Зовиракс® (крем, 2 г, 5%)

МНН: Ацикловир
Производитель: Глаксо Оперэйшенс Великобритания Лтд. Глаксо Веллком Оперэйшенс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012598
Информация о регистрации в РК: 24.05.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Зовиракс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5 % крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат - ацикловир 5.00 г,

қосымша заттар: пропиленгликоль, ақ жұмсақ парафин, цетостеарилді спирт, сұйық парафин, Арлацел 165, полоксамер 407, диметикон 20, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектерден және кесектерден бос және көзге көрінетін қатпарлануларсыз, ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Сыртқа қолдануға арналған микробқа қарсы басқа да препараттар. Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир

АТХ коды D06BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кремді қолданғанда жүйелік сіңуі – ең төмен.

Фармакодинамикасы

Зовиракс Herpes simplex 1 және 2 типтеріне қатысты белсенді. Вируспен жұқпаланған жасушалардағы тимидинкиназа бірінен кейін бірі бірқатар реакциялардан соң ацикловирді моно-, ди- және үшфосфат ацикловирге белсенді өзгертеді. Соңғысы вирустық ДНҚ-полимеразамен өзара әрекеттеседі және жаңа вирустар үшін синтезделетін дезоксирибонуклеинді қышқылға (ДНҚ) сап түзейді. Осылайша, «ақаулы» вирустық ДНҚ қалыптасады, бұл вирустардың жаңа буынының репликациясының бәсеңдеуіне алып келеді.

Қолданылуы

- Herpes simplex вирусының 1 және 2 типтерінен туындаған ерін және бет жұқпаларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты терінің зақымданған және онымен шектесетін бөліктеріне жұқа қабатпен күніне 5 рет жағу (әрбір 4 сағатта) ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы 4 күннен кем емес. Жазылу тез болмаған жағдайда емдеу 10 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Егер жазылуы 10 күнге дейін де бола қоймаса онда дәрігерге қаралу керек.

Кремді зақымданған бөліктердің қосымша жұқпалануын болдырмас үшін мақта тампонымен, болмаса таза қолмен жағады.

Жағымсыз әсерлері

- жиі емес (≥ 1/1000 және < 1/100): қызару, қышыну, қабыршақтану, препарат жаққан бөліктердің күйдіруі

- сирек (≥ 1/10000 және < 1/1000): эритема, жанаспалы дерматит, көбіне препараттың қосымша компоненттеріне болатын реакцияға байланысты

- өте сирек (< 1/10000): ангионевротикалық ісінуді қоса, дереу типті өте жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацикловирге, валацикловирге және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Ең жоғары емдік әсерге жету үшін препаратты аурудың бірінші белгілері басталған кезден бастап дереу қолдану керек (күйдіру, қышыну, шаншу, ширығу сезімі және қызару). Алайда ем кешеуілдеген сатыларында басталуы да мүмкін (папула немесе везикула).

Жергілікті қабыну өрбуі мүмкіндігінен кремді ауыз қуысы және көздің шырышты қабықтарына жағу ұсынылмайды. Ерекше күшті жиі қайталанатын ерін герпесі бар адамдарға дәрігерге қаралу керек.

Генитальдік герпесті емдеу үшін пайдалануға болмайды.

Иммунитеті әлсіреген емделушілерге қолдану ұсынылмайды және кез келген жұқпаны емдеуге қатысты дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігіне талапқа сай және қатаң бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Қолданылуы тек болжамды пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана көрсетілімде.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданылуына шектеу жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеуде шектеу жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған. Артық дозалануына күдік болғанда дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г препараттан бұралатын қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Глаксо Вэллком Оперейшнс, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

ГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд» ӨК. Алматы қ., Фурманов к-сі, 273. тел. +7 (727) 244-69-99, + 7 (727) 258-28-92, факс +7 (727) 258-28-90 (автомат), электронды поштасы: kz.safety@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

669188531477976822_ru.doc 42.5 кб
814390121477977980_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники