Иберогаст®

Производитель: Штайгервальд Арцнаймиттельверк ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018419
Информация о регистрации в РК: 26.12.2016 - 26.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Иберогаст®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 20, 50 және 100 мл тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

жаңа піскен бүтін ащы әлпел өсімдіктерінің сығындысы 15.0 мл

(1: 1.5 – 2.5) *

аюбалдырған тамырларының сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

сермене жапырақтарының сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

зире жемістерінің сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

сүйелшөп сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

қызылмия тамырының

сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

түймедағы гүлдерінің сығындысы (1: 2 – 4)** 20.0 мл

бұрыш жалбызы жапырақтарының

сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 5.0 мл

алатікен жемістерінің сығындысы (1: 2.5 – 3.5)** 10.0 мл

* - этил спирті экстрагенті 50 %

** - этил спирті экстрагенті 30 %

Ескерту: 31%-ға жуық этил спирті бар.

 

Сипаттамасы

Күңгірт-қоңыр түсті, өзіне тән иісі мен ащылау дәмі бар, мөлдір немесе аздап бұлыңғырлау сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциональді бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.

ATХ коды A 03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Иберогаст® препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсерінің нәтижесі болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.

Фармакодинамикасы

Иберогаст препаратының асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықет тонусын модуляциялайтын әсер береді. Ең алдымен ащы әлпел (Iberis amara) мен сүйелшөп компоненттері тонусы және асқазан қақпасы тұсындағы моторика төмендегенде сергітетін, прокинетикалық әсер етеді. Асқазан түбіндегі/денесіндегі түйілулерде ең алдымен дәрілік аюбалдырған, алатікен мен қызылмия ауыруды басатын әсер береді.

Иберогаст® шырышты қабықты қорғайтын простагландиндер мен муциндердің концентрациясын жоғарылатады, шырышты қабық үшін уытты лейкотриендердің концентрациясын төмендетеді, айнала қаланатын жасушалардағы асқазан сөлінің бөлініп шығуын төмендетеді және тұз қышқылының әсеріне негізделген симптомдарға, мысалы, қыжылда, қарсы әрекет етуі мүмкін. Иберогаст® 5-липоксигеназаны тежегіштік, жел айдағыш, тотығуға қарсы және бактерияға қарсы әсерінің арқасында қабынуға қарсы әсерге ие.

in vitro экспериментінде Helicobacter pylori-дің 6 түрінің өсуін тежейді.

Препаратты күнделікті қолдану негізіндегі 6 ай бойғы токсикологиялық зерттеулер әсер етуші заттарының жинақталмайтынын көрсетті.

Өзінің жан-жақты механизмдері мен қолдану нүктелерінің арқасында көп мақсатты емдеу принципіне сәйкес келеді.

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолының функциональді бұзылуларында, (мысалы: асқазан-ішек жолындағы спастикалық ауырулар, кернеу сезімі, метеоризм, іштің қатуы, диарея немесе олардың кезектесуі, жүрек айнуы, қыжыл)

- ішектің тітіркену синдромында

- гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында

кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Иберогастты® күніне 3 рет тамақтан бұрын немесе тамақтану кезінде азғантай су мөлшерімен қабылдайды:

Ересектер мен жасөспірімдер 20 тамшыдан,

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 10 тамшыдан.

Қолдану ұзақтығы аурудың түрі мен ауырлығына және ағымына байланысты болады.

Қолданар алдында шайқау керек!

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- асқын сезімталдық реакциялары, мысалы тері бөртпесі, тері қышымасы, ентігу

Атап көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және мүмкіндігінше тезірек дәрігерге көріну керек.

Қолдануға қолмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Шөгінді түзілуі немесе Иберогаст® препаратының бұлыңғырлануы оның тиімділігіне әсер етпейді.

Иберогаст® тамшыларының белсенді заттарына белгілі аллергия бар болса, қабылдамаңыз.

Иберогаст® тамшыларының құрамында 31%-ға жуық (көлемі бойынша) этил спирті бар. Ересектер үшін ең жоғары ұсынылатын дозасы– 20 тамшы (=1 мл) құрамында 0.24 г спирт бар.

Маскүнемдікке шалдыққан немесе қауіп-қатер дәрежесі жоғары топтағы, ішінара бауыр ауруларымен, эпилепсиямен ауыратын, ми жарақаты немесе аурулары бар емделушілерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге және 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Егер белгілер жойылмай, ал препаратты қолданудан күтілетін әсері басталмаса, емделуші дәрігерге қаралуы керек.

Қант диабеті бар науқастарда қолданылуы

Препаратты қант диабеті бар науқастарға, ересектер үшін бір реттік - 20 тамшы құрамында 0,1-ден аз нан бірлігі болғандықтан қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде, сондай-ақ бала емізу кезінде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ұсынылатын дозаларында көлік құралдарын басқару мен механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Бүгінге дейін жедел артық дозаланған жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20, 50 немесе 100 мл препараттан үстіңгі жағында дозалағыш тамшылатқыш құрылғысы бар, қақпақпен бұралатын және алғашқы ашылуы бақыланатын күңгірт шыныдан жасалған құтыларға құйылады.

Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашылған құтыларды 8 апта бойы пайдалануға болады.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ШТАЙГЕРВАЛЬД Арцнаймиттельверк ГмбХ, Хафельштрассе 5

64295 Дармштадт / Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15-пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

Прикрепленные файлы

188640801477977207_ru.doc 48 кб
793797731477978363_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники