Иммунорм (раствор для приема внутрь, 50 мл)

МНН: Эхинацеи пурпурной трава
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011175
Информация о регистрации в РК: 02.07.2018 - 02.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Иммунорм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді 50 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 98,000 г күңгірт эхинацеяның сұйық сығындысы* бар,

* Препараттың құрамында 24.4 мл 90% этил спирті (көлемі/көлемі) бар.

Сипаттамасы

Мөлдір, өзіне тән иісі бар қоңыр немесе қызылдау-қоңыр сұйықтық, шөгінді пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар

АТХ коды L 03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Иммунорм өсімдік текті зат болып табылады. Оның құрамына кіретін полисахаридтердің (мол. салмағы 25000 және 10000 фукогалактоксилоглюкандар) және қышқыл арабиногалактанның (мол. салмағы 75000) иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы әсері бар. Иммунорм гранулоциттердің фагоцитарлық белсенділігін жоғарылата отырып, иммундық жүйенің спецификалық емес буынын стимуляциялайды.

Қолданылуы

- жиі болатын жұқпалардың, вирусты және суық тиіп ауырулардың алдын алу және емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітіндіні аз мөлшердегі сұйықтықпен тамақ ішуге байланыссыз қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар күніне 3 рет 2,5 мл –ден қабылдайды.

Үздіксіз қолдану ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

Өте жоғары сезімталдық реакциялары:

- тері бөртпесі, қышыну

- ангионевротикалық ісіну

- ентігу, бас айналуы, гипотония

- Стивенс-Джонсон синдромы, обструкциямен бронх түйілуі, демікпе, анафилактикалық шок

Белгісіз

- лейкопения (8 аптадан артық ұзақ уақыт қолданғанда )

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарына немесе басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • үдемелі жүйелік аурулар (туберкулез, саркоидоз)

  • қан аурулары (лейкемия, лейкоздар)

  • дәнекер тіндердің диффуздық аурулары, шашыранды склероз

  • ЖИТС және АИВ -жұқпалар

  • басқа да аутоиммундық аурулар

  • алкоголизм, бауыр аурулары

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тыныс алу жолдарының шағымданулардың ұзақ уақыт сақталуы, ентігу, дене температурасының жоғарылауы немесе іріңді, болмаса қанды қақырықпен қатар жүретін қайталанатын жұқпалы аурулар жағдайында дәрігер кеңесі қажет. Препаратты қабылдаудың әсері болмағанда және несеп шығару жолдары ауруларының белгілері қайта пайда болғанда дәрігердің зерттеуі қажет.

Ерітінді құрамында көлемі бойынша 22 % этил спирті бар екенін ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бұралып бекітілетін қақпағы бар шыны құтыға құйылады. 1 құтыдан өлшегіш стақанмен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препаратты 12 ай ішінде қолдануға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19, «Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе, Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734, e-mail: teva@teva.kz

 

 

Прикрепленные файлы

552606601477976858_ru.doc 47.5 кб
674422911477978017_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники