Зитрокс-Маклеодс 500

МНН: Азитромицин
Производитель: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Azithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003617
Информация о регистрации в РК: 24.08.2021 - 24.08.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 453.37 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 707.7 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зитрокс 250

Зитрокс 500

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азитромицин

Дәрілік түрі

250 мг және 500 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- 250 мг немесе 500 мг азитромицинге баламалы 262.02 немесе 524.04 азитромицин дигидраты,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, желатинделген крахмал, кросповидон, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, тазартылған тальк, магний стеараты, 2-пропанол,

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза Е-5, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 400, метиленхлорид.

Сипаттамасы

Капсула пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы да тегіс (250 мг доза үшін) таблеткалар.

Капсула пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы да тегіс (500 мг доза үшін), бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромициндер.

АТХ коды J01FA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдағанда жақсы сіңеді және бүкіл организмге жылдам таралады. Препараттың емдік концентрациясын жұқпа орнында жасауға ықпал ететін жасуша ішіне, оның ішінде қабыну ошағында көшіп жүретін фагоциттерге өтеді. 12-72 сағаттан кейін-ақ қабыну орнында жұқпа қоздырғыштарын басатын ең төменгі концентрациядан асып түсетін жоғары емдік концентрация (1-9 мг/кг) пайда болады. Жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, тіндерден баяу шығарылады (орташа алғанда 60-76 сағат). Аталған қасиеттері препаратты тәулігіне бір рет қана қабылдау мүмкіндігін және 7-10 күндік емдеу курсын қамтамасыз ететін дозалаудың қысқа режимін (3 күн) қолдану мүмкіндігін білдіреді. Негізінен бауырда метаболизденеді, метаболиттері белсенді емес. Плацента арқылы өтеді. Препарат негізінен өзгермеген күйінде өтпен бірге шығарылады, аз бөлігі бүйрек арқылы шығарылады.

ФармакодинамикасыЗитрокстің микробқа қарсы кең ауқымды әсері бар. 50S-cyбъбірлікті рибосомалармен байланыса отырып, микроорганизмдер ақуыздарының биосинтезін бәсеңсітеді. Жоғары концентрацияларында бактерицидті әсер етеді. Төмендегі грамоң бактериялар қатарына: Streptococcus pneumoniae, S. pyogenes, S. agalactiae, S. viridans, С, F және G стрептококктар тобына, Staphylococcus aureus, S. epidermidis қатысты белсенді. Эритромицинге төзімді грамоң бактерияларға әсер етпейді. Келесі грамтеріс микроорганизмдерге қатысты тиімді: Haemophilus influenzae, H. parainfluenzae және Н. ducreyi, Moraxella catarrhalis, Bordetella pertussis және В. parapertussis, Neisseria gonorrhoeae және N. meningitidis, Brucella melitensis, Helicobacter pylori, Gardnerella vaginalis. Campylobacter jejuni, кейбір анаэробтық микроорганизмдерге қатысты белсенді: Clostridium perfringens, сондай-ақ Micobacteria avium complex, Бұдан басқа, жасушаішілік және басқа да микроорганизмдерге, соның ішінде: Legionella pneumophila, Chlamydia trachomatis және С. pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum, Listeria monocitogenes, Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum қатысты тиімді.

Қолданылуы

- жоғары тыныс жолдары жұқпаларында (бактериялық фарингитте/тонзиллитте, синуситте, ортаңғы отитте)

- төменгі тыныс жолдары жұқпаларында (бактериялық бронхитте, интерстициальді және альвеолярлық пневмонияда, созылмалы бронхиттің асқынуында)

- тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында (созылмалы  көшпелі эритема - Лайм ауруының бастапқы сатысында, тілмеде, импетигода, салдарлы пиодерматоздарда)

- жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпаларда (уретритте, цервицитте)

- Helicobacter pylori астасқан асқазан және 12 елі ішек ауруларында.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тәулігіне бір рет, тамақтан бір сағат бұрын немесе тамақтан екі сағат кейін.

Таблеткаларды бүтіндей жұту керек.

Жоғары және төменгі тыныс жолдары, тері мен жұмсақ тіндердің жұқпаларында (созылмалы  көшпелі эритеманы қоспағанда): ересектерге: 3 күн бойына күніне 1 реттен 500 мг (курстық доза 1,5 г),

6 жастан асқан балаларға:  дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг-нан 3 күн бойына күніне 1 рет (курстық доза 30 мг/кг).

Созылмалы көшпелі эритемада:ересектерге: 5 күн бойы тәулігіне 1 рет: 1- күні – 1,0 г (500 мг-нан 2 таблетка), содан соң 2-күннен 5-күнге дейін - 500 мг-нан (курстық доза 3,0 г), 

6 жастан асқан балаларға: 1-ші күні – дене салмағының әр кг-на шаққанда 20 мг дозада және содан соң 2-ші күннен 5-ші күнге дейін – күн сайын дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг дозада (курстық доза 30 мг/кг).

Helicobacter pylori астасқан асқазан және 12 елі ішек ауруларында:

3 күн бойы тәулігіне 1 г (500 мг-нан 2 таблетка) антисекреторлық дәрілермен және басқа да дәрілік препараттармен біріктіріп.

Жыныстық жолмен берілетін жұқпаларда: асқынбаған уретритте/цервицитте – бір рет 1 г, Chlamydia trachomatis туындатқан, асқынған, ұзаққа созылған уретритте/цервицитте – курс бойына 7 күн аралықпен (1,7 және 14 күні) үш рет 1 г-нан. Курстық дозасы 3 г.

Жағымсыз әсерлері

Жиі(>1/100, < 1/10)

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

Жиі емес (>1/1000, < 1/100)

- сұйық нәжіс, метеоризм, ас қорытудың бұзылуы, тәбеттің жоғалуы

Сирек (>1/1000, < 1/100)

- бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, құрысулар, дисгевзия

- тромбоцитопения

- озбырлық, қозу, мазасыздық, күйгелектік, ұйқысыздық

- парестезиялар және астения

- естудің нашарлауы, кереңдік және құлақ ішінің шуылдауы

- тахикардия, қарыншалық тахикардиясы бар аритмия, QT аралығының ұзаруы

- тіл түсінің өзгеруі, іш қату, жалғанжарғақшалы колит

- бауыр аминотрансферазасы, билирубин деңгейлерінің транзиторлы жоғарылауы, холестатикалық сарғаю, гепатит

- асқын сезімталдық реакциялары (қызару, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, фотосезімталдық), мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- артралгия

Өте сирек (>1/10000, < 1/1000)

- интерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі

- шаршау, конвульсиялар

- дәмнің және иіс сезімінің өзгеруі

- артралгиялар

- вагиниттер, кандидоз, асқынжұқпалар

- анафилактикалық шок, оның ішінде ісіну (сирек жағдайларда өлімге әкелетін)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- азитромицинге, эритромицинге немесе макролидтер тобының басқа да антибиотиктеріне жоғары сезімталдық

- қастауыш препараттарымен бір уақытта қабылдау

- I триместр және лактация кезеңі

- бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары

- аритмия

- 6 жасқа дейінгі (500 мг доза үшін – 12 жас) балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидтік дәрілер (құрамында алюминий, магний, этанол бар) және ас қабылдау Зитрокстің сіңуін төмендетеді, сондықтан препаратты, ең болмағанда, бұл препараттарды және ас қабылдаудан бір сағат бұрын немесе астан кейін екі сағаттан соң қабылдау керек.  

Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда теофиллиннің плазмалық концентрациясы жоғарылайды.

Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда варфариннің антикоагулянттық әсері күшейеді, бірге қабылдау қажет болғанда протромбинді уақытқа мұқият бақылау жүргізу керек.

Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда дигоксиннің және циклосериннің плазмалық концентрациясы жоғарылайды.

Карбамазепинмен бір мезгілде қабылдағанда оның уыттылық әсері білінуі мүмкін.

Зитрокспен бірге қабылдағанда триазоламның плазмалық деңгейі жоғарылайды, бұл уытты реакцияларға әкеп соғуы мүмкін.

Эрготамин мен дигидроэрготаминді Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда олардың уыттылық әсері білінуі мүмкін (вазоспазм, дизестезия).

Линкозаминдер Зитрокс әсерін әлсіретеді, ал тетрациклин мен хлорамфеникол тиімділігін күшейтеді.

Зитрокс гепаринмен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың бір дозасын қабылдауды жіберіп алған жағдайда – жіберіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, ал одан кейінгісін 24 сағат үзіліспен қабылдайды.

Бауыр және бүйрек қызметінің жеңіл және орташа бұзылуларында, сондай-ақ жүрек-қантамыр патологиясы бар бар емделушілерге препаратты абайлап тағайындаған жөн. Препаратты қабылдау аритмия ұстамаларын өршітуі мүмкін (қарыншалық аритмиялар және QT аралығы ұзаруы мүмкін).

Жүктілік

Жүктіліктің II және III триместрінде емнің ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнуі мүмкін қауіптен едәуір басым болатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде көлік жүргізу және зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары:  жүректің айнуы, уақытша есту қабілетінен айрылу, құсу, диарея.

Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 таблеткадан (250 мг доза үшін) немесе 3 таблеткадан (500 мг доза үшін).

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Macleods Pharmaceuticals Limited

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Macleods Pharmaceuticals Limited» ҚР өкілдігі

Алматы қ-сы, Мақатаев к-сі, 117, «Б» корпусы, 4-қабат, 37 кеңсе

Тел./факс. +7 727 3562832

E-mail: vijay9376@yahoo.com

 

Прикрепленные файлы

945135171477977201_ru.doc 65.5 кб
783525811477978362_kz.doc 73.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники