Зипрекса Адгера® (210 мг)

МНН: Оланзапин
Производитель: Элай Лилли энд Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olanzapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019367
Информация о регистрации в РК: 21.11.2012 - 21.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Зипрекса Адгера ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Инъекция үшін босап шығуы ұзартылған суспензия дайындауға арналған 210 мг, 300 мг және 405 мг ұнтақ 3 мл еріткішімен

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 483 мг, 690 мг, 931 мг оланзапин памоатының моногидраты (210 мг, 300 мг, 405 мг оланзапинге баламалы).

Еріткіш: натрий карбоксиметилцеллюлозасы, маннитол, полисорбат 80, инъекцияға арналған су, 10% хлорлы сутек қышқылы және/немесе 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі (рН түзету үшін).

Сипаттамасы

Сары түсті ұнтақ. Еріткішпен араластырған кезде сары түсті суспензия түзіледі.

Еріткіш: мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Нейролептиктер (антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары.

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Оланзапин памоатының бір реттік бұлшықетішілік инъекциясынан кейін бірден 4 апта бойы үздіксіз баяу босап шығуын қамтамасыз ететін бұлшықет тіндерінде оланзапин памоаты тұздары баяу ери бастайды. Оланзапиннің босап шығуы 8 аптадан 12 аптаға дейінгі кезең ішінде азаяды. Оланзапин памоатымен емдеуді бастау антипсихотикалық дәрілік затты қосуды қажет етпейді. Босап шығу профилі мен дозалау режимінің (әрбір екі немесе төрт апта сайын б/і инъекция) бірігуі плазмада оланзапиннің тұрақты концентрациясына әкеледі, олар оланзапин памоатының әрбір инъекциясынан кейін бірнеше ай бойы өлшенетін күйінде қалады. Оланзапин памоатының бұлшықетішілік инъекциясынан кейін оланзапиннің жартылай шығарылу кезеңі оланзапинді ішу арқылы қабылдауға тағайындағаннан кейінгі 30 сағатпен салыстырғанда, 30 күнді құрайды. Сіңуі және шығарылуы препараттың соңғы инъекциясынан кейін шамамен 6 - 8 айдан соң аяқталады.

Плазмадағы 7 нг/мл-ден 1000 нг/мл-ге дейінгі концентрациялары плазма ақуыздарымен, оланзапиннің 93%-ға жуығы, негізінен, альбуминмен және α1-қышқыл-гликопротеинмен байланысады.

Оланзапин бауырда конъюгация және тотығу үдерістерінің нәтижесінде метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболиті 10-N-глюкуронид болып табылады. Бұл метаболит гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің N-десметил және 2-гидроксиметил метаболитінің түзілуіне қатысады. Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапин метаболизмінің деңгейіне ықпалын тигізбейді. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігі бастапқы зат – оланзапинмен жүзеге асады.

Оланзапиннің 57%-ға жуығы бүйректер арқылы, негізінен, метаболиттер түрінде шығарылады. Бауыр қызметі аздап бұзылған темекі тартатын адамдарда оланзапиннің жартылай шығарылу кезеңі (39.3 сағат) және клиренсі (сағатына 18.0 л), бауыр қызметі бұзылмаған темекі тартпайтын адамдарға қарағанда, төмен (тиісінше сағатына 48.8 л және 14.1 л). Бүйрек қызметі бұзылған (креатинин клиренсі <10 мл/мин) емделушілердің, дені сау субъекттермен салыстырғанда, орташа жартылай шығарылу кезеңінде (32.4 сағатпен салыстырғанда 37.7 сағат) немесе клиренсінде (сағатына 25.0 л-мен салыстырғанда 21.2 л) елеулі айырмашылық болған жоқ.

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері темекі тартуына, жынысына және жасына байланысты өзгеріп отырады (1-кестені қараңыз). Оланзапиннің плазмалық клиренсі әйел емделушілерде еркектерге қарағанда, және темекі тартпайтын емделушілерде темекі тартатындарға қарағанда төмен. Алайда жасының, жынысының және темекі тартуының креатинин клиренсіне және жартылай шығарылу кезеңіне ықпалы жалпы өзара жекелей өзгерушілікпен салыстырғанда аз.

1-кесте

Емделушілерге сипаттама

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

Плазмадағы клиренсі

(л/сағ.)

Темекі тартпайтындар

38,6

18,6

Темекі тартатындар

30,4

27,7

     

Әйелдер

36,7

18,9

Еркектер

32,3

27,3

     

Егде жастағылар (65 жас және одан үлкен)

51,8

17,5

65 жастан жастау

33,8

18,2

Оланзапин памоатын егде жастағы емделушілерге тағайындау жөнінде деректер жоқ. Оланзапин памоатын 65 жастағы және одан үлкен емделушілерге, егер ішу арқылы қабылданатын оланзапинді пайдаланғанда препаратты дозалаудың жағымдылығы жақсы және тиімді режимі анықталмаса, қолданбау керек. Дені сау егде жастағы (65 жас және одан үлкен) адамдарда, 65 жастан жастау субъекттермен салыстырғанда, орташа жартылай шығарылу кезеңі жоғары (33.8 сағатпен салыстырғанда 51.8 сағат) және клиренсі төмен (сағатына 18.2 л-мен салыстырғанда 17.5 л). Егде жастағы адамдардағы фармакокинетикалық өзгерушілігі 65 жастан төмен емделушілердегі осындайға ұқсас.

Оланзапин памоатын бүйрегі және/немесе бауыры бұзылған емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Оланзапин памоатымен емдеуді бастар алдында препарат дозасының жағымдылығы жақсы екендігін және режимінің тиімділігін анықтау керек.

Фармакодинамикасы

Зипрекса Адгера® антипсихотикалық, антиманиакальдік және көңіл-күйді тұрақтандыратын препарат болып табылады, бірқатар рецепторлық жүйе арқылы фармакологиялық профилінің ауқымды екендігін көрсетті.

Зипрекса Адгераның® серотонин (5HT2A/2C, 5HT3, 5HT6), дофамин (D1- 5), мускарин (М1 –5), гистамин (Н1) рецепторларына, сондай-ақ адренергиялық жүйенің α-1 рецепторларына да ұқсастығы жоғары.

Препарат мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын іріктеп төмендетеді, және сол кезде моторлы қызметті реттеуге қатысатын стриарлы жүйке жолдарына (А9) аздаған әсерін тигізеді. Зипрекса Адгера® каталепсияны (моторлы қызметке жағымсыз ықпалын көрсететін бұзылыс) тудыратын дозаларға қарағанда өте төмен дозаларда шартты қорғаныш рефлексін (антипсихотикалық белсенділігін сипаттайтын тест) төмендетеді. Зипрекса Адгера® «анксиолитикалық» тест жүргізу кезінде үрейленуге қарсы әсерді күшейтеді. Зипрекса Адгераның® шизофренияны емдеуде және демеуші емдегі тиімділігі оланзапиннің ішу арқылы қабылданатын түрінің анықталған тиімділігіне сәйкес келеді.

Қолданылуы

  • жедел кезеңінде ішу арқылы қабылданатын оланзапинмен емдеуде жеткілікті тұрақтанған, шизофрениясы бар ересек емделушілерге демеуші ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған! Көктамыр ішіне немесе тері астына тағайындауға болмайды.

Зипрекса Адгераны® бұлшықет ішіне терең етіп инъекция жасауды инъекцияның тиісті техникасын меңгерген денсаулық сақтау қызметкері жүзеге асыруы, және инъекциядан кейін бақылауға келетін және артық дозаланған жағдайда тиісті медициналық жәрдем жасай алатындай жерде жүргізілуі тиіс.

Зипрекса Адгераның® әрбір инъекциясынан кейін емделуші оланзапиннің артық дозалануына байланысты белгілер мен симптомдардың бар-жоқтығын білу үшін кем дегенде 3 сағат бойы кәсіби медициналық қызметкердің бақылауында болуы тиіс. Емделушінің ес-түсінің дұрыс екендігіне және онда Зипрекса Адгераның® артық дозалануының кез келген белгілері мен симптомдарының жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Артық дозаланғанына күдіктенген жағдайда, мұқият медициналық бақылауды және артық дозаланудың белгілері мен симптомдары қайтқанша мониторинг жүргізуді жалғастыру қажет.

Емделушілерде препараттың жағымдылығын және емдеуге жауабын анықтау үшін ішу арқылы қабылданатын оланзепинді Зипрекса Адгераны® тағайындағанға дейін қолдана бастау қажет.

Ішу арқылы қабылданатын оланзапин мен Зипрекса Адгераны® дозалаудың ұсынылатын сызбасы 2-кестеде берілген.

2-кесте

Ішу арқылы қабылданатын оланзапиннің таргеттік дозасы

Зипрекса Адгераның® ұсынылған бастапқы дозасы

2 ай емдегеннен кейінгі Зипрекса Адгераның® демеуші дозасы

Күніне 10 мг

2 аптада 210 мг немесе

4 аптада 405 мг

2 аптада 150 мг немесе

4 аптада 300 мг

Күніне 15 мг

2 аптада 300 мг

2 аптада 210 мг немесе

4 аптада 405 мг

Күніне 20 мг

2 аптада 300 мг

2 аптада 300 мг

Дозаны түзету. Қайталану белгісін анықтау мақсатында алғашқы бір-екі ай бойы емделушінің жағдайын мұқият бақылауға алу қажет. Антипсихотикалық емдеу кезінде, емделушінің клиникалық жағдайының жақсаруы бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы кезең ішінде емделушілердің жағдайына мұқият бақылау жүргізілуі тиіс. Емдеу кезінде препараттың артық дозалануы емделушінің жекелей клиникалық жағдайының негізінде түзетіледі. Қайтадан клиникалық баға бергеннен кейін доза әрбір 2 апта сайын 150 мг-нан 300 мг-ға дейінгі шекте немесе әрбір 4 апта сайын 300 мг-нан 405 мг-ға дейінгі шекте түзетілуі мүмкін (2-кестені қараңыз).

Ішу арқылы қабылданатын оланзапинді қосу салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеуде ақталмады. Ішу арқылы қабылданатын оланзапинді қосудың клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда екі түрінде де оланзапинің біріктірілген жалпы дозасы ішу арқылы қабылданатын оланзапиннің күніне тиісті ең жоғары 20 мг дозасынан арттырылмауы тиіс.

Басқа антипсихотикалық дәрілік препараттарға ауысу. Инъекциядан кейін шамамен 6 - 8 ай өткен соң аяқталатын, оланзепиннің баяу үздіксіз босап шығуын қамтамасыз ететін оланзапин памоаты тұзының баяу еруімен байланысты, басқа антипсихотикалық өнімге ауысқан кезде, әсіресе Зипрекса Адгераны® қолдануды тоқтатқаннан кейін алғашқы 2 ай ішінде клиникалық дәрігердің бақылауында болуы қажет.

Егде жастағы емделушілер. Зипрекса Адгераны® егде жастағы емделушілер тобына қолдану жөнінде деректер жоқ. Зипрекса Адгераны® 65 жастан асқан емделушілерге, егер оланзепиннің жағымдылығының жақсы екендігі және дозалау режимінің тиімділігі анықталмаса, қолдануға болмайды. Төмендеу бастапқы дозасы (әрбір 4 апта сайын 150 мг) әдетте қолданылмайды, бірақ ол 65 жастағы және одан үлкен емделушілер үшін клиникалық факторлар негізінде ескерілуі тиіс.

Зипрекса Адгера® препараты 75 жастан асқан емделушілерге қолданылмайды.

Бүйрек және/немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілер. Зипрекса Адгераны® бүйрек және/немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге, егер ішу арқылы қабылданатын оланзепиннің жағымдылығының жақсы екендігі және дозалау режимінің тиімділігі анықталмаса, қолдануға болмайды. Мұндай емделушілерге препараттың төмендеу бастапқы дозасын (әрбір 4 апта сайын 150 мг) тағайындауға көңіл бөлу қажет. Бауыр қызметінің орташа жеткіліксіздігі (цирроз, Чайлд-Пью бойынша А немесе Б класы) бар болғанда, Зипрекса Адгераның® бастапқы дозасы әрбір 4 апта сайын 150 мг құрауы және сақтықпен арттырылуы тиіс.

Жынысы. Әйел емделушілерде, еркек емделушілерге қарағанда, Зипрекс Адгераның® бастапқы дозасы және дозалау аралығы өзгертуді қажет етпейді.

Шылымқорлар. Темекі тартпайтын емделушілерде, темекі тартатын емделушілерге қарағанда, Зипрекс Адгераның® бастапқы дозасы және дозалау аралығы өзгертуді қажет етпейді.

Оланзапиннің бастапқы дозасы факторлар біріккен емделушілерде азайтылмауы мүмкін, факторлар біріккен жағдайда оланзапиннің метаболизмі баяулауы мүмкін (әйел емделушілер, қартаң жастағылар, темекі тартпайтындар). Осы емделушілерде көрсетілімдер бар болған жағдайда доза сақтықпен арттырылуы тиіс.

Балалар және жасөспірімдер. Зипрекса Адгера® препараты балаларға және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, емделушілердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, қолданылмайды.

Зипрекса Адгера® инъекциясын жасау техникасы

Қолғап қолдану керек, өйткені Зипрекса Адгера® теріні тітіркендіруі мүмкін.

БӨКСЕ БҰЛШЫҚЕТІНЕ БҰЛШЫҚЕТІШІЛІК ТЕРЕҢ ИНЪЕКЦИЯ ЖАСАУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН!

Материалдарды дайындау

3-кестенің жәрдемімен Зипрекса Адгера® ұнтағын сұйылту үшін қажетті еріткіштің көлемін анықтаңыз

3- кесте

Зипрекса Адгера® құтысының дозасы(мг)

Қосуға арналған еріткіш көлемі (мл)

210

1.3

300

1.8

405

2.3

Сұйылту

Парентеральді өнімдерді сұйылтудың стандартты асептикалық техникасын пайдалана отырып, инъекцияға арналған босап шығуы ұзартылған суспензия дайындау үшін Зипрекса Адгера® ұнтағын қаптамадағы еріткіштің жәрдемімен ерітіңіз.

  • Құтыны ақырын шерте отырып, ішіндегі ұнтақты қопсытыңыз.

  • Қаптаманы ашып, еккішті және қорғаныш қалпақшасы бар инені алыңыз. Қысу және сағат тілінің бағытымен бұру арқылы иненің нығыз жатқанына көз жеткізіңіз, содан кейін инеден қалпақшасын алып қойыңыз. Емшараны аяқтағаннан кейін:

  • Еріткіштің белгілі бір көлемін алдын ала еккішке құйып алыңыз (3-кестені қараңыз).

  • Еріткішті ішінде ұнтағы бар құтыға енгізіңіз.

  • Құтыда қысымды теңестіру үшін ауаны тартып алыңыз.

  • Инені, еріткіштің жоғалуына жол бермеу үшін құтыны тік ұстай отырып, шығарып алыңыз.

  • Қалпақшаны тегіс бетке қысу арқылы, «бір қол» техникасын пайдалана отырып, инеге қорғаныш қалпақшаны кигізіңіз. Қысылу шамасына қарай ине қорғаныш қалпақшаға нығыз орналасады. Иненің қорғаныш қалпақшаға толық енгенін көзбен қарап көз жеткізіңіз. Қорғаныш қалпақшаны бармақ пен сұқ саусақтың жәрдемімен, бос саусақтарды инеден қашықтау ұстап, шығарып алыңыз, тек белгілі бір медициналық емшараларды жүргізу қажет болғанда.

  • Құтыны ішіндегі көзге көрінетін ұнтақ жоғалғанша қатты жерге бірнеше рет қаттырақ ұрғылаңыз. Әсер етуін жеңілдету үшін бетін қорғаңыз.

  • Құтының ішінде түйірлердің бар-жоқтығын көзбен тексеріңіз, қажет болған кезде қатты жерге қайтадан ұрғылаңыз. Ерімеген ұнтақ құтыға жабысқан сары құрғақ түйіртпек сияқты көрінеді.

  • Суспензия түсі мен текстурасы біркелкі болғанша, құтыны қарқынмен сілкілеп шайқаңыз. Суспензияланған өнім сары және лайлы болуы тиіс.

    Көбік пайда болса, ол жоғалғанша құтыны қозғамай-ақ қойыңыз. Егер өнім бірден пайдаланылмаса, оны қайтадан суспензиялау үшін, қаттырақ шайқау қажет. Еріген Зипрекса Адгера® құтыда 24 сағатқа дейін тұрақты күйінде қалады.

    Зипрекса Адгераны® енгізу

    4-кестеде инъекцияға арналған Зипрекса Адгера® суспензиясының ақырғы көлемі берілген.

    4-кесте

    Доза (мг)

    Құтыдағы Зипрекса Адгера®

    дозасы (мг)

    Инъекцияға арналған ақырғы көлемі (мл)

    210

    210

    1.4

    300

    300

    2.0

    405

    405

    2.7

  • Еккішке жаңа инені бекітіңіз. Семіз емделушілер үшін инъекцияға арналған 50 мм инені пайдалану керек.

  • Қалаған көлемді ақырын құйып алыңыз. Препараттың біршама мөлшері құтыда қалады.

  • Қорғаныш қалпақшасын кигізіп, инені еккіштен ағытып алыңыз.

  • Инъекцияға дейін еккішке қалған инені бекітіңіз. Суспензия құтыдан алынысымен дереу инъекциялық жолмен енгізілуі тиіс.

  • Бөксе бұлшықеттері аймағында инъекция жасалатын жерді таңдап алыңыз және дайындаңыз. ИНЪЕКЦИЯНЫ КӨКТАМЫР ІШІНЕ НЕМЕСЕ ТЕРІ АСТЫНА ЖАСАМАҢЫЗ.

  • Инені енгізгеннен кейін, қанның жоқ екендігіне көз жеткізу үшін, бірнеше секунд аспирация жасаңыз. Еккішке қан түскен жағдайда еккішті суырып алыңыз және препаратты сұйылту және енгізу емшарасын қайтадан бастаңыз. Инъекция үздіксіз тұрақты қысыммен жасалуы тиіс.

    ИНЪЕКЦИЯ ЖАСАЛҒАН ЖЕРДІ СИПАЛАП УҚАЛАМАҢЫЗ.

  • Инеге қорғаныш қалпақшасын кигізіңіз.

  • Құтыны, еккішті, инені және пайдаланылмаған ерітіндіні клиникалық ем-шараларға сай лақтырып тастаңыз.

    ҚҰТЫ БІР РЕТ ҚОЛДАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН.

    Майысқан немесе бүлінген инені пайдаланбаңыз, өйткені бұл тінді зақымдауы немесе инемен кездейсоқ пункцияға әкеп соғуы мүмкін. Жұқпа жұққан инемен егу жұқпалы ауруға әкеп соғуы мүмкін. Қорғаныш қалпақшаны дұрыс пайдаланбау әсіресе қысқа немесе кішкентай калибрлі инені майыстыруы, және жұқпаланған инені кіргізіп алуы мүмкін. Паральдегиді бар инені пайдаланбаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Зипрекса Адгераны® қолданғанда инъекциядан кейінгі синдромның пайда болуы оланзапиннің артық дозалануына тән симптомдармен қатар жүрді. Клиникалық белгілеріне және симптомдарына седативтік әсер (ауырлығы орташадан комаға дейін) және/немесе сандырақтау (сананың шатасуын, бағыттан адасуды, қозуды, мазасыздықты және басқа да когнитивтік бұзылуларды қоса есептегенде) жатады. Сондай-ақ экстрапирамидтік симптомдардың, дизартрияның, атаксияның, озбырлықтың, бас айналудың, әлсіздіктің, гипертензияның және конвульсияның пайда болғаны байқалды. Зипрекса Адгерамен® емделген емделушілерде байқалатын басқа да жағымсыз реакциялар оланзапиннің ішу арқылы қабылданатын түрін қолданғанда байқалатын симптомдарға ұқсас болды.

Клиникалық сынамаларда Зипрекса Адгерамен® инъекция жасаған жердегі жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі шамамен 8% құрайды; олардың ішінде инъекция жасалған жердің ауыруы жиі (5%) байқалды. Сондай-ақ мыналар байқалды (1.1%-дан 0.1%-ға дейін): инъекция жасалған жерде түйін түріндегі реакциялар, эритема түріндегі реакциялар, өзіне тән емес ерекше реакциялар, тітіркену, ісіну, көгеру, геморрагия және анестезия түріндегі реакциялар.

Төменде берілген жағымсыз әсерлер оланзапиннің ішу арқылы қабылданатын түрлерін тағайындағаннан кейін байқалды, бірақ Зипрекса Адгераны® тағайындағаннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Оланзапинді клиникалық зерттеулерде қолданғанда өте жиі кездескен (≥1% емделушілерде байқалды) жағымсыз реакциялар ұйқышылдық, салмақтың артуы, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза және триглицеридтер деңгейлерінің жоғарылауы, глюкозурия, тәбеттің артуы, бас айналу, акатизия, паркинсонизм, дискинезия, ортостатикалық гипотензия, антихолинергиялық әсерлер, бауыр трансаминазасының транзиторлы симптомсыз жоғарылауы, бөртпе, астения, қажу және ісіну болды.

Жекелеген жағдайларға қарағанда жиі кездескен жағымсыз реакциялар (кездейсоқ мәлімдемелер және клиникалық зерттеулер барысындағы деректер бойынша) келесі градацияға сай берілген: өте жиі (≥10%); жиі (≥1%, <10%); кейде (≥0,1%, <1%); сирек (≥0,01%, <0,1%); өте сирек (<0,01%), жиілігі белгісіз (ЖР жиіліген баға беру үшін деректер жеткіліксіз).

Өте жиі

  • салмақтың ≥7% артуы (қысқа мерзімдік ем жүргізгенде) және дененің бастапқы салмағының ≥7%-нан ≥25%-на дейін (кем дегенде 48апта бойы емдегенде), ұйқышылдық

  • холестерин деңгейінің жоғарылауы (≥5.17 - <6.2 ммоль/л-ден бастап ≥6.2 ммоль/л-ге дейін)

  • триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы (≥1.69 - <2.26 ммоль/л-ден бастап ≥2.26 ммоль/л-ге дейін)

  • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы (≥5.56 – <7 ммоль/л-ден бастап ≥7 ммоль/л-ге дейін),

  • плазмадағы пролактин деңгейінің жоғарылауы (сирек қатар жүретін клиникалық біліністер)

Жиі

  • эозинофилия

  • дене салмағының бастапқы салмағынан ≥ 15% артуы

  • тәбеттің жоғарылауы

  • қажу

  • бас айналу

  • холестерин деңгейінің жоғарылауы (<5.17-ден ≥6.2 ммоль/л-ге дейін)

  • триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы (<1.69 ммоль/л-ден бастап ≥2.26 ммоль/л-ге дейін)

  • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы (<5.56 ммоль/л-ден ≥7 ммоль/л-ге дейін)

  • глюкозурия

  • бас айналу

  • акатизия

  • паркинсонизм

  • дискинезия

  • ортостатикалық гипотензия

  • орташа антихолинергиялық әсерлер, іш қатуды қоса есептегенде

  • ауыз ішінің құрғауы

  • АЛТ және АСТ деңгейлерінің транзиторлы симптомсыз жоғарылауы

  • бөртпе

  • астения

  • қажу

  • шеткергі ісінулер

Кейде

  • лейкопения

  • нейтропения

  • брадикардия

  • QT аралығының ұзаруы

  • дене салмағының бастапқы салмағынан ≥25% артуы

  • фотосезімталдық реакциясы

  • алопеция

  • креатинфосфокиназаның жоғарылауы

  • жалпы билирубин деңгейінің жоғарылауы

Жиілігі белгісіз

  • тромбоцитопения

  • аллергиялық реакция

  • диабеттің, кейде кетоацидозбен немесе комамен байланысты, пайда болуы немесе өршуі, өлім жағдайларын қоса есептегенде

  • гипотермия

  • ұстамалар (көптеген жағдайларда ұстамалардың сыртартқыда болуы немесе ұстамалардың пайда болу факторларының қаупі)

  • қатерлі нейролептикалық синдром

  • дистония (көз алмасының қозғалысын қоса есептегенде)

  • кешеуілдеген дискинезия

  • тоқтату симптомдары (тердің бөлінуі, үрейленгіштік, ұйқысыздық, діріл, жүректің айнуы, құсу)

  • қарыншалық тахикардия/фибрилляция

  • кенеттен өліп кету

  • тромбоэмболия (өкпе тромбоэмболиясын және тереңдегі көктамыр тромбозын қоса есептегенде)

  • панкреатит

  • гепатит (бауырдың гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе аралас зақымдануын қоса есептегенде)

  • рабдомиолиз

  • несептің бөлініп шығуының кідіруі

  • приапизм

  • сілтілік фосфатазаның артуы

Оланзапинді ұзақ уақыт қолданған кезде (кем дегенде 48 апта) салмағының, глюкоза деңгейінің, ТТЛП/ТЖЛП/ХСН немесе триглицеридтердің жалпы мөлшерінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулері уақыт өте келе артты.

Науқастардың арнайы топтарындағы жағымсыз әсерлер (клиникалық зерттеу деректері бойынша).

Ақыл-ойы кем егде жастағы емделушілерді оланзапинмен емдеу, плацебомен салыстырғанда, жүріс-тұрыс мәнерінің дұрыс болмауымен, құлаумен, өлім жиілігінің өте жоғарылығымен және цереброваскулярлық жағымсыз реакциялардың жоғарылауымен қатар жүрді. Дене температурасының жоғарылауы, летаргия, эритема, көру елестері және несепті ұстай алмау сияқты құбылыстар жиі байқалды.

Паркинсон ауруында дәрімен индукцияланған (допамин агонисін қабылдаумен) психозы бар науқастарда оланзапинді қабылдау паркинсонизм симптоматологиясының және елестеулердің күшеюімен өте жиі қатарлас жүреді.

Оланзапинді вальпроатпен біріктіріп қабылдаған биполярлы маниясы бар науқастарда жиі кездескен жағымсыз әсер – нейтропенияның пайда болуы. Литиймен және вальпроатпен біріктіріп емдеген кезде дірілдің күшеюі, ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің жоғарылауы, салмақтың ұлғаюы, сөйлеудің бұзылуы байқалды. Биполярлы маниясы бар емделушілердің 39%-да аурудың қайталануына жол бермеу мақсатында оланзапинмен (12 айға дейін) ұзақ уақыт емдеу дене салмағының бастапқы салмағынан ≥7% артуымен қатар жүрді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • жабық бұрышты глаукома қаупі белгілі емделушілер

  • балалар және18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • егде жас (75 жастан асқан)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зипрекса Адгераны® гипотензияның немесе седативтік әсердің пайда болуына әкеп соғатын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген емделушілерге абайлап қолданған жөн.

Оланзапинге әсер ететін потенциальді өзара әрекеттесу. Оланзапин CYP1A2-мен метаболизденетін болғандықтан, осы изоферментті арнайы индукциялайтын да немесе тежейтін де заттар оланзапиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізуі мүмкін.

CYP1A2 индукциялануы. Темекі тарту және карбамазепин қабылдау оланзапиннің метаболизмін күшейтуге қабілетті, ол оланзапин концентрациясының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Клиникалық зардаптарының шектеулі екендігіне қарамастан, клиникалық мониторинг жүргізу және талқылау керек, қажет болғанда, оланзапин дозасын арттыру керек.

CYP1A2 тежелуі. Флувоксамин, CYP1A2 арнайы тежегіші, оланзапиннің метаболизмін елеулі дәрежеде тежейді. Флувоксаминнен кейін оланзапиннің Cmax орташа артуы темекі шекпейтін әйелдерде 54% және темекі шегетін еркектерде 77% құрайды. Оланзапиннің AUC мәнінің орташа артуы, тиісінше, 52% және 108% құрады. Флувоксаминді немесе CYP1A2 кез келген басқа тежегіштерін (мысалы, ципрофлоксацин) қолданып жүрген емделушілерде оланзапиннің өте төмен бастапқы дозасы ұсынылады. CYP1A2 тежегішімен емдеуді бастаған жағдайда оланзепин дозасын төмендету керек.

Флуоксетин (CYP2D6 тежегіші), антацидтердің (алюминий, магнезия) немесе циметидиннің бір реттік дозасы оланзапиннің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Оланзапиннің басқа да дәрілік заттарға ықпалы. Оланзапин дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін төмендетуі мүмкін.

Оланзапин трициклдік антидепрессанттардың (имипраминнің немесе оның метаболиті дезипраминнің), варфариннің, теофиллиннің және диазепамның метаболизмін тежемейді.

Зипрекса Адгераның® литиймен немесе биперидинмен дәрілік өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Плазмадағы вальпроат деңгейіне емдік мониторинг жасаудың деректеріне сай оланзапинді енгізгеннен кейін вальпроаттың дозасын түзетудің қажеті жоқ.

ОЖЖ жалпы белсенділігі. Оланзапинді алкоголь немесе орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілік препараттарды қабылдап жүрген емделушілерге тағайындаған кезде сақтық таныту қажет.

Паркинсон ауруы немесе ақыл кемістігі бар емделушілерге оланзапинді антипаркинсондық дәрілік препараттармен бірге қатарластыра тағайындауға болмайды.

QTc аралығы. Оланзапинді және QTc аралығын ұзартатын дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындағанда сақ болу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Кездейсоқ көктамырішілік немесе теріастылық инъекцияға жол бермеу мақсатында инъекцияның жасау техникасын сақтау қажет.

Қатты қозу немесе ауыр психикалық жай-күй. Зипрекса Адгераны® қатты қозып жүрген немесе ауыр психикалық жай-күйдегі шизофрениясы бар, симптомдарды шұғыл түрде бақылау қажет болған жағдайда қолдануға болмайды.

Инъекциядан кейінгі синдром. Зипрекса Адгера® инъекциясынан кейінгі маркетинг алдындағы клиникалық зерттеу кезінде 0.1%-дан аз жағдайда оланзапиннің артық дозалануына сәйкес келетін белгілер мен симптомдар: тыныштандырғыш әсер (ауырлығы орташадан комаға дейін) және/немесе сандырақтау (сананың шатасуын, бағыттан адасуды, қозуды, мазасыздықты және басқа да ақыл-ойдың басқа да бұзылуларын қоса есептегенде) байқалды. Сондай-ақ экстрапирамидтік симптомдардың, дизартрияның, атаксияның, озбырлықтың, бас айналудың, әлсіздіктің, гипертензияның және конвульсияның пайда болғаны білінді. Көптеген жағдайларда, алғашқы белгілер мен симптомдар инъекциядан кейін 1 сағат ішінде пайда болып, кейін инъекциядан кейін 24 - 72 сағат ішінде толық сауығуға ұласты. Сирек жағдайларда (1000 инъекцияға <1) 1 және 3 сағат арасында, және 3 сағаттан кейін өте сирек (10000 инъекцияға <1) реакциялардың пайда болғаны байқалды. Емделушілерге инъекциядан кейінгі синдромның пайда болу қаупі бар екендігі және Зипрекса Адгера® инъекциясынан кейін денсаулық мекемесінде 3 сағат бойы бақылауда болу қажеттігі ескертілуі тиіс.

Инъекцияны бастағанға дейін емделушінің емді тағайындау пунктіне жалғыз келмегеніне көз жеткізу қажет. Әрбір инъекциядан кейін кәсіби медициналық қызметкер, оланзапиннің артық дозалануына сәйкес келетін белгілер мен симптомдарды анықтау мақсатында, емделушіні денсаулық сақтау мекемесінде кем дегенде 3 сағат бақылауға алуы тиіс. Емделушінің есінің дұрыс екендігіне, бағдарды білетіндігіне және онда оланзапиннің артық дозалануының кез келген белгілері мен симптомдарының жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Зипрекса Адгераның® артық дозаланғанына күдіктенген жағдайда артық дозалану белгілері қайтқанша медициналық мұқият бақылау жасауды және мониторингті жалғастыру қажет. Күннің қалған бөлігі ішінде емделуші инъекциядан кейінгі жағымсыз реакцияларға қатысты екінші қайтара болған артық дозалану белгілері мен симптомдарында қырағылық танытуы, қажет болған жағдайда жәрдем алатын жағдайда болуы және автокөлік пен басқа да механизмдерді басқармауы керек.

Инъекциядан кейінгі жағымсыз әсерлерді емдеу үшін бензодиазепиндерді парентеральді түрде қолдану қажет болған жағдайда, шамадан тыс седативтік әсердің болуының және кардиореспираторлы жүйенің тежелуінің клиникалық жағдайына мұқият баға беру керек.

Инъекция жасалған жерде жағымсыз реакциялар. Инъекция жасалған жерде өте жиі айтылатын жағымсыз реакция ауырлығы әлсізден орташаға дейінгі дәрежеде болатын ауыру болды. Инъекция жасаған жерде жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда оларды емдеудің тиісті шараларын қолдану қажет.

Деменциямен байланысты психозы және/немесе мінез-құлқында бұзылулары бар науқастарға қолданылуы. Зипрекса Адгера® деменциямен байланысты психозы және/немесе мінез-құлқында бұзылулары бар науқастарға, өлім артуына және цереброваскулярлы бұзылулардың (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуылдар және басқа) пайда болу қаупіне байланысты, қолданылмайды. Өлімнің пайда болуының өте жоғары жиілігі оланзапиннің дозасына немесе емдеу ұзақтығына байланысты емес. Емделушілердің осы тобының өлімге бейім ететін қауіпті факторларға жастың 65-тен асуы, дисфагия, седативтік әсер, тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе бұзылуы және дегидрация, өкпенің жай-күйі (мысалы, аспирациялы/аспирациясыз пневмония), васкулярлық/аралас типтегі деменция немесе бензодиазепиндерді қатарластыра қолдану жатады. Деменцияға байланысты психозы және/немесе мінез-құлқында бұзылулары бар емделушілерде оланзапиннің тиімділігі анықталған жоқ.

Паркинсон ауруы. Паркинсон ауруы бар емделушілерде дофаминдік агонистермен астасқан психоздарды емдегенде оланзепинді қолдануға болмайды.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС). Кез келген нейролептиктермен, Зипрекса Адгераны®қоса есептегенде, емдеген кезде қатерлі нейролептикалық синдром (потенциальді фатальді симптомдар кешені) пайда болуы мүмкін. ҚНС-ң клиникалық біліністеріне дене температурасының едәуір жоғарылауы, бұлшықеттердің сіресуі, психикалық жағдайдың өзгеруі және вегетативтік өзгерулер (қантамыр соғысының немесе артериялық қысымның тұрақсыздығы, тахикардия, жүрек аритмиялары, қатты терлеу) жатады. Қосымша белгілер креатининфосфокиназа деңгейінің артуын, миоглобинурияны (рабдомиолиз) және бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін. ҚНС белгілері пайда болғанда немесе ҚНС белгілерінсіз қызба жағдайында барлық нейролептиктерді, Зипрекса Адгераны® қоса есептегенде, тоқтату қажет етілуі мүмкін.

Гипергликемия және қант диабеті. Гипергликемия және/немесе кетоацидозбен немесе диабеттік комамен байланысты қант диабетінің пайда болуы немесе өршуі фатальді жағдаймен аяқталуын қоса есептегенде, сирек жағдайларда шизофрениясы бар науқастарда байқалады. Антипсихотикалық препараттармен ем қабылдап жүрген емделушілерде, гипергликемияның, мысалы, полидипсия, полиурия, полифагия және әлсіздік сияқты белгілері бар-жоқтығын мұқият бақылау керек. Қант диабетіне шалдыққан немесе қант диабетінің пайда болу қаупі бар емделушілер қандағы глюкоза профилі және салмағы бойынша жүйелі бақылануы тиіс.

Липидтер алмасуына ықпалы. Липидтердің алмасуы бұзылған немесе дислипидемияның пайда болу қаупі жоғары емделушілерде липидтер көрсеткішінің өзгеруі тиісті клиникалық әрекеттер арқылы түзетілуі тиіс. Антипсихотикалық препараттармен, Зипрекса Адгераны® қоса есептегенде, ем қабылдап жүрген емделушілерде липидтердің деңгейіне мұқият мониторинг керек.

Антихолинергиялық белсенділік. Зипрекса Адгераны® қуықасты безінің гипертрофиясы бар, ішегі салданып бітелген және осыған ұқсас жағдайлары бар емделушілерге тағайындаған кезде сақтық танытқан жөн.

Бауыр қызметінің бұзылуы. Емдеудің ерте кезеңдерінде жекелеген жағдайларда Зипрекса Адгераны® қабылдау қан сарысуында бауыр аминотрансферазасы (аспартатаминотрансфераза және аланинаминотрансфераза) деңгейлерінің транзиторлы асимптоматикалық артуымен қатар жүруі мүмкін (Жағымсыз әсерлерін қараңыз). АЛТ және/немесе АСТ жоғарылаған, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, бауыр қызметінің резерві шектеулі емделушілерде немесе гепатоуытты препараттармен ем қабылдап жүрген емделушілерде аса сақтық қажет. Оланзепинмен емделу кезінде АЛТ және АСТ деңгейлері артқан жағдайларда аминотрансфераза деңгейін бақылау және оланзапиннің тәуліктік дозасын төмендету керек. Бауырдың гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе аралас зақымдануларын қоса есептегенде, гепатит пайда болған жағдайда оланзапинмен емдеу тоқтатылуы тиіс.

Гематологиялық өзгерулер. Басқа да нейролептиктерді қолданған кездегідей, Зипрекса Адгераны® әртүрлі себептерге байланысты шеткергі қанда лейкоциттер және/немесе нейтрофилдер мөлшері төмендеген; нейтропенияның пайда болуына әкеп соғатын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген; сыртартқысында дәрілік заттардың әсерінен сүйек кемігі қызметінің тежелуі/уыттық бұзылу белгілері бар; сыртартқысында қатар жүретін аурулар, радиоемдеу немесе химиялық емдеуге байланысты сүйек кемігі қызметінің тежелген; гиперэозинофилиясы немесе миелопролиферативтік аурулары бар емделушілерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Оланзапин мен вальпроатты бірге қолданған кезде нейтропения пайда болуы мүмкін.

Тоқтату синдромы. Оланзапинмен емдеуді кенеттен тоқтатқанда өте сирек жағдайларда (<0.01%) келесі симптомдар: тершеңдік, ұйқысыздық, діріл, үрейлену, жүректің айнуы немесе құсу пайда болады.

QT аралығына ықпалы. Оланзапинмен емдеу QT аралығының ұзаруына елеулі ықпал етпейді. Дегенмен, басқа антипсихотикалық препараттармен біріктіріп емдегенде оланзапинді, әсіресе егде жастағы емделушілерге, іштен туа QT аралығының ұзару синдромы бар емделушілерге, жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігі бар емделушілерге, жүректің гипертрофиясы, гипокалиемиясы немесе гипомагниемиясы бар емделушілерге абайлап тағайындаған жөн.

Тромбоэмболия. Көктамырлық тромбоэмболияның пайда болуы мен оланзапинді қабылдау арасында себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Өте сирек жағдайларда (<0.01%) оланзапинмен емдеу мен көктамырлық тромбэмболияның пайда болуы арасында уақытша байланысты болатындығы жөнінде мәлімделген. Шизофрениясы бар емделушілер көктамырлық тромбоэмболияның пайда болуына бейімделген, осыған байланысты көктамырлық тромбоэмболия қаупінің барлық факторларының пайда болуына, мысалы, емделушілерді иммобилизациялауға (қимылдай алмаушылық) жол бермеу үшін превентивті шараларды идентификациялау және қабылдау қажет.

ОЖЖ қатысты жалпы белсенділік. Зипрекса Адгераны® ОЖЖ ықпал ететін, әсіресе, алкогольді қоса есептегенде, әсер ету механизмі ұқсас препараттармен және заттармен бірге қолданғанда сақ болған жөн.

Ұстамалар. Зипрекса Адгераны® сыртартқысында ұстамасы бар немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін факторлардың әсеріне ұшыраған науқастарға абайлап қолданған жөн. Сирек жағдайларда оланзапинмен ем қабылдап жүрген емделушілерде ұстамалардың пайда болғаны айтылды. Осындай көптеген жағдайларда сыртартқысында ұстамалары немесе ұстамалардың пайда болу қаупінің факторлары бар екендігі баяндалды.

Кешеуілдеген дискинезия. Зипрекса Адгерамен® емдеудің дәрі-дәрмекпен түзетуді қажет ететін дискинезияның пайда болуымен қатар жүруі сирек. Алайда оланзапинмен ұзақ уақыт емдеген кезде кешеуілдеген дискинезия қаупін ескерген жөн. Кешеуілдеген дискинезия белгілері пайда болған кезде дозаны төмендету немесе препарат қабылдауды тоқтату керек. Кешеуілдеген дискинезия симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін де білінуі немесе өсуі мүмкін.

Ортостатикалық артериялық гипотензия. Ортостатикалық гипотензияның пайда болуы салдарынан оланзапинді 65 жастан асқан емделушілерге абайлап тағайындаған жөн. 65 жастан асқан емделушілерде артериялық қысымды жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Балаларға және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолданылуы. Зипрекса Адгера® препараты балаларды және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді емдеуге қолданылмайды.

Егде жастағы емделушілер. Зипрекса Адгераны® 75 жастан асқан емделушілерге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация. Жүктілік кезінде Зипрекса Адгераны® қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, препаратты жүктілік кезінде тек емделуші әйел үшін пайдасы ұрыққа келетін қауіптен басым болған жағдайда ғана тағайындаған жөн. Зипрекса Адгерамен® емделу кезеңінде жүкті болып қалған немесе оны жоспарлаған жағдайда мұны емдеуші дәрігерге айтуы қажет екендігі емделушілерге ескертілуі тиіс. Өте сирек жағдайларда анасы жүктіліктің 3-ші триместрінде оланзепин қабылдаған нәрестелерде дірілдің, летаргияның және ұйқышылдықтың пайда болғаны жөнінде мәлімделген.

Зипрекса Адгерамен ® емдеу кезінде емшек емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Оланзапин ұйқышылдықты және бас айналуды тудыратын болғандықтан қауіпті механикалық құралдарды, автомобильді қоса есептегенде, басқарған кезде сақ болған жөн.

Әрбір инъекциядан кейін оланзепиннің артық дозалануының тиісті симптомдарының пайда болуына әкелетін инъекциядан кейінгі синдромның дамуына байланысты, қалған кезеңде емделушілерге көлікті басқарудың жағымсыздығы жөнінде ескертілуі тиіс.

Артық дозалануы

Парентеральді түрде енгізуде, препаратты ішу арқылы қабылдаған кездегіге қарағанда, артық дозаланудың пайда болу ықтималдылығы аз. Төменде оланзапиннің ішу арқылы қабылданатын түрінің артық дозалануы жөніндегі мәлімдемелер берілген.

Белгілері және симптомдары: артық дозаланудың өте жиі кездесетін симптомдарына (>10%) тахикардия, қозу/озбырлық, артикуляцияның бұзылуы, әртүрлі экстрапирамидтік бұзылулар және сананың ауырлығы әртүрлі дәрежелі бұзылулары (седативтік әсерден комаға дейін) жатады. Сондай-ақ келесі симптомдар білінуі мүмкін: делирий, құрысулар, кома, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныстың тарылуы, аспирация, артериялық гипертензия немесе гипотензия, жүрек аритмиялары және жүректің және тыныстық тоқтап қалуы.

Емдеу: Зипрекса Адгера® үшін арнайы у қайтарғысы жоқ. Клиникалық жағдайына сай симптоматикалық ем және өмір үшін маңызды ағзалар қызметіне, артериялық гипотонияны, қантамыр қызметінің жеткіліксіздігі және тыныс қызметін сақтауды қоса есептегенде, бақылау жасау керек. Эпинефринді, дофаминді және бета-адренорецепторлардың агонистері болып табылатын басқа да симпатомиметиктерді қолданбаған жөн, өйткені осы рецепторлардың стимуляциясы артериялық гипотензияны өршітуі мүмкін. Болуы мүмкін аритмияның анықтау мақсатында жүрек-қантамыр жүйесіне мониторинг жүргізу қажет. Емделуші жазылғанша мұқият медициналық бақылау және мониторинг жүргізу қажет.

Өліммен аяқталатын жедел ағымды артық дозалануда ең төменгі дозасы 450 мг құрады, жағымды аяқталатын (тірі қалу) артық дозалану жағдайында ең жоғары доза – 2000 мг.

Инъекциядан кейінгі синдром симптомдары білінген кезде тиісті демеуші шараларды қолдану қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекция үшін босап шығуы ұзартылған суспензия дайындауға арналған 210 мг, 300 мг және 405 мг ұнтақ 3 мл еріткішімен бірге

Резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен айналдыра бекітілген және қорғаныш полипропилен қақпақпен жабылған, сыйымдылығы 5 мл шыны құталарда препарат 210 мг, 300 мг немесе 405 мг-ден салынған.

Резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен айналдыра бекітілген және қорғаныш полипропилен қақпақпен жабылған, сыйымдылығы 5 мл шыны құталарда еріткіш 3 мл-ден.

1 құты жиынтықта 1 құты еріткішпен, еккішпен және үш инемен бірге пластик контейнерге салынған.

1 контейнер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Салқындатуға және мұздатып қатыруға болмайды.

Суспензияны еріткеннен кейін 20°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақталған жағдайда 24 сағаттың ішінде пайдалану керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Суспензиясы бар құтыны сұйылтқаннан кейін: 24 сағат.

Егер препарат бірден қолданылмаса, оны қайтадан суспензиялау үшін жақсылап сілкілеу керек. Суспензия құтыдан еккішке алынған бойда, дереу пайдаланылуы тиіс.

Қаптамасында көрсетілген күні өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Элай Лилли энд Компани, АҚШ

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Элай Лилли Восток С.А., Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Лилли Фарма Фертигунг унд Дистрибушен ГмбХ энд Ко. КГ, Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Орталық Азия елдері және Монғолия аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Элай Лилли Восток С.А.» компаниясының өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ-сы, Иванилов к-сі, 21.

тел: 8 (727) 2 447 447

факс: 8 (727) 2 442 851

Lilly_Safety_CARAGA@Lilly.com

 

Прикрепленные файлы

243373301477977014_ru.doc 141 кб
749242311477978191_kz.doc 186.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники