Зверобой - Зерде

МНН: Зверобоя продырявленного трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017061
Информация о регистрации в РК: 26.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Шәйқурай - Зерде

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1,5 г фито-шай

Құрамы

1 сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат – ұнтақталған 1,5 г шәйқурай шөбі

Сипаттамасы

Сұр-жасыл түсті сарылау теңбілі бар ұнтақ. Өзіне тән әлсіз иісі бар. Ащы, аздап тұтқыр дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдарының және зат алмасу ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар

АТХ коды А16 АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың құрамында флавоноидтар, аскорбин және никотин қышқылдары, сапониндер, қант, каротин, холин, фитонцидтер, эфир майы, иіткіш, шайырлы және ащы заттар бар.

Флавоноидтар өт жолдарының, несепағарлардың, сонымен қатар қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің түйілуін басады. Олар өт ағысын арттырады, оның өт қабында бөгелуіне кедергі болады, тас түзілуінің алдын алады, өт бөлінуін жеңілдетеді, ішек түйілуін жояды, асқазан-ішек жолының ас қорыту қабілетін жақсартады.

Белсенді заттар антибактериялық, антисептикалық, қабынуға қарсы, өт айдайтын, несеп айдайтын, тұтқыр қасиеттерге ие.

Шәйқурайдың жалпы қуат беретін, қабынуға қарсы, өт айдайтын, тұтқырлайтын әсері бар.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- асқазан-ішек жолдарының ауруларында (өт шығару жолдарының дискинезиясы, гастриттер, холестаз, гепатиттер, холециститтер, колит)

- стоматиттерді, гингивиттерді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау үшін

1 сүзгі-пакетке 150-200 мл қайнаған ыстық су құяды, 10-15 минут тұндырады, 50-100 мл-ден күніне 2-3 рет жылы күйінде қабылдайды. Емделу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

Сыртқа қолдану үшін

1 сүзгі-пакетке 100-150 мл қайнаған ыстық су құяды, 10-15 минут тұндырады, күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақты шайып, қызыл иекке жағу керек. Емделу курсы 5-6 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін

- ұзақ қолданғанда препарат бауыр тұсындағы жағымсыз сезімдерді тудырып, ауызда ащы дәм сездіруі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жеке жоғары сезімталдықта

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- фотосенсибилизация

- гипертония

- анықталған эстрогенге тәуелді ісіктері бар емделушілер

- бауыр және бүйрек ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Шәйқурай препаратын вирустарға қарсы заттармен – кері транскриптаза тежегіштері (ампренавир, индинавир, ифавиренц, невирапин, нелфинавир, ритонавир, саквинавир), стероидті препараттармен, протеолитикалық ферменттер белсенділігін тежегіштер, сондай-ақ циклоспорин және варфарин препараттарымен біріктіре қолданғанда – осы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Шәйқурай препараттарын бір мезгілде антикоагулянттармен, антибиотиктермен, антидепрессанттармен, анестетиктермен, контрацептивтермен бірге қолдануға болмайды, өйткені олардың әсерін маңызды күшейтуі немесе төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезінде эпилепсияға қарсы препараттарды, антидепресанттарды, теофиллинді, варфаринді, гепаринді, резерпинді, алкогольді тұтынудан бас тарту, УК-сәуленің (оның ішінде солярий, УК-шамдар, күннің көзінде ұзақ болу) әсерінен аулақ болу керек. Демікпеден зардап шегетін емделушілерге бір мезгілде ингаляторлар мен шәйқурайды қолдануға болмайды.

Препаратты шоколад, кофе, ысталған және маринадталған өнімдермен үйлестіруге болмайды.

Шәйқурай көз жүйкесіне жағымсыз әсер етеді.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1.5 г препараттан өндіруші-кәсіпорынның тауарлық белгісі салынған затбелгісі бар бір рет қолданылатын сүзгі-пакетте. Бір рет қолдануға арналған сүзгі пакетті полимерден және біріктірілген материалдан жасалған пакетке салуға болады.

20 сүзгі – пакеттен немесе полимерден және біріктірілген материалдан жасалған пакеттердегі 20 сүзгі – пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша андатпа жазылған қорапшаға салады.

Қорапша полипропилен үлбірмен жабылады, сосын қорапшалық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС,

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекен-жайы

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

Е-mail: kontakt@ zerdofito.kz

 

Прикрепленные файлы

721173511477976627_ru.doc 49.5 кб
399557761477977768_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники