Иммуностим спаг. Пекана

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021524
Информация о регистрации в РК: 26.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Инфрагил спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған тамшылар, 50 және 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа дәрілер. Басқа терапевтік дәрілер барлығы.

Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03АХ

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі вирустық немесе бактериялық инфекциялар жағдайында иммунды жүйені белсендіруде

Инфрагил спаг. Пека балаларға 1 жастан бастап пайдаланылуы мүмкін.

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- Инфрагил спаг. Пека препаратының бір реттік дозасы (5 – 20 тамшы) құрамында 29 – 115 мг этанол бар, сондықтан препарат маскүнемдікпен зардап шегетіндер үшін зиянды. Бауыр, эпилепсия аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Қолданылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуге қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін. Педиатрияда қолдану

Инфрагил спаг. Пека 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Инфрагил спаг. Пека гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Алкоголь құрамы 22 % к. болатынын ескеру қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: күніне 3 рет 20 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

2 – 12 жастағы балалар: күніне 3 рет 10 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

1 - 2 жастағы нәрестелер: күніне 3 рет 5 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

Жедел жағдайларда 10 тамшыдан күні бойы 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтануға дейін, ішу арқылы қабылдау керек.

Жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе 7 күн ішінде жақсара бастамаса, дәрігерге көріну керек.

Емдеу ұзақтығы

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін асқынулардың алдын алу мақсатында препаратты тәулігіне 2 рет тағы 3-7 күн бойы қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Алдын алу мақсатында күзгі-қысқы кезеңде күніне 1 рет бір реттік дозаны (таңертең немесе кешке) қабылдау ұсынылады.

Дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз алдыңғы дозаны өткізіп алған болсаңыз, қос дозаны қолданбаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Осы кезге дейін Инфрагил спаг. Пека қолданғанда ешқандай жағымсыз әсерлері анықталмаған.

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Инфрагил спаг. Пеканы қолдануды тоқтату қажет.

Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1г (= 1.03 мл = 31 тамшы)

10 грамм препараттың құрамында:

белсенді заттар:

Ailanthus altissima D3

1.20 г

Argentum nitricum D6

1.20 г

Cinchona pubescens (China) spag. Peka D8

1.20 г

Lachesis muta D12

1.20 г

Vincetoxicum hirundinaria D6

1.20 г

Echinacea spag. Peka D12

1.40 г

Marrubium vulgare D6

1.60 г

Nasturtium officinale D6

1.00 г

Қосымша заттар: тазартылған су, этанол 22 % к.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иіссіз, этанол дәмі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ, Германия

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрі-дәрмек қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі бақылауына жауап беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекен-жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта).

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 34, тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Инфрагил_спаг._Пека_каз_.docx 0.04 кб
ЛВ_Инфрагил_спаг._Пека_._.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники