ИН-ГРИПП™ (черносмородиновый)

МНН: Кофеин, Парацетамол, Фенилэфрин, Фенирамин
Производитель: Lincoln Pharmaceutical Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122058
Информация о регистрации в РК: 02.02.2016 - 02.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

ИН-ГРИПП™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ (апельсин, лимон, қарақарақат дәмді)

Құрамы

Бір сашенің (5 г) ішінде

белсенді заттар: парацетамол 500 мг

фенирамин малеаты 20 мг

фенилэфрин гидрохлориді 10 мг

сусыз кофеин 30 мг,

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий сахаринаты, сахароза, натрий цитраты, сары күн батар түстес FCF бояғыш (Е110), апельсин дәмдеуіш қоспасы, тазартылған су (апельсин дәмді);

сусыз лимон қышқылы, натрий сахаринаты, натрий цитраты, сахароза, лимон дәмдеуіш қоспасы, сары күн батар түстес FCF бояғыш (Е110), сары хинолинді бояғыш (Е104), тазартылған су (лимон дәмді),

сусыз лимон қышқылы, натрий сахаринаты, сахароза, азорубин супра бояғышы (Е122), қарақарақат дәмдеуіш қоспасы, натрий цитраты, бриллиантты көк FCF бояғыш (Е133), тазартылған су (қарақарақат дәмді).

Сипаттамасы

Апельсин дәмі бар ақшыл-қызғылт сарыдан қызғылт сары түске дейінгі сусымалы түйіршіктелген ұнтақ (апельсин дәмді).

Лимон дәмі бар ақшыл-сарыдан сары түске дейінгі сусымалы түйіршіктелген ұнтақ (лимон дәмді).

Қарақарақат дәмі бар қызғылттан күлгін түске дейінгі сусымалы түйіршіктелген ұнтақ (қарақарақат дәмді).

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер.

Басқа препараттармен біріктірілген парацетамол

ATХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан (АІЖ), негізінен жіңішке ішекте тез сіңіріледі. 500 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасында (Сmax) ең жоғары концентрациясына 10-60 мин соң жетеді және 16 мкг/мл жуықты құрайды, содан соң біртіндеп төмендейді де, 6 сағаттан кейін 11-12 мкг/мл құрайды. Қан ақуыздарымен байланысуы 10 % аздау болады. Ең бастысы глюкуронидті және сульфатты конъюгаттар түрінде несеппен шығарылады.

Кофеин бауырда (97 %) 1,7-метилксантин, 1,7-диметилметилксантин және 1,3-диметилнесеп қышқылына метаболизденеді, олар несеппен шығарылады.

Ішке қабылдағаннан кейін фенилэфрин АІЖ-дан нашар сіңіріледі. МАО қатысуымен ішек қабырғасында және бауыр арқылы «алғашқы өту» кезінде метаболизденеді. Фенилэфриннің биожетімділігі төмен.

Фенирамин әр түрлі тінге және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Метилдену жолымен бауырда метаболизденеді. Метаболиттер түрінде және өзгермеген түрде бүйрекпен және АІЖ арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

ИН-ГРИПП™ анальгетикалық, ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, антигистаминдік әсерлері бар.

Парацетамолдың анальгетикалық, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезінің тежелуімен, гипоталамустағы жылуды реттеу орталығына ерекше ықпал етуімен байланысты.

Кофеин орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) стимуляциялайды, тегіс бұлшықеттерді босаңсытады, диурезді күшейтеді. Шеткергі қантамырларды кеңейтетін әсер береді. Кофеин ақыл-ой және дене жұмысы қабілетін арттырады, шаршауды және ұйқышылдықты азайтады, жалпы сергіткіш әсер білдіреді. Кофеин парацетамолдың анальгетикалық әсерін күшейтеді.

Фенирамин – антигистаминдік дәрі, гистаминдік Н1 рецепторларды бөгеу арқылы әсер етеді және тұмау және мұрынның бітелуі, түшкіру, көз бен мұрынның тітіркенуі, сондай-ақ көзден жас ағу сияқты симптомдардың тез қайтуын қамтамасыз етеді.

Фенилэфрин – адреномиметик, альфа-адренорецепторларға стимуляциялайтын әсер беріп, мұрынның шырышты қабықтарындағы артериолдарды тарылтады, осылайша ісінулерді және шырыштарды қайтаруға, ринорея мен мұрын бітелуінің азаюына мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- тұмаумен, бас ауырумен, қызбамен, қалтыраумен, тамақтың ауыруымен, мұрынның бітелуімен қатарласа жүретін суық тию ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтанудан кейін 1-2 сағаттан соң ішке тағайындайды. Препаратты ыстықтай жеткілікті мөлшерде (әдетте 1 стақан) толық еріткен жөн.

Ересектерге 1 сашеден әрбір 4-6 сағат сайын тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза – 1 саше, ең жоғары тәуліктік доза – 4 саше. Емдеу курсы – 5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек аритмиясы, гипертония, тахикардия

- ұйқышылдық, тітіркенгіштік, бас айналу

- ауыз ішінің құрғауы, диспепсия, жүрек айну, құсу, эпигастрия тұсындағы жайсыздық

- бас айналу, мазасыздық, сананың шатасуы, қозу, қатты қажығыштық, елестеулер, истериялар, ұйқысыздық, невроздар, невриттер, тремор, әлсіздік

- лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, нейтропения

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек

- бауыр функциясының бұзылулары

- несептің бөлініп шығуының қиындауы, полиурия

- метаболизмдік ацидоз

- бронх секретінің қоюлануы, мұрынның бітелуі, тыныстың тарылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін, үшциклдік антидепресанттарды, бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қабылдау

- глаукома (көзішілік жоғары қысым)

- қуықасты безінің қатерсіз гипертрофиясында несеп шығарудың бұзылыстары

- жүрек ырғағының бұзылулары, артериялық гипертензия

- ойық жара ауруы

- бауыр жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен: глюкозо-6-фосфатдегидрогиназа тапшылығында, қан ауруларында, Жильбер синдромында, қалқанша без ауруларында, қант диабетінде, бронх демікпесінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштерінің, тыныштандыратын препараттардың, этанолдың әсерін күшейтеді.

Антидепрессанттар, паркинсонға қарсы дәрілер, психозға қарсы дәрілер, фенотиазин туындылары – несеп кідіруінің, ауыз құрғауының, іш қатудың даму қаупін жоғарылатады. Глюкокортикостероидтар глаукоманың даму қаупін ұлғайтады. Парацетамол диурездік препараттар тиімділігін төмендетеді. Фенирамин моноаминооксидаза тежегіштерімен, фуразолидонмен бір мезгілде гипертониялық кризге, қозуға, гиперпирексияға әкелуі мүмкін. Үшциклді антидепрессанттар фенилэфриннің адреномиметикалық әсерін күшейтеді, галотанды бір мезгілде тағайындау қарыншалық аритмияның даму қаупін арттырады. Гуанетидиннің гипотензиялық әсерін төмендетеді, ол өз кезегінде фенилэфриннің альфа-адреностимуляциялаушы белсенділігін күшейтеді.

ИН-ГРИПП™ барбитураттармен, дифенинмен, карбамазепинмен, рифампицин және басқа да бауыр микросомалық ферменттері индукторларымен бір мезгілде тағайындағанда парацетамолдың гепатоуытты әсерінің даму қаупі жоғарылайды.

Препаратты ганглиобөгегіш, адренобөгегіш дәрілермен, раувольфия алкалоидтарымен және метилдопамен бір мезгілде қабылдағанда артериялық гипертензия байқалуы мүмкін.

ИН-ГРИПП™ пробенецидпен бір мезгілде қабылдау плазмадағы парацетамолдың концентрациясын және оның шығарылуын өзгертуі мүмкін. ИН-ГРИПП™ сіңуі холестираминді, циметидинді, дисульфирамды, пероральді стероидты контрацептивтерді қабылдағанда төмендейді, домперидон мен метоклорамидті қабылдағанда жоғарылайды.

Препараттың шығарылуы шылымқорларда жоғары.

Айрықша нұсқаулар

Емделу кезінде алкоголь, ұйықтататын және анксиолитивтік (транквилизаторлар) дәрілік заттарды қабылдаудан тартына тұрған жөн. Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік заттармен бірге қабылдауға болмайды. Егер ауру симптомдары 3-5 күн ішінде қайтпаса, дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін шоғырландыруды, қимыл жылдамдығы мен психикалық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындағанда сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, терлеу, жалпы дімкәстік, ұйқысыздық, мазасыздық, діріл, тахикардия, экстрасистолия, орталық жүйке жүйесі қызметінің тежелуі, артериялық қысымның жоғарылауы, рефлекторлы брадикардия.

Емі құстыру, асқазанды шаю және белсендірілген көмір тағайындау қажет. Симптоматикалық ем қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г препараттан лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған сашеге салынған.

6 сашеден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Lincoln Pharmaceutical Ltd»

10, 12, 13, Trinut Estate, Near Khatraj Chokadi, P.O. Khatraj – 382 721, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Inter Pharma, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КазЕвроФарм» ЖШС

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 48а, 9 кеңсе

тел./факс: +7 (727) 2615141, 2614466

электронды поштасы: registration1@kazeuropharm.com

Прикрепленные файлы

753096021477976314_ru.doc 69 кб
082124871477977506_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники