Зипрекса® (лиофилизат, 10 мг)

МНН: Оланзапин
Производитель: Патеон Италия С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olanzapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012208
Информация о регистрации в РК: 26.07.2013 - 26.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Зипрекса

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 10 мг лиофилизат.

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - 10 мг оланзапин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, шарап қышқылы, хлорлы сутек қышқылы 10% және натрий гидроксиді 10%, pH түзетуге арналған ерітінді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Сары түсті лиофилизат.

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Нейролептиктер (антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Оланзапин

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде оланзапин қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 15 - 45 минутта жетеді. Бұлшықет ішіне енгізгендегі 5мг оланзапиннің плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы баламалы дозасын ішке қабылдағанда жететін концентрациясынан 5 есе жоғары. Бұлшықет ішіне енгізгенде байқалатын жартылай шығарылу кезеңі ішке қабылдағанда байқалатын жартылай шығарылу кезеңіне ұқсас. Плазмадағы оланзапин концентрациясы дозасына тәуелді өзгереді және пропорциональді. Емдік дозалары ауқымында фармакокинетикасы дозасына тәуелді. Бұлшықет ішіне енгізгендегі метаболикалық сипаттамалары сандық және сапалық жағынан оланзапиннің ішке қабылдағаннан кейінгі метаболикалық сипаттамаларына ұқсас. Оланзапин конъюгация және тотығу үдерістерінің нәтижесінде бауырда метаболизденеді. Негізгі циркуляцияланатын метаболиті 10-N-глюкуронид болып табылады. Бұл метаболиті гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің N-десметил және 2-гидроксиметил метаболиттерінің түзілуіне қатысады. Р450 цитохромы CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапин метаболизмінің деңгейіне әсер етпейді. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігі бастапқы заты – оланзапинге байланысты. Оланзапиннің 57%-ға жуығы бүйрек арқылы негізінен метаболиттер түрінде шығарылады.

Оланзапин емшек сүтімен бөлініп шығады. Анасында тепе-теңдік концентрациясына жеткен кезде бала қабылдайтын орташа дозасы анасындағы (мг/кг) оланзапин дозасының 1,8%-ын құрады (мг/кг).

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері шылым шегуге, жынысы мен жас шамасына қарай өзгеріп тұрады. Бауыр қызметінің елеусіз бұзылулары бар шылым шегетін адамдарда оланзапин клиренсі бауыр қызметі бұзылмаған шылым шекпейтіндерге қарағанда төмен.

Фармакодинамикасы

Зипрекса® антипсихотикалық, маниакалды ауруға қарсы және көңіл—күйді тұрақтандыратын, тұтас бірқатар рецепторлар жүйесі бойынша кең ауқымдағы фармакологиялық бейінді көрсететін дәрі болып табылады.

Зипрексаның® серотонин (5HT2A/2C, 5HT3, 5HT6), дофамин (D1 - D5), мускарин (М1 – М5), гистамин (Н1) рецепторларына, сондай-ақ адренегриялық жүйенің α-1 рецепторларына да жоғары тектестігі бар.

Препарат мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын іріктеп төмендетеді, және сол шақта моторлы қызметті реттеуге қатысатын стриарлы (А9) жүйке жолдарына аздаған әсерін тигізеді. Зипрекса® каталепсияны (моторлы қызметке жағымсыз әсерді көрсететін бұзылыстар) тудыратын дозаларға қарағанда өте төмен дозаларда шартты қорғаныш рефлексін төмендетеді (антипсихотикалық белсенділікті сипаттайтын тест). Зипрекса® «анксиолитикалық» тестті жүргізген кезде үрейленуге қарсы әсерді күшейтеді.

Зипрекса® продуктивті (сандырақ, елестеулер және т.б.), сондай-ақ негативті бұзылулардың да редукциясын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- Шизофрениясы немесе маниакальді көріністері бар науқастардағы ажитацияны (психомоторлық қозу) және мінез-құлық бұзылыстарын тез басу үшін пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Көктамыр ішіне немесе тері астына енгізуге болмайды!

Қатарынан үш күннен асырмай қысқа мерзімге пайдаланылатын инъекцияға арналған Зипрекса® ерітіндісі.

Зипрексаның® инъекция үшін ұсынылатын дозасы 10 мг құрайды, оны бір реттік бұлшықетішілік инъекция түрінде енгізеді. Емделушінің жеке клиникалық жағдайына қарай, бұрын демеуші ем ретінде және жедел жай-күйлерді емдеу үшін тағайындалған дәрілік заттарды қарастыруды қоса, төмендеу (5 мг немесе 7,5 мг) дозалар тағайындалуы мүмкін.

Науқастың клиникалық жай-күйіне байланысты екінші инъекциясын (5-10 мг дейін) бірінші инъекциясынан кейін кемінде 2 сағаттан соң енгізу керек.

Кез келген 24 сағаттық кезең бойына Зипрексаның® 20 мг ең жоғарғы тәуліктік дозасы (барлық дәрілік түрлерді қоса) үш инъекциядан асырмай тағайындалуы мүмкін және жоғарылатылмауы тиіс.

Зипрексамен® емді жалғастыру үшін көрсетілім болғанда препаратты бұлшықет ішіне енгізуді тоқтату керек және 5 - 20 мг дозада ішке қабылдау үшін Зипрексаны® клиникалық маңызды болғанда тағайындайды.

Қолдану тәсілі

Құтының ішіндегісін 2,1 мл инъекцияға арналған стерильді суда сұйылту керек

(енгізілетін Зипрекса® дозасының есебіне арналған кестені қараңыз). Дайындалған ерітінді мөлдір, сары түсті болуы тиіс. Механикалық қоспалардың болмауын тексеру қажет.

Зипрекса дозасы®, мг

Инъекцияға арналған ерітінді көлемі, мл

10,0

2,0

7,5

1,5

5,0

1,0

2,5

0,5

Дайындалған ерітіндіні әзірлегеннен кейін 1 сағат ішінде пайдалану керек. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдығын төгу керек.

Зипрексаны® емделушілердің белгілі бір топтарында бұлшықет ішіне енгізу үшін дозалау жөніндегі жалпы ұсынымдар.

Егде емделушілерде Зипрексаның® ұсынылатын бастапқы дозасы (>60 жас) 2.5 - 5 мг құрайды. Емделушінің клиникалық жағдайына байланысты 2.5 – 5 мг дозасында екінші инъекция бірінші инъекциядан кейін 2 сағаттан соң енгізілуі мүмкін. Кез келген 24 сағаттық кезең ішінде инъекция мөлшері үштен аспауы тиіс, және Зипрексаның® ең жоғарғы тәуліктік дозасы 20 мг-дан жоғарыламауы тиіс.

Бүйрек және бауыр қызметі бұзылуы бар емделушілерге тәулігіне 5 мг дейінгі бастапқы дозаны төмендету ұсынылады. Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі (цирроз, Чайльд-Пью бойынша А және В кластары ) жағдайында Зипрексаның® бастапқы дозасы 5 мг құрауы тиіс. Дозалауды ұлғайту сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Бастапқы дозаны төмендету препарат метаболизмін баяулатуы мүмкін факторлар біріктірілімі бар емделушілерге (әйел жынысты, қарттық жастағылар, шылым шекпейтін науқастар) ұсынылуы мүмкін.

18 жасқа толмаған емделушілер тобында педиатриялық популяцияда препараттың қауіпсіздігі және қолдану тиімділігі бойынша деректер болмауына байланысты Зипрекса® қолдану ұсынылмаған.

Жағымсыз әсерлері

Бірен-саран жағдайлардан гөрі жиі кездесетін жағымсыз реакциялар төмендегі градацияға сәйкес тізіп көрсетілген: өте жиі (≥ 10%); жиі (≥ 1%, <10%); кейде (> 0,1%, < 1%); сирек (> 0,01%, < 0,1%); аса сирек (< 0,01%); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша, препаратты бұлшықетішілік енгізуде (1 - 10%) жиі хабарланатын жағымсыз реакцияларға ұйқышылдық жатады.

Постмаркетингтік мәлімдеме деректері бойынша тыныс алудың бәсеңсуі, гипотония, брадикардия және өлім жағдайлары туралы өте сирек хабарланған, негізінен бір мезгілде бензодиазепиндерді және/немесе басқа да антипсихотикалық дәрілік препараттарды қабылдаған, немесе препараттың ұсынылған тәуліктік дозасынан асатын доза қабылдағандарда.

Келесі қолайсыз реакциялар инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизатпен клиникалық сынақтар барысында анықталды.

Өте жиі

Жиі

Кейде

Жиілігі белгісіз

Жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылуы

 

 Гипотензия /естен танумен немесе онсыз брадикардия, тахикардия

Синус-пауза

 

Қан және лимфа жүйесі бұзылуы

 

Постуральдық артериялық гипотензия, гипотензия

   

Тыныс алу жүйесі бұзылуы

   

Гиповентиляция

 

Препарат енгізу орнындағы жай-күй және жалпы бұзылуы

 

 Инъекция орнындағы жайсыздық

   

Төменде келтірілген қолайсыз реакциялар препаратты пероральді қабылдағанда анықталған, бірақ Зипрексаны®бұлшықет ішіне енгізуде де байқалуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша жиірек хабарланатын жағымсыз реакцияларға ( 1%) ұйқышылдық, дене салмағының артуы, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза және триглицеридтер деңгейінің ұлғаюы, глюкозурия, тәбеттің артуы, бас айналуы, акатизия, паркинсонизм, дискинезия, бас айналуы, ортостатикалық гипотония, антихолинергиялық тиімділігі, бауыр трансаминазаларының транзиторлық симптомсыз жоғарылауы, бөртпе, астения, шаршау және ісіну жатады.

Өте жиі

Жиі

Кейде

Жиілігі белгісіз

Қан және лимфа жүйесі бұзылуы

 

Эозинофилия

Лейкопения

Нейтропения

Тромбоцитопения

Иммундық жүйе бұзылуы

     

Аллергиялық реакция

Метаболизм және тамақтану бұзылуы

Салмақтың ұлғаюы1

(≥ 7% дене салмағынан)

Салмақтың ұлғаюы1

(≥ 15% дене салмағынан)

Холестерин2,3

деңгейі жоғарылауы Глюкоза4

деңгейі жоғарылауы

Триглицерид-

тер2,5 деңгейі жоғарылауы Глюкозурия

Тәбет жоғарылауы

Салмақтың ұлғаюы1

(≥ 25% дене салмағынан)

Кейде кетоацидозға немесе комаға байланысты қант диабетінің туындауы немесе өршуі, бірнеше өлім жағдайын қоса

Гипотермия

Жүйке жүйесі бұзылуы

Ұйқышылдық

Бас айналуы

Акатизия6

Паркинсонизм6

Дискинезия6

 

Сыртартқысында ұстамалар болған көп жағдайлардағы құрысулар немесе құрысу даму қаупі факторлары

Қатерлі нейролептикалық синдром

Дистония (көз алмасының қозғалысын қоса)

Кешеуілдеген дискинезия

Тоқтату симптомдары 7

Жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылуы

 

Ортостатикалық гипотония

Брадикардия

QTc аралаығының ұзаруы

Қарыншалық тахикардия/

фибрилляция

Кенеттен болатын өлім

Тромбоэмболия (өкпе эмболиясын және терең көктамыр тромбозын қоса)

Асқазан-ішек жүйесі бұзылуы

 

Іш қату және ауыз құрғауын қоса орташа транзиторлық антихолинергиялық әсерлер

 

Панкреатит

Гепатобилиарлық жүйе бұзылуы

 

Бауыр аминотрансфераза

ларының (АЛТ, АСТ) транзиторлық асимптоматикалық жоғарылауы, әсіресе емнің ерте сатыларында

 

Гепатит (бауыр-жасушалық, бауырдың холестатикалық немесе аралас зақымдануын қоса)

Тері және тері асты тіндерінің аурулары

 

Бөртпе

Фотосезімталдық реакциялары

Алопеция

 

Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндердің бұзылулары

     

Рабдомиолиз

Несеп шығару жүйесі бұзылуы

   

Несеп ұстамауы

Несеп шығарудың іркілісі

Репродуктивтік жүйенің бұзылуы және сүт безі аурулары

     

Приапизм

Жалпы бұзылулар және препараттың енгізу орнындағы жай-күйі

 

Астения

Шаршағыштық

Ісіну

   

Зерттеу

Плазмадағы пролактин деңгейі жоғарылауы8

 

Креатинфосфокиназа ұлғаюы

Жалпы билирубин жоғарылауы

Сілтілік фосфатаза ұлғаюы

1 ДСИ (дене салмағының индексі) барлық категориясы бойынша дене салмағының клиникалық елеулі ұлғаюы байқалған. Берілген деректер препаратты қысқа мерзімді (орташа 47 күнге жуық) кезеңде қолдануына сәйкес келеді.

2 Ашқарында липидтер мәнінің орташа ұлғаюы липидтік алмасудың бастапқы бұзылуы жоқ емделушілерде жоғары болды.

3 Ашқарындағы <5.17 ммоль/л бастапқы көрсеткішпен салыстырғандағы холестерин деңгейінің ≥6.2 ммоль/л ұлғаюы. Бастапқы көрсеткішпен ≥5.17 - <6.2 ммоль/л салыстырғанда ашқарындағы холестерин деңгейінің ≥6.2 ммоль/л ұлғаюы өте жиі анықталды.

4 Ашқарындағы <5.56 ммоль/л бастапқы көрсеткішпен салыстырғандағы глюкоза деңгейінің ≥7 ммоль/л ұлғаюы. Бастапқы көрсеткішпен ≥5.56 - < 7 ммоль/л салыстырғанда ашқарындағы глюкоза деңгейінің ≥7 ммоль/л ұлғаюы өте жиі анықталды.

5 Ашқарындағы <1.69 ммоль/л бастапқы көрсеткішпен салыстырғандағы триглицеридтер деңгейінің ≥2.26 ммоль/л ұлғаюы. Бастапқы көрсеткішпен ≥1.69 – <2.26 ммоль/л салыстырғанда ашқарындағы триглицеридтер деңгейінің ≥2.26 ммоль/л ұлғаюы өте жиі анықталды.

6 Оланзапин қабылдаған емделушілердегі клиникалық зерттеулерде паркинсонизм және дистония туындау жиілігінің саны жоғары болды, бірақ статистикалық түрде плацебодан нақты айырмашылығы болмады. Оланзапин қабылдаған емделушілерде галоперидолдың титрленген дозасымен салыстырғанда паркинсонизм, акатизия және дистония туындау жиілігі төмен болды.

7 Оланзапин қабылдауды кенеттен тоқтатуда тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздық, жүрек айнуы және құсу сияқты жедел симптомдардың дамығаны анықталды.

8 Ұзақтығы 12 аптаға дейін болатын клиникалық зерттеулерде оланзапин қабылдаған емделушілердің шамамен 30% -да плазмадағы пролактин деңгейі норманың жоғарғы шегінен асты. Негізінен оланзапин қабылдаған емделушілерде кейде етеккір қызметі бұзылуына және сүт безінің ауруларына потенциалды түрде байланысты (аменорея, сүт безінің ұлғаюы, әйелдердегі галакторея, гинекомастия/еркектердегі сүт безінің ұлғаюы сияқты) клиникалық білінулер дамуы анықталған және сексуалдық қызмет (еркектерде эректильді дисфункция және еркектер мен әйелдерде жыныстық құмарлықтың төмендеуі сияқты) бұзылуына потенциалды түрде байланысты жағымсыз реакциялар дамуы жиі анықталған.

Зипрексаны® ұзақ уақыт қолданғанда (48 аптадан кем емес) салмақ, глюкоза деңгейі, жалпы холестерин, ТТЛП, ТЖЛП немесе триглицеридтер көрсеткіштерінің клиникалық елеулі өзгерістері бар емделушілердің сандық арақатынасы уақыт өте келе ұлғайды. Емнің 9-12 курсын аяқтаған емделушілерде қандағы глюкоза деңгейінің орташа өсу шамасының екпіні шамамен 6 айдан кейін баяулаған.

Емделушілердің ерекше топтарындағы жағымсыз әсерлер.

Ақылы кеміген жасы егде емделушілердегі клиникалық зерттеулерде Зипрексамен® емдеу плацебомен салыстырғанда жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар даму жиілігінің жоғарылау болуымен және өлім жағдайы көптігімен астасқан.

Емделушілердің бұл тобындағы өте жиі жағымсыз реакцияларға (10%) жүрістің бұзылуы және құлау жатады. Жиі кездесетін жағымсыз реакциялар (≥1%, <10%) дене температурасының жоғарылауы, летаргия, эритема, көру елестеулері, несеп ұстай алмау болып табылған.

Препаратты (допамин агонисі) қабылдаумен индукцияланған психозы бар науқастарда, Паркинсон ауруында паркинсонизм симптомдары күшеюі өте жиі ( 10%) және плацебо тобымен салыстырғанда жоғарырақ жиілікпен анықталған. Сондай-ақ плацебо тобымен салыстырғанда елестеулер де өте жиі және жоғарырақ жиілікпен анықталған.

Зипрексаны® литий немесе вальпроатпен біріктірілімде қабылдаған биполярлы маниясы бар науқастарда нейтропения туындауы анықталған, бұл топта өте жиі кездесетін (10%) жағымсыз әсерлер – салмақ артуы, ауыз құрғауы, тәбет жоғарылауы, тремор және сөйлеудің бұзылыстары жиі - (< 10% және ≥ 1%) болды. Зипрексаны® литиймен немесе дивалпроекспен біріктіре емдеу уақытында (6 аптаға дейінгі) дене салмағының бастапқы деңгейден ≥7% ұлғаюы емделушілердің 17.4% бақыланды. Биполярлы бұзылыстары бар емделушілерде қайталанулардың алдын алу үшін Зипрексамен® (12 айға дейін) ұзақ уақыт емдеу науқастардың 39.9% -да бастапқымен салыстырғанда дене салмағының ≥7%-ға ұлғаюына байланысты болды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық.

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жастағы жасөспірімдер

  • жабық бұрышты глаукома даму қаупі болуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зипрексаны® және парентеральді енгізуге арналған бензодиазепинді бір уақытта енгізу ұсынылмайды.

Зипрекса® ұнтағын еріту үшін лоразепам ерітіндісін пайдалануға болмайды, өйткені бұл біріктірілім препараттың еру уақытының ұзаруына алып келеді.

Бұл препараттарды араластыруда преципитация болуы мүмкіндігіне байланысты инъекцияға арналған ұнтақты диазепаммен бір еккіште араластыруға болмайды.

Инъекцияға арналған ұнтақты галоперидолмен бір еккіште араластыруға болмайды, өйткені алынған ерітіндінің рН төмен деңгейі уақыт өте келе Зипрекса® қасиетінің жойылуына алып келеді.

Алкоголь қолданатын немесе гипотонияны, брадикардияны, тыныс алу немесе орталық жүйке жүйесінің бәсеңсуін туындататуы мүмкін препараттарды қабылдайтын емделушілерге Зипрексаны® тағайындауда сақтық жасау керек.

Зипрекса® CYP1A2 цитохромымен метаболизденетіндіктен осы изоферментті стимуляциялайтын немесе тежейтін заттар препарат фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін.

Шылым шегу мен карбомазепинді қабылдау Зипрекса® метаболизмін күшейтуге қабілетті, ол препарат концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сонымен бірге Зипрекса® клиренсінің болар-болмас артқаны білінген. Мұндай жағдайларда емделушінің жағдайын мұқият қадағалау және қажет болған жағдайда препараттың дозасын ұлғайту қажет.

Флувоксамин, CYP1A2 тежегіші, оланзапин метаболизмін елеулі дәрежеде бәсеңдетеді. Бұның нәтижесі шылым шекпейтін әйелдердің 54%-да және шылым шегетін еркектердің 77%-да флувоксамин енгізуде Зипрексаның® Смах орташа ұлғаюы болып табылады. Оланзапин AUC орташа ұлғаюы тиісінше 52% және 108%. Зипрексаның® неғұрлым төмен дозалануы флувоксамин немесе CYP1A2 кез келген басқа тежегішін (мысалы, ципрофлоксацин) қабылдайтын науқастарда қарастырылуы тиіс. CYP1A2 тежегішімен емдеуді бастағанда Зипрексаның® дозасын төмендетуді қарастыру керек.

Ципрофлоксацин және кетоконазол Зипрексаның® метаболизмін елеулі дәрежеде бәсеңдетеді. Сондықтан, оларды Зипрексамен® бір мезгілде қолданғанда Зипрексаның® бастапқы дозасын төмендету қажет.

Белсенділендірілген көмір Зипрексаның® биожетімділігін 50-60%-ға төмендетеді, сондықтан белсенділендірілген көмірді Зипрексаны® қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Флуоксетин, сондай-ақ құрамында алюминий- немесе магний бар антацид немесе циметидинді бір рет қабылдау Зипрексаның® фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді. Зипрексаны® флуоксетинмен біріктірілімде ас қабылдауға байланыссыз күніне 1 рет тағайындау керек. Әдетте Зипрексаның® бастапқы дозасы 5 мг және 20 мг флуоксетинді құрайды. Қажет болғанда Зипрексаның®да, сондай-ақ флуоксетиннің де дозасына өзгеріс енгізуге болады.

Зипрексаны® литиймен немесе биперидинмен үйлестіре пайдаланғанда дәрілік өзара әрекеттесу белгілері анықталмаған.

Вальпроаттың плазмадағы деңгейінің емдік мониторингі Зипрексаны® вальпроатпен қоса тағайындағанда вальпроат дозасын өзгерту талап етілмейтіндігін көрсетеді.

Зипрекса® дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Зипрекса® үшциклдық антидепрессанттардың, варфариннің, теофиллин мен диазепамның метаболизмін бәсеңдетпейді.

Зипрексаның® литиймен немесе биперидинмен өзара дәрілік әрекеттесуі анықталмаған.

Паркинсон ауруы және деменциясы бар емделушілерде паркинсонизмді емдеуге арналған дәрілік препараттармен Зипрексаны® бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Оланзапинді QTс аралығын ұлғайтатын препараттармен бір уақытта тағайындауда сақтық жасау керек.

Зипрекса® құрамында лактоза бар. Галактоза көтере алмаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалаушылық мәселелері бар емделушілер Зипрексаны®қабылдамауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Ажитациясы және мінез құлқы бұзылулары бар емделушілерде, шизофрения жағдайын немесе маниакальдық көріністерді қоспағанда, бұлшықетішілік инъекцияға арналған Зипрексаның® тиімділігі анықталмаған.

Зипрексаны® бұлшықет ішіне енгізу жедел миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, ауыр гипотония және/немесе брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, немесе жүрекке операция жүргізілгеннен кейінгі сияқты медициналық тұрақсыз жай-күйдегі емделушілерге ұсынылмайды.

Емделушінің сыртартқысынан бұл жай-күйлердің бар-жоғын анықтау мүмкін болмаған жағдайда емнің альтернативті түріне қатысты Зипрексаның®бұлшықет ішіне арналған түрін қолданудың пайда-қауіп арақатынасын қарастыру керек.

Зипрексаның® бұлшықет ішіне арналған түрінің қасиеттеріне ұқсас гемодинамикалық қасиеттері бар басқа дәрілік заттармен, оның ішінде басқа да антипсихотикалық препараттармен (пероральді және/немесе бұлшықетішілік) және бензодиазепиндермен ем қабылдаған емделушілерде ерекше сақтық керек. Зипрексаны® және парентеральді бензодиазепиндерді бір уақытта енгізу шамадан тыс тыныштандырғыш әсерінен, кардиореспираторлық қызмет бәсеңсуінен және өте сирек жағдайларда өлім болуы мүмкіндігінен ұсынылмайды. Бензодиазепиндермен парентеральді емдеу қажет болғанда оларды Зипрексаны®бұлшықет ішіне енгізуден кейін кемінде 1 сағаттан соң тағайындау керек. Бензодиазепиндерді парентеральді енгізуде Зипрексаны® тағайындауды емделушінің клиникалық жағдайын мұқият бағалаудан кейін ғана қарастыру керек, және шамадан тыс тыныштану және кардиореспираторлық депрессия дамуына мұқият болу керек.

Гипотония және/немесе брадикардия оланзапинді бұлшықет ішіне инъекциялау уақытында анықталған. Зипрексаның®бұлшықет ішілік инъекцияларын қабылдаған емделушілерде постуральді артериялық гипотензия, брадиаритмия және/немесе гиповентиляцияны қоса, гипотония барына мұқият мониторнигтелуі тиіс, әсіресе инъекциядан кейінгі бастапқы 4 сағат бойына, аталған кезеңнен кейін клиникалық қажеттілік жағдайында мұқият бақылау жалғастырылуы тиіс. Артериялық қысым, пульс, тыныс алу жиілігі және сананың деңгейі қажет болғанда тиісті ем тағайындалуымен бірге ұдайы мониторнигтелуі тиіс. Емделушілер инъекциядан кейінгі ұйқышылдық және бас айналуы пайда болғанда тексеруде гипотония, ортостатикалық гипотония, брадикардия және/немесе гиповентиляция жоқтығын көрсеткенше жатқан күйде болуы керек.

Зипрексаның® бұлшықет ішіне арналған түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі алкогольдік немесе дәрілік уыттануы бар емделушілерде анықталмаған.

Деменциямен байланысты психоз, және/немесе мінез-құлық бұзылыстары

Зипрекса® деменциямен байланысты психоздарды және/немесе мінез-құлық бұзылыстарын емдеу үшін өлім жағдайы ұлғаюына және ми қан айналымы бұзылуы қаупіне байланысты ұсынылмайды. Емделушілердің бұл санатында плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде өліммен аяқталған жағдайлардың жиілігі плацебо тобына қарағанда оланзапин тобында жоғары болды (3,5% сәйкесінше 1,5%-ға қарсы). Оланзапинмен емделушілердің бұл тобын өлім жағдайының анағұрлым жоғарылығына бейім ететін қауіп факторларына ≥ 65 жастан асқан жас мөлшері, дисфагия, седация, тамақты жеткілікті жемеу және сусыздану, бензодиазепиндермен үйлестіре қолдану немесе өкпе патологиясының болуы (мысалы, аспирациямен немесе аспирациясыз пневмония) кіреді.

Цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстар. Өліммен аяқталған жағдайларды қоса, цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстар (мысалы, инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл) деменциямен байланысты психозы бар емделушілерде оланзапинді зерттеу кезінде білінген. Плацебо-бақыланатын зерттеулерде оланзапин тобындағы емделушілерде плацебо тобындағы емделушілерге қарағанда цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстардың анағұрлым жоғары жиілігі білінген (1,3% сәйкесінше 0,4%-ға қарсы). Цереброваскулярлық бұзылулары бар барлық емделушілерде цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстардың ізашар қауіп факторлары (мысалы, бұрын білінген цереброваскулярлық жағымсыз құбылыс жағдайы немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл, шылым шегу, гипертония), сондай-ақ қатарлас аурулар болған және/немесе уақыты жағынан цереброваскулярдық жағымсыз құбылыстармен байланысты препараттарды қабылдаған. Жастың 75-тен асуы және деменцияның тамырлық /аралас түрлері Зипрексамен® емдеуге байланысты цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар даму қаупінің факторы ретінде анықталды. Бұл клиникалық зерттеулерде препарат тиімділігі анықталмаған.

Паркинсон ауруы. Паркинсон ауруы бар емделушілердегі дофамин агонистерін қабылдауға байланысты психоздарды емдеуде Зипрексаны® қолдану ұсынылмайды.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС). ҚНС (потенциалды фатальді симптомдар кешені) Зипрексаны® қоса, кез-келген нейролептиктермен емдеу кезінде дамуы мүмкін. ҚНС клиникалық көріністеріне дене температурасының артуы, бұлшықеттердің сіресуі, психикалық статустың өзгеруі мен вегетативтік бұзылулар (тамыр соғысының немесе артериялық қан қысымының тұрақсыздығы, тахикардия, жүрек аритмиялары, қатты терлеу) кіреді. Қосымша белгілеріне креатининфосфокиназа деңгейінің ұлғаюы, миоглобинурия (рабдомиолиз) және бүйректің жедел жеткіліксіздігін жатқызуға болады. ҚНС клиникалық көріністері немесе басқа ҚНС симптомдарынсыз дене температурасының елеулі жоғарылауы Зипрексаны® қоса, барлық нейролептиктерді тоқтатуды талап етеді.

Гипергликемия және қант диабеті. Басқа антипсихотикалық препараттарды қабылдағандағы сияқты, гипергликемия және диабет дамуы, бұрын болған диабеттің өршуі, кей жағдайларда бірнеше рет өліммен аяқталуын қоса кетоацидоз және диабеттік кома өте сирек білінген. Кейбір жағдайларда осының алдындағы салмақ ұлғаюы туралы мәлімделген, бұл бейімдік факторы болып табылады. Зипрексаны®қоса, кез келген антипсихотикалық препараттарды қабылдайтын емделушілерде гипергликемия симптомдары барына (полидипсия, полиурия, полифагия және әлсіздік сияқты), және диабеті бар және диабет дамуының қауіп факторлары бар науқастарды глюкоза деңгейінің гликемиялық бақылауы төмендеуі белгілері барына мұқият клиникалық мониторингілеу ұсынылады. Емделушінің дене салмағын ұдайы мониторингілеу керек, яғни бастапқы күйде, Зипрексамен® ем бастаған соң 4, 8 және 12 аптадан кейін және тоқсан сайын ұдайы мониторингілеу керек.

Липидтер деңгейінің өзгеруі. Клиникалық плацебобақыланатын зерттеулерде Зипрекса® қабылдайтын емделушілерде липидтік құрамында қолайсыз өзгерістер анықталды. Липидтік өзгерістер клиникалық жағдайларға байланысты, ішінара дислипидемия және липидтік бұзылу дамуы қаупі бар емделушілерде емделуі тиіс. Кез келген антипсихотикалық препараттарды, Зипрексаны® қоса қабылдайтын емделушілерде пайдаланылатын нормативтерге сай, яғни бастапқы күйде, Зипрексамен®емдеу басталған соң 12 аптадан кейін және осыдан кейін әрбір 5 жылда липидтер құрамына ұдайы клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Антихолинергиялық белсенділігі. Клиникалық сынақтар жүргізуде Зипрексамен® емдеу антихолинергиялық жағымсыз әсерлер дамуымен сирек қатар жүрді. Алайда Зипрексаны® қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болуына байланысты қатарлас аурулары бар емделушілерде Зипрексаны® қуық асты безінің клиникалық маңызды гипертрофиясы, ішектің паралитикалық бітелуі және сол сияқты жағдайлары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек.

Бауыр қызметінің бұзылулары. Жекелеген жағдайларда Зипрексаны® қабылдау, әдетте, емдеудің ерте сатыларында қан сарысуындағы бауыр трансаминазалары (аспартатаминотрансфераза (АСТ) мен аланинаминотрансфераза (АЛТ)) деңгейлерінің транзиторлық, асимптоматикалық ұлғаюымен қатар жүрген. Функционалдық қоры шектеулі бауыр қызметінің жеткіліксіздігі белгілері және симптомдары бар науқастарда немесе гепатоуыттылығы зор препараттармен ем алып жүрген емделушілерде қан сарысуында АСТ және/немесе АЛТ деңгейлері ұлғайғанда ерекше сақтандыру шаралары қажет. Зипрексамен® емді гепатит диагностикаланған (гепатожасушалық, холестатикалық және бауырдың аралас зақымдануын қоса) жағдайда тоқтату қажет.

Гематологиялық өзгерістер. Басқа нейролептиктерді қолданған жағдайлардағы сияқты Зипрекса® қолдануда да сақ болу керек:

- түрлі себептердің салдарынан шеткергі қанда лейкоциттер және/немесе нейтрофилдер мөлшері төмендеген емделушілерде;

- сыртартқыдағы дәрілік заттардың әсерінен сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі/уытты бұзылуы белгілері бар емделушілерде;

- қатарлас аурулардың салдарынан сүйек кемігінің қызметі бәсеңдеген, сыртарқысында радиотерапия немесе химиотерапия болған емделушілерде және;

- гиперэозинофилиясы немесе миелопролиферативті аурулары бар емделушілерде.

Зипрексаны® вальпроатпен үйлестіре тағайындағанда нейтропенияның жиі дамуы байқалды.

Тоқтату синдромы. Оланзапин қабылдауды кенеттен тоқтатқан кезде тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздану, жүрек айнуы және құсу сияқты жедел симптомдар дамуы өте сирек (<0.01%) анықталды.

QT аралығы. Зипрексаны® пероральді қолданудағы клиникалық зерттеулерде

емделушілерде плацебомен салыстырғанда, кейде қатар жүретін кардиалдық құбылыстарының елеусіз айырмашылығы бар QTc аралығының (0.1%-дан 1%-ға дейін) клиникалық елеулі ұзаруы анықталған. Зипрексаның® бұлшықетішілк түріндегі клиникалық зерттеулерде препаратты қолдану QT немесе QTc аралықтарының тұрақты ұлғаюымен байланысты болмады. Алайда Зипрексаны® QTc аралығын ұзартушы препараттармен, әсіресе егде жастағы емделушілерде, туа біткен QT ұзару синдромы бар емделушілерде, жүректің іркілісті жеткіліксіздігінде, жүрек гипертрофиясында, гипокалиемия немесе гипомагниемиясы бар емделушілерде бір уақытта тағайындағанда сақтық жасау керек.

Тромбоэмболия. Кейде (≥0.1%, <1%) Зипрексамен® емдеудің және көктамырлық тромбоэмболия дамуы арасында уақытша байланыс бары туралы хабарланған. Осы арадағы себеп-салдарлық байланыс анықталмаған. Алайда көктамырлық тромбоэмболия дамуы қаупінің барлық факторларын (мысалы, емделушілер иммобилизациясы) анықтау керек және алдын ала ескерту шараларын қолдану керек.

Орталық жүйке жүйесіне қатысты (ОЖЖ) жалпы белсенділігі. Оланзапиннің ОЖЖ негізгі әсерін ескере отырып, Зипрексаны® орталықтық әсері бар басқа дәрілік препараттармен және алкогольмен біріктірілімде сақтықпен пайдалану керек.

Эпилепсия ұстамалары. Зипрексаны® сыртартқысында эпилепсия ұстамалары бар немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін факторлардың әсеріне бейім науқастарда сақтықпен қолдану керек. Зипрекса® қабылдаған емделушілерде құрысу ұстамалары туындауы туралы сирек жағдайлар (көп жағдайларда белгілі болғаны сыртартқысында ұстамалары бар немесе эпилепсия ұстамалары қаупінің факторлары болуы) хабарланған.

Кешеуілдеген дискинезия. Ұзақтығы бір жыл немесе одан аздау салыстырмалы зерттеулерде оланзапинмен емдеу дәрі-дәрмекпен түзетуді қажет ететін дискинезия дамуымен нақты түрде сирек қатар жүрген. Дегенмен, нейролептиктермен ұзақ емдеу кезінде кешеуілдеген дискинезия дамуы қаупін ескеру керек. Кешеуілдеген дискинезия белгілері дамыған жағдайда Зипрексаның® дозасын түзету немесе тоқтату ұсынылады. Кешеуілдеген дискинезия симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін үдеуі немесе манифестациялануы мүмкін.

Постуральді артериялық гипотензия. Клиникалық зерттеулерде егде жастағы емделушілерде постуральді гипотония дамуы туралы сирек хабарланған. Басқа да антипсихотикалық препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, 65 жастан асқан емделушілерде артериялық қысымды жүйелі түрде өлшеп отыру ұсынылады.

Кенеттен жүректен болған өлім (КЖБӨ). Постмаркетингтік зерттеулердің деректері бойынша КЖБӨ жағдайлары туралы хабарланған. Ретроспективті обсервациялық когорттық зерттеулерде Зипрекса® қабылдаған емделушілерде КЖБӨ болжамды қаупі антипсихотикалық препараттарды қабылдамаған емделушілерге қарағанда шамамен екі есе жоғары болды, бұл атипиялық нейролептикалық препараттардың талдауына қосылғандарға тән қауіппен бірдей.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға клиникалық сынақтар жүргізілген жоқ. Зипрекса препаратын 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Зипрексаны® жүктілік кезінде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, препаратты жүктілік кезінде тек, егер емделуші әйел үшін ықтимал пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен едәуір асатын болса ғана тағайындау керек. Емделушілерге Зипрексамен® емдеу кезеңінде жүктілікті жоспарлаған немесе басталуы жағдайында олардың бұл туралы өздерінің емдеуші дәрігеріне хабарлауы тиіс екендігі ескертілуі тиіс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде антипсихотикалық препараттар (Зипрексаны® қоса) әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелер туғаннан кейін ауырлық дәрежесі мен босанудан кейінгі ұзақтығы бойынша ауытқып отыруы мүмкін экстрапирамидтік симптомдар және/немесе тоқтату симптомдарын қоса, жағымсыз реакциялар даму қаупі бар топта болады. Ажитация, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, тыныс алу немесе тамақтану бұзылыстары дамығаны туралы мәлімделген. Сондықтан. жаңа туған нәрестелердің бәрі мұқият бақылауда болуы тиіс.

Зипрексамен ® емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті қоса алғанда, қауіптілігі зор механикалық құралдарды басқарғанда сақ болу керек, өйткені Зипрекса® ұйқышылдық және бас айналуын туғызуы мүмкін.

Артық дозалануы

Жедел артық дозалану кезіндегі өліммен аяқталатын Зипрексаның® ең төменгі дозасы 450 мг құраған, жағымды жағдаймен аяқталған (тірі қалу) ең жоғарғы дозасы - 1500 мг.

Белгілері мен симптомдары

Өте жиі (жиілігі ≥10%): тахикардия, қозу/ашушаңдық, артикуляция бұзылысы, түрлі экстрапирамидтік бұзылыстар мен ауырлық дәрежелері әртүрлі сана бұзылулары (седативтік әсерден комаға дейін).

Зипрекса®-мен артық дозаланудың басқа клиникалық маңызы бар салдарларына мыналар кіреді: делирий, құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныс алудың бәсеңдеуі, аспирация, артериялық гипертензия немесе гипотензия, жүрек аритмиялары (<2% артық дозалану жағдайлары) және жүрек пен тыныс алудың тоқтауы.

Артық дозаланған кездегі медициналық жәрдем

Зипрекса® үшін арнайы у қайтарғы жоқ. Құстыру ұсынылмайды. Артық дозалану кезінде стандартты емшаралар көрсетілуі мүмкін (асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау). Белсенділендірілген көмірді бірге тағайындау ішке қабылдаған кезде Зипрекса® биожетімділігінің 50-60%-ға дейін төмендегенін көрсетті.

Клиникалық жағдайына сәйкес симптоматикалық емдеу және артериялық гипотонияны емдеуді қоса, өмірлік маңызды ағзалардың қызметі мен қан айналуы бұзылуларын және тыныс алу қызметін ұстап тұруды бақылау көрсетілген. Бета-адренорецепторлардың агонистері болып табылатын эпинефрин, дофамин және басқа симпатомиметиктерді қолданбаған жөн, өйткені бұл рецепторлардың стимуляциясы артериялық гипотензияны ушықтыруы мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мг препараттан түссіз шыныдан жасалған, резеңке тығындармен тығындалған және пластмасса қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған құтыда. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады. Құтыны медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

15ºС-ден 30ºС-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Дайындалған ерітіндісін 15С –ден -30С-ге дейінгі температурада 1 сағаттың ішінде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дайындалған ерітіндісін 15С –ден -30С-ге дейінгі температурада 1 сағаттың ішінде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Патеон Италия С.п.а., Италия,

Viale G.B. Stucchi, 110, Monza, Italy

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Элай Лилли Восток С.А., Швейцария

Eli Lilly Vostok S.A., Switzerland

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Лилли Фарма Фертигунг унд Дистрибьюшен ГмбХ&Ко.КГ, Германия

Lilly Pharma Fertigung und Distribution GmbH&Co.KG, Germany

Орталық Азия елдері мен Моңғолия аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Элай Лилли Восток С.А.» компаниясының өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ-сы, Иванилов к-сі 21.

тел: 8 (727) 2 447 447

факс: 8 (727) 2 442 851

Lilly_Safety_CARAGA@lilly.com

Прикрепленные файлы

448914511477976834_ru.doc 147 кб
843607721477977991_kz.doc 168 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники