Зоцеф® (250 мг)

МНН: Цефуроксим
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cefuroxime
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005436
Информация о регистрации в РК: 30.10.2023 - 30.10.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 105.71 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 582.01 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зоцеф ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефуроксим

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –

цефуроксим аксетилі 300.7 мг, 601.4 мг

(цефуроксимге баламалы) (250.0) (500.0)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, кальций карбонаты, кросповидон, гидроксипро-пилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, екі жақ беті дөңес, капсула пішінді, бір жақ бетінде бөлетін сызығы (250 және 500 мг дозалар үшін) және басқа жақ бетінде «СХ 250» жазуы бар (250 мг доза үшін) қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы бета-лактамдық басқа да препараттар. Екінші буынды цефалоспориндер. Цефуроксим.

АТХ коды J01DС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін цефуроксим ең жоғары концентрацияға 2-3 сағаттан соң жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 33-50-ды құрайды. Цефуроксим сүйек тінінде, синовиальді сұйықтықта және көзішілік сұйықтықта көптеген микроорганизмдер үшін ең төмен концентрациядан жоғары болатын концентрацияға жетеді. Цефуроксим менингит кезінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Плацента арқылы өтеді және емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Цефуроксим организмде биологиялық өзгеріске ұшырамайды. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1,2 сағатты құрайды. Өзекшелік секреция және шумақтық сүзілу арқылы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең ІІ буынды цефалоспоринді антибиотик, бактерия жасушалары қабырғасының синтезін тежеу есебінен бактерицидті әсер етеді. Зоцеф жарғақшамен байланысқан транспептидазаны ацетилдейді, осылайша, жасуша қабырғасының беріктігі мен сіреспелілігін қамтамасыз ететін пептидогликандардың айқаспалы тігісін бұзады.

Мына грамтеріс бактерияларға: Escherіchіa colі, Haemophіlus іnfluenzae, Salmonella spp., Shіgella spp., Proteus mіrabіlіs, Neіsserіa gonorrhoeae, Enterobacter spp. қатысты белсенді. Сондай-ақ мына грамоң бактерияларға: Staphylococcus spp., Streptococcus spp. қатысты белсенді.

Pseudomonas spp., көптеген Enterococcus spp. штаммдарына, көптеген Enterobacter clocae штаммдарына, Staphylococcus spp., және Lіsterіa monocytogenes метициллин-төзімді штаммдарына қатысты белсенді емес.

Бета-лактамазалардың әсеріне төзімді.

Қолданылуы

Цефуроксимге сезімтал микроорганизмдерден болған мына жұқпалы-қабыну ауруларында:

  • тыныс жолдарының жұқпаларында (соның ішінде жедел және созылмалы бронхит, жұқпа жұқтырған бронхоэктаздар, бактериялық пневмония, өкпе абсцессі)

  • абдоминальді және гинекологиялық жұқпаларда

  • ЛОР-жұқпаларда (соның ішінде синусит, тонзиллит, фарингит, ортаңғы отит)

  • несеп шығару жолдарының жұқпаларында (соның ішінде жедел және созылмалы пиелонефрит, цистит, асимптоматикалық бактериурия)

  • тері және жұмсақ тін жұқпаларында (соның ішінде целлюлит, тілме қабыну, жара жұқпалары)

  • сүйек пен буын жұқпаларында (соның ішінде остеомиелит, септикалық артрит)

  • созда

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу курсы жұқпаның барысы мен орнығуына, қоздырғыштың сезімталдығына қарай, дәрігердің тағайындауымен белгіленеді.

Препаратты қолдану ұзақтығы орта есеппен 7 күнді (5 күннен 10 күнге дейін) құрайды. Тамақтан кейін қабылдаған жөн.

Бір реттік дозасы ересектер үшін тәулігіне 3 рет 250-500 мг құрайды.

Жұқпалардың көбісінде

250 мг-нан күніне екі рет

Несеп-жыныс жолдарының жұқпаларында

250 мг-нан тәулігіне 2 рет

Пиелонефритте

250 мг-нан тәулігіне 2 рет

Төменгі тыныс жолдарының жеңіл және орташа дәрежелі жұқпаларында, мысалы, бронхитте

250 мг-нан тәулігіне 2 рет

Төменгі тыныс жолдарының ауыр жұқпаларында немесе пневмонияға күдіктенгенде

500 мг-нан тәулігіне 2 рет

Асқынбаған созда

Бір реттік доза 1 г

Ересектердегі және 12 жастан асқан балалардағы Лайм ауруында

500 мг-нан тәулігіне 2 рет 20 күн бойы

6 жастан асқан балаларға – тәулігіне 15-80 мг/кг, енгізу жиілігі – 2-3 рет.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге дозалау режимін креатинин клиренсінің (КК) мәнін есепке ала отырып белгілейді: КК минутына 10-20 мл болғанда препаратты 750 мг- нан тәулігіне 2 рет; КК минутына 10 мл болғанда 750 мг-нан тәулігіне 1 рет енгізу ұсынылады. Ең жоғары дозалар: ересектер үшін тәуліктік доза – 6 г.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • Саndida түріндегі төзімді микроорганизмдердің өсуінің күшеюі

  • эозинофилия

  • бас ауыру, бас айналу

  • асқазан-ішектік бұзылулар, диареяны, жүректің айнуы, асқазанның ауыруын қоса есептегенде

  • бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, ДЛГ) белсенділігінің уақытша жоғарылауы

Жиі емес

  • оң Кумбс реакциясы, тромбоцитопения, лейкопения (кейде бірден білінетін)

  • тері бөртпесі

  • құсу

Сирек

- есекжем, қышыну

- жалған жарғақшалы колит

Өте сирек

- гемолитикалық анемия

- қызба, сарысу құю ауруы, анафилаксия

- сарғаю (әсіресе холестатикалық), гепатит

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (экзантемалы некролиз)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- цефуроксимге және басқа да цефалоспориндерге жоғары сезімталдық

- сыртартқыда асқазан-ішек аурулары және асқазан-ішек жолынан қан кетудің болуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Асқазан сөлінің қышқылдылығын азайтатын препараттар Зоцефтің® биожетімділігін препаратты ашқарынға қабылдаған кездегі осындаймен салыстырғанда төмендетеді және ас қабылдаумен байланысты жақсы сіңуіне кедергі жасайды.

Зоцефті® амино-гликозидтер тобының антибиотиктерімен және диуретиктермен біріктіргенде нефроуытты әсерлердің пайда болу қаупі артады. Зоцеф® ішу арқылы қабылданатын, біріктірілген контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

«Ілмектік диуретиктермен» бір мезгілде қабылдау цефураксимнің өзекшелік секрециясын баяулатады, бүйректік клиренсін төмендетеді, плазмадағы концентрациясын арттырады және жартылай шығарылу кезеңін ұзартады.

Зоцеф® препаратын қабылдап жүрген емделушілерде темірсинеродисті калиймен сынама жалғантеріс нәтиже беретін болғандықтан, қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін глюкозооксидаза немесе гексокиназаны пайдалану әдістерін қолдану керек.

Пробеницидпен бір мезгілде енгізу Зоцефтің® AUC мәнін 50%-ға арттырады.

Бір мезгілде қабылдағанда варфариннің антикоагулянттық әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Зоцефті® пенициллин қатарының антибиотиктеріне және басқа да бета-лактамазаларға сезімталдығы жоғары емделушілерге аса сақтықпен тағайындайды.

Ұзақ уақыт емдеген кезде төзімді микроорганизмдердің (Candida, Enterococci, Clostridium difficile) өсуі күшеюі мүмкін, бұл емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін.

Антибиотиктерді, соның ішінде Зоцефті® қолдану аясында диарея пайда болған жағдайда жалған жарғақшалы колиттің туындауы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Лайм ауруын Зоцеф® препаратымен емдеген кезде кейде Яриш-Герсгеймер реакциясы білінеді. Бұл реакция ауру қоздырғышы – Borrelia burgdorferi спирохетасына Зоцефтің® тікелей бактерицидтік әсерінің салдары болып табылады, бұл жиі және әдетте емдеу барысында өздігінен қайтатын емнің салдары болып табылады. Емделушілерді бұл симптомдардың осы ауруда антибиотиктерді қолданудың өзіне тән салдары болып табылатындығынан хабардар ету керек. Сатылы емде ішу арқылы қабылданатын емге ауысу уақыты жұқпаның ауырлығымен, емделушінің клиникалық жағдайымен және қоздырғыштардың сезімталдығымен анықталады. Егер емді бастағаннан бері 72 сағат шегінде клиникалық әсер болмаса, емдеудің парентеральді курсы жалғастырылуы тиіс. Зоцефті® қолдану аясында спирт ішімдіктерін қолдану қауіпті, өйткені антабусқа ұқсас әсерлер (диарея, жүректің айнуы, тахикардия, беттің қызаруы және т.б.) пайда болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Зоцефті® қабылдаған кезде бас айналатын болатындықтан, көлікті және басқа да механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: ОЖЖ тарапынан бұзылу, олар қозумен, құрысулармен білінеді.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізіледі. Зоцеф® гемодиализде және перитонеальді диализде шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндірушінің атауы және мекенжайы

«Alkem Laboratories Limited» (Алкем Лабораториз Лимитед), Үндістан

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400 013

Тіркеу куәлігінің иесі

«Alkem Laboratories Limited», Үндістан

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400 013

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ-сы, Мәметова к-сі, 67

Телефон нөмірі: (727) 266-39-90

Факс нөмірі: (727) 266-39-90

Электрондық поштасы: dubeysand@yahoo.com

 

Прикрепленные файлы

523321321477976919_ru.doc 68.5 кб
899621751477978092_kz.doc 79.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники