Изотрой 100

МНН: Изофлуран
Производитель: Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Isoflurane
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023631
Информация о регистрации в РК: 16.08.2023 - 16.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Изотрой 100 және 250

Халықаралық патенттелмеген атауы

Изофлуран

Дәрілік түрі

Ингаляциялық наркозға арналған сұйықтық, 100 мл және 250 мл

Құрамы

Бір құтының ішінде:

Белсенді зат – изофлуран 100 мл және 250 мл

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Анестетиктер. Жалпы анестетиктер. Галогенделген гидрокарбондар. Изофлуран.

АТХ коды N01AB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Қан сарысуындағы бейорганикалық фтор Cmax әдетте 5 мкмоль/л кем және наркоздан кейін 4 сағ соң анықталады. Фтор деңгейі 24 сағ ішінде қалпына келеді.

Метаболизмі және шығарылуы

Организмде Изофлуранның тек аздаған мөлшері метаболизмге ұшырайды. Изофлуранның белгілі метаболиттері уыттылыққа ие болмады немесе тым төмен концентрацияларда анықталды.

Операциядан кейінгі кезеңде Изофлуранның тек 0.17% дозасын несепте метаболиттер түрінде табуға болады.

ЕТAC (ең төменгі альвеолярлы концентрация) төмендегідей:

Жас шамасы

100% Оттегі

70% N2O

26 ± 4

1.28

0.56

44 ± 7

1.15

0.50

64 ± 5

1.05

0.37

Фармакодинамикасы

Изофлуран - ингаляциялық наркозға арналған препарат. Жалпы анестезияның жылдам басталуын және одан тез шығуды туындатады. Изофлуранның өткірлігі орташа, ол индукция жылдамдығын шектейді, алайда шамадан тыс сілекей бөлінуі немесе трахеобронхиальді бөлінулер стимуляцияланбайды. Фарингеальді және көмеклік рефлекстер оңай жойылады. Изофлуранды қолданудағы жалпы анестезия деңгейі жылдам өзгеруі мүмкін. Жалпы анестезияның тереңдігі ұлғайған кезде спонтанды тыныс алудың бәсеңдеуі жүреді, сондықтан оны мұқият бақылау және қажет болса демеу керек. Жалпы анестезияға енгізу сатысында артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі орын алады, ол анестезияның хирургиялық сатысында жылдам қалпына келеді, жүрек ырғағы өзгермейді. АҚ демеуші наркоз кезінде анестезия тереңдігіне пропорциональді түрде төмендейді, алайда жүрек ырғағы тұрақты болып қалады. Қалыпты рСО2 болғанда Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) уақытында жүректің минуттық көлемі жалпы анестезияның тереңдігіне қарамастан тұрақты болып қалады және негізінен жүрек жиырылуы жиілігінің (ЖЖЖ) ұлғаюы есебінен ұсталады. Бақыланатын желдету және қалыпты PaCO2 болғанда негізінен, жүрек жиырылуы жиілігінің ұлғаюы есебінен анестезия тереңдігінің ұлғаюына қарамастан жүрек лықсуы сақталады, бұл инсульт көлемінің азаюының орнын толтырады. Изофлуран анестезиясы кезінде өздігінен желдетуге қатысатын гиперкапния жүрек жиырылуының жиілігін қосымша ұлғайтады және жүрек лықсуын сергектік деңгейлерінен жоғары көтереді. Шектеулі деректер адреналиннің теріастылық инъекциясы 0,25 мг (50 мл ерітінді 1: 200 000) изофлуран ауыруды басатын пациенттерде қарыншалық аритмиялардың ұлғаюына әкелмейтінін көрсетті. Спонтанды тыныс алу кезінде дамып жатқан гиперкапния ЖЖЖ және жүректің минуттық көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін, олар мұндайлардан оянғанда басым болады. Беткейлік наркозда ми қан ағысы өзгермейді, бірақ жалпы анестезия кезінде ұлғаю үрдісі бар, бұл жұлын-ми сұйықтығы (ЖМС) қысымының транзиторлық жоғарылауына әкелуі мүмкін. ЖМС қысымының жоғарылауы анестезияға дейін немесе одан кейін гипервентиляция есебінен алдын алынуы немесе азаюы мүмкін.

Электроэнцефалограммадағы (ЭЭГ) өзгерістер және құрысу белсенділігі Изофлуранды қолданғанда тым сирек. Жалпы, Изофлуран ингаляциялық наркозға арналған басқа препараттарды қолданғанда осындайлармен салыстырымды ЭЭГ-ға өзгерістер туындатады.

Изофлуран миокардтің энфлуранға қарағанда, адреналин әсеріне сезімталдығын едәуір төмен жоғарылатады. Адреналиннің 50 мл дейнгі ерітіндісін 1:200000 тері астына инфильтрациялау Изофлуранмен жалпы анестезия жүргізу кезінде науқастарда қарыншалық аритмияның дамуын туындатпайтыны туралы шектеулі деректер бар.

Жалпы анестезияның қалыпты деңгейінде миорелаксация кейбір интраабдоминальді операцияларға адекватты болуы мүмкін. Егер айқын миорелаксация керек болса миорелаксанттардың аздаған дозаларын в/і енгізуге болады. Анестезияның тереңдігін басқару оңай.

Изофлуран жалпы анестезияны енгізу және жалпы анестезияны демеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қолданылуы

жалпы анестезияны енгізу және демеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Премедикация

Премедикацияны секреция изофлуранмен баяу стимуляцияланатыны, ал жүрек жиырылуы жиілігінің ұлғаюы үрдісі бар екендігін назарға алып, жекелеген пациенттің қажеттілігіне сәйкес таңдау керек. Антихолинергиялық препаратты қолдану – таңдау бойынша.

Инспираторлық Концентрация

Анестезия кезінде ингаляциялық наркозға арналған аппараттан түсетін изофлурана концентрациясын білу қажет. Мұны былай жүзеге асыруға болады:

a. Изофлуран үшін арнайы калибрленген ингаляциялық наркозға арналған аппарат;

b. Шығысындағы ағынды санауға болатын ингаляциялық наркозға арналған аппараттар, мысалы, қаныққан бу шығысында артынан сұйылатын аппараттар. Мұндай аппараттың шығысындағы концентрацияны мына формуланың көмегімен есептеуге болады:

% изофлуран = 100 Pv Fv

FT (PA PV)

Онда:

PA = Атмосфераның қысымы

PV = Изофлуран буының қысымы

FV = Газ ағыны ингаляциялық наркозға арналған аппарат арқылы (мл/мин)

FT = Жалпы газ ағыны (мл/мин)

Изофлуран құрамында стабилизатор жоқ. Препараттағы еш нәрсе ингаляциялық наркозға арналған аппараттың калибрленуін немесе жұмысын өзгертпейді.

Енгізу

Изофлуранды оттегімен немесе оттегінің және азот тотығының қоспаларымен бірге енгізу жөтелге, тыныс алудың кідіруіне немесе ларингоспазмге әкелуі мүмкін. Бұл қиындықтардан қысқа әсер ететін барбитураттың ұйықтататын дозасын пайдалану арқылы құтылуға болады. 1.5-3.0% изофлуранның инспираторлық концентрациялары әдетте наркоздың хирургиялық сатысын 7-10 минуттан соң жүргізеді.

Демеу

Наркоздың хирургиялық сатылары бір уақытта азот тотығы қолданылған кезде 1.0-2.5% концентрациямен демеуге болады. Қосымша 0.5-1.0% изофлуран тек оттегін қолданумен берілетін кезде қажет болуы мүмкін. Егер қосымша релаксация қажет болса онда бұлшықет релаксанттарының қосымша дозаларын пайдалануға болады.

Декмеу уақытындағы қан қысымының деңгейі – бұл басқа да шиеленістіретін проблемалар болмаған кездегі изофлуран концентрациясының кері функциясы. Шамадан тыс төмендетулер наркоздың тереңдігіне байланысты туындауы мүмкін және мұндай жағдайларда мұны наркозды азайта отырып түзетуге болады.

Жағымсыз әсерлер

Сирек

  • тыныс алудың бәсеңдеуі, цианоз

  • артериялық гипотензия, аритмия

  • тремор

  • қалтырау, операциядан кейінгі кезеңде құсу

  • тахикардия

  • көңіл-күйдің бұзылуы

Өте сирек

- бауыр жеткіліксіздігі (сарғаю, гепатит, бауыр некрозы, фатальді салдарымен)

- бронх түйілуі

- қатерлі гипертермия

- аса жоғары сезімталдық (жанаспалы дерматит, бөртпе, диспноэ, шулы тыныс алу, көкірек қуысындағы жайсыздық, беттің ісінуі немесе анафилаксиялық реакцияны қоса) – әсіресе изофлуранды қоса, ингаляциялық агенттерді ұзақ қолданғанда

- сульфобромфталеин (BSP), глюкоза, қан плазмасындағы креатинин деңгейлерінің транзиторлық ұлғаюы, мочевина, холестерин және сілтілік фосфатаза деңгейінің төмендеуі, транзиторлық лейкоцитоз, тіпті хирургиялық стресс болмаған кезде

Жекелеген жағдайларда

- жөтел, тыныс алудың қиындауы, ларингоспазм (индукция фазасында)

- ішек парезі

- қатерлі гипертермия синдромы

- бүйрек функциясының бұзылуы

Изофлуран барлық миорелаксанттардың, әсіресе деполяризацияламайтын миорелаксанттардың босаңсытатын әсерін күшейтеді, МАК ересектерде бір уақытта N2O қолданғанда төмендейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе басқа да құрамында галоген бар анестетиктерге аса жоғары сезімталдық

- қатерлі гипертермияға генетикалық сезімталдық

- миопатия, бұлшықет дистрофиясы, Король синдромы (гипертермиялық синдром), миотония

- дамып жатқан желтуха және/немесе шығу тегі белгісіз қызба

- бауыр жеткіліксіздігі

- изофлуран немесе басқа құрамында галоген бар анестетиктерді қолданғаннан кейінгі эозинофилия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Изофлуран барлық бұлшықеттік миорелаксанттардың, ең айқын деполяризацияламайтын бұлшықеттік миорелаксанттардың босаңсытатын әсерін күшейтеді, ал ЕТАК (ең төменгі альвеолярлық концентрация) бір уақытта N2O қабылдағанда төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы

Күшті әсер ететін жалпы анестетик сияқты изофлуранды тек тиісінше жабдықталған анестезиялайтын ортада препараттың фармакологиясымен таныс және наркоздағы пациентті жүргізу үшін оқу және тәжірибе арқылы біліктілік алған адамдар беруі тиіс.

Қолданылатын анестетикке қарамастан, қалыпты гемодинамиканы демеу коронарлық артерия ауруы бар пациенттерде миокард ишемиясына жол бермеу үшін маңызды.

Изофлуран көптеген басқа ингаляциялық анестетиктер сияқты кейбір пациенттерде карбоксигемоглобин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін иісті газ өндіру үшін көмірқышқыл газдың (CO2) сусызданған сіңіргіштерімен өзара әрекеттесуі мүмкін. Клиникалық жағдайлар туралы есептер барий әктасы және натрон әктасы жаңа алынған газдар көптеген сағат немесе күндер ішінде жоғарғы ағын жылдамдығында CO2 сіңіргіш сүзгіш қорап арқылы өткенде құрғап қалатынын растады. Егер емдеуші дәрігер CO2 сіңіргіш құрғаған болуы мүмкін деп күдіктенсе, онда оны изофлуран қабылдауға дейін алмастыру керек.

Басқа да құрамында галоген бар анестетиктер сияқты изофлюран құрамында галоген бар анестетиктерге алдында ұшырағанда сенсибилизацияланған пациенттерде гепатитке сезімталдық туындатуы мүмкін.

Зертханалық сынақтар

Сульфобромофталеин кідіруінде, қандағы глюкозада және қан мочевинасы азотының азаюымен қан сарысуының креатининінде, сарысу холестеринінде және сілтілік фосфатазада транзиторлық жоғарылау байқалды.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерге қатысты толыққанды және жақсы бақыланған зерттеулер жоқ. Изофлуранды жүктілік кезінде, потенциалды пайда шарана ұшырайтын потенциалды қауіптен басым жағдайда ғана пайдалану керек.

Аталған препарат адам сүтіне бөліне ме, белгісіз. Көптеген препараттар адам сүтіне бөлінгендіктен изофлуранды бала емізетін әйел қабылдап жүргенде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайында немесе артық дозалану мүмкін болғанда келесі шараларды қабылдау қажет:

Препарат қабылдауды тоқтату, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және қосымша немесе таза оттегімен өкпені жасанды желдетуді бастау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 және 250 мл сақинасы тартып алынатын және U-пішінді ойығымен 25-миллиметрлік қара түсті пластик қалпақшасы бар (күлгін түсті пластик жиектеме) янтарь түсті шыны бөтелкеде.

1 бөтелкеден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тығыз жабу керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тек анестезиологияда стационарлық пайдалану үшін

Өндіруші

«Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед»,

Үндістан, Гуджарат шт., Мехсана обл., Тол қ. – 382 728 , Сананд-Кади к-сі

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы):

«Aldimed» ЖШС

Заңды (нақты) мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ.

Самал-1 ықшам ауданы, 1 үй, Тел: + 7 727 2632734

Прикрепленные файлы

Инструкция_Изотрой_100_и_250_рус.doc 0.08 кб
Изотрой_100_и_250_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту