульфаниламидтың жартылай шығарылу кезеңі 10 сағ., натрий сульфатиазолдың – 1, 2 сағат құрайды.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат. Препарат құрамына кіретін еритін сульфаниламидтер грамоң және грамотеріс бактерияларға қатысты ауыз қуысының және жұтқыншақтың ауруларын туындататын микробқа қарсы әсер етеді. Тимол, эвкалипт майы және бұрыш жалбызы майы зеңге қарсы (Candida тектес зеңдерге қатысты), микробқа қарсы, қабынуға қарсы және жеңіл ауыруды басатын әсер етеді.

Қолданылуы

Ауыз қуысының, көмейдің және мұрынжұтқыншақтың жедел және созылмалы жұқпалы қабыну ауруларында : тонзиллит, фарингит, афтозды және ойық жаралы стоматит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Бүркудің алдында ауыз бен жұтқыншақты жылы қайнаған сумен шаяды. Ауыз қуысының зақымданған жерлерінен (ойық жара, эрозиялар) тампонның көмегімен некрозды өңезді алады. Бағыттағыш түтікті құтыға 90° бұрышпен орнатады. Бағыттағыш түтіктің шетін ауыз қуысына енгізеді және сұйықтың ағынын қабынған жерлерге бағыттап, бүріккіш қондырғыға 3-4 рет басады.

Бүркуді тәулігіне 4-5 рет 2-3 сағаттан кейін жүргізеді. Бағыттағыш түтігімен бүріккіш қондырғы бітеліп қалмауы үшін қолданғаннан кейін үрлеу немесе қайнаған сумен шаю ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- жекелей көтере алмаушылық

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

- қысқа мерзім күйдіру мен жыбырлауды сезіну

- балаларда рефлекторлы бронхтүйілуі дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфаниламидтерді, эфир майларын немесе препараттың басқа компоненттерін жекелей көтере алмаушылық

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты тағайындауы бойынша қолданғанда жүйелі әсері іс жүзінде мүмкін еместігі, қатар басқа дәрілік заттарды олардың препарат компоненттерімен өзара әрекеттесу қаупінсіз қолдануға мүмкіндік береді.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Аталған дәрілік түр 3-жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ. Анаға деген болжанған пайдасы ұрыққа және балаға деген әлеуетті қаупінен жоғары болғанда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару мен зейінді жоғары жұмылдыру және психомоторлы реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл-ден бағыттағыш түтігі бар шашыратқыш қондырғысымен және қысатын микроспрейімен дозатормен тығындалған бейтарап шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 5°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фирма «ВИПС-МЕД» ЖШҚ, Ресей Федерациясы,141190, Мәскеу обл., Фрязино қ-сы, Заводской өткелі, 4үй, тел./факс (495) 22-181-22, www.vipsmed.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фирма «ВИПС-МЕД» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.»ЖК,

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, телефон: +7 727 279 66 59, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru

Прикрепленные файлы

563281481477976967_ru.doc 103.5 кб
743986331477978130_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники