Ибукем (Ибупрофен)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ибукем
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ибупрофен
Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия, 200 мг/5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы, стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Ибуфропен.
ATХ коды М01АЕ01
Қолданылуы
7 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға:
- ыстықты түсіретін симптоматикалық дәрі ретінде келесі жай-күйлерде:
жедел респираторлық ауруларда (суық тию, тұмау)
екпеден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының көтерілуімен қатар жүретін инфекцялық-қабыну ауруларында
- ауыруды басатын дәрі ретінде (ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі ауыру синдромында) келесі жай-күйлерде:
• тіс ауыруында
бас ауыруында, бас сақинасы
невралгияларда
құлақ ауыруында
тамақ ауыруында
байламдар созылуы кезіндегі ауыруда
бұлшықет ауыруында
ревматизмдік ауыруда, буын ауыруында
ауырсынумен келетін етеккір кезінде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ибупрофенге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП ) қабылдауға жауап ретіндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем)
- белсенді фазадағы немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері)
- анамнезінде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілулер болғанда
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек және бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- жүктіліктің III триместрі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтоза ферменттінің тапшылығы
- 7 жасқа дейінгі балаларға
- дене салмағы 20 кг аз болса
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препаратты симптомдарын бақылауға қажетті қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолдану жағымсыз реакцияларды азайтуға мүмкіндік береді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ибупрофеннің келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолданылуына жол бермеу керек:
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин): (дәрігер тағайындаған аспириннің төменгі дозаларын қоспағанда (тәулігіне 75 мг-ден көп емес)), себебі бірге қолдану жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Басқа ҚҚСП, атап айтқанда, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштері: жағымсыз әсерлерінің туындау қаупінің арту ықтималдығына байланысты, бір мезгілде екі және одан да көп ҚҚСП тобының препараттарын қолдануға болмайды.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек:
Антикоагулянттар: ҚҚСП антикоагулянттардың, атап айтқанда, варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін
Гипертензияға қарсы дәрілер және диуретиктер: ҚҚСП бұл топтағы препараттардың тиімділігін азайтуы мүмкін. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылығын арттыруы мүмкін.
Кортикостероидтар: АІЖ ойық жаралары түзілуінің және асқазан-ішектен қан кетудің қаупі жоғарылайды.
Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері: асқазан-ішектен қан кетудің туындау қаупі жоғарылайды.
Жүрек гликозидтері: ҚҚСП мен жүрек гликозидтерін бір мезгілде тағайындау жүрек жеткіліксіздігінің ушығуына, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуіне және жүрек гликозидтері қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Литий препараттары: ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы литий концентрациясының артуы ықтималдығы туралы деректер бар.
Метотрексат: ҚҚСП қолдану аясында метотрексаттың қан плазмасындағы концентрациясының артуы ықтималдығы туралы деректер бар.
Циклоспорин: ҚҚСП мен циклоспоринді бір мезгілде тағайындағанда нефроуыттылық қаупі артады.
Мифепристон: ҚҚСП қабылдауды мифепристон қабылдағаннан кейін 8-12 күннен ерте бастамау керек, өйткені ҚҚСП мифепристонның тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Такролимус: ҚҚСП мен такролимусты бір мезгілде қабылдағанда нефроуыттылық қаупі жоғарылауы мүмкін.
Зидовудин: ҚҚСП мен зидовудинді бір мезгілде қолдану гематологиялық уыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зидовудинмен және ибупрофенмен бірге ем қабылдаған, гемофилиясы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде гемартроз бен гематомалардың туындау қаупінің жоғарылағаны туралы деректер бар.
Хинолондар қатарының антибиотиктері: ҚҚСП және хинолондар қатарының антибиотиктерімен бірге ем қабылдайтын пациенттерде құрысулардың туындау қаупі артуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Тыныс мүшелері тарапынан. Анамнезінде бронх демікпесі немесе аллергиялық реакциялары бар пациенттерде бронх түйілуі құбылысы дамуы мүмкін.
Дәнекер тіндердің аурулары (мысалы, жүйелі қызыл жегі ЖҚЖ). Ибупрофенмен емдеу ЖҚЖ немесе дәнекер тіннің басқа да аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупін арттырады.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан. Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесуі қажет. Препарат сұйықтық іркілісін, артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауын және ісінулердің дамуын туғызуы мүмкін.
АІЖ тарапынан. Анамнезінде АІЖ аурулары (мысалы, ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде, әсіресе егде жастағы адамдарда, ҚҚСП-мен емдеу кезінде ойық жаралардың түзілуін, ойық жарадан қан кету мен тесілуін (өліммен аяқталуға дейін) қоса, асқынулардың даму қаупі жоғары, сондықтан мұндай пациенттерге ибупрофенді сақтықпен тағайындау керек. Сонымен қатар асқынулар пациенттердің анамнезінде күрделі АІЖ асқынулары жоқ болғанда және алдын-ала симптомдарсыз да дамуы мүмкін. Мұндай пациенттерге ең төмен қолжетімді дозамен емдеуді ұсыну керек. Мұндай пациенттерге емдеудің басында кез келген, әсіресе асқазан-ішек жолынан қан кетудің дамуын білдіретін әдеттен тыс абдоминальді құбылыстар туралы хабарлау қажеттігін ескерткен жөн. Ішуге арналған кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин, серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері) немесе тромбозға қарсы препараттар (аспирин) сияқты ойық жаралардың немесе қан кетудің даму қаупін арттыратын қатар жүретін дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерге сақтық танытқан жөн. Егер ибупрофенді қабылдаған кезде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жараның түзілуі дамитын болса, емдеуді тоқтату керек.
Тері жабындары тарапынан.
ҚҚСП қолданғаннан кейін эксфолиативтік дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса (өліммен аяқталуға дейін), күрделі тері реакцияларының дамығаны туралы сирек хабарламалар бар. Мұндай реакциялар көптеген жағдайда емдеудің бірінші айы ішінде туындайды.
Құрамында ибупрофен бар препараттарды қабылдау аясында жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) дамуы туралы хабарланған. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдануы және аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа көріністері пайда болуының алғашқы белгілерінде препарат қабылдауды тоқтату керек.
Желшешегі бар пациенттерде ҚҚСП қолдану тері мен теріасты шелмайының инфекциялық-қабыну ауруларының ауыр іріңді асқынуларының (мысалы, некроздаушы фасциттің) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты, препараттың желшешек кезінде қолданылуына жол бермеу ұсынылады.
Жасырын инфекция симптомдарының бүркемеленуі
Ибукем қызу және ауырсыну сияқты инфекциялардың белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан Ибукем инфекцияның тиісті емін кейінге қалдыруы мүмкін, бұл асқыну қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл бактериялардан туындаған пневмонияда және желшешекке байланысты бактериялық тері инфекцияларында байқалды. Егер сіз бұл дәріні инфекция кезінде қабылдасаңыз, ал инфекция белгілері сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Бүйрек тарапынан бұзылулар
Анальгетиктерді тұрақты қабылдау, әсіресе әртүрлі ауырсынуды басатын дәрілердің комбинациясы, әдетте бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар бүйректің тұрақты зақымдануына әкеледі (анальгетикалық нефропатия).
Дегидратациясы бар балаларда бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар.
Ибукем препаратын ұзақ уақыт қолданғанда бауыр мен бүйрек функциясын, сондай-ақ қанның жалпы талдауын үнемі бақылау қажет.
Қосымша заттар туралы ескертулер
Дәрілік препарат құрамында сахароза бар, оны қант диабетімен ауыратын пациенттерге тағайындау кезінде ескеру қажет.
Бұл дәрілік препараттың құрамында 5 мл суспензияда 25 мг натрий бар (= 1 мл суспензияда 5 мг натрий). Мұны бақыланатын натрий диетасындағы пациенттер ескеруі керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат ыстықты түсіретін және ауыруды басатын симптоматикалық дәрі ретінде балаларда өмірінің 3 айлығынан бастап 12 жасқа дейін қолданылады. 3 айға дейінгі және дене салмағы 5 кг кем балаларға қолдануға болмайды.
Жүкті немесе лактация кезеңі
Препаратты жүктіліктің III триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің I-II триместрлерінде қолдануға да мүмкіндігінше жол бермеген жөн. Ибупрофен емшек сүтіне емшектегі нәрестенің денсаулығына қандай да болсын кері зардапсыз аздаған мөлшерде өтуі мүмкін екені туралы мәліметтер бар.
Фертильділігі
Циклооксигеназа/простагландиндер синтезін тежейтін препараттардың овуляцияға әсер ете отырып, әйелдердегі фертильділікті төмендететіндігі туралы кейбір мәліметтер бар. Бұл құбылыс препаратты тоқтатқанда қайтымды.
Препараттың қөлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозалары мен емдеу ұзақтығында көлікті басқару қабілетіне ықпал етеді деп күтілмейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ибукем препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын бөлінген дозалармен дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды (қабылдау аралығындағы ең аз уақыт – 4 сағат). Дозалау үшін өлшегіш қасықты пайдаланыңыз.
7 жасқа дейінгі балалар мен салмағы 20 кг-нан аз балаларға жарамайды.
Баланың жасы (Дене салмағы) |
Қолдану саны мен тәсілі |
7 – 9 жас (21 – 30 кг) |
5 мл-ден тәулігіне 3 рет |
10 – 12 жас (31 – 40 кг) |
7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет |
Енгізу әдісі мен жолы
Ішуге арналған.
Асқазанның сезімталдығы жоғары пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.
Пайдаланып болған соң қасықты жылы сумен жуыңыз және баланың қолы жетпейтін орында кептіріңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тек қана қысқа мерзімдік қолдану үшін. Егер препаратты ұзаққа созылмайтын уақыт аралығында, симптомдарды жоюға қажетті ең аз тиімді дозасында қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.
Емдеу ұзақтығы
Ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмайды.
Келесі жастағы балаларда медициналық көмекке жүгіну керек:
3-6 айлық – баланың жағдайы нашарлағанда (және 24 сағаттан кешіктірмей), егер симптомдар жалғасатын болса;
6 айдан асқан - баланың жағдайы нашарлағанда (және 3 тәуліктен кешіктірмей), егер симптомдар жалғасатын болса.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Балаларда артық дозалану симптомдары 400 мг/кг астам ибупрофенді қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Ересектерде дозаға тәуелді әсері аздап білінеді. Артық дозалануы кезінде жартылай шығарылу кезеңі 1,5-3 сағатты құрайды.
Симптомдары
Артық дозалану симптомдары жүрек айнуы, құсу, эпигастриядағы ауырсыну немесе сирек диарея болуы мүмкін. Құлақтың шуылдауы, бас ауыруы және асқазан-ішектен қан кетуі ықтимал. Аса ауыр улану симптомдары орталық жүйке жүйесі тарапынан ұйқышылдық түрінде, кейде – қозу және бағдарсыздық немесе кома түрінде көрінеді. Кейде құрысу пайда болуы мүмкін. Ауыр артық дозаланғанда метаболизмдік ацидоз, сондай-ақ қан арнасында айналатын қан ұю факторларымен өзара әрекеттесуі салдарынан протромбиндік уақыттың ұзаруы мүмкін. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі және бауырдың зақымдануы байқалуы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде демікпенің өршуі мүмкін.
Шұғыл емшаралар
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етумен, жүрек функциясына және пациенттің жай-күйі қалыпқа келгенше негізгі тіршілік көрсеткіштерін мониторингілеумен симптоматикалық және демеуші ем болуы тиіс. Ибупрофеннің ықтимал уытты дозасын қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді ішу арқылы қабылдау немесе асқазанды шаю ұсынылады. Жиі немесе ұзаққа созылған құрысуларды диазепамды немесе лоразепамды вена ішіне енгізу арқылы басу керек. Бронх түйілуі ұстамасы туындаған жағдайда бронходилататорларды қолдану ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Ибукем препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі емес (≥ 1/1000 -нан < 1/100-ге дейін)
- аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышынуы, әртүрлі тері бөртпелері
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия
- бас ауыруы
- бронх демікпесі, бронх демікпесінің және бронх түйілуінің өршуі
Сирек (≥ 1/10000 -нан < 1/1000-ға дейін)
- құсу, метеоризм, диарея, іш қату
Өте сирек (< 1/10000)
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі
- ауыр дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)
- пептидтік ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету (АІЖ), мелена, қан құсу (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде жастағы пациенттерде) ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, сарысуда мочевинаның көбеюімен және ісінулермен астасқан папиллонекроз (әсіресе ұзақ қабылдау кезінде)
- қан түзілуінің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения,
панцитопения, агранулоцитоз). Бірінші симптомдары: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысындағы беткейлік ойық жаралар, тұмау тәрізді симптомдар, айқын әлсіздік, түсініксіз қан кету және қанталаудың білінуі болып табылады.
- бауыр функциясының бұзылуы
- көп формалы эритеманы, уытты эпидермалық некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, буллезді реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін
- осының алдында аутоиммундық бұзылулары болған (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары) пациенттерде ибупрофенмен емдеу кезінде желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, қызба немесе бағдардан адасу сияқты асептикалық менингит симптомдарының бірен-саран жағдайлары байқалды.
Жиілігі белгісіз
- DRESS-синдром ретінде белгілі ауыр тері реакциясы (жүйелік симптомдары мен дәріден болған эозинофилия), тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі және эозинофилдер санының артуы түрінде пайда болады
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP).
- ісінулер, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі. Ибупрофенді жоғары дозаларда (тәулігіне ≥ 2400 мг) қабылдаған кезде және ұзақ емдеу курсында миокард инфарктісі немесе инсультті қоса, тромбоздық асқынулардың даму қаупі аздап артқаны туралы хабарлар бар.
- жекелеген жағдайларда инфекциялар туындаған қабынулар өршуі мүмкін. Атап айтқанда, желшешек кезінде ҚҚСҚ қолдану тері мен жұмсақ тіндердің ауыр инфекцияларына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 200 мг ибупрофен
қосымша заттар: сахароза, ксантан шайыры (Xantural 75), гидроксипропил метилцеллюлоза (HPMS 3 CPS), глицерин, натрий бензоаты, лимон қышқылы моногидраты, полисорбат 80, жабайы қой бүлдірген хош иістендіргіші, ванильді хош иістендіргіші, су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл түсті, біртекті консистенциядағы, өзіне тән иісі бар суспензия.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ТЖПЭ жасалған және алғаш ашылуы бақыланатын пластмасса қақпағы бар құтыға 100 мл суспензиядан құйылған.
Өлшегіш қасықпен жиынтықтағы 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Cachet Pharmaceuticals Pvt. Ltd.
Alkem Laboratories Ltd құрамында
Village Thana, Baddi, Dist. Solan
Himashal Pradesh-173205, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Alkem Laboratories Ltd, Үндістан
Alkem House «Devashish»
Senapati Bapat Marg Lower Parel
Mumbai – 400013, India
Phone +91-22-39829999
Fax +91-22-24952955
Email: contact@alkem.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«The Pharma Network» («Зэ Фарма Нэтворк») ЖШС
Алматы қ., Қонаев көшесі 21 Б, «Сәт» Бизнес орталығы, 43 кеңсе
Телефон нөмірі +7 727 244 66 11
+77715065566
Электронды поштасы: rgm@tpnalkem.com