Имодиум® (капсулы, 2 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Имодиум®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Лоперамид
Дәрілік түрі
2 мг капсулалар
Құрамы
белсенді зат - 2.0 мг лоперамид гидрохлориді ,
қосымша заттар: 127.0 мг лактоза моногидраты, 40.0 мг жүгері крахмалы, 9,0 мг тальк, 2.0 мг магний стеараты.
желатинді капсуланың құрамы:
Қақпағы: темірдің сары тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин ,
Корпусы: темірдің қара тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132), эритрозин (Е127), титанның қостотығы (Е 171), желатин
Сипаттамасы
Күңгірт сұр түсті корпусы мен жасыл түсті қақпақшадан тұратын қатты желатинді капсулалар (өлшемі 4). Ақ түсті жазулары бар: қақпақшада – «Imodium», капсуланың сыртында - «JANSSEN».
Капсулалардың құрамы – ақ түсті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы дәрі
АТЖ коды А07DA03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Лоперамидтің сіңуі – 40%. Бауыр арқылы «бірінші» өту кезіндегі тотығу
N-деметилдену процесінде қарқынды метаболизмге ұшырайды. Қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен байланысы – шамамен 95%. Жартылай шығару кезеңі орташа алғанда 10.8 сағатты (9-дан 14 сағ. дейін) құрайды. Негізінен асқазан-ішек жолы (АІЖ) арқылы нәжіспен, аз ғана бөлігі несеппен шығарылады (конъюгирленген метаболиттер түрінде).
Фармакодинамикасы
Имодиум®, ішек жақтауларында апиынды рецепторлармен байланыса отырып, ацетилхолин мен простагландиндердің босатылуын басады, осылайша перистальтиканы төмендете отырып, ішіндегілердің ішекпен өту уақытын ұзартады. Анальді сфинктер тонусын жоғарылатады, сол арқылы нәжіс массаларының тоқтамауы мен дефекация шақыру белгілерін азайтады.
Қолданылуы
- жедел және созылмалы диареяда
- илеостомасы бар науастардың үлкен дәретін реттеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке.
Ересектер, оның ішінде егде жастағылар:
Жедел диарея: бастапқы доза - 2 капсула (4 мг), мұнан ары қарай үлкен дәрет сұйық болған жағдайда әр дефекация актісінен кейін 1 капсуладан (2 мг).
Созылмалы диарея: бастапқы доза – тәулігіне 2 капсула (4 мг); әдетте бұл доза ары қарай үлкен дәрет жиілігі 1-2 рет болатындай жекелей түзетіледі, бұған тәулігіне 1-ден 6 капсулаға дейінгі демеуші доза болғанда қол жеткізіледі.
Ең жоғары тәуліктік доза. Жедел және созылмалы диареяда - 8 капсула
(16 мг).
Қалыпты үлкен дәреті пайда болғанда немесе дәреті 12 сағаттан аса болмаған жағдайда препаратты тоқтатады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
- іш қатуы және/немесе іштің кебуі
- ішектің бұрап ауыруы
Сирек
- несеп кідірісі
Өте сирек
- ішектің бітелуі
- іштің ауруы немесе жайсыздануы
- жүрек айнуы, құсу
- гиповолемия
- электролиттер құрамының төмендеуі
- шаршағыштық
- ұйқышылдық, бас айналу
- ауыздың кебуі
- соруға арналған таблетка түріндегі препаратты қабылдағаннан кейін бірден туындайтын тілдің ашуы немесе шаншуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
лоперамидке және/немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта;
-
жедел дизентерия және АІЖ басқа да жұқпалары (оның ішінде Salmonella, Shigella and Campylobacter туындаған)
-
ішек бітелісі (оның ішінде перистальтиканы басуға жоламау қажеттілігі кезінде), дивертикулез, жедел ойық жаралы колит немесе жалған жарғақшалы энтероколит (антибиотиктер қабылдаудан туындаған диарея)
-
жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі;
-
18 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен:
бауыр жеткіліксіздігі кезінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Болған жоқ
Айрықша нұсқаулар
Іштің қатуы немесе кебуі ұлғая түсетін болса, препаратты дереу тоқтату қажет.
Диареяны Имодиуммен емдеу тек симптоматикалық сипатта болғандықтан, мүмкіндігінше, онымен қатар этиотропты дәрілерді қолдану қажет. Диареямен ауыратындарда, әсіресе балаларда, гиповолемияның туындауы және электролиттердің құрамы төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сұйықтық пен электролиттерді толықтыру үшін орынбасушы ем анағұрлым маңызды болып табылады.
Жедел диарея кезінде, егер 48 сағат ішінде клиникалық жақсаруы байқалмаса, Имодиум®ді қабылдауды тоқтатып, диареяның жұқпалы шығу тегін жоққа шығарған жөн.
Қан араласқан дәрет пен жоғары температура қатарласа жүретін диарея кезінде қолданбау керек.
ЖИТС-пен ауыратындарда іш кебуінің алғашқы белгілері көріне бастағаннан-ақ емдеуді тоқтатқан жөн. Жекелеген жағдайларда шығу тегі вирусты, сондай-ақ бактериялы жұқпалы колиттері бар ЖИТС-пен ауыратындарда Имодиуммен емдеген кезде тоқ ішектің уытты кеңеюі дамуы мүмкін. Бауыр қызметі бұзылған науқастар ОЖЖ уытты зақымдануы белгілерін дер кезінде айқындау мақсатында мұқият бақылауда болулары тиіс.
Емдеу кезеңінде диета сақтау және сұйықтықты толықтырып отыру ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Тератогенді немесе эмбриоуытты әсер етуінің жоқтығына қарамастан, жүктілік кезеңінде Имодиум®ды емнің ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болатын жағдайда ғана тағайындауға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автокөлік жүргізуден және қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бәсеңдеуі: мелшию, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, ұйқышылдық, миоз, бұлшықет тонусының жоғарылауы, тыныс алудың бәсеңдеуі, ішектің бітелуі. ОЖЖ-не әсеріне көп дәрежеде балалар сезімтал келеді.
Емдеу: симптоматикалық
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 6 немесе 20 капсуладан салады. 1 пішінді ұяшықты қаптаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15°С -ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Янссен-Силаг С.А.», Франция.
Камиль Демулен к-сі, TSA 91003, 92787 Исси Ле Мулинл Седекс 9, Франция.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей,
121614, Мәскеу қ., Крылатская к-сі, 17-үй, 2 құр., тел. (495) 726-55-55
Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей,
121614, Мәскеу к-сі, Крылатская к-сі, 17-үй, 2-құр., тел. (495) 726-55-55