Зентавекс
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Зентавекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай 150 мг /г, 50 г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Дермапротекторлар. Жұмсартатын және қорғайтын әсері бар препараттар. Мырыш препараттары
АТХ коды D02AВ
Қолданылуы
баздану
тербөртпе
бірінші дәрежелі күйіктер
беткейлік жаралардың жазылуы.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Жақпамай тек сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек.
Егер бөртпе 48-72 сағат ішінде жоғалмаса, дәрігерге бару керек. Зақымдалған тері бөліктерінде инфекция болған кезде жақпамайды жақпаңыз.
Зентавекс препаратын қолдану еселігі ұлғайған кезде, окклюзиялық таңғышқа жақпамай жаққанда немесе терінің сезімтал немесе күйген бөліктеріне немесе шырышты қабыққа қалың қабаттап жаққанда, жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балалардың терісіне жаққанда (беткейлік аумағын/салмақтық коэффициентін есепке алмағанда) кезінде бөксе қатпарлары ауқымды базданғанда терінің үлкен бөліктерін жергілікті емдеу кезінде жүйелі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.
Жақпамайдың құрамында бутилгидроксианизол (Е320) және бутилгидрокситолуол (E321) бар, олар жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін және парабендер (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) бар, олар аллергиялық реакциялар (кідірумен дамуы мүмкін), бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған. Антиоксидантты қасиеті бар антисептиктерді бір мезгілде пайдалануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Жақпамай тек сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек.
Егер бөртпе 48-72 сағат ішінде жоғалмаса, дәрігерге бару керек. Зақымдалған тері бөліктерінде инфекция болған кезде жақпамайды жақпау керек.
Зентавекс препаратын қолдану еселігі ұлғайған кезде, окклюзиялық таңғышқа жақпамай жаққанда немесе терінің сезімтал немесе күйген бөліктеріне немесе шырышты қабыққа қалың қабаттап жаққанда, жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балалардың терісіне жаққанда (беткейлік аумағын/салмақтық коэффициентін есепке алмағанда) кезінде бөксе қатпарлары ауқымды базданғанда терінің үлкен бөліктерін жергілікті емдеу кезінде жүйелі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.
Жақпамайдың құрамында бутилгидроксианизол (Е320) және бутилгидрокситолуол (E321) бар, олар жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін және парабендер (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) бар, олар аллергиялық реакциялар (кідірумен дамуы мүмкін), бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Зентавекс препаратында А дәрумені бар, сондықтан оны жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек. Жүкті және бала емізетін әйелдерге емді әйел үшін күтілетін пайдасын және шарана/бала үшін ықтималды қаупін ескере отырып, дәрігер тағайындайды.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқаруға және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Терінің тітіркенуі, оның ішінде шап аймағында тітіркену (жаялықтан болатын дерматит), күннің ұзақ әсерінен кейін терінің тітіркенуі (күнге күю), шағын тұрмыстық күйіктер, сызаттар, кесулер кезінде қолдану керек.
Жақпамайды терінің зақымдалған аймақтарына жұқа қабатпен жағыңыз, жаққаннан кейін сәл ысқылаңыз. Беткейлік жараларды жақпамай жаққаннан кейін бинтпен немесе дәкемен таңуға болады. Күні бойы бұл емшараны 2-3 рет қайталауға болады. Күнделікті таңғышты міндетті түрде ауыстыру қажет. Тек беткейлік және инфекция жұқпаған теріге қолдануға болады. Емдеу ұзақтығын дәрігер жергілікті симптомдардың сипаты мен айқындылығына және қол жеткізілген әсерге байланысты анықтайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған. Қолданар алдында терінің зақымдалған бөліктерін жуып, құрғату керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу ұсынылады
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жанаспалы дерматит
- көз бен шырышты қабықтардың тітіркенуі
- аллергиялық реакциялар (баяу типті болуы мүмкін), бронх түйілуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат- 15,000 г мырыш тотығы,
қосымша заттар: палтус майы**, күнбағыс майы, драгосан, вазелин майы, кристалданбаған сұйық сорбитол, тальк, глицерин, макроголглицерин гидроксистеараты, магний сульфат гептагидраты, бутилгидроксианизол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидрокси-бензоат , тазартылған су.
**Палтус майының құрамы: Д3 дәруменімен А дәрумені пальмитат, бутилгидроксианизол, бутилгидрокситолуол, балық майы, күнбағыс майы.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті крем тәрізді масса
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 г препараттан ілмек қақпақпен тығындалған, ішкі лакталған жабыны бар алюминий сықпаларға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
Farmalabor, Produtos Farmacêuticos, S.A., Кондейша-а-Нова, Португалия
Тел. +351 23 994 03 00
Эл. почта : farmlabor@medinfar.pt
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
SPEY MEDICAL Ltd., Линтон Хаус 7-12 Тависток Сквер, Лондон, WC1H 9LT, Ұлыбритания
Эл. Почта: info@spey.eu
Тел: +44 203 598 2050
Факс: +44 203 598 2055
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):
"Cepheus Medical" ЖШС (Цефей Медикал): 050045, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 7 үй, ТК «Нұрлы Тау», 5А блок, 247 кеңсе, телефон: +7 (727) 300 69 71, +7 777 175 00 99 (тәулік бойы), электронды пошта: drugsafety@evolet.co.uk